7


  • Учителю
  • Урок по географий, 'Пайдалы казбалар түрлері'

Урок по географий, 'Пайдалы казбалар түрлері'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№35. Тақырыбы: Пайдалы қазбалар түрлері.

Мақсаты: Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру; білімін, тілін дамыту; ұқыптылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу. Көрнекілігі: суреттер

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

1. Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы. - оқыту. 2. Мазмұнын айтқызу

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу. - Тау жыныстары қандай күйде болады? - Майда тау жынысына не жатады? - Пайдалы қазбалар деген не? - Кен деген не?

- Жердің төмен қойнауындағы қазбаларды қалай айтады? 2. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Пайдалы қазбалар түрлері.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалім түсіндірмесі. Пайдалы қазбалар үш топқа бөлінеді. 1. Жанғыш пайдалы қазбалар. 2. Кен пайдалы қазбалар. 3. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар. Жаңғыш пайдалы қазбалар: тас көмір, мұнай және газ.Кенге пайдалы қазбалар: темір, мыс, қорғасын, алюминий. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар: фосфор, тұз, әктас, мәрмәр, гранит, құм, саз. 2. Сергіту сәті

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту. 2. Сұрақтарға жауап алу: - Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады? - Кен пайдалы қазбалардан не өндіріледі? Кенге жатпайтындардан ше? 3. Дәптермен жұмыс: пайдалы қазба деген не?

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау. VІІІ Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. Пайдалы қазбалардың түрлері - оқып түсінгенін айту. 2. Бағалау

№36. Тақырыбы: Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау.

Мақсаты: Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау туралы түсінік беру; білімін, тілін дамыту; ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі: суреттер

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. Пайдалы қазбалардың түрлері. - оқыту.

2. Мазмұнын айтқызу. ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу. - Тау жыныстары дегеніміз не? - Тау жыныстары қандай күйде болады? - Пайдалы қазбалар деген не? Көмір қандай әдіспен алынады? - Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады? - Кен пайдалы қазбалардан не өндіріледі? - Кенге жатпайтындардан ше? 2. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Пайдалы қазбаларды қорғау 1. Пайдалы қазбаларды қорғаудың мәні. 2. Пайдалы қазбаларды үшін не керек? 3. Металдардың орнына пластмассаларды пайдалану. 4. Оқулықпен жұмыс 102-104-бет оқып беру

Сергіту сәті.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту. 2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру: - Пайдалы қазбаларды не үшін ұқыпты жұмсау керек? - Оларды қорғау үшін не істеу керек? - Металл бұйымдарының орнына нені пайдалануға болады? 3. Пайдалы қазбалардың үлгісімен танысу

Тест

1. Пайдалы қазбаларға ... жатады:

а) темір кенінен алынған металл;

ә) тау жынысы;

б) техника бөлшектері;

в) жер қыртысының қатты бөлігі.

2. Құмтас деп:

а) құм аралас тас;

ә) қайралған тас;

б) құрылыс материалдары;

в) қатты тас.

3. Бос жынысқа ... жатады:

а) құм және цемент;

ә) мұнай, газ;

б) гранит;

в) құм және саз.

4. Пайдалы қазбалар 3 негізгі топқа бөлінеді:

а) пайдалы, пайдасыз, жарамсыз;

ә) жанңыш, кенді, кен емес;

б) бағалы, құнсыз, жанатын;

в) металл, тау жынысы, «қара алтын».

5. Кен орны деп ... айтады:

а) пайдалы қазбалардың шоғырланған жерін;

ә) пайдалы қазбаларды өндіру әдістері;

б) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер;

в) тау жыныстарының қосындысын.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау. VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. Пайдалы қазбаларды қорғау - оқып түсінгенін айту. 2. Бағалау


№38. Тақырыбы: Топырақтың түрлері.

Мақсаты: Оқушыларға топырақтың түрлері туралы түсінік беру; білімін, тілін дамыту; ұқыптылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер

Барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. Топырақтың ерекшелігі және құрамы - оқыту.

2. Мазмұнын айтқызу

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

1.Сүреттерді қараңдар. Өсімдіктің өсіп жетілуі үшін қандай жағдайлар қажет екенін атаңдар. Ауа, су, қара тұз, құм, саз, шірік 2. Суреттерді қарай отырып топырақтың құнарлығына жәндіктер, құрттар мен жануарлардың тигізетін пайдасы жайлы әңгімелеңдер. ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалім түсіндірмесі. Тірі тіршіліктің араласуы арқылы (өсімдік, жәндік, микробтар) топырақ пайда болады. Қарашірік бәрінен де қара топырақта көп болады. Топырақтың түсі оңтүстікке қарай бозғыл тарта түседі. Топырақ бетінде тұрған қар сияқты ақшыл қабыршықтарды талай көрген боларсың. Ол - сор. Сор топырақ Қазақстанның оңтүстігінде өте көп кездеседі. Сергіту сәті

VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Кітаптан жұмыс. Оқып түсіндіру.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру. VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 108-109-бет оқу, мазмұндау. 2. Бағалау

№39 Тақырыбы: Топырақты қорғау.

Мақсаты: Топырақты қорғау туралы түсінік беру; есте сақтау қабілетін дамыту; эстетикалық тәрбие беру

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. Топырақтың түрлері. - оқыту. 2. Мазмұнын айтқызу

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: - Қара топырақтың құнарлы болатыны неліктен? - Сор топырақ қалай пайда болады? - Топырақтың құнарлығын қалай арттыруға болады?

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Мұғалім түсіндірмесі

Табиғатта небәрі 2 см топырақ қабаты түзілу үшін жүз жылдан артық уақыт кетеді. Ал одан бірнеше сағатта - ақ айырылып қалуға болады.

Сурет бойынша жұмыс. Сергіту сәті

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Оқушыларға оқыту 109-111 бет. 2. Тест.

1. Топырақ деп ... айтады?

а) жеміс беретін ағаштар мен бұталардың молдығын:

ә) өсімдік тамырларының шырмалуын;

б) жердің жануарлар ін қазатын қабатын;

в) жер бедернің беткі құнарлы қабатын.

2. Топырақтың негізгі қасиеті:

а) құнарлылығы;

ә) қарашірік;

б) қара қоңыр түс;

в) тыңайтқыш.

3. Топырақтың түсі:

а) оның құрамындағы ылғалға байланысты;

ә) құрамындағы қарашіріктің мөлшеріне байланысты;

б) егін шаруашылығына байланысты;

в) әр өсімдіктің тіршілігіне байланысты.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 109-111бет оқу, мазмұндау. 2. Бағалау


№40. Тақырыбы: Өсімдіктердің көптүрлілігі. Өсімдіктер өсетін орта жағдайларының алуан түрлілігі

Мақсаты: Оқушыларға өсімдіктің көптүрлілігі туралы түсінік беру; білімін, тілін дамыту; ұқыптылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Өсімдіктердің көптүрлілігі

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Өзің білетін ағаштар мен бұталардың бір-бірінен ең негізгі айырмасы неде екенін еске түсір.

Сурет бойынша жұмыс. Қырыққұлақ. Итмұрын. Қарағай

Суреттегі өсімдіктерді мұқият қарап зерделе. Қайсысы қандай ағаштың жапырағы екенін есіңе түсір. Жұмбақты шешіңдер.

1. Жасыл ине киімім, 2. Түрі шар сияқты,

Жайлаймын тау биігін. Түсі қып-қызыл.

Жаңа жылды тойласақ, Дәмі бал сияқты.

Төріңдемін үйіңнің.

2. Оқулық бойынша жұмыс: оқып, түсіндіру. 3. Сергіту сәті

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей. 2. Сұрақтарға жауап беру - Өсімдіктердің өсіп жетілуі үшін қандай жағдайлар қажет? - Өсімдіктер қандай жер, ауа райы жағдайларында тіршілік етуге бейімделген? V. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 115-118бет оқу, мазмұндау. 2. Бағалау


№41.Тақырыбы: Өсімдіктердің сыртқы орта жағдайларына бейімділігі. Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құғақшылыққа төзімді өсімдіктер

Мақсаты: оқушыларға құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер туралы түсінік беру; тілін, сөздік қорын дамыту; табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер. ІІІ .Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Сурет бойынша жұмыс.Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер: Сексеуіл, жантақ, сүттіген

Ауасы мен топырағында ылғал аз жерде өседі. Ондай жерлерде су топырақтың өте терең қабатында ғана болады. Жантақ тамырының ұзындығы 15-20 метрге дейін жетеді. Соншама тереңдіктен алған ылғалды үнемді пайдалануы қажет. Сондықтан жантақтың жапырағы ұсақ, әрі сирек, бұтақшалары тікенді келеді. Сүттеген өзінің қысқа, тарамдалған тамыры арқылы түнгі салқында топырақтың бетінде пайда болатын шықтан және сирек те болса жауған жаңбырдан ылғал сіңіріп алады. Осыдан қалын, етті жапырақтарында ылғалдың мол қоры жиналады.

2. Оқулық бойынша жұмыс: оқып, түсіндіру. 3. Сергіту сәті

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу: - Құрғақшылықта өсетін қандай өсімдіктерді білесіңдер? - Олардың ерекшеліктері неде? Құрғақшылықта өсетін өсімдіктердің тамыры қандай болады? Неліктен? 2. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей 3.Дәптермен жұмыс:Сексеуіл, жантақ, сүттеген.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау.


№42. Тақырыбы: Жылу сүйгіш өсімдіктер. Суыққа төзімді өсімдіктер. Жарық сүйгіш өсімдіктер. Көлеңкеге төзімді өсімдіктер

Мақсаты: Оқушыларға жылу, жарық сүйгіш, суыққа көлеңкеге төзімді өсімдіктер туралы түсінік беру; тілін, сөздік қорын дамыту; табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі: суреттер

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:1. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер. - оқыту.

2. Мазмұнын айтқызу. ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:1.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу: - Құрғақшылықта өсетін қандай өсімдіктерді білесіңдер? - Олардың ерекшеліктері? Құрғақшылықта өсетін өсімдіктердің тамыры қандай болады? Неліктен?2. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Жылу, жарық сүйгіш, суыққа, көлеңкеге төзімді өсімдіктер.

V.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Сурет бойынша жұмыс

Жылу, жарық сүйгіш, суыққа, көлеңкеге төзімді өсімдіктер

Жылу сүйгіш өсімдіктер: мақта, асқабақ, күріш, жүгері, қияр, үрмебұршақ. Суыққа төзімді өсімдіктер: бидай, сұлы, арпа. Жарық сүйгіш өсімдіктер: мақта, жүгері, жолжелкен, өгейшөп, қоңыраубас. Көлеңкеге төзімді өсімдіктер: қырлышөп, саумалдақ,әйкен, қазтабан, қырыққұлақ.

2. Оқулық бойынша жұмыс: оқып, түсіндіру 3. Сергіту сәті

VІ .Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу: - Әр түрлі орта жағдайында өсетін өсімдіктер туралы әңгімеле. 2. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей. 3. Дәптермен жұмыс: Өсімдіктер түрлерін жазу

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау. VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 120-123 бет оқу. 2. Бағалау

№43. Тақырыбы: Өсімдіктердің топталып өсуі.

Мақсаты: Өсімдіктер бірлесіп өсу бейімділігі, өсімдіктердің бір-біріне пайдасын түсіндіру; тілін, сөздік қорын дамыту; табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. Жылу, жарық сүйгіш, суыққа, көлеңкеге төзімді өсімдіктер -өздеріне жазғызу. 2. Мазмұнын айтқызу. ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

1.Сұрақтарға жауап алу: - Ылғал сүйгіш өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады?

- Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің тамырлары, жапырақтары қандай болады?- Жылу, жарық сүйгіш, суыққа, көлеңкеге төзімді өсімдіктер ата. 2. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Өсімдіктер бірлесіп өсу бейімділігі

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:1. Өсімдіктер бірлесіп өсу бейімділігі - түсіндіру

2. Оқулық бойынша жұмыс: оқып, түсіндіру. 3. Сергіту сәті

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Сұрақтарға жауап беру: - Өсімдіктердің кейбір түрлері бір-біріне қандай қолайлы жағдай жасайды? - Емен ағашының жанына қандай өсімдіктер өсуге бейімделген? - Бетегі мен көде жеке-жеке болып тіршілік ете алар ма еді? - Жылу, жарық сүйгіш, суыққа, көлеңкеге төзімді өсімдіктер ата. VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау


№44. Тақырыбы: Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?

Мақсаты: Өсімдіктердің тіршілік ететін мерзімі, мәдени өсімдіктер туралы түсінік беру; тілін, сөздік қорын дамыту; табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:1. Өсімдіктердің бірлесіп бейімділігі. - оқыту.

2. Мазмұнын айтқызу. ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру: - Өсімдіктердің бірлесіп өсуін түсіндір. 2. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:1. Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді? Бір жыл ішінде тұқымнан өсіп, жаңа тұқым берген соң өз тіршілігін тоқтататын өсімдіктерді бір жылдық өсімдіктер дейді. Бидай, күнбағыс, қызанақ т.б. Көпжылдық өсімдіктер ұзақ тіршілік етеді. Емен, қайың, сарықарағай, сасыр. 2. Сергіту сәті

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Мәтінді оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей

2.Сұрақтарға жауап беру: - Бір жылдық өсімдіктер туралы айт. - Көп жылдық өсімдіктер туралы не білесіңдер? Дәптермен жұмыс: өсімдіктердің топтарын жазу

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ .Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 125-128 бет оқу, мазмұнын айту. 2. Бағалау


№45. Тақырыбы: Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж.

Мақсаты: Өсімдіктердің әлемін сақтауға олардың қамқорлығына мұқтаж екендігін түсіндіру; тілін, сөздік қорын дамыту; табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі. Барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:1. Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді? - оқыту.

2. Мазмұнын айтқызу. ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:1. Мәтіндер бойынша сұрақтарға жауап беру: - Бір жылдық өсімдіктер деген қандай өсімдіктер? - Көпжылыдқ өсімдіктерді ата.

2. Қорытындылау. ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж. V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж. - Өсімдіктер-жануарлар мен адамды асыраушы. -Табиғаттың ластануы. - Қазақстан Республикасының Ата заңы 38 бап. Табиғатты қорғайық, сақтайық. 2. Сергіту сәті

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1.Оқулықпен жұмыс. Жаңа тақырыпты оқушыларға оқыту. 2. Жаңа материал бойынша сұрақтарға жауап беру:- Біздің елімізде өсімдіктер қалай қорғалады? - Дәрілік өсімдіктер жөнінде не білесің? - Дәрілік өсімдіктерді қолданасыңдар ма? Дәптермен жұмыс: ҚР Ата заңы 38 бапты жаздыру

Тест

1. Біздің елімізде өсімдіктің;

а) 6000 түрі;

ә) 40 түрі;

б) 25000 түрі;

в) 600 түрі бар.

2. Әр өсімдікте:

а) ұзын тамыр;

ә) құрлық және ыстық климат;

б) ылғалды топырақ;

в) белгілі орта қажет.

3. Өсімдік топтары деп -

а) жылу мен ылғалдың таралуын;

ә) топталып өсуге қажетті қолайлы жағдай;

б) 140-қа жуық өсімдік түрі;

в) жарық, құнарлы топырақ, қоңыржай жылы ауа.

4. Мәдени өсімдіктер:

а) адамның қатынасынсыз өсе алмайды;

ә) өздігінен өседі;

б) сырт көмекті қажет етпейді;

в) өсу тіршілігін тоқтатады.

5. Сирек және құрып кету қаупі бар өсімдіктер:

а) конституция;

ә) тіл жөніндегі заңға;

б) «Дүниетану» оқулығына;

в) Қызыл кітапқа енген.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау. VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 128-130 бет оқу, мазмұнын айту.2. Бағалау


№46. Тақырыбы: Жануарлардың көптүрлігі. Жәндіктер. Құстар

Мақсаты: Жануарлардың көп түрллерімен таныстыру; тілін, сөздік қорын дамыту; табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:1. Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж - оқыту. 2. Мазмұнын айтқызу

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

1. Тест арқылы оқушылардың білімін тексеру

Қарағай өсімдіктердің қай тобына жатады?

а) шөптесін ә) бұта б) ағаш

Өсімдіктер қандай табиғатқа жатады?

а) тірі табиғат ә) өлі табиғат

Жантақ, сүттіген қандай өсімдіктер?

а) ылғал сүйгіш ә) құрғақшылыққа төзімді б) суыққа төзімді

Суыққа төзімді өсімдіктерді белгіле.

а) бидай, арпа ә) қияр, жүгері б) жолжелкен, қазтабан

Ашық, күн сәулесі жақсы түсетін жерде өсетін өсімдіктердің тобын белгіле:

а) жылу сүйгіш ә) ылғал сүйгіш б) жарық сүйгіш

Саумалдық, қынжыгүлсияқты өсімдіктер қандай ағаштармен бірлесіп өсуге бейімделген?

а) қайың ә) емен б) қарағай

Біржылдық өсімдіктерді белгіле.

а) пияз ә) сәбіз б) күнбағыс

Орамжапырақ неше жыл тіршілік етеді?

а) 1 ә)2 б) 3

Көпжылдық өсімдіктерге не жатады?

а) сасыр ә) бидай б) қызанақ

Қалақай қандай өсімдіктер тобына жатады?

а) мәдени ә) жабайы

Мәдени өсімдікті белгіле:

а) картоп ә) қазтабан б) жолжелкен

2. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Жануарлардың сан алуандығы. V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Жануарлардың алуан түрлігі. Бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер.

2. Құрттар, жұмсақ денелілер, өрмекшілер. 3. Суреттермен жұмыс оқып, түсіндіру

4. Сергіту сәті

VІ .Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:1.Оқушыларды оқыту 131-136 бет.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу: - Жануарлар тобын ата. Әр топқа мысал келтір.

- Мәтінде берілмеген басқа жануарларды білесің бе? Дәптермен жұмыс: Дәптерге жануарлардың топтарын жаздыру. VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

№47. Тақырыбы: Балықтар. Қосмекенділер.

Мақсаты: Оқушыларды балықтар және қосмекенділемен таныстыру; тілін, сөздік қорын дамыту; эстетикалық тәрбие беру

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі карточкалар. Барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:1. Жануарлардың көптүрлігі туралы айтқызу.

2. Мазмұнын айтқызу

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: Жұмбақтарды шешіңдер:

1. Қос қанатын иіп ап,

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үй соғады.

2. Аяғы түйеге ұқсайды,

Құс болса да ұшпайды.

2. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Балықтар. Қосмекенділер.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Балық - адам мен жануарлардың ең негізгі азығының бірі.Балықтардың денесі ұзын, сүйір болып келеді және сусымалы қабыршықтан тұрады. Балықтар құйрығы арқылы алға қозғалады. Жүзбе қанаттарымен тепе-теңдікті сақтап бағытын анықтай алады.

Бір жыл ішінде тұқымнан өсіп, жаңа тұқым берген соң өз тіршілігін тоқтататын өсімдіктерді бір жылдық өсімдіктер дейді. Бидай, күнбағыс, қызанақ т.б.

Көпжылдық өсімдіктер ұзақ тіршілік етеді. Емен, қайың, сарықарағай, сасыр

1. Сурет бойынша жұмыс 2. Сергіту сәті

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқулықпен жұмыс. Жаңа тақырыпты оқушыларға оқыту. 2. Жаңа материал бойынша сұрақтарға жауап беру: - Өз отбасында балықтың қандай түрлерін пайдаланады? - Егер жер бетінен қосмекенділер түгелімен жойылып кетсе, қандай жағдайлар қалыптасар еді?

тыңайтқыш

Дәптермен жұмыс: консервілер Балық дәрілер

балық майы жануарлардың қорегі

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

№48. Тақырыбы: Бауырымен жорғалаушылар.

Мақсаты: Оқушыларға бауырымен жорғалаушылар туралы түсінік беру; өз ойларын еркін айта білуге үйрету; ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бауырымен жорғалаушылар.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

1. Бауырымен жорғалаушылардың екінші атауы - рептилия. Ең ірі тобы - кесірткелер.

Жыландардар кесіртке сияқты аяғы жоқ, түсі өте суық, көзімен тура қарайды.

2. Мәтінді оқыту 140 - 141 бет. 3. Сергіту сәті

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап беру:

2. Дәптермен жұмыс. VІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 140-141 бет оқу, мазмұнын айту. 2. Бағалау

№49. Тақырыбы: Сүтқоректілер

Мақсаты: Оқушыларға сүтқоректілер туралы түсінік беру; оқушының ой-өрісін, сөздік қорын дамыту; салауатты өмір сүруге тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. Бауырымен жорғалаушылар. 2. Мазмұнын айтқызу. ІІІ. Білімді тексеру кезеңі:

1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру: 2. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Сүтқоректілер

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Сүтқоректілердің барлығы болсын тірідей туыпемшек сүтімен қоректендіріледі. Сүтқоректілердің бас қуысындағы миы үлкен және сезім ағзалары жақсы жетілген.

1. Сүтке қарап жануарлар тобын жікте:

Тұяқты кеміруші

су жанураы жыртқыш

2. Сергіту сәті

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1.Мәтінді оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей. 2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру:

- Бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілердің айырмашылығы мен ұқсастығын анықта. - Адам тіршілік ету барысында жануарлардың қандай топтарын көп пайдаланады?

Дәптермен жұмыс: өсімдіктердің топтарын жазу

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

№37.Тақырыбы: Жер қыртысының топырақ қабаты. Топырақтың ерекшелігі және құрамы

Мақсаты: Оқушыларға топырақтың ерекшелігі және құрамы туралы түсінік беру, топырақтың пайдасы жайлы түсіндіру; білімін, тілін дамыту; ұқыптылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер. Барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. Пайдалы қазбаларды қорғау. - оқыту.

2. Мазмұнын айтқызу, қайда пайдалануға болатынын түсіндіру.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу. - Пайдалы қазбаларды не үшін ұқыпты жұмсау керек? - Оларды қорғау үшін не істеу керек? - Металл бұйымдарының орнына нені пайдалануға болады? 2. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалім түсіндірмесі

Тау жыныстары мен топырақтың айырмасы - таза тау жыныстарына өсімдік өспейді. Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты топырақ деп аталады. Топырақтың негізгі белгісі оның құнарлығында. Топыраққа қоңыр түс беретін өсімдік пен жәндіктердің қалдығы - қарашірік. Жер астында тіршілік ететін тірі ағзалардың пайдасы жайлы түсінік беру. Сергіту сәті.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:1. Оқушыларға оқыту. 105-107 бет.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру: - Топырақ деген не? Қарашірік қалай пайда болады? - Топырақтардың тау жыныстарынан айырмашылығы не? 3. Дәптермен жұмыс: топырақ, қарашірік VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. 105-107бет оқу, мазмұндау.2. Бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал