7


  • Учителю
  • 'Батыс Қазақстан экономикалық ауданы' тақырыбында дайындалған сабақ (9- сынып)

'Батыс Қазақстан экономикалық ауданы' тақырыбында дайындалған сабақ (9- сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін:___________ Пәні: География Сыныбы:9 күні:

1.Сабақтың тақырыбы: Батыс Қазақстан

2.Сабақтар топтамасы аяқталғанда оқушыларыңыздың нені білгенін, түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?

2.1. Батыс Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайын, табиғат ресурстары мен халқын және аумақтың дамуына географиялық орнының қатысын білу (барлығы)

2.2. Батыс Қазақстанның экономикалық-географиялық жағынан көрші аймақтарды, табиғат жағдайы мен ресурстарын, аймақтың дамуы үшін табиғат байлықтарының маңызын түсіну (барлығы)

2.3. Карта мен жұмыс жүргізу барысында Батыс Қазақстан экономикалық ауданның жер бедерінің ерекшеліктеріне орай табиғат байлықтарының таралуын ажырата білу (көпшілігі)

2.4. Батыс Қазақстан аумағындағы нысандарды (Экономикалық аудандағы облыстар мен қалаларды) физикалық және экономикалық карталарды пайдалана отырып талдау жасау (көпшілігі)

2.5. Тірек кесінділерді құрастыру арқылы Батыс Қазақстан туралы берілген мәліметті жинақтау(кейбіреуі)

2.6 Батыс Қазақстан туралы тапсырмаларды орындау барысында топтарды және топ мүшелерін бағалау (кейбіреуі)

3.Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?

Жеке жұмыс, топтық әңгіме, гипотеза жасауға, құзырлы тапсырмаларды қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт бөлу

4.Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз? Оқушылардың жауабын тыңдай отырып екі жұлдыз бір ұсыныс айту, дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалау, критерий арқылы топтың жұмысын бағалау

5. Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты, жасы кіші) жұмысқа қалай тартасыз?

Ерте болған оқушыларға қосымша тапсырмалар беру арқылы

6. Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?

Оқып үйрену нәтижелері бойынша берілген тапсырмаларды орындау барысында

Сабақтың барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару, сыныптағы оқушыларды екі топқа бөлу. Сынып құрамын түгелдеу, тақтаға күн ретін жазу.

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

- сабақтың өткізу жоспарын көрсету. Каспий теңізі және Топонимика топтарын таныстыру

Оқушылар топқа бөлінеді.

Тақтадан күн ретін жазып алады.

сабақтың жалпы мақсатымен және өткізу жоспарымен танысады

10 минут

Кіріспе бөлім Оқушыларға жеке жұмыс жасау тапсырылады.

Кім жылдам? Сәйкестендіру және ия-жоқ тестін ұсынады

Оқушылар жеке жұмыс жасап берілген тапсырманы орындап шығады. Дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалайды.

20 минут

*Слайд- шоу көрсету арқылы арқылы оқушылар-дың пікірін сұрай отырып, тақырып пен оқу мақсатын анықтап алады. 3 Мағынаны тану.

*Оқулықтағы мәтінмен танысады.

-Аквариум әдісімен бөліседі.

*Картамен жұмыс жасайды

- Аквариум әдісімен топтағы жұмысты біріктіреді.


а)Оқушылар тақырыпты жазып алады

ә)Жаңа терминдер мен ұғымдарды дәптерлеріне жазып алады

б)Оқушылар мәтінмен танысып шығады. Топтаса отырып ойланады, талқылайды,оқушылар бағалау көрсеткіштеріне сүйене отырып, жақсы жауап беруге ұмтылады.

10 минут

Қорытынды бөлім

  1. Болжау әдісі

  2. Картамен жұмыс

  3. Топтар арасындағы байланыс

Кейінгі оқу:

Оқушыларға сұрақтар қойылады.Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Бүгінгі сабаққа анализ жасайды.

Сабақ рефлексиясын жазады.

Топтық жұмысты бағалау критерилері

Тақырыпты ашу тереңдігі

Р-с

дескрипторлары

1-3балл

1

Өз ойын еркін жеткізе алуы


2

Географиялық терминдерді қолдануы


3



Дәлелді сөз саптауы. Нақты тұжырым жасай білу



Ерте болған оқушыларға берілетін тапсырма



Қосымша сабақта пайдаланылатын тапсырмалар қоса ұсынылды

Р-с

дескрипторлары

1-3балл

1

Өз ойын еркін жеткізе алуы


2

Географиялық терминдерді қолдануы


3



4

Дәлелді сөз саптауы


Нақты тұжырым жасай білу

Р-с

дескрипторлары

1-3балл

1

Өз ойын еркін жеткізе алуы


2

Географиялық терминдерді қолдануы


3



4

Дәлелді сөз саптауы


Нақты тұжырым жасай білу

Р-с

дескрипторлары

1-3балл

1

Өз ойын еркін жеткізе алуы


2

Географиялық терминдерді қолдануы


3



4

Дәлелді сөз саптауы


Нақты тұжырым жасай білу

ТАПСЫРМА 1 Сәйкестендіру тесті


1.Қазақстан ... экономикалық ауданға бөлінеді А.Сарыарқа

2.Орталық Қазақстан экономикалық ауданының халық саны Б.Марал және шұбар бұғы

3.Мүйізінен панта алынатын жануарлар В.Арпа

4.Сыра қайнату шикізаты болып табылатын дәнді дақыл Г.Қарағанды

5.Кокстелетін көмір өндірілетін кен орны Д.террикон

6.Қазақтың ұсақ шоқысы Е.5

7.Шлак түріндегі қалдықтар Ж. 1339,4


Сәйкестендіру тесті


1.Қазақстан ... экономикалық ауданға бөлінеді А.Сарыарқа

2.Орталық Қазақстан экономикалық ауданының халық саны Б.Марал және шұбар бұғы

3.Мүйізінен панта алынатын жануарлар В.Арпа

4.Сыра қайнату шикізаты болып табылатын дәнді дақыл Г.Қарағанды

5.Кокстелетін көмір өндірілетін кен орны Д.террикон

6.Қазақтың ұсақ шоқысы Е.5

7.Шлак түріндегі қалдықтар Ж. 1339,4

Сәйкестендіру тесті


1.Қазақстан ... экономикалық ауданға бөлінеді А.Сарыарқа

2.Орталық Қазақстан экономикалық ауданының халық саны Б.Марал және шұбар бұғы

3.Мүйізінен панта алынатын жануарлар В.Арпа

4.Сыра қайнату шикізаты болып табылатын дәнді дақыл Г.Қарағанды

5.Кокстелетін көмір өндірілетін кен орны Д.террикон

6.Қазақтың ұсақ шоқысы Е.5

7.Шлак түріндегі қалдықтар Ж. 1339,4


ТАПСЫРМА 1 Жабық сұрақтардан құралған «Ия-жоқ» тесті


Р-с

Жабық сұрақтардың мазмұны

Ия-жоқ

1

DAEWOO автобусын шығаратын зауыт Семейде орналасқан


2

Республикадағы судың 50% Ш Қ ауданына тиесілі


3

Рахманов бұлағы Цхалтубоға ұқсамайды


4

Қызылорда облысы ОҚ экономикалық ауданына кіреді


5

Теміртау қаласында толық циклді металлургия комбинаты орналаспаған


6

Қазақстандық Алтай 3-ке бөлінеді


7

ШҚ экономикалық ауданының өнеркәсіп тораптары дамымаған


Жабық сұрақтардан құралған «Ия-жоқ» тесті


Р-с

Жабық сұрақтардың мазмұны

Ия-жоқ

1

DAEWOO автобусын шығаратын зауыт Семейде орналасқан


2

Республикадағы судың 50% Ш Қ ауданына тиесілі


3

Рахманов бұлағы Цхалтубоға ұқсамайды


4

Қызылорда облысы ОҚ экономикалық ауданына кіреді


5

Теміртау қаласында толық циклді металлургия комбинаты орналаспаған


6

Қазақстандық Алтай 3-ке бөлінеді


7

ШҚ экономикалық ауданының өнеркәсіп тораптары дамымаған

Жабық сұрақтардан құралған «Ия-жоқ» тесті


Р-с

Жабық сұрақтардың мазмұны

Ия-жоқ

1

DAEWOO автобусын шығаратын зауыт Семейде орналасқан


2

Республикадағы судың 50% Ш Қ ауданына тиесілі


3

Рахманов бұлағы Цхалтубоға ұқсамайды


4

Қызылорда облысы ОҚ экономикалық ауданына кіреді


5

Теміртау қаласында толық циклді металлургия комбинаты орналаспаған


6

Қазақстандық Алтай 3-ке бөлінеді


7

ШҚ экономикалық ауданының өнеркәсіп тораптары дамымаған

ТАПСЫРМА 2. Слайд-шоуды зерттеу



ТАПСЫРМА 3 Мағынаны тану. Оқулықтағы мәтінмен танысып шығады.

«Аквариум» әдісімен алған білімдерімен бөліседі



ТАПСЫРМА 4 КАРТОН-қиындыларынан 2-топ Қазақстанның екі картасын құрастырып шығарады, төмендегі сұрақтарға жауап береді

1.Карта қалай аталады және сол картаны пайдалана отырып Батыс Қазақстанға сипаттама беру

2«Аквариум» әдісімен екі түрлі картадағы білімді жинақтау



Р-с

дескрипторлары

1-3балл

1

Өз ойын еркін жеткізе алуы


2

Географиялық терминдерді қолдануы


3



4

Дәлелді сөз саптауы


Нақты тұжырым жасай білу

ТАПСЫРМА 5 Болжау әдісі

Ол көбінесе теңіздің түбінде, соның ішінде жағажайлық шөгінділерде жиі табылады. Сірә, теңіз өсімдіктері мен жануарлары қалдықтары судың түбіне жинақтала беруінен болар. Өйткені онда су ағысы болмайды, ол тыныштықта тұратындықтан, оған ауаның келуі қиындай түседі. Ауаның әсерінен бұл қалдықтар тотығар еді, ал ауа болмағандықтан, бактериялардың әсерінен бұл қалдықтар құрамы бойынша мұнайға ұқсас, бірақ оларда толығымен мұнайға айналмайтын процестер өтеді. Мұндағы түсініксіз жайт: осы қалдықтардан ? қалайша түзіледі? Әңгіме мынада: онда хлорофилдің, яғни өсімдіктердің жасыл түсі негізінің және басқа да екі жүз градустан жоғары температурада тұрақсыз болатын заттардың қалдықтары табылған. Ал барлық оған жақын өнімдерді алатын белгілі химиялық реакциялар тек жоғары температураларда өтеді. Оның түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алқабында ақшыл түстісі өндіріледі. Осы кезеңде оның құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын -оның бір тоннасы үш тонна көмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна шымтезектің қызуына тең. Қазір "Қара алтын" деп бағаланатын оның өзіндік мол тарихы бар. 1539 жылы ол тұңғыш рет Америка құрлығынан Еуропаға тасылатын тауарлардың тізіміне кіріпті. Сол жылы Венесуэладан Испанияға жөнелтілген мұнай тасымалының алғашқы легі бірнеше темір құтыға ғана құйылған жүк екен. Ол кезде дәрігерлер оны тек артрит ауруын емдеуге ғана пайдаланатын болған.[1]Ертеректе «тас майы» деп аталған оның болашағы зор екенін болжаған орыс ғалымы М.В. Ломоносов, Пенсильванияда ең алғаш рет мұнай ұңғымасы бұрғыланғанға дейін жүз жыл бұрын, мұнайдың шығуы жайлы өзінің бірегей теориясын ұсынған еді. «Жер қойнауында тереңнен орналасқан шымтезекті шөгінділерден жерасты ыстығымен қою, майлы материя шығарылып, саңылаулар арқылы ағады... Бұл дегеніміз - сирек, әртүрлі сұрыпты, жанатын және құрғақ, қатты материялардың пайда болуы, бұл тас майы - мұнайдың негізі...», - деп жазады 1763 жылы М.В. Ломоносов.

ТАПСЫРМА №6 Мұнай өнімдері тапшылығынан қалай құтылуға болады?

Қазақстанның табиғи көмірсутек қорларына, оның ішінде мұнайға, газға, көмірге бай екендігі белгілі. Осындай табиғи байлықтарды үлкен көлемде өндіретін әлем елдері ішінде біздің еліміз 10-12 орынды иеленеді. Мұнай мен газ елімізде ірі 3 мұнай өңдеу зауытында (МӨЗ), 4 газ және 8 майда мұнай өңдеу зауыттарында (ГӨЗ) өңделеді. Республикада соңғы жылдары мұнайды өндіру мен өңдеу көлемінің өзгеру динамикасы ұсынылып отыр. Осы деректерден біздің елімізде мұнай өңдеу көлемі соңғы жылдары біршама төмендеп кеткенін және ол елімізде өндірілетін мұнай көлемінің шамамен 10%-ын құрайтынын көруге болады. Біздің барлық мұнай өңдеу зауыттарымыздың жұмысындағы жалпы кемшілік олардың бастапқы шикізатпен алғашқы жобалық қуатына дейін жүктелмеуінде және Павлодар мұнай өңдеу зауытын қоспағанда, оларда шикізатты өңдеу тереңдігі орташа әлемдік деңгейге қарағанда әлдеқайда төмен болуында деп есептейміз. Сондықтан да еліміздің ішкі рыногында жоғары сапалы мұнай өнімдері жетіспейді, ал оларды біз анағұрлым қымбат бағамен шетелдерден сатып аламыз. Соның салдарынан жоғары сапалы мұнай өнімдерінің бағасы қымбаттауда және олардың бағасы Парламент пен Үкімет тарапынан түпкілікті бір шара қабылданбайтын болса әрі қарай қымбаттай бермек. Біздің ойымызша, осы мәселелерді төменде көрсетілген ұсыныстар арқылы толығымен шешуге болатын сияқты. Жобалық қуаты жылына 6 млн. тонна мұнай өңдеуге есептелген Павлодар мұнай өңдеу зауыты заманауи технологиямен жабдықталғаны, тіптен жылына 8 млн. тоннаға дейін мұнай өңдейтін болып реконструкциядан өткізілгені, сондай-ақ осы мұнай өңдеу зауытында шикізатты өңдеу тереңдігі 1989 жылғы деректер бойынша КСРО-да ең жоғарғы көрсеткішке (89%-ға) жеткендігі белгілі. Ал осындай заманауи технологиялармен жабдықталған және жоғарыда көрсетілгендей көрсеткішке қол жеткізген зауытта, 1991-2004 жылдары Ресейден келетін магистралды құбыр желісі бойынша Батыс Сібір мұнай шикізатын өңдеу көлемі жылына 1,7-2,2 млн. тоннаға дейін төмен түсіп кеткен. Тек соңғы 3-4 жылда ғана бұл көрсеткіш өзгеріп, зауытта шикізат өңдеу көлемі жылына 4,0-4,1 млн. тоннаға жетті. Қазақстан Ресейден алатын осы 4 млн. тонна Батыс Сібір мұнай шикізатының орнына Батыс Қазақстаннан Өзен-Самара құбыр желісі бойынша Ресей Федерациясының Повольже аймағындағы мұнай өңдеу зауыттарына 15-17 млн. тонна Қазақстан мұнайы жіберілуде. Бұған қоса, Шымкент және



Атырау мұнай өңдеу зауыттарының шикізат өңдеу көлемін осындай жолмен жобалық қуатына дейін жеткізу, жалпы, еліміз бойынша мотор отындарын өндіру көлемін жоғарылатуға және ішкі рынокты жанар-жағармаймен қамтамасыз етуде қалыптасып отырған күрделі жағдайларды шешуге мүмкіндік берер еді. Ресейден Павлодар мұнай өңдеу зауытына жылына қосымша 2 млн. тонна Батыс Сібір мұнайын жеткізуге қол жеткізе алмаған жағдайда, онда бұл мәселені Шымкент және Атырау мұнай өңдеу зауыттарында өндірілетін вакуум газойлын Павлодар мұнай-химия зауытына жеткізу арқылы шешуге болады. Осы екі мұнай өңдеу зауыттарынан 1,2-1,4 млн. т/ж шығатын вакуум газойлы соңғы бірнеше жылдары жартылай шикізат күйінде арзан бағамен экспортқа, яғни Балтық жағалауы мен Закавказье елдеріне, Украина мен алыс шетелдерге де жіберілуде. Бұдан өзге, елімізді жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешуге мүмкіндік беретін тағы бір, анағұрлым оңтайлы нұсқа бар. Ол Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарын түпкілікті, толық, жергілікті Қазақстан мұнай шикізатын өңдеуге ауыстыру. Елімізде мұнай қоры жеткілікті (7-8 млрд. тонна), алдағы 10-15 жылдың ішінде оның жылдық өндіру көлемі 140-150 млн. тоннаға жетпек. Қазір елімізде соңғы жылдары салынып пайдалануға берілген Батыс Қазақстан - Кеңқияқ - Құмкөл - Қарақойын - Атасу - Павлодар және Құмкөл - Шымкент магистралды мұнай құбыр желілері Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарын өз елімізде өндірілетін Қазақстан мұнай шикізатымен толық және тұрақты түрде қамтамсыз ете алады. Мұны Үкіметтің ескермей отырғаны өкінішті. Соңғы жылдары қоршаған ортамен үйлесімділікті қамтамасыз ететін, яғни қоршаған ортаны ластамайтын экологиялық таза мотор отындарын (Еуро - 3, 4, 5 маркалы бензиндер) өндіру үшін қоспа (3-5%) ретінде биоэтанол қолданылып жүр. Бүгінде бұл өнім Петропавл қаласында салынған астықтан биоэтанол өндіретін зауытта алынып жатқан сияқты. Біздің еліміз үшін бүгінгі таңда бұған балама ретінде, бүгінде көп мөлшерде (жылына -2-5 млрд. м3) далада жанып жатқан ілеспе көмірсутек газдарынан этил спиртін алуға болатынын еске салғымыз келеді. Бұл әдіс өте тиімді және өзіндік құны 5-6 есе арзан, ал үнемделген астық өнімдері арзан мал азығы - жем ретінде Қазақстанда мал мен құс шаруашылығын өркендету саласына бағытталып, елімізде ет пен сүт өндірісін өркендетуге айтарлықтай өз үлесін қосып, сырттан сатып алынатын тамақ өнімдерінің мөлшерін азайтып, шикізат сатып тапқан валюталар алыс шетелдерге кетпей, өзімізде қалар еді. Тағы бір назар аударарлық мәселе, Қазақстан мұнай шикізатына экспорттық кедендік, яғни баж салығын дүние жүзі елдері бойынша ең төменгі мөлшерде белгілеп отыр. Көршіміз Ресей бүгінгі күні мұнай шикізатының экспортқа шыққан әрбір тоннасына 440,1 $ (АҚШ доллары) көлемінде салық салып отыр. Ал Қазақстан болса жылына 70 миллион тоннадан астам мұнай шикізатын экспортқа ең төменгі кедендік салықпен және қосымша құн салығынсыз (НДС) шығаруда. Ең қызығы, экспортшылар ҚҚС-сыз шығарса да, оларға осындай деңгейдегі қаржы қазынаның есебінен қайтарылып берілуде. Және экспортқа шыққан әр тонна мұнайға бар болғаны 40 доллар деңгейінде ғана кедендік баж салығын салу Қазақ мемлекетінің экономикалық мүддесін ескермеу демеске лажымыз жоқ. Оның өзін шетелдіктер емес, тек отандық мұнай кәсіпшіліктері ғана төлеуде. Мұндай жағдайда шетелдік алпауыттардың өз шикізаттарын Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына ешқашан бағыттамасы анық. Экспортқа кететін шикізатқа Ресей мен Балтық бойы теңіз порттарына дейінгі шығындарды ескеріп, лайықты кедендік салық белгілеу Үкімет алдындағы бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесі және бұл шара іске асса, дер кезінде қабылданған әділ де дұрыс шешім болары анық. Дәл қазіргі күндері осындай шешімін таппай отырған, халқымызға аса қажетті мәселелелерді, жоғарыда айтылғандай жолдармен тез арада шешу мұнай өнімдерінің бағасының өсуін тоқтатуға және сонымен қатар еліміздегі басқа да қызметтер көрсету бағаларының өсуін азайтуға, жалпы, экономикамызды өркендетуге де мүмкіндік береді деп есептейміз. Республика Парламенті мен Үкімет назарын еліміздегі отын-энергетикалық ресурстардың, оның ішінде жанар-жағармайлар бағасының өсуіне жіті аударуға шақырамыз, себебі, бағаның өсуі халықтың өмір сүру деңгейіне әсер етіп қана қоймай, қоғамда әлеуметтік және саяси-экономикалық қиыншылықтар туындатуда. Сондықтан Парламент пен Үкімет тарапынан еліміздің ішкі рыногын өзімізде шығарылатын сапалы мұнай өнімдерімен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету жөнінде кейінге қалдыруға болмайтын нақты іс-шаралар жедел қабылдануы қажет.

Сұрақ №1 Сендерге ұсынылған мәтінде қандай мәселе сөз болып отыр?



Сұрақ №2 «Көршіміз Ресей бүгінгі күні мұнай шикізатының экспортқа шыққан әрбір тоннасына 440,1 $ (АҚШ доллары) көлемінде салық салып отыр. Ал Қазақстан болса жылына 70 миллион тоннадан астам мұнай шикізатын экспортқа ең төменгі кедендік салықпен және қосымша құн салығынсыз (НДС) шығаруда. Ең қызығы, экспортшылар ҚҚС-сыз шығарса да, оларға осындай деңгейдегі қаржы қазынаның есебінен қайтарылып берілуде. Және экспортқа шыққан әр тонна мұнайға бар болғаны 40 доллар деңгейінде ғана кедендік баж салығын салу Қазақ мемлекетінің экономикалық мүддесін ескермеу демеске лажымыз жоқ.» деген жолдарға сен қалай талдау жасар едің?



Сұрақ №3 Батыс Қазақстанның мұнайын өңдейтін зауыттарды жазып, картадан көрсет.



Сұрақ №4 Дүние жүзіндегі ең сапалы «ақ мұнай» өндіретін елді белгіле!

А .Қазақстандағы Маңқыстау түбегі

В.Ресейдегі Астрахань

С.Түрікменстандағы Қара-Бұғаз-Голл

Д.Қазақстандағы Бозащы түбегі

Е.Әзірбайжандағы Апшерон түбегі



Бақылау парағы Бақылаушының аты-жөні

Топтың аты

Оқушылардың аты-жөні

1 тапсырма

2 тапсырма

3 тапсырма

4 тапсырма

5 тапсырма

6 тапсырма



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал