- Учителю
- Ашық сабақ Қазақстанның пайдалы қазбалары (8 сынып)
Ашық сабақ Қазақстанның пайдалы қазбалары (8 сынып)
Бекітемін:__________
Ашық сабақ
«Қазақстанның пайдалы қазбалары»
Пән мұғалімі: Тоқтамұрат Айдар Мырзамұратұлы
Сыныбы: 8 «А»
2016-2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы : «Қазақстанның пайдалы қазбалары»
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Қазақстанның пайдалы қазбалары
туралы жалпы түсінік беру.
2. Оқушылардың ой - өрісі мен , білім, білік, дағды
іскерлігін дамыту арқылы пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
3. Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа,
экологиялық тәлім арқылы адамгершілікке,
елеін-жерін сүю арқылы патриоттыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Электронды оқулық,
Қазақстанның физикалық картасы
Пән аралық байланыс: Химия, әдебиет
Сабақтың барысы
І Ұйымдастару кезеңі:
ІІ Үй тапсырмасын сұрау және қорыту
-
Биік таулы өлкеге қандай таулар жатады?
-
Алтай тау жотасының биік шыңы қалай аталады және биіктігі қанша м?
-
Сауыр мен Тарбағатайдың айырмашылығы қандай?
-
Батыс Алтайдың Қазақстандық бөлігін неге Кенді Алтай деп атайды?
-
Жоңғар (Жетісу) Алатауының ерекшелігі неде?
-
Тянь - Шань тауының ең биік нүктесі қалай аталады және биіктігі қанша?
ІІІ Жаңа сабақ.
-
Пайдалы қазба дегеніміз не? (Ережесін сұрау) оқушы ойын
толықтыру
2. Қазақстанның пайдалы қазбалары жайлы жалпылама тоқталу
Біз Қазақстан аймағындағы таулар мен жазық жерлер туралы алдыңғы тақырыптарда өттік ендеше биік және аласа таулар қатты бұзылып , күшті жемірілген сайын кенге бай тереңдегі жатқан тау
жыныстары жер бетіне жақындап, кейде тіпті жер бетіне шығып қалады. Көбіне бұзылған таулардан кенді қазбалар табылады. Шөгінді жыныстырда көбінесе кенсіз қазбалар қалыптасады.
Мұнай мен газ
Мұнай мен газдың мол қоры Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан аймақтарында шоғырланған. Мұнай елімізде бірінші рет 1899 жылы Қарашүңгілдегі Ембі кен орнындағы мұнай ұңғысынан (скважина) атқылады. Ал 1911 ж. Доссор, 1915 ж. Мақат кен орны пайдалануға берілді. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңқыстау түбегіндегі Өзен мен Жетібай қосылды. Қазір Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар. Геологиялық қоры 4,8 млрд тоннаға бағаланды. Жалпы Қазақстандағы мұнай қорының болжамы 20-25 млрд тонна. Қазақстандағы жалпы газ коры 6 трлн м3. Дүние жүзінде он екінші орын алады.
Көмір
Қазақстанда көмір қоры мол. Мұнда тас көмір мен қоңыр көмірдің 10 алабы, 300 кен орны бар. Қазақстанның жалпы көмір қоры 164 млрд тоннаға жетті. Көмір кен орындарының басым бөлігі Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында орналасқан.
Уран
Қазақстанның минералды шикізат базасы дүние жүзінде уранның 25%-ын құрайды. Елімізде уранның 100-ге жуык кен орындары барланған. Оның тең жартысы Солтүстік Қазақстанда орын алады. Барланған қоры (470 мың тонна) жағынан Қазақстан</</u> дүние жүзінде екінші орында.
3.Пайдалы қазбалар коллекциясын көрсету
Табиғи алтын Табиғи мыс Әк тас (Ізбесті тас) Калий тұзы
Тас көмір Ванадин Мұнай өңдеу Алтын
Темір кені Мырыш кені Тұз өндіру
4. Пайдалы қазбалардың шартты белгілері
ІҮ жаңа сабақты бекіту
І топ. Мұнай мен газ кенін салыстыру
Постер қорғау
Уақыты: 6 минут
1-топ: Мұнай
2-топ: Көмір
3-топ: Уран
5. Электронды оқулық бойынша, картамен тапсырма.
-
Картадан көмір кендерін көрсет
-
Картадан мұнай мен газ кендерін тап
-
Картадан уран кенін көрсет
-
Картадан қоңыр көмірді көрсет
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге патсырма: § 18-19 оқу
Кескін картаға пайдалы қазба кен орындарын түсіру.