- Учителю
- Сабақ тақырыбы, 'Еуразияның физикалық-географиялық орны, материк жағалауындағы шайып жатқан мұхиттар және басқада нысандар'
Сабақ тақырыбы, 'Еуразияның физикалық-географиялық орны, материк жағалауындағы шайып жатқан мұхиттар және басқада нысандар'
Сабақ тақырыбы: «Еуразияның физикалық-географиялық орны,материк жағалауындағы шайып жатқан мұхиттар және басқада нысандар.»
Сабақ мақсаты: Оқушыларды Еуразия материгімен таныстыру, географиялық орнымен,халықының қоныстану ерекшелігі және зерттелуі тарихы,табиғатының әр алуандылығын түсіндіру. Жаңа материалды меңгерту.
Білімділік: Оқушылардың Еуразия материгі жайлы білімдерін толықтыру, оларға географиялық орны және қашық нүктелері орналасуын дәл анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, картамен жұмыс істей білу шеберлігін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілікке, экологиялық саналыққа тәрбиелеу. Қасындағы жолдасына көмек беруге үйрету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың тегі: Жаңа сабақ.
Сабақ әдістері: Интерактивті оқыту, сұрақ-жауап, тірек-сызба.
Пәнаралық байланыс: Биология, тарих, орыс тілі, информатика, математика.
Көрнекілік құралдар: Компьютер, слайд, электронды оқулық мәтіні, дүние жүзінің физикалық картасы.
Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын түгендеу.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
-
1.Солтүстік Америка материгінің ең биік нүктесі:
-
2.Көлемі жағынан ең үлкен арал:
-
3.Солтүтік Американың ең ұзын өзені:
-
4.Солтүстік Американың ең төмен жатқан жері:
-
5. Солтүстік Америкадағы атақты сарқырама
-
6.Материкте қандай пайдалы қазбалар кездеседі
-
7.Солтүстік Америка материгінің табиғаты әсем жерлерді атаңдар?
-
8.Солтүстік Американың ірі елдері мен олардың астаналарын атаңдар?
-
9. Солтүстік Америка терреториясының ... артикалық шөл зонасы орналасқан.
-
10. АҚШ-тың «автомобиль астанасы»:
«Ой қозғау» стратегиясы.
1) Ескі, ежелгі материкті атаңдар.
2) Солтүстік жарты шарға қай материктер кіреді?
3) «Венн диаграммасы»
Слайд-1
№ Ұқсастығы № Айырмашылығы
III. Жаңа сабақ
(7- кластың электронды оқулықпен жұмыс)
Интерактивті тақтаға оқушылардың назарын аудару.
Слайд-3 (Суретін көрсету)
Бұл материкте біздің Отанымыз -Қазақстан орналасқан.
Слайд-4 интерактивті тақтадан көрсету. (Тірек-сызба)
Екі дүние бөліктен тұрады Еуропа және Азия.
Жер шарының халқының 3\4 бөлігі яғни 4милярд халық өмір сүреді.
Жер шарының 53,3мил км2-ің яғни 1\3 бөлігін алып жатыр.
Жер көлемінің үлкендігіне байланысты өзіндік ерекшеліктері бар:
Слайд-5 (Дәптерге көшіру және кескін картаға түсіру)
Ең, ең, ең...........
• 1.Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы - Гималай тауындағы
• Джомолунгма шыңы, биіктігі 8848м
• 2.Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан
• жер - Арабия түбегіндегі, Өлі теңіз - 403м
• 3.Жер шарындағы ең үлкен түбек - Арабия,ауданы - 3млн. км²
• 4.Ең суық жер - Солтүстік Шығыс Сібірде - Оймякон,-71ºС
• 5.Ең ыстық жер - Тар шөлі, +53°С
• 6.Аса құрғақ аптапты Араби түбегінің оңтүстігінде жауын-шашын - 15мм аз
• 7.Жауын-шашын көп түсетін жер - Гималайдың оңтүстік -шығыс беткейінде Черапунджи елі, 12000мм
• 8.Жер шарындағы ең үлкен көл - Каспий теңізі, ауданы - 390мың.км ²
• 9.Жер шарындағы ең терең көл - Байкал көлі, тереңдігі - 1620м
-
Географиялық орны
Лавразия дүние бөлігінен бөлінген материк
Еуразияны құрайтын екі дүние бөлігі - Еуропа мен Азия арасындағы шартты түрдегі шекара Орал тауларының шығыс етегі, Жем өзені арқылы Каспий теңізінің солтүстік жағалауы, Кума-Маныч ойысы мен Азов, Қара теңіздері және Қара теңізді Жерорта теңізімен байланыстыратын бұғаздар арқылы өтеді.
Шеткі нүктелері:
Солтүстігі - Челюскин мүйісі (77°43'с.е. 104°18'ш.б.)
Оңтүстігі - Пиай мүйісі (1°16'с.е. 103°30'ш.б.)
Батысы - Рока мүйісі (38°47'с.е. 9°34'б.б.)
Шығысы - Дежнев мүйісі (66°05'с.е. 169°40'ш.б.)
Қоныстануы
Адамдардың Еуразия жерін қоныстануы Жерорта теңізінің маңынан басталды.Географиялық ұғымдардың ауқымының кеңеюіне біздің заманымызға дейінгі 2500 жылдарда мекендеген ежелгі миной халқы негіз салған.Минойлар Египет,Кипр,Сицилия аралдары Балқан түбегіндегі елдермен сауда қарым қатынасын жүргізген.
Ежелгі дамыған мемлекет - Вавилонның тұрғындары жан-жағындағы Жер ғаламшарының шар тәріздес екенің ойлап тапқан және оның 360 градусқа тен екенін анықтаған.Саз тақталарға сызылған алғаш картасы Британия мұражайында сақталған. мемлекеттерді танып білу мақсатында Египет,Парсы,Үнді жерлерінде болған. Ең алғаш жазуды ойлап тапқан вавилондықтар
Жерорта теңізін әртүрлі бағытта кемемен жүзіп өткен финикиялықтар Эгей теңізіндегі аралдарды ашып,Гибралтар бұғазы арқылы Еуропа жағалауына дейін жеткен.дәл осы кезде өздеріне белгісіз болған батыс жерлерді«эреб» шығ.«асу»
Зерттелу тарихы
-
Орыс саяхатшысы Н.М.Пржевальский орыс география ғылымынның даңқын дүние жүзіне паш еткен.
-
Ғалым Орталық Азияда 15 жыл болып, 33мың км.жуық жол жүрген.
-
Төрт саяхатының нәтижесіңде Тибет пен Гоби шөліндегі бірнеше тау жоталарын анықтап,Хуанхэ және Янцзы өзендерінің бастауын ашты және құммен бірге көшіп жүретін Лобнор көлінің табиғат жағдайын сипаттады.
-
Жануарлар мен өсімдіктердің бірнеше түрін анықтаған.Белгісіз жануарлар түрі- жабайы жылқы, жабайы түйені тапты.
-
Семенов - тян-шаньский
-
Орталық Азия табиғатын зертеуге үлкен үлес қосқан .
-
Тянь-Шань тауына екі рет саяхат жасаған,тау жүйесінің шекарасын анықтап,ұзақ уақыт бойы зерттелген таудың ең биік шыңы Хантәңірін ашқан.
-
Ғалым Ыстықкөл көлінің ағынсыз тұйық, тектоникалық терең көл екендігін дәлелдеген.
-
Шокан Уәлиханов
-
Ең алғаш Орталық Азияның осы кезге дейін жұмбақ болып келген жерлеріне саяхат жасады.
-
Тянь-Шань тау жүйесінің Қазақстан мен Орта Азиядағы бөлігін аралаған ғалым Ыстықкөл жағасында болып, одан әрі Қашғарияға аттанған.
-
Қашғарияның алты шаһарына саудагер ретінде жасырын барған Шокан көптеген көне тарихи кітаптар, этнографиялық бағалы бұйымдар, тау жыныстарының үлгілерін жинап қайтқан.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Слайд-8 (Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін INSERT кестесін толтыру)
Не білемін?
Не білдім?
Не білгім келеді?
2. Футбол ойыны
3.Адасқан әріптер ойыны
Шокан
Семенов
Прижевальский
4.кеспе қағаздары.
V. Бағалау.
VI.Үйге: §14.62-63 бет.
1. Кескін картамен жұмысты аяқтау.
2. Атлас картадан номенклатура жаттау.
3. «Еуразия материгіне саяхат».Эссе жазу.
4. Интернеттен қосымша мәлімет табу.