7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Халықтың жастық-жыныстық құрамы. Еңбек ресурстары.

Сабақтың тақырыбы: Халықтың жастық-жыныстық құрамы. Еңбек ресурстары.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың мақсаты: Халықтың жастық-жыныстық құрамы, еңбек ресурстары туралы өздігінен білім алуға, түсінуге жағдай жасау. Оқушылардың фнукционалдық сауаттылығын дамыту.Күтілетін нәтиже. Оқушылар халықтың жастық-жыныстық құрамы, еңбек ресурстары туралы топтық жұмыста о
предварительный просмотр материала

10 сынып жаратылыстаныу математика бағыты.

Сабақтың тақырыбы: Халықтың жастық-жыныстық құрамы. Еңбек ресурстары.

Сабақтың мақсаты: Халықтың жастық-жыныстық құрамы, еңбек ресурстары туралы өздігінен білім алуға, түсінуге жағдай жасау. Оқушылардың фнукционалдық сауаттылығын дамыту.

Күтілетін нәтиже. Оқушылар халықтың жастық-жыныстық құрамы, еңбек ресурстары туралы топтық жұмыста оқулық мәтіні мен ғаламтор материалдарын пайдаланып түсінеді, бірлесіп қорғайды, өз беттерімен білім жинақтап белсенділік танытады. Фнукционалдық сауаттылықтарын арттырады.

Дерек көздері: Оқулық, баспасөз материалдары, дүние жүзінің саяси картасы, слайд, үлестірмелер, ғаламтор материалдары.

Сабақтың түрі: Шығармашылық ізденіс сабағы.

Мұалімнің іс-әрекеті, тапсырмалар.

Оқушының іс-әрекеті.

Әдіс-тәсілдер.

І Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын даярлап зейіндерін сабаққа аудару.

Кезекшінің есебі.


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Патриоттық әнді

қосу.

«Қазақ жастары» атты патриоттық

әнді тыңдайды, қосылып айтады.


ІІ. Үй тапсырмасын тесеру.

1. Сурет қиындылары арқылы топқа бөлу. Үйге берілген тапсырма бойынша сурет қиындыларының артындағы сөздердің мағынасын ашыптүсіндіру.

2. Шығармашылық ізденіс жұмыстары бойынша үйден тауып келген мәліметтерімен хабардар ету. Баспасөз беттері мен ғаламтор материалдарынан дүние жүзінің халықтары туралы қызықты мәліметтері мен қатар, халық санына байланысты ең..., ең..., ең..., деген хабарламалары мен слайд көрсету.

3. Бағалау парағын үлестіру.



2.

1. Сурет қиындысын құрастыру

арқылы топқа бөлінеді.

І топ. Адамзаттың шығу тегі: Антропология, моногенизм, полигенизм, халық санағы, б.з.д. ІІІ мыңжылдықта, 1950 жыл 80%, 7 млрд, 17 млн.

ІІтоп. Халық санының ұдайы өсуі:

Ұдайы өсу, дәстүрлі, өтпелі, қазіргі, демографиялық саясат, орташы ұзақтығы, демографиялық жарылыс, табиғи өсу.

Сөздердің мағын ашып, түсіндіреді.

2. Дүние жүзінің халықтары туралы қызықты мәліметтері мен қатар, халық санына байланысты ең..., ең..., ең..., деген хабарламаларымен таныстыра- ды слайдтарын көрсетеді.

Топқа бөлу әдісі. СТО, Талантты және дарынды балаларды оқыту, АКТ.

Бейнебаянды қосу. Оқушылардың көңіл-күйлерін тыныштандырып, зейіндерін сабаққа аудару.

Көреді, тыңдайды.

Сергіту сәті.

ІІІ Жаңа сабақ: Халықтың жастық-жыныстық құрамы. Еңбек ресурстары.


Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсатымен танысады.


Б. Блум таксономиясы бойынша жобалау. «Білу»

Бұрынғы біліміне сүйену, сұрақ-жауап.

1. Халықтың жастық және жыныстық құрамы дегеніміз не?

2. Халықтың жастық және жыныстық құрамын анықтаудың қажеттілігі не үшін керек?

3. Еңбек ресурсы дегеніміз не?

Сұрақтарға жауап береді. Бірін - бірі толықтырады.

Диалогтік оқыту.

ІҮ Жаңа сабақты меңгерту. «Түсіну» Оқулық мәтінімен жұптық және топтық жұмыс.

І топ. Халықтың жастық-жыныстық құрамы.

ІІ топ. Еңбек ресурстары. Оқулық мәтәнін оқып түсінеді, жұптық жұмыста бірін-бірі толықтырады және топтық тапсырманы қорғайды.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Ү. «Қолдану» Оқулықта көрсетілген 11,13- сызбанұсқаларды талдап анықтау, картаны пайдаланып қорытынды жасау.

І топ. 11-сызбанұсқа.

ІІ топ. 13-сызбанұсқаны талдайды, картадан көрсетіп қорытындылайды.

Оқытуды басқару және көшбасшылық.

ҮІ. «Жинақтау» PISA тапсырмаларын үлестіру. Әр оқушы жекелей орындап, сұрақтарға жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа бір баллдан қойылады.

PISA тапсырмасының жауабы:

1с, 2в, 3а, 4е, 5 еңбек ресурсы мемлекет экономикасында жұмыс істеуге қабілеті бар жұмыс істеп жүргендердің жиынтығы болса, ЭБХ - жұмысшылар мен жұмыссыздардың жиынтығы.

СТО.

ҮІІ. Оқушылар білімін бағалау.

Бағалау критерийлері.

1. Үй тапсырмасына берген жауабы.

2. Қызықты ғаламтор материалдарымен таныстыруы.

3. Жаңа сабақты қорғауы.

4. Сызбанұсқаларды талдап, картадан көрсете білуі.

5. PISA тапсырмаларын орындауы.

Топ басшылары оқушылардың сабаққа қатынасу белсенділігін табыс критерийлері бойынша бағалайды және мұғалімнің пікірін ескеріп жиынтық бағасын қояды.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.

1. Халықтың жастық-жыныстық құрамы. Еңбек ресурстары.

2. Тақырыпқа байланысты ғаламтор материалдарын тауып келу.

Рефлесия

Стикерге сабақтан түйген ойлары мен ұсыныстарын жазады.

Кері байланыс.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал