7


  • Учителю
  • Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы. ҚАзақстан аумағының геологиялық құрылысы.

Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы. ҚАзақстан аумағының геологиялық құрылысы.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: Қазақстанның физикалық географиясы.

Мұғалімі: Фазылова Арай Есенгелдіқызы

Тақырыбы: Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы. Қазақстан аумағының геологиялық құрылысы.

Мақсаттары:

Білімділік. Қазақстанның геологиялық даму тарихы және геологиялық даму барысында республика аумағының табиғат жағдайларының бірнеше рет өзгергені жайлы түсініктер беру. «Тектоника» ғылымы туралы ұғымды қалыптастыру. Оқушыларды Қазақстанның тектоникалық құрылымы және тектоникалық картаның мазмұнымен таныстыру. Тау жыныстарының жасын анықтаудағы палеонтологиялық зерттеу тәсілі. Геологиялық карта туралы білім (мазмұны, практикалық мәні) және «тау жыныстарының жүйесі» ұғымын қалыптастыру. Қазақстан аумағының геологиялық құрылысының ерекшеліктерін анықтау.

Дамытушылық. Қазақстанның тектоникалық, геологиялық картасын физикалық картасымен салыстырып, сәйкестендіру арқылы икемділіктерін арттыру.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанныңфизикалық және тектоникалық картасы, геохронологиялық жержылнамалық кесте.

Негізгі ұғымдар: Геосинклиналдар, платформалар, жер бедерінің геологиялық дамуы, тектоника, тектоникалық құрылымды аймақтар.

Номенклатура: Солтүстік Тянь-Шань жотасы, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Алтай, Ұлытау, Көкшетау және Мұғалжар таулары, Үстірт, Торғай, Жем үстірті, Шу, Іле, Зайсан қазаншұңқырлары.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

(3 мин)

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)

1. Ғалымдар жер қыртысының даму тарихын ұандай кезеңдерге бөледі?

2. Жердің жасын және геологиялық даму тарихын анықтау үшін қандай есептеу әдістері қолданылады?

3. Геохронологиялық жержылнамалық кесте қай жылы және қандай мақсатта жасалынған.

4. Кестені пайдалана отырып, әрбір эраның қанша және қандай дәуірлерге бөлінгендігін айтып беріңдер.


3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

Тау түзілісі кезеңдері (қатпарлықтар)

Эралар мен дәуірлер

Негізгі геологиялық оқиғалар. Жер бедері кескіні

1. Байкал тау түзілісі

Архей, протерозой эрасы және палеозой эрасының кембрий дәуірлерін қамтиды.

Республика аумағын тұтастай теңіз суы басып жатты. Геосинклиналды аймақ болды. Шығыс Еуропа (Орыс) платформасы пайда болды.

Тау жыныстарының жердің даму эраларына қарай бөлінуі

Тау жыныстарының түрлері мен таралу аймақтары

1. Палеозойға дейінгі жыныстар

Кристалды тақтатастар мен гнейстердің жер бетіне шығып жатқан жерлері Солт. Т-Ш. жоталарында, Мұғалжарда және Сарыарқадағы Ұлытау мен Көкшетауда байқалады.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту

Кестеде аталған аймақтарды картаға түсіру, яғни Қазақстанның тектоникалық картасының моделін жасау, тау жыныстарының таралуын түсіру.


5. Сабақты қорытындылау кезеңі

1. Тектоника ғылымы нені зерттейді?

2. Қазақстанның аумағы қандай геотектоникалық аймақтарға бөлінеді?

1. Қазақстан аумағында қандай эралардың жыныстары тараған?

2. Географияның тау жыныстарын зерттейтін қандай салалары бар?


6. Бағалау кезеңі

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.


7. Үйге тапсырма беру

Кестелер мен кескін картаны аяқтау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал