- Учителю
- 10 сыныпқа арналған сабақ жоспары, тақырыбы: Өсімдік шаруашылығы географиясы
10 сыныпқа арналған сабақ жоспары, тақырыбы: Өсімдік шаруашылығы географиясы
Сыныбы: 10 «А»
Тақырыбы: Өсімдік шаруашылығының географиясы.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өсімдік шаруашылығы, салалары, таралу ерекшеліктері, маңызы жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Күтілетін нәтиже: дүние жүзінің өсімдік шаруашылығымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: 1. Сұрақ-жауап, әңгіме дәріс, топтастыру,ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-
Тапсырма.
Екі топқа «Қандай мемлекет?» ойыны арқылы жұмыстар беріледі, онда оқушылар қандай мемлекет туралы ақпарат берілгенін анықтайды.
-
Тапсырма. Ой қозғау.
«Кім жылдам?» сұрақ - жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәрісті слад арқылы түсіндіруден басталады
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Шығармашылық тапсырмалар: (сәйкестендіру, елдердің маманданған саласын табу)
Қорытындылау.
</ V. Қорытындылау, бағалау. (өзін-өзі бағалау парағы)
VІ. Үйге тапсырма беру. Үйге: Өсімдік шаруашылығы.