- Учителю
- 11-сыныпқа арналған география пәнінен 'АҚШ-тың экономикалық аудандары'
11-сыныпқа арналған география пәнінен 'АҚШ-тың экономикалық аудандары'
БҚО облысы Казталов ауданының
Ғ.Молдашев атындағы ОЖББ
мектебінің тарих және география
пәндерінің мұғалімі
Стамғазиев Нурбек Алибекович
Тақырыбы: АҚШ-тың экономикалық аудандары
Мақсаты:1.Оқушыларға АҚШ-ның экономикалық аудандарын, жетекші өнеркәсіп салаларын, ірі қалаларын таныстыру;
2.Экологиялық тәрбие беру, сонымен қатар топпен жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу;
3.Ізденімпаздық қабілеттерін дамыту және картамен жұмыс жасату арқылы ой-өрісін шыңдау.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ:
Әдіс-тәсілі:топтық жұмыс, сұрақ-жауап,т.б
Қолданылған көрнекіліктер:Интерактивті тақта, слайдтар, АҚШ-тың саяси картасы,үлестірме қағаздары,т.б
Қолданылған әдебиеттер:1.Ә.Бисенова,К.Қаймолдинова «География» (жаратылыстану-математикалық бағыт) 11-класс
2.Ә.Бисенова,К.Қаймолдинова «Географиядан хрестоматия»11-клас (жаратылыстану-математикалық бағыт) 11-кл
3. «География және табиғат» әдістемелік журналдар жинағы;
Сабақтың жүру барысы:
I.Ұйымдастыру. Класс оқушыларымен амандасу, олардың сабаққа қатысымын тексеру.Зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1. АҚШ мемлекеті . . .
2. Шаруашылық салалары . . .
АҚШ
шаруашылығыӨнеркәсібі Ауыл шаруашылығы
Қаржы-қаражат жүйесі Көлік жүйесі
1. АҚШ шаруашылығына дүниежүзіндегі өндірілетін өнімнің қанша бөлігі тиесілі?
а) 1/4 б) 1/5 с) 1/3
2. АҚШ-та әр жүз адамға қанша компьютерден келеді?
а) 85 б) 75 с) 95
3. АҚШ-тың «автомобильдер астанасы» ?
а) Детройт б) Чикаго с) Питсбург
4. АҚШ-тың қай қаласында «Боинг» ұшақтары шығарылады?
а) Сиэтл б) Даллас с) Бостон
5. АҚШ-тың агроөнеркәсіп саласында қанша адам жұмыс істейді?
а) 18 млн б) 21 млн с) 23 млн
6. АҚШ ауыл шаруашылығының қай өнімінен дүниежүзінде 4-ші орын алады?
а) жүгері б) бидай с) ет өнімдерінен
7. АҚШ-тың қай қаласында Халықаралық валюта қорының басқармасы орналасқан?
а) Нью-Йорк б) Лос-Анджелес с) Вашингтон
8. АҚШ-та 1893 жылы салынған ұзындығы 13560 км болатын теміржол?
а)Нью-Йорк - Сиэтл б)Вашингтон - Лос-Анджелес с)Нью-Йорк - Сан-Франциско
9. АҚШ-та қаншаға жуық порт бар?
а) 80 б) 100 с) 120
10. АҚШ-тағы қанша әуежай әлемдегі аса ірі 20 әуежайдың қатарына кіреді?
а) 10 б) 13 с) 15
ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру.
Тарихи-мәдени ерекшеліктері мен әлуметтік-экономикалық даму деңгейіне қарай, АҚШ аумағында 4 экономикалық аудан қалыптасқан:
«Ұлт шеберханасы» Өнеркәсіпті және Ғылыми-техникалық Елдегі ең жас,
деп аталатын ауыл шаруашылықты революция жетістіктеріне жедел даму үстіндегі
Солтүстік-Шығыс Орта-Батыс аудан; жеткен, ауыл Батыс ауданы
аудан; шаруашылықты
Оңтустік аудан;
Солтүстік-Шығыс аудан экономикалық-географиялық орнының қолайлығының салдарынан ерте игерілген Солтүстік-Шығысты алғашқы қоныстанушылар «Жаңа Англия» деп атаған болатын. Жаңа Англияның ең ірі қаласы Бостон болды. Солтүстік-Шығыстың ең ірі мегалополисі Босваш маманданған 600-ден астам кәсіпорынды біріктіретін орталық орналысқан. Солтүстік-Шығыстың басты қалалары Нью-Йорк пен ел астанасы Вашингтон.
Нью-Йорк қаласының өнеркәсіп құрлымы үш саладан тұрады:
1)Ауыр өнеркәсіп;
2)Машина жасау;
3)Жеңіл және тамақ өнеркәсіп.
Нью-Йорк қаласы елдегі басты қаржы орталығы болыпта есептеледі.
Орта Батыс аудан Ұлы көлдер маңы мен Ұлы жазықтың негізі бөлігінде орналасқан штаттарды қамтиды. Мұндағы алғашқы ірі қала Питсбург болды. 10-803 жылы Мичиган көлінің оңтүстік жағалауында Чикаго қаласы бой көтерді. Чикаго мен Питсбург аралығындағы ірі көл маңы мегаполисі Чипиттс қалыптасқан. Жалпы алғанда ел аумағының 20% ғана алып жатқан Орта Батыс АҚШ-тағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жартысын береді. Ұлы жазықтағы ең ірі қала - Сент-Луис.
Оңтүстік аудан Америкалық Оңтүстік Атлант мұхиты мен Мексика шығанағы жағалауынан басталып, Кордильера тауларына дейін созылып жатқан орасан зор аумақты қамтиды. Құрамына 14 штат кіреді. Оның 4 штаты «Ескі Оңтүстік» аталсы, мұндағы аса ірі қала - Атланта, ал қалған 10 штаты «Жаңа Оңтүстік» аталады, мұндағы аса ірі қала - Техас. Бұл өңір мал шаруашылығымен және мұнайға байлығымен әйгілі.
Батыс аудан. АҚШ жерінің жартысын алып жатқан Батыс аудан ең кеш игерілген және ең қарқынды даму үстіндегі аудан. Мұнда мыс пен молибденнің, уран мен алтынның аса ірі кен орындары табылған.
Колифорния штаты АҚШ-тың басты ғылыми және әскери-өнеркәсіп орталығы. Батыс қаласы-Сан-Франциско. Бұл қаланың маңын электронды есептеуіш машиналарын шығаруға маманданғандықтан Силикон аңғары деп атайды. Силикон аңғарында 200-ден астам кәсіпорыны бар.
Қазіргі кезде жетекші орынды Лос-Анджелес алады. (1781 жылы Испандар негізін қалаған). Қала маңындағы Голливудты «кино фабрикасы» деп атайды. Осында шатырсыз «Голливуд-боул» залында жыл сайын кино өнерінің шеберлерін Оскар сыйлығымен марапаттау салтанаты өтеді. Голливуд жанында кино жұлдыздары тұратын атақты Беверли-Хиллз ауданы орналасқан.
ІV. Картамен жұмыс. Әр топ оқушылары тақырыпта берілген объектілерді картадан көрсетеді
V. Кестемен жұмыс.
«АҚШ-тың экономикалық аудандары» кестесін толтыру.
№
Аудан аты
Аумағының ел ауданындағы үлесі, %
Жетекші өнеркәсіп салалары
Ірі қалалары
1
Солтүстік-Шығыс аудан
5/22
Ауыр өнеркәсіп, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі
Бостон, Нью-Йорк, Вашингтон
2
Орта-Батыс аудан
21/27
Ауыл шаруашылығынан бидай, мал шаруашылығынан ірі қара мал, қара металлургия
Питсбург, Чикаго, Сент-Луис
3
Оңтүстік аудан
25/32
Ғылымды қажет ететін өндірістік емес салалар, химия өнеркәсібі
Атланта, Хьюстон, Даллас, Форт-Уерт
4
Батыс аудан
49/19
Қызмет көрсету салалары, ғылымды қажет ететін салалар
Сан-Франциско, Лос-Анджелес
VІ. Сұрақ-жауап.
Қай аудан алғашында Жаңа Англия деп аталған? (Солт - Шығ ауданды)
Солтүстік-Шығыс мегаполисін ата? (Босваш)
АҚШ-та барлығы неше мегаполис бар? (үш)
Солтүстік-Шығыс ауданының маманданған салаларын ата? (Ауыр өнеркәсіп, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі)
АҚШ-тың астанасы Вашингтон қайда орналасқан? (Колумбия округінде)
Вашингтон қаласының зәулім ғимараттарын ата? (Капитолий - конгресс резиденциясы)
Орта-Батыс ауданының физикалық-географиялық орны? (Ұлы көлдер мен Ұлы жазықтың негізгі бөлігінде орналасқан штаттарды қамтиды)
Аудан өнеркәсібінің дамыған саласы? (Ауыл шаруашылығынан бидай, мал шаруашылығынан ірі қара мал, қара металлургия)
Оңтүстік ауданның географиялық орны? (Оңт Атлант мұхиты мен Мексика шығанағы жағалауанан басталып, Кордильера тауларына дейін созылып жатқан аумақты қамтиды)
Ауыл шаруашылығының дамыған саласы? (мал шаруашылығы)
Ірі қалалары? (Атланта, Хьюстон, Даллас,)
Батыс ауданның маманданған салалары? (Қызмет көрсету салалары)
Ірі қалалары? (Сан-Франциско, Лос-Анджелес)
Тестпен жұмыс
1.АҚШ-тың «Химиялық астанасы» қай қала болып есептеледі?
а/Бостон б/Хьюстон с/Атланта
2.Атланта қаласының жаңа қарқынмен өркендеуіне не себепші болды?
а/Голливуд киностудиясы б/Кока-Кола фирмасы с/Туристік объектілері
3.Колифорния, Аляска, Гавай штатттары қай ауданның құрамына енеді?
а/Батыс аудан б/Солтүстік-Шығыс аудан с/Оңтүстік аудан
4.Қазіргі басты қаржы орталығы ретіндегі маңызды қала?
а/Вашингтон б/Чикаго с/Нью-Йорк
5.АҚШ-тың басты ғылыми және әскери-өнеркәсіп орталығы?
а/Колифорния штаты б/Аляска штаты с/Техас штаты
6.Ғылыми-техникалық революция жетістіктеріне жеткен аудан
а/Солтүстік-Шығыс аудан б/ Батыс аудан с/ Оңтүстік аудан
7.Лос-Анджелес қаласының экологиялық жағдайы нашарлауда
а/Автокөліктердің көптігінен б/Кен орындарының көптігінен с/Туристік объектілердің орналасуынан
Қорытынды, бағалау.
Үйге тапсырма беру:
АҚШ экономикалық аудандары бойынша мазмұн айту, кескін картаға АҚШ аудандарының арасын түсіріп, ірі қалалармен порттарын белгілеу.