7


  • Учителю
  • Конспект по географии на тему Биосфера (7 класс)

Конспект по географии на тему Биосфера (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Конспект по географии на тему Биосфера (7 класс) Ақтөбе қаласы, ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі. Пән мұғалімі: Ермуканова Г.Б.

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: 3.4.1.Биосфера құрамы және құрылымы.

Биосфера туралы түсінік.

Биосфераның құрамы мен құрылымы. Биосфераны құрайтын тіршілік дүниесінің құрамындағы химиялық элементтер: сутек, көміртек, оттек, азот, фосфор, кремний. Олар биофильдік элементтер деп аталады

Биосфера - ерекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.Биосфераның бөлімдері: Гидросфера, Литосфера, Атмосфера.

Биосфера - Жердің «тіршілік қабығы» деп аталады. Биосфера терминін ғылымға 1875 ж алғаш аустралиялық ғалым Э.Зюсс енгізген болатын. Ал 1926 жылы орыс ғалымы В.И.Вернадский биосфера туралы ілімді негіздеп, оның анықтамасын ұсынды. В.И.Вернадский жер бетiнде үздiксiз қызмет ететiн химиялық күш жоқ, сондықтан тұтас алынған тiрi организмдерден басқа өте құдiреттi күш жоқ деп жазды. Миллиардтаған жыл бойы фотосинтездеушi организмдер Күн энергиясының көп мөлшерiн байланыстырып, химиялық жұмысқа айналдырады. Оның қорының бiр бөлiгi геологиялық даму барысында таскөмiр және тағы басқа тыңайған жерiне жиналды. Фотосинтез нәтижесiнде атмосфераның оттегiсi жиналды. Ертедегi Жердегi атмосферада басқа газдар: сутегi, метан, аммиак, көмiрқышқыл газы болды. Оттегi нәтижесiнде озонды экран түзiледi. Бұл газдың молекуласы оттегiнiң 3 атомынан тұрады және молекулярлы оттегiге ультракүлгiн сәулесiнiң әсерiнен түзiледi. Сонымен, тiршiлiктiң өзi атмосферада бұл сәулелердiң көп мөлшерiн ұстап қалатын қорғаныш қабатын түздi.Конспект по географии на тему Биосфера (7 класс)

Қазiргi атмосфераның көмiрқышқыл газының көп бөлiгi көптеген тiрi заттардың тыныс алу процесiнде немесе органикалық жануда түзiледi. Атмосфералық азот тiршiлiк қызметiнiң нәтижесiнде, яғни бiрнеше топырақ бактерияларының белсендiлiгi нәтижесiнде түзiледi.

Тiрi заттар көмегiмен Жердiң көптеген тау жыныстары түзiлдi. Организмдер кейбiр элементтердi қоршаған ортадағы мөлшерiне қарағанда, көп мөлшерде сiңiрiп, жинақтайды. Мысалы, көптеген теңiз түрлерi қаңқаларында кальций, кремний немесе фосфорды жинайды, және суқоймаларының түбiнде тұнба жыныстарын: әктас, бор, кремнилi сланц, фосфориттердi түзедi. Мұндай жыныстар органогендi деп аталады, өйткенi оларды тiрi организмдер түзедi.

Тiршiлiк құрлық бетiнде топырақ қабатын түзедi. Топырақта минералды компоненттер, органикалық заттар және көптеген микро - және микроорганизмдер өзара байланысқан, оны В.И. Вернадский табиғаттың биокосты денелерiне жатқызды. Мұндай биокосты құрам дүниежүзiлiк мұхит суында да бар, ол жерде зат алмасу өнiмдерi мен мекендеушiлер өте көп.

Тiрi организмдер құрлықтағы тау жыныстарының желденуi мен бұзылуында үлкен роль атқарады. Олар - өлi органикалық заттардың негiзгi бұзушылары. Сөйтiп, тiршiлiк өзiнiң өмiр сүру кезеңiнде Жер атмосферасын, мұхит суынының құрамын өзгерттi, озонды экран, топырақ, көптеген тау жыныстарын түздi. Жыныстардың желдену жағдайы өзгердi, өсiмдiк жамылғысы жасайтын микроклимат үлкен роль атқара бастады, Жер климаты да өзгердi.

Биосфера атмосфераның төменгі бөлігін, гидросфераның және литосфераның жоғарғы қабаттарын қамтиды. Тіршілік дүниесінің өнімдері олардың тіршілік шеңберінен шығып, кеңістік бойымен емін-еркін таралады. Биосфераның төменгі және жоғарғы шекарасы туралы ғалымдар арасында әлі толық мәлімет жоқ. Тірі организмдер атмосфераның төменгі бөлігінде 100 м биікке дейін өте тығыз орналасқан. Биосфераның жоғарғы шекарасын азон қабаты (25-30 км), төменгі шекарасын дүние жүзілік мұхиттағы ең терең мұхит шұңғымаларының табаны арқылы жүргізеді. Конспект по географии на тему Биосфера (7 класс)

Атмосфера жер шарын түгелден орап тұрады. Ол гректің «atmos» - бу, «sphairi» (сфера) сөзінен шыққан. Оның қалыңдығы 100 км-ге дейін жетеді. Атмосфераның негізгі құрамында оттегі (21 %), яғни 1,5 * 1015 тонна аргон (1,28 %), азот (78%), 1 % басқадай газдар кездеседі. Атмосфера негізінен - тропосфера, стротосфера және тропосфера қабатардан тұрады.

Гидросфера - табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км.

Литосфера - жердің қатты қабаты. Ол екі қабаттан құралған. Үстіңгі қабаты граниттен, оның қалыңдығы 10 км-ден 40 км-ге дейін жетеді. Ал астыңғысы базольттан тұрады. Қалыңдығы 30-80 км. Жоғарыда айтылғандай минералды қабаттардан басқа, жерді ерекше тағы бір қабат - биосфера қоршап тұрады.

Биосфера құрамына кіретін компоненттер: тірі ағзалар, биогенді заттар, қатты заттар және биоқатты заттар.

Тірі ағзалар мен олардың тіршілік ортасы өзара тығыз байланысады. Биосфераны құрайтын тірі ағзалар шартты түрде екі үлкен топқа бөлінеді: флора мен фауна. Жер шарының биомассасының жалпы салмағы Жердің биомасса материктер мен мұхитарда да біркелкі таралмаған материкердегі биомасса мөлшері дүниежүзілік мұхиттағы биомассадан 800 еседен көп.

Жерде ағзаның 3 млн астам түрі бар. Тірі ағзалар бөлінеді:өсімдіктер әлемі(продуценттер); жануарлар әлемі(консументтер); саңырауқұлақтар әлемі, бактериялар әлемі(редуценттер). Организмнің өлшемдері мен формалары әр түрлі болады. Олар бір клеткалы және көп клеткалы болып бөлінеді.Конспект по географии на тему Биосфера (7 класс)

Тірі организмдер жер шарындағы биологиялық зат және энергия айналымын жүзеге асырады.

Тірі ағзалардың басты ерекшелігі - көбейгіштігі. Тірі ағзаның тамаша бір қасиеті- тіршілік жағдайына икемділігі. Ағзалар бір - бірімен тығыз байланысты.

Белгілі бір ортаға шоғырланған ағзалар тіршілік бірлестігін құрайды. Жануарлар, өсімдіктер мен майда ағзалар дың бірлестігін биоценоз деп атаймыз. Биоценоз- ( гр. био- тіршілік, ценоз - орта)

Биогенді заттар -бұл тірі ағзалардың әрекетінен пайда болған өлі ағзалар, оларға мұнай, әктас, ұлутас, газ, тас көмір, оттегі бор және т.б. жатады.

Қатты заттар - бұл тірі ағзалардың қатысуынсыз жүретін үдеріс салдарынан пайда болған өлі заттар, оларға машмалық тау жыныстары және т. б. жатады.

Биоқатты заттар - өлі табиғатта жүріп жатқан тірі ағзалар мен физико-химиялық, геологиялық үрдістердің нәтижесінде пайда болған ерекше табиғи дене(топырақ).

Биосфераның қасиеті: ырғақтылығы, ашық жүйе болып табылады, өз -өзін басқара алады, біртұтастығы, орталықтанған жүйе, ендік және биіктік бойынша таралуы, тірі ағзалардың алуан түрлілігі.

Біртұтастығы оның компоненттері арасындағы байланыстың тығыздығын, бірі өзгерсе екіншісіне әсер ететіндігін көрсетеді.

Орталықтанған жүйе ретінде тірі ағзалар мен тірі заттар саналады.

Ашық жүйе - Күнге тікелей тәуелді.

Өз -өзін басқара алатын жүйе. Бастапқы қалпына келе алатын қабілетін гомеостаз деп атайды.

Ырғақтылығы - белгілі бір уақыт аралығындағы белгілі бір құбылыстардың қайталануы.

Ендік және биіктік зоналық заңдылығы. Жер бедері мен Күннің түсу бұрышына сәйкес табиғи ортаның өзіндік ерекшелігіне сәйкес ендік және биіктік бойынша таралуы.

Тірі ағзалардың және олардың мекен ортасынның алуан түрлілілігі.

Даму кезеңдері. Ноосфера ұғымы.

Биосфера ұзақ эволюциялық даму кезеңдері нәтижесінде қалыптасты.Тірі организмдер саны артып, құрамы күрделенді.Олар құрлыққа шығып атмосфера құрамын өзгертті.Оттектің мөлшері көбейіп керісінше көмірқышқылгазы төмендеді. Биосфера құрамындағы тірі организмдердіңтұрақты дамуы мен өзгерісі оның жаңа сапалы сатыға көтерілуіне,ноосфераға өтуге себепші болды.Ноосфера шеңберінде (грекше - noos - сана, sphaira - шар)табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс.Алғаш бұл ұғымды 1927 жылы француз оқытушысыЭ.Леруа, В.И.Вернадский Сорбонна университетіндегідәрісін тыңдаған соң енгізген болатын.Жаңа қалыптасып келе жатқан ноосфера белгілеріне мынадай көрсеткіштердәлел бола алады.Литосфера қойнауынан пайдалы қазбалардың өндірілуі,мөлшерінің артуы. Жылына 100 млрд артық.Бұрын (түзілген) геологиялық кезеңдерде түзілген фотосинтезөнімдерін энергетикалық мақсатта қолдану.Биосферада энергияның жинақталуынан горі шашырауы басым жүреді.Ноосфераның қалыптасуы жағдайында бұрын биосфера құрамындаболмаған заттар қалыптасуда.Биосфера - жер қабығы болса, ноосфера - Күн жүйесі қабығына,адамзат әрекетінің жаңа болашағына айналуы мүмкін.

Биосфераны қорғау проблемалары. Адамзаттың саналы қоғамы қалыптаса бастаған кезден бастап - ақ адам мен табиғат арасындағы неғұрлым тиімді қарым - қатынасты қалыптастыру мәселесі қолға алынып келеді. 1948 жылы Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағы құрылды. ЮНЕСКО бағдарламасы ішінде маңыздысы - биосфералық қорықтардың үлесін арттыру. Бүгінгі таңда Жер шарындағы 70-тен астам елде 300-ге жуық биосфералық қорықтар құрылған. Бүгінгі таңда Жер шарының 4 млн км 2- ден асам жері ерекше қорғауға алынған, оларды қорықтар деп атайды.Табиғи ескерткіштеріне - ғылыми, тарихи, мәдени - эстетикалық мәні зор табиғат объектілері жатады. Алғаш бұл ұғымды неміс жаратылыс зерттеушісі А.Гумбольдт енгізген. Біздің еліміздегі табиғат ескерткіштері көптеп кездеседі. Ең әйгілілері: Шарын, Әнші құм, Жұмбақтас, Таңбалы тас т.б. Қорықшалар дегеніміз - азая бастаған өсімдіктер мен жануарлар санын қалпына келтіру.Ұлттық саябақтар алғаш рет 1872 жылы АҚШ-та құрылған. Бүгінгі таңда дүние жүзінде 2400-ге жуық ұлттық саябақ құрылған.































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал