7


  • Учителю
  • 'Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы'тақырыбындағы ашық сабақ жоспары 9-сынып

'Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы'тақырыбындағы ашық сабақ жоспары 9-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Маңғыстау облысы,

Бейнеу ауданы,

«Ж.Қалдығараев атындағы орта мектеп»

мемлекеттік мекемесі

география пәні мұғалімі

Отеулиева Онайгул Жолдиевна

Ашық сабақ


Сабақтың тақырыбы: Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Шығыс Қазақстан табиғатының алуан түрлілігі және арзан су энергиясына бай, полиметалл кені негізінде дамыған, түсті металлургия салалары, халқы туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушының тез қабылдауына жол ашу, ой қиялына ерік бере отырып, өз пікірін айтуға, қорытынды шығаруға төселдіру, теориялық білімін, зейінін дамыту;
Тәрбиелік:
• Отанын сүюге, еңбек сүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
• Өзіндік - сана сезім, ақыл - ой парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
• Білімді, шығармашыл, қабілетті оқушыны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Білім мен іс - әрекет әдістерін жетілдіру барысындағы аралас сабақ.
Сабақтың әдістері: Оқушылардың таным белсенділігін арттыру әдісі.
Пән аралық байланыс: әдебиет, тарих, экология, ән - күй сабақтары.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карта, үлестірмелі материалдар, көркем фильм («Көксерек»), «Алтай» әні (Ж. Омарованың орындауында)

Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Өткен сабақта алған білімдерін пысықтау. Өткен сабақтарда сіздер Орталық Қазақстан экономикалық ауданымен таныс болдыңыздар. Толығырақ айтатын болсақ, оның экономикалық - географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары, халқы, шаруашылық географиясы, ауыл шаруашылығы мен көлік кешендерімен. Енді сол өткен тақырыпты қорытындылау үшін бірнеше тапсырмаларды орындап жіберейік.

1 - тапсырма. Кестені толтыр:
Көлемі
Халқы
Тығыздығы
Кенттену (урбандалу) деңгейі
Мамандандыру салалары

2 - тапсырма. Кен орындарын ата
Темір, марганец кен орындары
Қ........
Б.........
Н.......
Қ......
Ү......
Ж....
Қ....
А....
Полиметалл кен орындары
Қ........
Қ........
А.......
А......
Г.....
Ж.....

Сирек металдар кен орындары
Ш....
Ж......
Қ......
Қ......
Қ.......
Қ.......

3 - тапсырма. Орталық Қазақстанның қай жерінде өндіріледі
Күкірт қышқылы
Азот қышқылы
Синтетикалық каучук
Техникалық резина бұйымдары
Электр станцияларына керекті құрал жабдықтар
Қабырға сөрелері
Кірпіш, алебастр, әктас, шыны өнімдері
Кеншілер киім - кешектері


4 - тапсырма. Сызбаны толтыр: (Сызба суреті)

5 - тапсырма. Тестіні толтыра отырып, білімімізді тексерейік:
1. Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығының басты саласы -
астық шаруашылығы -------- бау - бақша
мал шаруашылығы ----------- балық шаруашылығы

2. Ауыл шаруашылығының дамуына әсер ететін климат
құрғақ ауа райы
топырақтың құнарсыздығы
су тапшылығы
барлық факторлар
3. Орталық Қазақстанда еділбай тұқымды............... өсіріледі
Жылқылары, сиырлары, қойлары, шошқалары
4. Техникалық дақылдардан өсірілетіндер
Мақта, күнбағыс, қант қызылшасы, жүгері
5. Ауданның экономикасын дамытуда шешуді рөлді атқарады
Көлік, байланыс, құрылыс, ғылым
6. Орталық Қазақстан аумағында 1205 км - ге созылып жатқан трансконтиненттік темір жолы байланыстырады:
Мойынты - Балқаш
Түркісіб - Петропавл
Қарағанды - Жезқазған
Орынбор - Ташкент
7. Орталық Қазақстанның басты көлік торабы -
Қарағанды
Жезқазған
Теміртау
Балқаш

III. Мақсат қою. «Қасқыр - Табиғат - Адам» тақырыбына сай «Көксерек» көркем фильмінен үзінді көрсетіліп, Шығыс Қазақстан өңірінің табиғаты мен тарихи тұлғалары туралы ой қозғау.

IV. Жаңа білімді меңгерту.

1. Экономикалық - географиялық жағдайы Шығыс Қазақстан - республикамыздағы экономикалық аудандар арасында аумағы жағынан ең кішісі. Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында, Алтай тауы мен Сарыарқаның шығыс бөлігін алып жатыр. Ресей және Қытай мемлекеттерімен шекаралас. Шығыс Қазақстан табиғатының алуан түрлілігі тек республиканың оңтүстік аудандарына ғана жол беріп, ал жер қойнауы байлығы жөнінен Ресейдің Орал ауданымен қатар тұр.

2. Табиғат ресурстары. Шығыс Қазақстанның аумағында басын мәңгі қар мен мұз басқан Алтай, Сауыр - Тарбағатай биік таулары, орташа биіктіктегі Қалба тауы, ұсақ төбелі жазықтықтар, тау аралық кең алқапты алып жатқан қазаншұңқырлар, сонымен бірге өзен аңғарларындағы жазықтар кездеседі.

3. Табиғи ресурстары. Шығыс Қазақстан табиғи ресурстарының молдығы жөнінен елімізде алдыңғы орында. Мұнда полиметалл кені XVIII ғасырдан бері өндірілуде. Полиметалдың негізгі құрамы - қорғасын, мырыш және мыс. Аудан аумағында жалпы мемлекеттік қорғасын қорының 26, 1 %, мырыштың 45, 8 %, мыстың 47, 9 %, алтынның 52, 2 %, титанның 37, 1 %, тантал кенінің 59 % шоғырланған.
Су энергетикалық ресурсы республикадағы су қорының 50 % осы ауданның үлесіне тиеді.

Ірі бөгендері: Бұқтырма, Өскемен
Ірі өзендері: Ертіс, Бұқтырма, Үлбі, Шар, Нарын
Ірі көлдері: Зайсан, Сасықкөл, Марқакөл, Алакөл

Күршім

4. Халқы. Шығыс Қазақстан халқының саны жөнінен Орталық Қазақстаннан кейінгі орында. Халқының орташа тығыздығы 1 км ² жерге 6 адамнан келеді. Ауданда 9 қала, 24 қала типтес елді мекен бар. Қалалық елді мекендердің қалыптасуы пайдалы қазбалар өндіру, кен байыту комбинаттары мен металлургия кәсіпорындарының орналасуымен байланысты.
Диаграмма суреті

V. Сергіту сәті

Ж. Омарованың орындауындағы «Алтай» әнін тыңдау

VI. Жаңа білімді бекіту
Атласпен жұмыс

1 - тапсырма. Шығыс Қазақстан аумағында кездесетін ірі өзендер мен көлдерді картадан көрсетіп, орналасу ерекшеліктерін анықтаңдар
2 - тапсырма. Картадан халық сирек қоныстанған аумақтарды көрсетіп, сирек қоныстану себептерін түсіндіріңдер

3 - тапсырма. Пайдалы қазбалар мен кен орындарының арасындағы байланысты ұштастырындар
Бақыршық --------- көмір
Риддер ------------ полиметалдар
Қаражыра -------- алтын


VII. Сабақты қорытындылау. Оқушыларға түсіндірілген тақырып бойынша түйгендерін топтастыру әдісі арқылы қорытынды жасату.

1 - тапсырма. Шығыс Қазақстанның ерекшеліктерін топтастыр
2 - тапсырма. Кестені толтыр
Жер көлемі
Халқы
Тығыздығы
Кенттену (урбандалу) деңгейі
Мамандандыру салалары

VIII. Үйге тапсырма.
- § 22 оқу
- Ауданның табиғат жағдайының ерекшеліктеріне сипаттама беріңдер
- Кескін картамен жұмысты аяқтау

IX. Бағалау

Бағалау ережесі:
Жинаған ұпай саны бағасы
Барлық ұпай саны 14
9 - 14 «5»
5 - 9 «4»

Бағалау парағы

Тапсырмалар реті Жинайтын ұпай саны Жинаған
ұпай саны
1 - тапсырма. «Өткен сабақты пысықтау» 1
2 - тапсырма. «Кен орындарды ата» 1
3 - тапсырма. «Сызбаны толтыр» 1
4 - тапсырма. «Орталық Қазақстанның қай жерінде өндіріледі» 1
5 - тапсырма. «Өткен сабақты қорытындылауға арналған тест» 7
6 - тапсырма. «Бөгендері» 1
7 - тапсырма. «Қорытынды» 1
8 - тапсырма. «Шығыс Қазақстан» 1
Барлығы: 14
Алған бағасы:

X. Рефлексия
Оқушылар сөйлемді жалғастыру арқылы сабақтың қалай өткендігін айтады.
Ең қызықты болған...
Менің ойымша...
Маған ұнағаны...
Менің білгім келетіні...





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал