7


  • Учителю
  • Факультатив жоспары 'Жазықтар' 9 класс

Факультатив жоспары 'Жазықтар' 9 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: Жазықтар

Класс: 9 «ә»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың жазық ұғымдарын қалыптастыру. Жазықтарды биіктігі жағынан және пайда болуы жағдайына қарай әртүрлі болатыны жайлы түсініктерін қалыптастыру. Жазықтардың шаруашылықта пайдалану түрлерін білу.
Дамытушылық: Дүние жүзінің және Қазақстанның физикалық картасынан жазықтарды көрсету және сипаттау арқылы икемділіктері мен дағдыларын одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: жазықтар туралы оқып қызығушылықтарын тудыру арқылы пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, картамен жұмыс істету арқылы географиялық мәдениетке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, Қазақстанның физикалық картасы

Жаңа сабақ:
1. Тегіс және төбелі жазықтар. Құрлықтың көп бөлігін жазықтар алып жатыр.
Жер бетінің аз тілімденген, тегіс немесе белесті болып келген кең алқабын жазық деп атайды. Жазықтың жеке бөліктері биіктігі жөнінен бір-бірінен шамалы айырма жасайды.
Көз алдарыңа бірсыдырғы тегіс, ормансыз, шөп өскен даланы елестетіңдер. Мұндай жазықтарда көкжиек жан-жақтың бәріне бірдей ашық және мүлдем түзу сызықпен шектелген. Бұл - тегіс жазық.
Жазықтардың екінші түрі - төбелі жазықтар. Төбелі жазықтардың жер бедері көбінесе күрделі болады. Онда жеке төбелер мен шоқылар, сай мен ойпаңдар кездеседі.

Жазықтардың беті әдетте бір жағына қарай еңіс болып келеді. Өзендердің ағу бағыты да осы еңіске сәйкес келеді. Жазықтың еңістігі картадан айқын көрінеді.

Жазықтар адамның шаруашылық әрекетіне қолайлы. Елді мекендердің көбі жазықтарда орналасқан. Тегіс жерлер егін егуге, тас жолдар мен темір жолдарды, өнеркәсіп құрылыстарын салуға қолайлы. Сондықтан адамдар жазықтарды ежелден бері жан-жақты пайдаланып келеді. Қазіргі кезде Жер шарындағы халықтың басым көпшілігі жазықтарда қоныстанған.

2. Жазықтардың биіктік айырмашылықтары. Абсолют биіктігіне қарай жазықтарды негізгі үш түрге ажыратады Теңіз деңгейінен есептегенде биіктігі 200 м-ден төмен жазық ойпат деп есептелінеді. Ойпат физикалық картада жасыл бояумен белгіленеді. Ойпаттың теңіз жағасындағы бөлігі кейде теңіз деңгейінен төмен жатады. Оған біздің еліміздің батысындағы Каспий маңы ойпаты мысал бола алады. Жер шарындағы ең үлкен ойпат - Оңтүстік Америкадағы Амазонка ойпаты.

Абсолют биіктігі 200 м-ден 500м-ге дейінгі жазықтар қырат жазықтар деп аталады (мысалы, Каспий теңізі мен Арал теңізінің арасындағы Үстірт). Қырат жазықтар физикалық карталарда сарғыш бояумен белгіленеді.

500 м-ден астам биіктіктегі жазықтар таулы үстірттерге жатады. Таулы үстірттер картада қоңырқай сарғыш түспен белгіленеді. Еуразияның солтүстігінде Енисей мен Лена өзендерінің аралығын кең-байтақ Орта Сібір таулы үстірті алып жатыр. Африканың да көп жері таулы үстірт болып келеді.

3. Жазықтардың пайда болуы. Жазықтар шығу тегіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Бұрын теңіз түбі болып, кейін көтерілудің нәтижесінде пайда болған жазықтарды алғашқы жазықтар деп атайды. Осындай жазыққа Каспий маңы ойпаты жатады.
Жер шарында өзендердің тосқындары мен шөгінділерінен пайда болған жазықтар да бар. Мұндай жазықтарды құрайтын қиыршық, құм, саздардан тұратын шөгінді жыныстардың қалыңдығы кейде бірнеше жүз метрге жетеді. Осындай жазықтарға Ұлы Қытай жазығы, Оңтүстік Америкадағы Парана өзенінің бойындағы Ла-Плата, Азиядағы Месопотамия ойпаты жатады.
Сонымен бірге таулардың ұзақ бұзылу үрдісінің нәтижесінде пайда болған жазықтар да кездеседі. Мұндай жазықтар қатпарлануға ұшыраған қатты тау жыныстары қабатынан тұрады.
Сондықтан олар төбелі болып келеді. Төбелі жазықтардың мысалына Шығыс Еуропа мен Сарыарқаның жазықтары жатады.
Кейбір жазықтар лава тасқындарының жер бетіне шығып, жайылып, оның кедір-бұдыр жерлері тегістелуден пайда болады. Осындай жазықтарға Орта Сібір, Батыс Аустралия, Декан үстірттері жатады.

Жаңа сабақ бойынша бекіту сұрақтары:

1. Жазық деп нені айтады? Жазықтың қандай түрлері бар? 2. Биіктігіне қарай жазықтар қалай ажыратылады? 3. Мәтінде аталған жазықтарды физикалық картадан табыңдар. 4. Егер өздерің тұратын елді мекен жазықта орналасқан болса, оның жер бедеріне сипаттама беріңдер. Жазықтың жер бедеріне және биіктігіне қарай қандай түрге жататынын анықтаңдар. Шаруашылықта қалай пайдаланылатынын ересек адамдардан сұрастырып біліңдер. 5. Жазықтардың жер бедерінің өзгеруіне қандай күштер және қалай әсер етеді? Жауаптарыңды нақты мысалдармен дәлелдеңдер. 6. Өсімдік өскен беткейлердің топырағын ағын су неліктен шайып кете алмайды? 7.* Құмды жер бедері Қазақстанның қай бөлігінде көп таралған және ол неліктен?







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал