7


  • Учителю
  • коучинг-сессия 'Заман талабына сай білім беру бағыттарының тиімділігі'

коучинг-сессия 'Заман талабына сай білім беру бағыттарының тиімділігі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Бағдарлама модульдері: 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану5. Талантты және дарынды балаларды оқыту6. Оқушыларды жас ерекшелік
предварительный просмотр материала

Коучинг сессия жоспары



Коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті

Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

2 мин.


«Танысайық, ақ тілек тілейік» стратегиясы

Мұғалім өзінің оң жағындағы әріптесіне есімін айтып басқы әріптен басталатын, тілек айтады, Бақыт - білімділік, береке,

2 мин

Топқа бөлу

От, Су, Күн, Ай суреттері арқылы топқа бөлу.

Мұғалімдер осы атауларға сай топтарға бөлінеді.

2 мин.

Берілген сөздерді пайдаланып, топ ережесін шығару.

Тәртіп, уақыт, есту, сыйлау, пікір құндылығы, шешендік.

(мен өз нұсқамды көрсетемін)

Мұғалімдер бірлесіп топ ережесін жасайды. Берілген қиындыларды жапсыру арқылы жасайды.



3 мин

5 мин

Бағдарлама модульдері:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
6. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

(презентация, қысқаша түсінік беремін)

Тапсырма:

1 топ «От» - Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің сабақта қандай түрлерін қолданасыз? 5 мысал келтіріңіз;

2 топ «Су» - Дәстүрлі сабақтарда СТО қандай стратегияларын қолданасыз? мысал келтіріңіз;

3 топ «Күн» - «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» қалай түсінесіз? Түрлерін атаңыз.

4 топ «Ай» - Жаңа білім беру үрдісінде оқушы мен мұғалімнің рөлі қандай деп ойлайсыз?

Көрсетілген мәліметтерді мұқият тыңдайды.

Постерде жасайды, ой бөліседі, қорғайды.

3 мин

3 мин

Бейнеролик «Ата-анаға құрмет»

«Шексіз ойлау" стратегиясы бойынша ойтолғау:

«Баланың ата - ананы сыйлауы»

Ауызша ойларын айтады.

2 мин

Сергіту сәті

Топ мүшелеріне мінездеме

От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.

Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар оқушылар.

Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.

Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар.

5 мин

Талдау

(Қарындаштың қандай қыры бар білесіздер ме? Сұрақ арқылы ойын білу әріқарай мәтінді талдау, астарлы ойды анықтау)

«Қарындаштың 5 қыры» әңгімесін талдау.

Бірде бала әжесінің хат жазып отырғанын көріп:

-Әже, сіз мен туралы жазып отырсыз ғой, иә? -деп сұрайды.

-Ия, сен дәл таптың ,мен сен туралы жазып отырмын.Мұнда менің не жазып отырғаным маңызды емес, немен жазып отырғаным маңызды.Мен сені өскенде мына карандаш сияқты болғаныңды қалаймын,- дейді. Бала карандашқа таңырқап қарайды, бірақ одан ешқандай ерекшелікті таппайды.

Ол: -Мен көріп жүрген карандаштардан өзгешелігі жоқ қой, -дейді

Әжесі: -Бәрі әр нәрсенің ішкі сырына үңілуге байланысты. Бұл қарандашта 5 түрлі қасиет бар.Ол саған өміріңе қажет болады, -дейді.

Біріншіден, сен ақылды боларсың, бірақ сенің бағыттаушы қолың бар екенін ұмытпа дейді ...... астарлы ой: сен әрқашан өз алақаныңның еркіне сен,ол сенің жол сілтеушің,- дейді.

Екіншіден, жақсы жазу үшін, мен ол карандашты ұштауым керек. Бұл кезде ол карандашқа жанына ауыр тиеді,бірақ ұшталған карандаш өте жіңішке жазады. ........ астары: қандай да болмасын қиындыққа төз және ол саған өмірлік сабақ болады,- дейді.

Үшіншіден, Карандашпен жазғаныңның кейбірін қатеге есептеп өшіргішпен кетіресің. ...... астары: Есіңде болсын, өз қатеңді түзеу- барлық жағдайда жаман болмайды. Тура жолдан адаспауыңа көмектеседі,- дейді.

Төртіншіден, карандаштың сырты ағаштан жасалғаны, оның пішіні мәнді емес, оның ішіндегі графиті мәнді. ....... астары: Сондықтан әрқашан ішкі дүниеңде не болып жатқанын ойла,- дейді.

Бесіншіден, карандаш әрине, жазғанда артында із қалдырады........ астары: сен де карындаш сияқты өз іс-әрекетіңмен артыңда із қалдырасың. Қоғамға пайдалы іс істейсің. Әр қадамыңды ойлап бас,-дейді.

1 топ «От» - Біріншіден, сен ақылды боларсың, бірақ сенің бағыттаушы қолың бар екенін ұмытпа дейді ...... ;

2 топ «Су» - Екіншіден, жақсы жазу үшін, мен ол карандашты ұштауым керек. Бұл кезде ол карандашқа жанына ауыр тиеді,бірақ ұшталған карандаш өте жіңішке жазады. ........ ;

3 топ «Күн» - Үшіншіден, Карандашпен жазғаныңның кейбірін қатеге есептеп өшіргішпен кетіресің. ......

4 топ «Ай» - Төртіншіден, карандаштың сырты ағаштан жасалғаны, оның пішіні мәнді емес, оның ішіндегі графиті мәнді. .......



Әр топ астарлы ойды жалғастырады.

3 мин

Қорытынды Сыни тұрғыдан ойлау:
А) Сөзжұмбақ: (интербелсенді тақтада сөздің астын сызады)
Тақтаға мынадай сөздер жазылады:
«Бірлік, бекінген, күш, төрткүл, әбестік, қалтырау, жетіген, сегізаяқ, тоғызқұмалақ, қонақ, қырықтық, келу, желтоқсан, жүзім, жымыңдаған»
Сұрақ: Бұл сөздерді қандай жәйт біріктіреді?
Жауабы: келтірілген сөздердің барлығында сан есім жасырылған.

Ә) Сөзді тап:
«Жақша ішіндегі тасталып кеткен сөзді табыңыздар»
ақпан ( ....) алқоры
рақымшыл (......) қамқорлық Сөздердің алғашқы буындарын қолданып, жаңа сөз жасау арқылы бос орынға сөз шығады.




Берілген тапсырмаларды орындайды, дәлелдейді.

2 мин

Бағалау

Ұпайлар: (10-12 ұпай) 5- үздік, (7 - 9 ұпай) 4 - жақсы,

(5-7 ұпай) 3 - қанағаттанарлық.

Топ жұмысын бағалау


критерийлер

1 топ

2 топ

3 топ

4 топ

1

Топтың бірлесе жұмыс істеуі


2

Эстетикалық жағынан тартымдылығы


3

Көпшілік алдында қорғауы


4

Уақытқа бағынуы


5

Ережеге бағына білулері


Жалпы ұпай саны





Топтар бірін-бірі бағалайды,өз ой-пікірімен бөліседі.

1 мин

Кері байланыс «Екі жұлдыз бір тілек»

Екі жұлдыз = екі ұнаған нәрсе (жұмыс туралы);

Тілек - жақсартуды қажет ететін нәрсе. (алма стикерлеріне жазу)

«Алма ағашына» алма стикерлерін жапсыру




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал