7


  • Учителю
  • «Жеңіл өнеркәсіп» тақырыбы бойынша дайындалған құзырлы тапсырмалар

«Жеңіл өнеркәсіп» тақырыбы бойынша дайындалған құзырлы тапсырмалар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жаңақорған 2015 жыл

«PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың ғылыми- жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамытудың» география пәні бойынша жасалған құзырлы тапсырмалар

Мелденова Меруерт Жұмаділләқызы


Жаңақорған кентіндегі №163 орта мектептің география


пәні мұғалімі

«PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың ғылыми- жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамытудың»география пәні бойынша тапсырмалары Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жасалды, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жж. арналған Ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру және PISA халықаралық зерттеулері аясында өткізілетін оқушылардың ғылыми- жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту әдістеріне арналған педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасының талаптарын ескере отырып география пәні бойынша жасалған бірқатар құзырлы тапсырмаларды ұсынғым келеді. Жасыратыны жоқ осы кезге дейін беріліп келген «дәстүрлі білім жүйесіндегі -- дайын білім беру» өзін-өзі ақтамай отырғандығы бәрімізге мәлім. Білу мен түсіну деңгейінен аса алмаған оқушыларымыз пәндер бойынша алған білімдерін тек «баға алу үшін» қажет шығармашылық жұмыс ретінде қабылдап,күнделікті өмірде қолдана алмайтыны шындық екеніне көзіміз жетіп отыр.Дәстүрлі білім жүйесі арқылы қаншама табысты білім бердім десем де Кембридж университеті мен Назарбаев зияткерлік мектептері бірлесіп әзірлеген деңгейлік курстың ілгері деңгейін тәмамдағаннан кейін өзімнің бірқатар педагогикалық көзқарастарыма өзгеріс енгізуіме тура келді.Бұл мен үшін оңай болмады, тіптен біршама уақыт дағдарысқа ұшырадым десем де болады.Өздігімнен реттелу барысында мұғалімнің ұзақ жылдар бойы қалыптасқан ұстанымының өзгеруі қиын болатынын түсіндім. Білім беруді түбірімен жаңғырту жағдайында мемлекетіміздің халықаралық деңгейдегі рейтингі көтерілуі үшін оқушылардың бірқатар құзырлылықтарын қалыптастыру біздің негізгі міндетіміз деп түсінемін.Оқушы құзырлылығын қалыптастыру үшін пән бойынша құзырлы тапсырмаларды шебер құрастыра білетін құзырлы мұғалім болу керек! Менің өз ойымды бұлай негіздеуіме төменде берілген мәліметтер себеп болды. 2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалды сауаттылығын жетілдіруде Ұлттық іс-шаралар жоспары мақсатқа бағытталған, біртұтастық, оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуға бағытталған іс-шаралар жүйелілігін Қазақстан Республикасының мектепте білім берудің сапасын арттырушы негізгі бағыт ретінде қамтамасыз етуге бағытталған. Оқушылар арасындағы функционалды сауаттылықты қалыптастырудың жоғары деңгейі қоғамда тиімді қызмет етудің қабілеттілігіне, өзін-өзі анықтауға бағытталған қабілет, өзін-өзі дамытуға және қалыптастыруға бағытталады. Нәтижесінде, қоғамға функционалды сауатты, нәтижеге жұмыс істеуге және маңызды жетістіктерге жетуге қабілетті тұлға қажет.

2013 жылы PISA-2012 нәтижелері ЭЫДҰ тарапынан (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) жарияланды. Аталмыш зерттеу нәтижесінде, 65 елдің ішінде қазақстандық қатысушылар математика бойынша- 49, ғылыми жаратылыстану пәндері бойынша -52, ал оқу сауаттылығы бойынша 63-орынды иеленді. Біздің оқушыларымыздың мұндай төмен нәтижелер көрсетуінің басты себебі олардың құзырлы тапсырмалармен жұмыс дағдысының қалыптаспауынан деп түсінемін.Осы кезге дейін тек білім беру маңызды деп есептеп дайын білім беріп келген болсақ, алдағы уақытта осы олқылықтың орнын толтыру үшін дағдыны дамытуға барынша күш салатын боламын. Өйткені Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жасаған Құзыреттерді анықтау және іріктеу жобасы дағдылардың барынша кең ауқымын қамтитын ХХI ғасыр дағдыларының моделі болып табылады.(МАН. 5- бет.) Міне қазіргі оқыту мен оқу үдерістерінің ең негізгі ерекшеліктері оқушылардың пән бойынша алған өзекті білімдерін жай ғана иеленіп қоймай,оларды орынды жерде қолдана білетін тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға күш салу қажеттілігі анықталды.Мен де құзырлы мұғалім ретінде пән бойынша өзекті біліммен қатар тәжірибелік дағдыларды тең дәрежеде қалыптастыруға өз ресурстарымның мүмкіндігіне сай атқаруға тырысамын.

2011-2020 жылдарға ҚР білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған Мемлекеттік бағдарламасы біздің оқушыларымыздың PISA халықаралық зерттеулерінде мақсатты индикаторларды анықтады, оның ішінде 2015 жылы 50-55 орын, 2018 жылы 40-45орын. Қазақстанның аталмыш халықаралық зерттеуіне қатысуы біздің оқушыларымыздың дайындық деңгейлерін әлемнің басқа да елдерінің оқушыларының дайындық деңгейімен салыстыруға, білім беру сапасын бағалауда соңғы әлемдік жетістіктерге сәйкес келетін зерттеулердің нәтижелерін сараптау мен оқу жетістіктерін бағалау, сонымен қатар кросс-ұлттық зерттеулерді жүргізудегі жетекші мамандармен әзірленген әдістемелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.


Нәтижелер қазақстандық оқушылардың үлесін төмендегідей белгілейді:


1) Күрделі оқу мәтіндерін тиімді пайдалану, олардың көмегімен күнделікті жағдайларға бейімделу оқу сауаттылығын зерттеу қатысушыларының 5% құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа деңгей 28,6%);


2) Нақты жағдай үшін нақты модельдермен тиімді жұмыс істеу, әртүрлі тапсырмаларды дамыту және қолдану математика сауаттылығын зерттеу қатысушыларының 4,2% құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа деңгей 16%);


3) Әртүрлі жаратылыстану ғылымдарындағы түсіндірмелерді біріктіретін, аталмыш түсіндірмелерді өмірлік жағдайларда қолдануға бейімдеу, жаратылыстану ғылымдарының рөліне байланысты нәтиже шығаруды талап ететін жағдай аясында тиімді жұмыс істеу ғылыми жаратылыстану сауаттылығын зерттеу қатысушыларының 3,6% құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа деңгей 20,5%)


Бұдан, Қазақстанның PISA қатысуының нәтижелері еліміздегі жалпы білім беру мектептерінің педагогтары жоғары деңгейдегі пәндік білім береді, бірақ өмірлік жағдайларды оларды қолдануға жеткілікті түрде үйретпейтіндері көрсетеді. Сонымен, мұғалімдер логикалық, сыни және конструктивті ойлау негіздерін қалыптастырудың тиімді әдістерін жеткілікті деңгейде білмейтіндері аңғарылады.


PISA зерттеулері қазіргі білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне негізделеді: социум өміріне тиімді түрде қатыса алатын құзыреттіліктердің қалыптасуы, нақты бір жағдайға нақты модельдерді қолданудың нәтижесінде оқушыларды әлеуметтендірудің қажетті талаптары болып саналатын функционалды ғылыми-жаратылыстану сауаттылық бағытын қалыптастыру.


Жаратылыстану пәндері бойынша ғылыми концепцияны түсіну, білу , жеке шешім қабылдай білу, қоғамның мәдени экономикалық дамуына әсер ете білетін белсенді азаматты әр түрлі форматтағы тест тапсырмаларын орындату тәсілдері арқылы қалыптастыру.


Жаратылыстану бағытындағы PISA зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын жоспарлау кезінде ең алдымен оқушының оқу сауаттылығының құзыреттілігін ескеру керек. Олар:


1.Табу және алу:

мәтінді көзбен жүгірту;

басты элементтерін анықтау;

ізденіс аймағын тарылту;

қажет ақпаратты айыру.


2. Түсіндіру және ықпал ету:

мәтіндегі ақпарат элементтерін бірге байланыстыру;

мәтіннен автор тезистерін дәлелейтін дәлелдер табу;

автор ой түйінінен қорытынды шығару;

мәтіндегі басты ой немесе автор ойы туралы қорытынды жасау.


3. Зерделеу және бағалау:

басқа ақпарат көздерінен алған біліммен мәтіннен алған ақпаратты байланыстыру;

әлем туралы өзінің көзқарастарымен мәтінде берілген пікірді салыстыру;

автормен ішкі диалог жүргізу: өз көзқарастары мен автор көзқарасын қорғауда дәлелдер іздеу.


Осы оқушының оқу сауаттылығының құзыреттілігін ескере отырып, тест тапсырмаларын беру керек және төмендегі функционалдық сауаттылық ерекшеліктерін де ескерген жөн:

жаратылыстанудың негізгі ерекшеліктерін адами таным мен зерттеу формасы ретінде түсіну қабілеттілігі;

жаратылыстану ғылымдары мен технологияның материалдық, интеллектуалдық және мәдени салаға әсер ететіндігі туралы білімді көрсету;

мектепте алған білімді түрлі өмірлік жағдайларда қолдана алу қабілеттігі, қойылған мәселелерді ғылыми әдістермен шешу, ақпараттың түрлі көздерімен жұмыс жасай және оны сыни тұрғыдан бағалай алу;

эксперимент тәжірибелер жасау, болжамдар келтіру және қолдайтын немесе жоққа шығаратын зерттеулер өткізу, айтылған көзқарасқа қарсы шығу немесе оны негіздеу.


Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарлама негізінде жаратылыстану ғылыми сауаттылықты анықтаға төмендегідей түсінік береді - ғылыми жаратылыстану білімдерін қолдана білу, қоршаған әлемді түсінуге және сәйкесінше шешімдер қабылдауға қажетті мәселелерді анықтау, қорытындылар жасау.


Осыған орай PISA зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын құрудағы қиындықтарды анықтау үшін оқушылардың төмен нәтиже беруінің себептерін қарастыру керек, ол тестілеудің басқа формасының кездесуі, диаграммалар, кестелер, сызбалар мен карталардан тұратын іскерлік стильдегі мәтіндермен жұмыс жасай алмауы.


Ал Қазақстандық мектептердегі оқушылардың әртүрлі мазмұндағы, форматтағы мәтіндерді түсінуде және оларға рефлексия жасауда практикалық дағдыларды қалыптастыру мәселелері дұрыс жолға қойылмаған.


Отандық бағдарламалардағы оқу түсініктері PISA тапсырмаларында кездесетін зерттеудегі мәтіндермен сәйкес келмейді. Бұл оқушыларға тек теориялық мәліметтерді ғана беріп қоймай, өз білімдерін қазіргі өмір жағдайларына қалай пайдаланатынын түсінуі қарастырылады.


Зерттеулер көрсеткендей, ғылыми жаратылыстану сауаттылығы бойынша алынған нәтижелерді күнделікті өмірде шынайы жағдайларда пайдалану үшін ғылыми жаратылыстанудың негізгі ұғымдарына назар аудару, алған ақпаратты сыни бағалау, болжамдар жасау, өзіндік көзқарастарын негіздей білу қажет болды.


PISA зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын құрудағы қиындықтарды шешу жолдары ретінде мына мәселелерді атап өткен жөн:


1. Оқушыларға тапсырмаларды 6 деңгейлі Блум таксономиясы негізінде құрып, ондағы білу, түсіну, қолданудан гөрі синтез, анализ, бағалауға мән беру.


2. Стандарт талаптарына сай берілген тапсырмаларды орындаумен қатар оқушының өмірде қолдана алатындай тапсырмалар құрастыруға көңіл бөлу.


3. Оқушының логикалық ойлауын, сыни тұрғыдан ойын жеткізуді жүзеге асыру үшін, білім беруде сабақтың құрылымын өзгерту, яғни оқытудың белсенді стратегияларын қолдану, оқушының сабаққа деген ынтасын арттыру үшін әр10 мин сайын жағдаятты өзгертіп отыру.


4. Оқушыға тапсырма берген кезде оның алгоритмдерін алдын-ала ескерту.


5. Тапсырманы зейін қойып, орындауға және эксперименттік есептер, зертханалық шағын зерттеу жұмыстарын орындата отырып, өзінің орындаған жұмысының дұрыстығына көз жеткізу, өзін-өзі бағалауға үйрету.


Осы іс-әрекеттерді орындаған жағдайда оқушыға жоғары деңгейде білімін қалыптастыруға жол ашылады. Ол үшін мұғалімдердің жан-жақтылығы, шығармашылығы, білімі жоғары деңгейде болуы керек.


Жаратылыстану бағытындаберілетін мәнмәтіндік тапсырмалар 12 балдық жүйе бойынша бағаланып, үш блоктан тұруын ұсынуға болады:


Базалық деңгей - ол бір ғана жауапты көрсететін нұсқаудан тұрады.


Бағалауы 7-8 балл, «3» деген бағаға сәйкес келеді.


7-8 балл қойылады:


- толық жауап берілсе де мағыналы қателіктерінің болуы;


- жауап толық емес, бір-бірімен байланыссыз болған жағдайда;


- тапсырма жартылай орындалса да, логикалық түсінігінде қателердің болмай, тек есептеуде ғана мағыналы қателіктердің болуы.


Дамытушылық деңгей - кестелер мен диаграммаларды салыстырып,талдай алады

Бағалауы 9-10 балл, «4» деген бағаға сәйкес келеді.


9-10 балл қойылады:


- жауаптың толық болуы және оқытылған теориялық мәліметтерге сәйкес дұрыс тұжырымдалуы;


- материал логикалық тұрғыда көзқарасы берілсе де, аз-кем қателіктер болған жағдайда;


Шығармашылық деңгей - ашық жауап талап етіледі, логикалық ойлауға, өзінің жауабын дәлелдеуден тұрады.


Бағалауы 11-12 балл, «5» деген бағаға сәйкес келеді.


11-12 балл қойылады:


- өтілген тақырыптарғасәйкес жауаптың толық және дұрыс болуы;


- материал арнайы бір жүйелілікпен логикалық тұрғыда қарастырылған жағдайда;


- жауап әдеби тілде өзіндік ойлауы арқылы берілуі, қарапайым қателіктер болған жағдайда.


Оқушы неғұрлым көбірек тапсырма орындауға тырысса және максималды балл жинаса, онда PISA бойынша берілген тапсырманы толық орындай алғандығы анықталады.

Қорыта айтқанда PISA зерттеулерінің әдісімен тест тапсырмаларын құрастыруда мұғалімнен көп еңбек, терең білімділік, күш-жігер, жан- жақты іздене алатын қажыр-қайрат талап етіледі. Осы аталған маңызды сипаттар мұғалімнің жан-жақты ізденістегі шығармашылық тұлғасында тоғысып және де оқу үрдісінде ұтымды қолданылған жағдайда құзыреттілік қалыптастырудың сапалы да өрелі мақсатына жетуге өрісті ықпал етпек. Сонда ғана өскелең ұрпаққа сапалы білім алуына дұрыс бағыт-бағдар беріліп, оқушылардың өмірде таңдайтын кәсіби бағытына жетуде адастырмайтын жол ашылады әрі елшілдік ұстанымдағы зияткерлік тұлғасын қалыптастыруға айқындауға жол ашылады деп білеміз.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсанындағы №1118 Жарлығы.

2. «PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардыңғылыми - жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту»тақырыбы бойынша оқу бағдарламасы,

3. 12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары. Әдістемелік құрал. - Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. - 41 б.

4.Мұғалімге арналған нұсқаулық (ілгері деңгей)

«Жеңіл өнеркәсіп» тақырыбы бойынша дайындалған құзырлы тапсырмалар

Ескерту:Күрделі және оқушыларға мүлдем таныс емес бағытта тапсырмалар беру олардың пәнге деген қызығушылығын төмендетуі мүмкін.Бұл өз кезегінде мұғалім болжаған күтілетін нәтижеге жетуге кедергісін тигізеді.Сол себепті мен бастапқыда құзырлы тапсырмалардың жекелеген элементтерін меңгертуге тырыстым


1-тапсырма:

1.Бұл не? Болжау әдісі бойынша мәтін дайындау. Әр абзац сайын оқушылардың ойы мен пікірін сұрап отыру.

Бұл өндірістің пайда болуында,мыңдаған жылдар мен шындықтан гөрі аңыз басым екендігіне көз жеткізуге болады.Оның пайда болу тарихы өте ұзақ және қызық.Құпия мен аңызға толы десек те болады.

«Аспан асты елінің аңызына сенетін болсақ оның пайда болуына себепші болған Сары императордың әйелі Си Линг Чи аталады.Сары император б.з.д 3000 жыл бұрын империяның негізін салушы.

Аңыз бойынша Си Линг Чи тұт ағашының астында шай ішу рәсімін тамашалап отырғанда кесесіне көбелек қуыршағы түсіп кетеді.Ыстық шайға түскен қуыршақтың сыртындағы жіп тарқатылып адамдарды өзінің әдемілігімен,нәзіктігімен,мықтылығымен таңқалдырды.

Осы жіптен императорға киім тіккізген Си Линг Чи тек императордың құрметіне бөленген жоқ, халық оны Құдай дәрежесіне көтерді. Бұл тауардың атағы алыс елдерге кетті.Ал оны өндіру құпия сақталды.

Индия патшасы оны өз еліне алып келу үшін Қытай ханшайымына үйленуге бел буды.Өйткені оның жасауына осы заттың қосылатынына сенімді болды.

Қытай мен Жапонияда бұл жәндіктерді байлар хобби ретінде өсіреді.Азия мен Еуропа арасында осы тауарды тасымалдау үшін керуен жолы да пайда болды.

Сұрақ; бұл қандай өнеркәсіп,тауар қалай аталады?Қазақстанда дамыған ба? Оны қандай жәндік жасап шығарады?


2-тапсырма: «Динамикалық шеңбер» әдісі арқылы оқулықтағы мәтінмен танысу ұсынылады. Оқушылар сыртқы және ішкі шеңберге бөлініп, оқулықтағы «Жеңіл өнеркәсіп» тақырыбындағы мәтінмен танысады,ақпаратпен бөліседі.

3-тапсырма: Веб-сайт материалдарынан үзінді. Оқушылар оқып шығады,талдайды, мәтінді аяқтайды.


Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында 44 млрд. 952 млн. теңгенің өнімдері өндірілді

АЛМАТЫ. 2 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2015 жылы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнімдердің 50 пайызын киім-кешек құрады.


Бұл туралы бүгін «Алматыдағы Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы жеңіл өнеркәсіп саласының проблемалары мен келешегі» деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды.


«Қазақстанда 2015 жылы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары 44 млрд. 952 млн. теңгенің өнімін өндірді. Оның 22 млрд. 484 млн. теңгесін (50 пайыз) киім-кешек, 18 млрд. 138 млн. теңгесін (40,4 пайыз) тоқыма өнімдері, 4 млрд. 330 млн. теңгесін (9,6 пайыз) былғары өнімдері құрады», - дейді ҚР Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының президенті Любовь Худова.


Сұрақ-1 Оның айтуынша, өндіріс орындары өз қуатының орта есеппен 40 пайызын ғана пайдалануда, Не себепті?

Сұрақ-2 Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп құрылымын 3-ке бөліп,әрқайсысына талдау жаса.


Сұрақ-3 Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің негізгі шикізаттары.

4-тапсырма: Жабық сұрақтардан құралған «Ия - Жоқ» тесті:

Р/с

Жабық сұрақтар мазмұны

Ия - Жоқ

1

Тоқыма өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорны «АММК-ОЗАТ»АҚ.

Ия

Жоқ

2

«Мұрагер»тігін фабрикасы Семейде емес,Шымкентте орналасқан

Ия

Жоқ

3

Халықтың тұрмыстық қажетін өтейтін жеңіл өнеркәсіп саласы фарфор-фаянс

Ия

Жоқ

4

Мақтадан жасалған маталардан пальто тігіледі

Ия

Жоқ

5

«Қазақ-Орыс Тоқыма Альянс»ЖШС бірлескен кәсіпорын болып табылады

Ия

Жоқ

6

Шаруашылықтың ежелгі саласы галантерея болып табылады.

Ия

Жоқ

7

Ең қымбат мата жүннен жасалады.

Ия

Жоқ


4-тапсырма: Әрбір тұтынушы білуге тиісті мәтінмен танысу.

Өздеріңізге жейдені фирмалық белгі бойынша таңдамаңыздар.

Жейдедегі фирмалық белгі және биркада көрсетілген жоғары баға тек бір: бұйымның сапасын білдіреді. Қалай болғанда да, жейде шығаратын фирмалар сіздің дәл осылай пайымдауларыңызды қалайды. Бірақ,әмбебап сауда үйлері мен дүкендерде төмен бағамен,мысалы 900 теңгеге сатылатын арзан жейделер 5000 теңге немесе одан қымбат тұратындарынан анағұрлым жақсырақ болып шығуы мүмкін екені белгілі. Тұтынушылар қауымдастығы берген мәліметтер бойынша бұл арзан жейделер тек жақсырақ тігілген ғана емес,олардың киілу мерзімі де ұзағырақ және машиналық жуудан кейін түрін жақсырақ сақтайды.Эксперимент үшін ер адамдардың 27 ақ жейделері таңдалып алынды,олар матаның,ілгектердің және тігісінің сапасы бойынша салыстырылды.Жағалары мен жеңдерінің пішімінің дәлдігін бағалау үшін мұқият өлшеулер жүргізілді,сондай-ақ күнде кигеннен кейін жағасы мен манжеті қалай көрінетінін анықтау үшін эксперимент жүргізілді. Жейделер 25 рет жуылды,яғни олардың әдетте алты ай ішінде қанша рет кірін жуса,сонша рет,ал содан кейін отыруын және бүлінуін тестіледі.Кәдімгі әмбебап дүкендер мен жай дүкендерден сатып алынған жейделер жақсы сапаға ие екені анықталды.Тұтас алғанда,«Ерлер киімі», «Салтанат»және «Дәулет» дүкендерінен сатып алынған жейделер әйгілі сәнгерлер Т.Клейн және Валентино фирмалық дүкендерде ұсынатын,құны 5000-7000 теңгелік жейделерден жақсырақ болып шықты. Тұтынушылар қауымдастығының мүшесі Торғын Оңғарова былай деп мәлімдеді: «Тіпті егер бюджетіңіз шамалы болса да,сапалы заттардан бас тартудың қажеті жоқ.Біздің тестілерімізде 25 рет жуылғаннан кейін ең көп балл алған кейбір жейделер фирмалық дүкендерден емес,кәдімгі әмбебап дүкендерден сатып алынды және көбінесе олардың бағасы фирмалықтардан төмен болады». Жүргізілген зерттеулер полимақталы маталардан тігілген бұйымдардың ішінде бағасы 1400 теңге тұратын«Дәулет»,мақта матадан тігілгендердің ішінде 4100 теңге тұратын«Салтанат С»жейделер ең жақсы екенін көрсетті. Құрамында мақта бар жейделердің ішінде 1700 теңге тұратын «Салтанат Д» бұйымы және қыртысталмайтын,ол да 1700 теңге тұратын «Жетісу»жейдесі ең жақсы болып шықты. Бұл зерттеудің нәтижесі осы жылы фирмалық жейделердің бедел-бейнесіне екінші соққы берді. Өткен айда Джеймс Бонд туралы кең тараған шиеленіскен сюжетті «Ертеңгі күн ешқашан өлмейді» атты фильмді жасаушылар экран жұлдызы Пирс Броснанға әдеттегі әмбебап дүкеннен сатып алынған, қымбат емес жейделер кигізгені анықталды, өйткені,олардың пікірі бойынша,бұл жейделер экранда фирмалық дүкендерден алынған жейделерге қарағанда,жақсырақ көрінеді.


Алдыңғы беттерде келтірілген газет мақаласына сүйене отырып, сұрақтарға жауап береміз.

Сұрақ14:ЖЕЙДЕЛЕР

Соңғы абзацтың алдындағы абзацта: «Бұл зерттеудің нәтижелері осы жылы фирмалық жейделердің бедел-бейнесіне екінші соққы береді»,-дейді.

Бірінші соққы қандай болды?

....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Сұрақ 15:ЖЕЙДЕЛЕР

Егер біреу қыртысталмайтын жейде сатып алғысы келсе және соңғы өңдеу бұйымның сапасын анықтайды деп санаса, онда қандай жейде ол үшін ең жақсы таңдау болар еді?

....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Сұрақ 16:ЖЕЙДЕЛЕР

Мәтінде қандай өнеркәсіп өнімі сөз болып отыр? Бұл сұрақтар кімге арналған?

А.Модельерлерге

В.Өндірушілерге

С.Тұтынушыларға

Д.Дүкен иелеріне


Топ басшылары бағалау парағын толтырады,мұғалімге тапсырады.

Үйге тапсырма:1.Кескін картаға «Жеңіл өнеркәсіп» орталықтарын түсіреді (С)

2. 3-тапсырма бойынша мәліметтерді пайдаланып диаграмма құрастырады (В)

3.Кестеге Қазақстан, Түркия, Қырғызстан мемлекеттерінің жеңіл өнеркәсіп көрсеткіштерін түсіріп, салыстырмалы талдау жасайды.(А)





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал