- Учителю
- «Қазақстан аумағындағы жауын-шашынның таралуы»
«Қазақстан аумағындағы жауын-шашынның таралуы»
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан аумағындағы жауын-шашынның таралуы»
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның әртүрлі аймақтарында жауын-шашынның әркелкі таралуына әсер ететін факторлар туралы түсінік беру.
Білімділік: Қазақстанның географиялық орнына және табиғат зоналарының таралуына байланысты жауын-шашынның өзгеруіне, ылғалдану коэффициентіне сипаттама беру.
Дамытушылық: Сабақ барысында әртүрлі сұрақтар мен тапсырмалар, карталар арқылы оқушылардың өз беттерінше жұмыс жасауға бағыттай отырып, ауызша сипаттама жасауға, ой-өрісін дамытуға көңіл аудару.
Тәрбиелік: Сабақ мазмұнына қарай оқушыларға экономикалық, экологиялық тәрбие бере отырып, дүниетанымын арттыру.
Сабақтың тегі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: Сұрақ жауап, мәтінді оқыту, картамен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау элементтері.
Сабақтың тәсілі: Жеке оқушымен, жалпы класпен
Көрнекіліктер: Электрондық оқулық, интерактивтік карта, атлас карта, Қазақстанның климаттық картасы
Пән аралық байланыс: Экология, физика, орыс тілі, экономика, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
а) Амандасу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Ой қозғау. «Полиглот»
(Сөздердің орысша аудармасын жасау)
-
Ауа
-
Жел
-
Жауын - шашын
-
Қар
-
Жаңбыр
-
Ауа температурасы
-
Атмосфералық қысым
-
Ай
-
Тұман
-
Бұлт
-
Жер
-
Күн
-
Құрлық
-
Мұхит
-
Ылғал
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
-
Қазақстан аумағында ауа температурасы неге әркелкі таралған?
-
Ауа температурасын өлшейтін құрал.
-
Изотермалар деген не?
-
Қазақстандағы ең суық және ең ыссы жер?
-
Қыста Қазақстан аумағына қандай ауа массалары әсер етеді?
-
Температура инверсиясы деген не?
-
Қыста орташа ауа температурасы солтүстікте және оңтүстікте неше градус болады?
-
Шілденің орташа температурасы солтүстікте және оңтүстікте неше градус болады?
-
Биік тауларда ауа температурасы қалай өзгереді?
-
Ауа температурасының ауытқулары атмосфераның қандай қабатында болады?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
(Электронды оқулық арқылы)
ЖЫЛДЫҚ ЖАУЫН-ШАШЫННЫҢ ТАРАЛУЫ
Жауын-шашынның мөлшері жер бедеріне байланысты болады. Жазықтар мен аласа таулы аудандарда жауын-шашын мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді. Солтүстікте жылына 400 мм-ден көбірек, орталық алапта 275 мм-ге дейін, ал оңтүстікте 130 мм-ге дейін жауын-шашын түседі. Арал теңізінің солтүстік-шығысы мен Балқаштың батысында бар болғаны 130 мм жауын-шашын түседі, кейбір жылдары бұдан да аз. Биік таулы аудандар жазықтар мен аласа таулы өңірлерге қарағанда жауын-шашынды молырақ алады: оның ең көп мөлшері (1600 мм) Батыс Алтайда түседі.
Жауын-шашын мөлшері жыл мезгілдері бойынша біркелкі түспейді. Солтүстікте жауын-шашынның 70-80%-ы жылдың жылы мерзімінде түседі, ал оңтүстікте кей жылдары жазда 2-3 ай бойы мүлде жаңбыр жаумайды. Солтүстікте қыс айларында жауын-шашынның жылдық мөлшерінің 20-30%-ы, ал оңтүстікте 60%-ы түседі.
Қар жамылғысы
Картадан көрініп тұрғанындай, Қазақстан аумағында қар жамылғысының қалыңдығы мен жату ұзақтығы әркелкі болады.
Солтүстікте қар қалыңдығы 20-30 см болып, 125-165 күн бойы жатады, ал оңтүстікте оның қалыңдығы 10-15 см және 40-60 күн ғана сақталады. Таулы аудандарда қардың жату ұзақтығы мен қалыңдығы биіктікке қарай өзгереді. Мысалы, Іле Алатауындағы Мыңжылқыда (3036 м) қар қалыңдығы 90 см-ге жетіп, жату ұзақтығы 230 күнге созылады.
ІV. Сабақты пысықтау.
А) «Тапқырлық» географиялық диктант.
-
Қазақстанда жауын - шашынның аз мөлшерде түсуіне ... қашық жатуы және ... орталығында орналасуы әсерін тигізеді.
-
Қазақстанда жауын - шашынның орташа жылдық мөлшері ... аралығында.
-
Қазақстандағы жауын - шашын ең көп түсетін жер ... .
-
Жауын - шашын аң аз түсетін аймаққа ... жатады.
-
Жазық және аласа таулы бөліктерде жауын - шашын ... қарай кемиді.
-
Республиканың шығыс және оңтүстік шығыс ... ылғалы мол өңір болып саналады.
-
Жылдық жауын шашын мөлшерінің ... қатынасын ... деп атайды.
-
Ылғалдану коэффициенті бірге тең болса, ылғалдану .... деп есептеледі, ал бірден аз болса ылғал ... деп есептеледі.
Ә) «Кім жылдам?» сайысында аталған заттың не екенін тез атау керек.
-
Барометр ( )
-
Термометр ( )
-
Гигрометр ( )
-
Тұран ( )
-
Қазақстан ( )
-
Елек ( )
-
Каспий ( )
-
Алтай ( )
-
Қарағанды ( )
-
Темір ( )
-
Сайқан ( )
-
Маңғыстау ( )
-
Қоңыржай ( )
-
Тропосфера ( )
Б) «Мені түсін!»
-
Су буы (грамм)
-30°
-20°
-10°
0°
+10°
+20°
+30
0,5
1
2
5
9
17
30
V. Қорытындылау.
VІ. Оқушыларды бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма.
Мәтінді оқып, түсінік айту. Жауын-шашын картасы кескін картаға түсіру, дәптерге өзі тұрған жердің ауа райына сипаттама жазу.
№34 орта мектебі
Ашық сабақ
Пәні: Қазақстанның физикалық географиясы
8 класс
Тақырыбы: «Қазақстан аумағындағы жауын-шашынның таралуы»
Пән мұғалімі: Айжарыкова А.Қ.
Ақтөбе қаласы 2011 жыл