7


  • Учителю
  • Оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары 7 сынып

Оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары 7 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№_______ сабақ Пәні : Материктер мен мұхиттар

Сыныбы: __________ күні «________» ________ 201___ж

Сабақтың тақырыбы:Оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың Оңтүстік жарты шар материктері тақырыптары бойынша алған білімдерін жинақтау. Оңтүстік жарты шар материктерінің қазіргі кезедегі бір-бірінен қашық орналасқанына қарамастан олардың табиғат жағдайларындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар екенін түсіндіру. Әр материктің табиғат жағдайларындағы өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету.

Дамытушылық:Оңтүстік жарты шардың физикалық картасымен жұмыс істеу қабілеттерін дағдыландыру. Жоспармен сипаттама беру қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік:Экологиялық тәрбие беру. Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабағы

Типі: қайталау сабағы

Әдісі - тәсілдер: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, сатылай салыстыра талдау.

Жаңа технология түрі: АКТ. Ойын техногоиясясының элементері.

Көренкіліктер: Оңтүстік жарты шар физикалық картасы, интерактивті тақтада дайындалған слайдтар, атлас карта, үлестірмелі материалдар, оқулық, дәптер;

Пән аралық байланыс: тарих пәнімен.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

  1. Сынып оқушыларын түгендеу

  2. Сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау

  3. Сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.

ІІ. Негізгі кезең.

Географиялық қабықтың ең ірі кешендері - материктер мен мұхиттар, олардың табиғатының қалыптасуы мен дамуы, материктер солтүстік және оңтүстік жарты шар материктеріне топтастырылып қаралытындығы жайлы айту. Материктерді жарты шарларға бөліп қарастыруда тек қана географиялық орындарына байланысты емес, олардың ұзақ уақыт бірге дамыған тарихи жағдайына байланысты топтастырылатынын айту.











  1. Географиялық орны. Миға шабуыл сұрақтары:

  • Литосфералық плиталардың қозғалысы нәтижесінде Гонвана материгі қандай плиталарға ажырады? (Оң.Америка, Африка - Арабия, Үндістан, Аустралия - Антарктика)

  • Плиталардың ажырау аймағында қай мұхиттардың табаны ашылды? (Атлант, Үнді)

  • Қай материктердің солтүстік бөлігі солтүстік жарты шарда орналасқан? (Оң,Америка, Африка)

  • Қай материктерді оңтүстік тропик шеңбері кесіп өтеді? ( Оң.Америка, Африка, Аустралия)

  • Нағыз оңтүстік жарты шар материктерін атаңдар. (Аустралия мен Антарктида)

«Саяхатшылар клубы» ойыны.Оқушыларды топқа бөлу. Топтардың алдына қойылатын мақсат:материктердің ашылу тарихын, жер бедерін, климаты мен табиғат зонасын зерттеп салыстыру.

  1. Ашылу тарихы. Материктерді зерттеу барысындағы саяхатшы ғалымдардың жұмыстарымен қысқаша танысу.

















  1. Жер бедері. Табиғаттың ең әсем көріністері жер бедерінің алуан түрлілігімен байланысты. Құрлықтағы көкжиекке ұласып жатқан кең - байтақ, теп - тегіс жазира жазықтар мен аспанмен таласқан асқар биік таулар, терең шыңырау шатқалдар, арынды өзендердің аңғарлары мен қиян асулар жер бедерінде қайталанбас үйлесімін табады.Ал мұхит табанындағы ұлан - ғайыр жазықтар мен тізбекті тау жоталары, тұңғиық шұңғымалар мен таяз қайраңдағы маржандық рифтер су асты жер бедерінің бейнесін жасайды.Суреттік трек сызбаға қарап әр топ өз материгінің жер бедеріне сипаттама береді.


















  1. Климаты. Оқулықтың 38 бетіндегі 26-сурет бойынша жұмыс істеп әр материктің климаттық белдеулерін анықтау.


  1. Табиғат зонасы. Табиғат зоналары картасы арқылы материктердің табиғат зоналарын анықтап оларға қысқаша сипаттама беру.


















ІІІ. Бекіту

Материктер

Ұқсастықтары

Айырмашылықтары

Географиялық орны

Жер бедері

Табиғат зоналары

Климаты

Географиялық орны

Жер бедері

Табиғат зоналары

Климаты

Оң.Америка

Африка

Аустралия

Антарктида

Әр топ қорытынды жасайды.















«М.Әуезов атындағы орта мектеп»



«Бекітемін»

Оқу ісінің меігерушісі: __________ Ғылымбаева Л.М.








Тақырыбы:Оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары











Сабақтың түрі: саяхат сабағы


Типі: қайталау сабағы


Әдісі - тәсілдер: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, сатылай салыстыра талдау.


Жаңа технология түрі: АКТ. Ойын техногоиясясының элементері.






Пән мұғалімі: Мурсалимова Т.Р.







2013-2014 оқу жылы










Бағалау парағы

Бағалау параметірлері

Ұпай саны

Миға шабуыл сұрақтарына жауап беру

1 ұпай

Картамен жұмыс

4 ұпай

Тапсырмалардың сұрақтарына толық жауап беру

4 ұпай

Толық емес жауап

2 ұпай

Сұраққа жауапты толықтыру

2 ұпай


13 - 11 ұпай - «5»

10 - 7 ұпай - «4»

6 - 3 ұпай - "3"

3 - 0 ұпай - "2"


Топ мүшелерінің аты - жөні

Миға шабуылн сұрақтарына жауап беру

Картамен жұмыс

Тапсырмалардың сұрақтарына толық жауап беру

Толық емес жауап

Сұраққа жауапты толықтыру

Жалпы ұпай саны

Баға









































Аустралияның ашылу тарихы

Бірінші адамдар Австралияға 42−48 мың жыл бұрын келген. Олар Оңтүстік Шығыс Азия жерлерінен келген қазіргі Австралия аборигендердің бабалары. Соңғы зерттеулерге сәйкес Австралия жергілікті тайпалары африка тайпаларымен туыстық байланыстары болуы әбден мүмкін;

  • 1606 жылы - Голландиялық Duyfken атты кемесінің капитаны Биллем Янсзон Австралияны ашады. XVII ғасырда голландиялықтар дүниежүзінің картасына Австралияның батыс және солтүстік жағалауларын Жаңа Голландия деп енгізеді.

  • 1770 жылы (ингл. James Cook) Австралияның шығыс жағалауын ашады. Ол оны Жаңа Оңтүстік Уэльс (англ. New South Wales) деп атайды және оны Ұлыбритания жері деп жария етті.

Ұлыбритания американдық колонияларынан айырылып қалған соң, олар Австралияны айдалып келген қылмаскерлердің колониясы ретінде пайдалана бастайды. Австралияның қазіргі кездегі көптеген ірі қалалары (Сидней, Порт Филипп, Брисбен) осы айдалып келген қылмыскерлердің колониялары ретінде қаланған. 1828 жылғы халық санауы бойынша Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты халқының тең жартысы қылмыскерлер болған.

1901 жылдың 1-ші қаңтарында доминион құқығы бар Австралия федерациясы құрылады. 1931 жылы қабылданған (1942 жылы бекітілген) [[Вестминстерлік статусқа сәйкес Австралия мен Ұлыбритания арасындағы жалғыс конституциялық байланысы ретінде британдық монарх болып қалады. Австралия тәуелсіз мемлекетке айналады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал