Сабақтың тақырыбы: Жанартаулар. Ыстық бұлақтар.
Гейзерлер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға жанартаудың пайда болуы, лава, кратер,
бүйірлік кратер, жанартаудың түрлері, сөнген және сөнбеген
жанартаулар, жанартау әрекеттерінің маңызы, ыстық бұлақтар
мен гейзерлер туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Жанартаулардың географиялық координатасын
анықтау арқылы икемділіктері мен дағдыларын әрмен қарай
дамыту.
Тәрбиелілік: Табиғатты сүйюге баулу, экологиялық,
эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың ө әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі:Д|ж картасы, жанартау көрінісі, бейне
жазба
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі сәлемдесу, оқушыларды тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру
- Өткен сабақта «Жер қыртысының қозғалуы» туралы өткен едік,
соған тоқталып өтейік.
- Жер қыртысы қозғалысына мысал келтіріңіздерші
- Қай жылдары өте күшті жер сілкінісі болды?
- Неше баллмен өлшенеді?
- Біздің еліміздің қай аймағында жер сілкіну құбылысы
байқалады?
- Жер сілкінісінің құрылысына тоқталып көрейікші
(Сызбанұсқаға тоқталу) сұрақтарға жауап беру.
3. Жаңа сабақ
Сабақтың жоспары:
1. Жанартаулардың пайда болуы және құрылысы
2. Сөнген және сөнбеген жанартаулар
3. Жанартауды зерттеу не үшін қажет? Жанартау әрекеттерінің
маңызы.
4. Ыстық бұлақтар мен гейзерлер.
Көмейінен ыстық жалын атып,
Жер гүрілдеп, от шығады.
Жолдағыны басып, жайпап,
Күл аралас сел ағады.
-Бұл не?
- Жанартау туралы не білесіндер?
Ежелгі Рим мифологиясында Вулкан - от құдайы.
Жанартау атқылауы - күрделі, қауіпті әрі қорқынышты табиғат
құбылысы. Тастар мен күлді 15-20 м кейде 45 м дейін биіктікке
атқылайды
Жыл сайын 15-20 км3 - магма- литосфераға шығады, ауаға
әртүрлі газдар тарайды.
Жанартау атқылауы - реттелмейтін, қауіпті, кездейсоқ
жағдай.
Адамзат тарихында ең күшті қорқыныш пен үрейге толы -
жанартау атқылауы болды. Ол Италияда Неаполитон шығанағының
жағалауында.(Везувии).
Түтін бұлттары Күн көзін басты, кенеттен жер астынан гуіл
естіліп, ошақтан тас пен тозаң атқылай бастады. Басында
жанартаудан шыгатын түтін мен буға ешкім көңіл бөлмеді.
Адамдар қатты абыржыды. Кейбірі ақыр заман туды деп ойлады.
Қаланы түтіннен қараңғылық басты. Адамдар барынша қашты бірақ
тым кеш болды. Кейбірі үйлерінде қалды- бірақ түтіннен
тұншығып өлді. Аспаннан тас түсе бастады.
Қала көшелерін жанартаудың күлі басып қалды.
Тек аздаған адамдар ғана теңізге қашып құтылды.
Міне, солардың айтуы бойынша «Помпейдің соңғы күні» суреті
салынды. Бұл сурет қазір Мәскеуде Трьетяков галереясында
сақтаулы.
Бірнеше ғасыр өткеннен кейін адамдар-археологтар - Помпей мен
Геркуланум қаласын тапты. Қалыңдығы 15 м кул басқан екен.
1006 ж Мерапи жанартауы - Ява аралы Индонезия
1669 ж Этна жанартауының атқылауы салдарынан 100 000 адам
зардап шекті.
11 маусым 1783 ж Лаки жанартауы- Исландияда
1815 ж Тамбор жанартауы адамзат тарихындағы күшті
жанартаулардың бірі -92 000 адам өлді.
1883 ж Кракатау 32 000 адам өлді.
Жалпы жанартау су астында да атқылап тұрады. 10-20% су асты
жанартауының үлесіне тиеді.
Орташалары мен кішілерін қоспағанда 2500 ірі жанартау
атқылауы болған.
Жанартауларды ұйқыға кеткен деп атаған дәлірек. Өйткені, әлі
күнге дейін ешкім дәл басып айта алмайды. Толық зерттеліп
болмаған.
Адамдар сөнді деп атаған жанартаулардан осы күнге дейін
зардап шегуде.
Мартиника аралындағы -Монтень-Пеле жанартауының 1902 жылы
қала халқы қырылып қалды.1912 ж Альяска (АҚШ) Натмай
жанартауының атқылағанын ешкім
көрмеген.Безыменный-Камчаткада, Исландияда - Хельгафелдь.
1980 ж 123 жылдан кейін жанартау Сент-Хеленс АҚШ (Вашингтон)
жер бетіне 400 млн тонна зат шығарған.
1982 ж Мексикада ЭльЧичона 1200 жылдан кейін атқылады.
Ең қорқыныштысы -Риус жанартауы 5 ғасырдан кейін атқылады.
Колумбияда биіктігі - 5398 м.
Жанартаудың пайдасы - Ыстық бұлақтар.Гейзер.
Жанартау атқылауы - кездейсоқ, қорқынышты, қауіпті және адам
шығыны көп болатын табиғи құбылыс. Шаруашылыққа зиян
келтіреді.
Иә, бұл тек сыртқы көрінісі ғана. Жанартау құртушы ғана емес
сонымен бірге «Ұлы қалыптастырушылар» да болып табылады.
Ғалымдардың айтуы бойынша атмосфера, гидро және литосфера -
миллиардтаған жылдар бойы жанартау атқылаудан қалыптасқан
себебі осы қабықтарға қажетті барлық құрылымдар табылады. Осы
мәліметке сүйеніп егер жанартау атқыламаса - Жер бетінде
тіршілік қалыптаспаған еді деп айтуға болады.
Жанартау атқылауы - аралдарды қалыптастырады.Ява аралында ең
көп адамдар тұрады тығыздығы жоғары.
1. Құнарлы топырақ
2. Химия өнеркәсібіне қажетті шикізат мол болады
3. Құрылыс материалдары
4.Рудалы пайдалы қазбалар қалыптасады.
5.Геотермальды энергия береді
6.Ыстық бұлақтар - минерал тасымалдағыш.
Бейне жазба «Жанартаулар, Исландия аралы» үзінділер
көрсету.
Жанартау атқылаған жердің топырағы құнарлы болады.
Өсімдікке қажет құрылымдардың барлығы болады. Сондай-ақ ауа
мен суды тез өткізетін топырақ қалыптасады. Осыдан 2 000 жыл
бұрын Везувии беткейінде адамдар жүзімнен көп өнім алғандығы
туралы мәліметтер сақталған. Қаншалықты қорқынышты болғанмен
қазірде Везувии бөктерінде адамдар тұрады.
Жер бетіне жақын жатқан және әлі де салқындап бітпеген
магма ошақтарынан ыстық бу мен газ тоқтамастан бөліне береді.
Олар жолындағы түрлі тұздарды ерітіп, қосып алады. Жер асты
суларын қыздырады және газға байытады. Ондай сулар жер бетіне
минералды ыстық бұлақ түрінде ағып шығады. Газ қысымы үлкен
болған жағдайда су мен газ мезгіл мезгіл шапшып атылады. Оны
гейзер дейді.
Гейзер (исландша- лақ ете түсу) дегенді білдіреді.
Геотермалды ЭС-Жапония,Филлипин.АҚШ 1200 ыстық бұлақ бар,оның
100-нің суы қайнаған.Калифорния,Невада,Оригон,Монтана
штаттарында.Осындай байлыққа Мексикада бай.Камчатка
,Исландияда-Рейкьявикте үйлердің -90 % жылытылады ыстық
бұлақтардан шыққан сумен. жылытылады.
Гейзерлер орналасқан аймақтар.
4. Қорыту сонымен бүгінгі сабақта Жанартаулардың пайда болуы
және құрылысы, сөнген және сөнбеген жанартаулар, жанартауды
зерттеу не үшін қажет, жанартау әрекеттерінің маңызы, ыстық
бұлақтар мен гейзерлер туралы айттық кімде қандай түсінбеген
сұрақ бар.
Координаталар бойынша жанартауларды анықта:
(спиртті от алдырып қойып, жаңа сабақты бекіту)
5.Бекіту. Ендеше мына сұрақтарды қарастырайық.
1. Жанартау қалай пайда болады?
2. Жанартаудың құрылысын сипаттап беріңдер.
3. Жанартауды не үшін зерттеу керек?
4. Жер бетін қалыптастырудағы жанартаудың ролі қандай?
5. Ыстық бұлақтар мен гейзерлер қандай жағдайда пайда болады?
6. Жанартау көрінісін көрсету.
6.Үйге тапсырма беру. Параграф 21.Кескін картаға жер
сілкінудің жиі қайталап тұратын аймақтарын және
жанартаулардың таралуын көрсетіңдер. Жасаған карталарыңды
физикалық картамен салыстырып, сейсмикалық және жанартаулы
аймақтар орналасуының жер бедерімен байланысын анықтаңдар.
(Уақытқа қарай ірі жанартауларға тоқталу)
7. Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
|