7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ЖӘНЕ ОНЫҢ БӨЛІКТЕРІ'

Сабақ жоспары 'ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ЖӘНЕ ОНЫҢ БӨЛІКТЕРІ'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Бектурсынова Айгерим Амангелдиновна

география пәнінің мұғалімі

Семей қаласы.


ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ЖӘНЕ ОНЫҢ БӨЛІКТЕРІ (6сынып)


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дүниежүзілік мұхит туралы түсінік бере отыра тақырыпты меңгерту, «материк», «арал», «түбек», «теңіз», «шығанақ», «бұғаз» ұғымдарын қалыптастыру.

Дамытушылық:Шығармашылық ізденіске баулу, картаны жетік меңгере отыра, картадан мұхиттарды және оның бөліктерін көрсете білуге, сипаттап айтуға үйрету.

Тәрбиелік:Ойын арқылы алған білімдерін меңгерте отыра, сабаққа қызығушылықтарын арттырып, ізденімпаздыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: интерактивті тақта арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың әдісі:Түсіндірмелі-иллюстративті және жартылай іздену әдісі.

Сабақтың көрнекілігі:Дүние жүзінің физикалық картасы, глобус, атлас, тірек-сызба слайдтары, бағалау парағы.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың мақсатымен таныстырып, өтілетін сабақтың ерекшелігін ескерту.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.

а) «Блиц-турнир». «Дұрыс жауап - балл» жүйесімен қойылады.

Жердегі су

1.Күн жүйесі планеталарының ішінде қай планетада су сұйық күйде таралған? Жерде

2. Жер бетіндегі су қандай қабықты құрайды? Гидросфера.

3.Гидросфераны құрайтын жер бетіндегі суға не жатады? Мұхиттар, теңіздер, көлдер, өзендер, бөгендер, мұздықтар, жер асты сулары мен атмосферадағы ылғал.

4. Гидросфераны құрайтын барлық судың мөлшері қанша? 1,6 млрд.км³.

5.Гидросфераны құрайтын әр түрлі сулар қанша пайызды құрайды?Тұзды су:мұхиттар мен теңіздер-96,5%.Тұщы су: мұздықтар мен тұрақты қарлар-1,7% , жер асты сулары-1,7% , өзен, көл, батпақ-0,06%

6.Гидросфераның маңызы қандай? Тіршілік үшін.

7.Тұщы суды не үшін пайдаланады? Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, күнделікті тұрмыста.

8.Табиғаттағы су қалай жылынып, суынады, климатқа әсері бар ма? Баяу жылынып, баяу суынады, сондықтан жаз бойы күн сәулесінен мол жылу жинап, қыста планетамыздың ауасын жылытады.

9.Мұхиттар мен теңіздерден жыл сайын қанша мөлшерде су буланады? 450 мың км³.

10.Құрлыққа түсетін жауын-шашын түрі - қар, жаңбыр, бұршақ.

ә) «Білім биржасы»

Ойын шарты:тақтаға конверттер ілінген, оларда әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар.Әрбір оқушы конверттерден өз мүмкіндіктерімен қабілетіне қарай тапсырма алып, дайындалып жауап береді.Жауаптары акциямен бағаланады.Толық емес жауап - сары; дұрыс жауап - жасыл; дұрыс, бірақ кеңінен ашылмаған жауап - қызыл түсті акция алады.

Деңгейлік тапсырмалар:

1.Бұлт қалай түзіледі?

2.Су айналымы барысында құрылыққа түсетін су неліктен тұщы болады?


1.Дүниежүзілік су айналым деген не?

2.Табиғаттағы су айналымның маңызы қандай?


1.Ғаламшарымыздағы орасан мол су массасы қалай пайда болған?

Болашақта судың көлемі көбеюі мүмкін бе?

2.Дүниежүзілік су айналымының схемасын түсіріп, табиғаттағы су айналым қалай өтетіндігін әңгімелеп бер.

ІІІ Жаңа тақырып:

1.Дүнижүзілік мұхит суын диаграмма арқылы түсіндіру.

Жер шарындағы мұхиттарды атап, глобустан және жарты шарлар картасынан көрсетіңдер.Жер шарының су басып жатқан бөлігін дүниежүзілік мұхит деп атайды. Дүниежүзілік мұхит Жер бетінің ¾ бөлігі немесе 361 млн км² тиеді. Мұхиттың кез келген нүктесінен құрлықты кесіп өтпей-ақ, келесі нүктесіне жетуге бола ма? (Картамен жұмыс)

Дүниежүзілік мұхит біртұтас, ол еш жерде бөлінбейді, тек аттары ғана әр түрлі.

2.Құрлықтың бөліктерін тірек-сызба арқылы түсіндіру

Мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан құрлық жер материктер немесе континенттер деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттар құрлықты неше бөлікке бөліп жатыр? Дүние жүзінде қандай материктер бар?

Құрлықтың бөліктері



Материктер Аралдар Түбектер

Еуразия 1.Материктік Аппенин

Солтүстік Америка Мадагаскар Лабродор

Оңтүстік Америка Шри-Ланка

Африка 2.Архипелаг

Аустралия Индонезия

Антарктида 3.Жанартаулық

Исландия

Материктердің өзіне тән ерекшелігі:Еуразия - ең үлкен; Солтүстік Америка -солтүстік жарты шарда орналасқан; Африка - ең ыстық; Оңтүстік Америка - ең ылғалды; Аустралия - ең кішкентай; Антарктида - ең суық..

Сөздік дәптермен жұмыс:Құрлықтың барлық барлық жағынан су қоршаған шағын бөлігі арал деп аталады. Құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып кіріп тұрған бөлігін түбек деп атайды.

3. Өзара оқыту сабағы

Материктер мен аралдар біртұтас дүниежүзілік мұхитты төрт бөлікке - төрт мұхитқа бөледі.

Мақсаты:Дүниежүзілік 4 мұхитты өзара оқу арқылы, мәтінді меңгеруге үйрету.

Шарты:Жұмыс жұпқа бөлініп жұргізіледі.

1.Әрбір оқушы тапсырма алады.Дайындалуға уақыт беріледі

2.Дайындалған соң оқушы өз меңгергенін серігіне айтып береді, яғни «мұғалім» рөлінде болады, ал оқушы оны тыңдайды.

3.Енді рөлдермен ауысады.

Өзара оқыту сабағында алған білімдерін тексеру:

1.Материктер мен аралдар мұхиттарды қандай бөліктерге бөледі?

2.Жер бетінде қандай мұхиттар бар?

3.Жер шарындағы ең ұлкен мұхиттың көлемі қанша және оның көлемін немен салыстыруға болады?

4.Не себепті бұл мұхитқа «Тынық мұхит» деген ат берілді?

5.Тынық мұхиты қай материктер аралығындағы аумақты алып жатыр?

6.Бүкіл дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері қайсы?

7.Тынық мұхиттан екі есе кіші мұхит және оның көлемі қанша?

8.Қай бағытта созылып жатыр, жағалауында қандай материктер бар?

9.Дүниежүзіндегі ең жылы мұхитты ата.

10.Жағалауында қандай материктер бар?

11.Дүниежүзіндегі ең кішкентай мұхитты ата?

12.Қандай материк жағалауларымен шектеседі?

13.Солтүстік Мұзды Мұхитының қандай ерекшеліктері бар?


4.Мұхит бөліктерін тірек-сызба арқылы түсіндіру


Мұхит бөліктері



Теңіздер Шығанақтар Бұғаздар

Мексика Дрейк

Бискай Беринг

Ішкі Шеткі Арал аралық

Қара Баренц Сулавеси

Қызыл

Сөздік дәптермен жұмыс:Теңіз - мұхиттың суының қасиеті мен жануарлар дүниесі жөнінен оқшауланып тұратын бөлігі. Шығанақ - мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан шағын бөлігі.Бұғаздар - екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары қысып шектеп тұрған енсіз су айдыны.


ІV.Бекіту:

Географиялық диктант «Сиқырлы сандар»

Мақсаты:Сабақта меңгерген білімдерін, географиялық диктант арқылы тексеру.

Шарты:мұғалімнің жұмбақтап оқыған обьектілерін дәл тауып, цифрларды картаға орналастыру.

Интерактивті тақтада жазылуы:

1.Греландия

2.Арабия

3.Мексика

4.Беринг

5.Мариан

6.Жерорта

7.Карск

8.Скандинавия

9.Тасмания

10.Дрейка

Оқылуы:

1.Мұхиттың ең терең жері №5.

2.Қызыл теңіз бен Парсы шығанағының аралығындағы ең үлкен түбек №2.

3.Аустралияның оңтүстігіндегі арал №9

4.Еуропа мен Африка материгі аралығындағы теңіз №6

5.Екі теңіз бен екі мұхитты қосып, екі материкті және екі мемлекетті бөліп тұрған бұғаз №4

6.Дүние жүзіндегі ең үлкен арал №1

7.Солтүстік Американың оңтүстігіндегі үлкен шығанақ №3

8.Солтүстік Мұзды Мұхитының теңізі №7

9.Еуразияның солтүстік батысындағы түбек №8

10.Ені ең кең Оңтүстік Америка мен Антарктиданы бөліп тұрған бұғаз №10

V Қорытындылау

VІ Бағалау:Оқушыларға «бағалау парағы» арқылы бағасын қою.

«Бағалау парағы»


Оқушылардың аты-жөні

Сұрақтар

Жиған ұпайы

Алған бағасы






VІІ Үйге тапсырма: §39, 8-тапсырма.Жұмыс дәптеріндегі 3-9 сұрақтарға жауап жазу, кескін картамен жұмыс.

5



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал