- Учителю
- Урок по географии на тему 'ТМД елдеріне жалпы шолу'
Урок по географии на тему 'ТМД елдеріне жалпы шолу'
Күні: 07.09.2015 География 11 «А» сынып
Сабақ № 2
Сабақтың тақырыбы: ТМД елдеріне жалпы шолу.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Беларусь Республикасының географиялық орны,табиғаты және табиғат ресурстары, халқы, шаруашылығы, сыртқы экономикалық байланыстары жөнінде түсінік беріп, білім негізін қалыптастыру.
дамытушылық:Оқушылардың танымдық қасиетін, ойлау өрісін, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
тәрбиелік: Қазақстан елімен Беларусь Республикасын салыстыра отырып,Отаншылдыққа,өз елінің патриоты болуға, достастыққа,сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері:
-
түсіндіру
-
сұрақ-жауап
-
презентация
-
кескін картамен жұмыс
Көрнекілік: оқулық, карта, атлас,презентация, үлестірмелі материалдар
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-
сәлемдесу
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын, психологиялық дайындығын тексеру
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
-
Халықаралық туризм жайлы не білесіңдер? Ол қай мемлекеттерде жоғары дамыған?
-
Халықаралық туризмнің салаларының бірі тау шаңғысы туризмі жайлы не білесіңдер?
-
Теңіз жағалауындағы курорттар қай аудандарда жақсы дамыған?
-
Туристік нысандардың бірі болып саналатын қалалар жайлы не білесіңдер?
-
Діни орталықтарға құлшылық ету халықаралақ туризмнің айрықша түрі. Мұндай орталықтар қай жерлерде бар?
ІІІ. Жаңа сабақ. (Слайд бойынша жаңа сабақты түсіндіру)
- ТМД елдерінің құрылу тарихы қысқаша:
-
1991 жылы 12 желтоқсанда Ашхабад қаласында Орта Азия мемлекеттері мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті.
-
1991 жылы 8 желтоқсанда Беларусь, РСФСР және Украина республикалары Минск қаласында кездесті
-
1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда 11 мемлекет өкілдері қатысқан кездесуде тең құқықтық жағдайда ТМД құрылғандығы жөнінде шартқа қол қойылды.
-
1993 жылы ең соңғы болып Грузия қосылды
- ТМД құрамына қандай мемлекеттер мүше?
-
Бұл одақтың құрамында 11 мемлекет бар: Ресей, Қазақстан, Беларусь, Украина, Молдова, Армения, Әзірбайжан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан.
-
Түрікменстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достатастығының құрамына бақылаушы ретінде енеді.
-
2009 жылдың 18 тамызынан бастап Грузия ресми түрде ТМД құрамынан шықты.
-
Штаб-пәтері - Минск қаласында (Беларусь)
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылу мақсаты:
-
Барлық мүше мемлекеттердің ортақ экономикалық кеңістікте тұрақты дамуын қамтамасыз ету
-
Саяси, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және мәдени қарым - қатынас жасау
-
Адам құқығының сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету
-
Халықаралақ және әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
-
Мемлекеттер арасындағы қақтығыстар мен келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу
ТМД құрамындағы мемлекеттердің атауы, астанасы, Президенті, Елтаңбасы, Туы слайдтарда көрсетіледі.
1)Ресей - Мәскеу
2)Қазақстан - астана
3) Беларусь - минск
4) Украина - Киев
5) Молдова - Кишинев
6)Армения - Ереван
7) Әзірбайжан - Баку
8) Түрікменстан - Ашхабад
9) Өзбекстан - Ташкент
10)Қырғызстан - Бішкек
11) Тәжікстан - Душанбе
Ә) дәптермен жұмыс
- ТМД құрамына енетін мемлекеттердің тізімін, астанасын жазу
- ТМД құрылу уақытын, штаб- пәтерін, председателін жазу.
Б) кескін картамен жұмыс
Кескін картаға ТМД елдерінің шекарасын қызыл түспен белгілеп, астаналарын жазу (жинап алып бағалау, 1-2 оқушыны ортаға шығарып айтқызу)
ІV. Қорытындылау
А) сұрақ-жауап
- Сонымен, ТМД құрамына қанша мемлекет кіреді?
- Ол қашан құрылды?
- Одақтың мақсаты не?
- Штаб - пәтері қай қалада?
Ә) тест тапсырмаларын орындау (ауыстырып бірін - бірі тексеру, бағалау)
Жауаптары:
-
В
-
А
-
С
-
А
-
С
-
В
-
Д
-
В
-
В
-
А
V. Үйге тапсырма. §2. Оқып, мазмұндау.
ТМД мен Қазақстанның арасындағы экспорт көлеміне дөңгелек диаграмма құрастыру.
VІ. Бағалау