- Учителю
- Что?Где? Когда?
Что?Где? Когда?
Сабақтың тақырыбы: « Не? Қайда? Қай елде?» интеллектуалдық ойын сабағы.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
1.Білімділік: Оқушыға елдердің экономикалық-географиялық жағдайы,табиғат ресурстары, халқы, экономикалық хал-ахуалы және сыртқы байланыстары, тұрғысында алған білім-білік дағдыларын қорытындылау, және одан әрі танымдылығын арттыру.
2.Тәрбиелік:Оқушыға патриоттық,ұлттық тәрбие бере отырып елдер арасындағы достықты қадірлеу, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық және экологиялық тәлім-тәрбие беру.
3:Дамытушылық:оқушының интеллектуалдық ой-өрісін дамыту,байыту. Оқушының тез ойланып шапшаң және тапқыр жауап беруге, «Менің ойымша» деген ойын , пайымдауын дамыту.т.с.с.
Сабақтың мақсаты: Жеке тұлға қалыптастыруда саналы,интеллектуалдық ой-санасы биік,білімді, өресі биік бойында адамгершілік,ізгілік т.б ізгі қасиеттері мол, патриоттық жалыны жоғары ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: 11с оқулығы,атлас,д.ж.саяси картасы,елдің эко-қ-әлеу-к карталары, мультимед-қ слайдтар, т.б.
Сабақтың типі:Ойын сабағы.
Сабақтыңөтілу әдісі: Мультимедиялық сабақ, ауызша сурақ-жауап, көрсету.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушыларды түгелдеу;
2. Оқушылардың сабаққа қажетті керек жарағын даярлату;
3. Оқушы ынтасын сабаққа аудару, сынып оқушыларын екі топқа бөлу;
І-топ «» ІІ топ «» топтары.
ІІ. Ойын жоспары:
І-тур: « Қанат қақты» -капитандар сайысы.
ІІ-тур: «Самғау»- ұпай саны көп команда бастайды. (қосымша көмек беріледі және аталған обьектілер слайдтардан көрсетіледі)
ІІІ-тур: « Ұлы географтар жолымен» ұлы саяхатшы-географтарға қатысты сурақтар беріледі және олар туралы слайдтардан көрсетіледі. (қосымша көмек беріледі)
ІV-тур: «Астана- әрбір елдің бас қаласы» д.ж. елдерінің астаналарын сұраймын.
V-тур: «Жерұйық» жалпы топқа бейнелі сурақ.
Ойынның қорытындысын шығару.
І-тур. Қанат қақты. (капитандар сайысы)
І топқа
-
Қазақстанның ең биік шыңы. (Хан Тәңірі)
-
Жер шарын ең бірінші айналып шыққан саяхатшы? ( Магеллан)
-
Африканың ең биік нүктесі? (Килиманджаро)
-
Мұхитта жүзіп жүрген мұзтау. (айсберг)
-
Эндемиктер көп сақталған материк (Австралия)
-
Дүние жүзіндегі суы мол өзен (Амазонка)
-
Үндістер бұл тауды мыстау деп атаған (Анд)
-
Пингвиндер қайда мекендейді (Антарктида)
-
Еуропаны қанша мұхит шайып жатыр? (4)
-
Жер шарындағы ең күшті жылы ағыс (Гольфстим)
-
Дүние жүзіндегі территориясы ең үлкен ел (Ресей)
-
Ең терең көол (Байкал
-
Ең үлкен материк (Еуразия)
-
Ең ұзын параллель (Экватор)
-
Алғашқы глобусты кім жасаған (Бехайм)
-
Африка мен Еуропаны бөліп тұрған бұғаз (Гибралтар)
-
Ау қысымын немен өлшейді? (барометр)
-
Синтоизм қімдердің діні ? (жапондар)
-
Ең ұзын өзен (Ніл)
-
Су қабығы қалай аталады? (гидросфера)
ІІ топқа:
-
Қазақстаннның шығысындағы ірі өзен (Ертіс)
-
Дүние жүзінің ең биік шыңы (Эверест)
-
Қалталылар қай материкте мекендейді? (Австралия)
-
Африканың қай өзені экваторды екі рет кесіп ағады ? (Конго)
-
Қай табиғат зонасында сексеуіл өседі? (шөл)
-
Еуразияны екіге бөлетін тау ( Орал)
-
Солтүстік Африкадығы тау (Атлас)
-
Дүние жүзілік мұхиттың ең терең жері (Мариана шұңғымасы)
-
Ең тұзды теңіз (Қызыл теңіз)
-
Ең биік таулы мемлекет (Непал)
-
Ең құрғақ материк (Австралия)
-
Ең кіші микро мемлекет (Ватикан)
-
Жердің кішірейтілген моделі (Глобус)
-
Африканың ірі аралы (Мадагаскар)
-
Германияның үкімет басшысы кім (федералды канцлер Ангела Меркель)
-
Әлемдік діндер (христиан, ислам , будда)
-
Жапондар өздерін кім дейді (Ниппон, Нихон)
-
Экватордың ұзындығы (40 мың км)
-
Ірі қаланың маңында қалалардың шоғырлануы (агломерация)
-
Қазақстандағы миллионер қала (Алматы)
ІІ-тур: «Самғау»- ұпай саны көп команда бастайды. ( әр сұрақ 5 ұпаймен өлшенеді, қосымша көмек беріледі бірақ қосымша көмек алса 3 ұпаймен бағаланады. Аталған обьектілер слайдтардан көрсетіледі)
ІІ турдың 1 тапсырмасы «Африка»
1 топқа сұрақ. 1867 жылы жаздың ерте таңында Оранже озенiнiң жағалауындағы Хоптаун факториясы маңынан бiр бала өтiп бара жатты. Кенеттен жағалаудағы майда тастар арасынан күн сәулесiне шағылысып, жарқыраған тас баланың назарын өзіне аударды. Бала тапқан тасын үйіне алып келдi. Мiне осылай Оранже өзенiнен алғашқы ------------- табылды.Бұл өте бағалы асыл тас. Ол таза кристалды көмiртегiнен тұрады түссiз, кейде көгiлдiр, сарғыш жасыл түске құбылады. Гректiң «ештеңеге бағынбайтын» бұзылмайтын деген сөзiнен шыққан. Ежелгi гректер бұл тастың өте қаттылығына байланысты осындай ат берген.
Қосымша көмек: Өнеркәсiпте, әсiресе бұрғылау және катты тау жыныстарын кесу, әйнек кесу және өрнектеу, тегiстеу үшiн,асыл тас ретінде кеңiнен қолданылады. Жауабы: алмас.
2 топқа сұрақ. Қырық градустық ыстық , судың мүлде болмауы , ұзақ жылдар бойғы құрғақшылық -міне осының бәрі бұл шөлді адам тіршілігі үшін қолайсыз етеді. Осы өңір ді мекендейтін банту тайпасы атына кхофу деген теңеуді қосып айтады. Бұл шөлдің аты «калли карри » шөлден қаталаған деген ұғымды білдіреді. Мұнда бірді-бір тұрақты су ағыны жоқ. Қатты қызған ,шаңды құрғақ ауа тұрақты соғатын жел әсерінен бет қарпиды.
Қосымша көмек: Бұл шөл Африканың оңтүстігінде. Жауабы: Калахари шөлі.
2 тапсырма «Еуразия».
1 топқа сұрақ.
Бұл елдің жер көлемі 488 мың км2, ел батыстан шығысқа қарай 1100км-ге, ал солтүстіктен оңтүстікке 650км созылып жатыр. Бұл елде барлық өндіріс орындары өкіметтікі, елде бизнесмен,бизнес, жеке меншік деген атымен жоқ. Елде бір ғана саяси партия тіркелген «Демократиялық партия». Елде су, электр, газ, тұз мүлде тегін, емделу, оқу да тегін, сондай-ақ ЖОО оқу да тегін және степендия төленеді. Ең қымбат деген 3 бөлмелі пәтердің 50%-ғана қызметкер төлейді (онда да қалтасынан емес несиемен,несие де пайызсыз), ал қалғанын мемлекет төлейді. Елде доллар мәртебесі төмен. Бұл қай ел?
Қосымша көмек: ел ТМД-ға мүше, елдін территориясының 80 пайызы Қарақұм шөлінде. Мұнда 1 манатқа 50 литр бензин алуға болады екен.
Жауабы: Түркменстан Республикасы.
2 топқа сұрақ: Бұл елдің территориясы 338 мың км2, халқының саны 5 млн. Елде жазықтар өзен көлдер өте көп, орман, торф, батпақтары ірі көлдер және жағалауларында шашырап орналасқан аралдар ерекше бір ою жасап тұрады. Жазда қиыр солтүстікте күн 75 тәулік бойы ұясына батпай жарық болып турса, қыста поляр түні басталады 51 тәулік түн болады.Мұнда поляр шұғыласын көруге болады. Елде ағаш өнеркәсібі жақсы дамыған. ЕО -қа мүше, елдің солтүстігі Лапландия деп аталатын аймаққа кіреді. Бұл Еуропаның қай елі?
Қосымша көмек: Бұл ел көп ғасыр бойы Швецияның қол астында болған, солтүстік Еуропа еліне жатады. Ел Ресеймен шектеседі. (Финляндия)
3тапсырма «Оңт. Және Солт Америка»
1 топқа сұрақ: Амазонканың тропикалық орманы. Мұнда келген Польшаның саяхатшысы былай деп жазыпты: Бұл орманға келген адам екі рет үлкен қуаныш сезіміне бөленеді.Бірінші күні орманға кіргенде қуанса, екінші рет орманнан шыққан күні қуанады. Сұрақ саяхатшының қуаныштарының себебін түсіндір.
Қосымша көмек: бірінші қуаныш жұмақ бағын көргендей болады, екінші қуанышы «жасыл тозақтан құтылғанына қуанады»
Жауап: (бірінші қуанышы: Оңтүстік Америка орманы өсімдік түріне бай, әсем жұмақтай;екінші қуанышы: Сонымен қатар мұнда ауа жетпейтіндей қапырық, неше түрлі улы, шаққыш жәндіктер көп.
2 топқа сұрақ: 1847ж осы елде Ұлтық паркі ұйымдастырылған. Бұл аймақ «Сары тастар» аймағы деп аталады. Мұнда келген еуропалықтар бұл жер туралы мынадай аңыздар айтып жүрді: «мұндағы өзендердің тастары ыстық, ал ыстық бұлақтар биік-биік атқылайды, ұстап алған балығыңды бір көлден екінші көлге сала қойсаң пісіп шыға келеді, немесе тұздалады» бұл қай мемлекеттің қандай ұлттық паркі?
Қосымша көмек: Мұнда гейзерлер алаңы бар, Солтүстік Америкадағы алғашқы ұлттық парк. (АҚШ. Йеллоустоун )
ІІІ-тур: « Ұлы географтар жолымен» (ұлы саяхатшы-гоеграфтарға қатысты сурақтар беріледі және олар туралы слайдтардан көрсетіледі. (қосымша көмек беріледі)
1 тапсырма 1 топқа сұрақ:
Ол орта ғасырдағы философ, филолог, жаратылыстанушы, геогроф, физик, математик,ақын болған ұлы ғұлама. Шаш, Самарқан, Бұқара қалаларында, кейін Бағдат Мысыр, Халеб қалаларында білім алады. Ғалым 164 тен астам еңбек авторы. «Ғылымдардың шығуы», «Ғылымдар тізбегі» еңбектері жаратылыстануға арналады. Ол Күн мен Айдың тұтылу ұзақтығын математикалық жолмен есептеп шығарды. Бұл кім?
Қосымша көмек: Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құяр тұсында,Фараб қаласында дүниеге келген. Отырар медресесінде хат таниды.
Жауабы: Әбу Насыр Мухаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби (870-950жж)
2 топқа сұрақ: Генуялық теңізші, Испан патшасының бұйрығымен Азияға Атлант мұхиты арқылы теңіз жолын іздестіреді, ол Изабелла ханшайымға жердің шар тәрізді екенін айтып, Атлант мұхиты арқылы жүзе берсе Азияның шығыс жағалауына жететіндігін дәлелдейді. 1492 жылдың 3 тамызында Палое портынан «Санта-Мария», «Пинта»,«Нинья» атты үш кеме 90 адаммен сапарға шығады. Қыркүйектің аяғында теңіз суының түсі өзгеріп қарая бастайды, экипаж мүшелері «Жер»-деп куанады, бұл Саргасс теңізі мен оның бетінде қалқыған балдырлар еді. 12 қазанда аралға кездеседі, бұл аралды түземдіктер «Гуанахани» деп атайды, аралға «Сан-Сальвадор» деген атау береді. Кейін Багам, Куба аралдарын ашады да Испанияға қайтады. 1493 жылдың 15 наурызында Испанияға келеді. 3-ші (1498ж), 4-ші (1502-1504жж) саяхаттарында Оңтүстік Американың солтүстік жағалауларын Тринад аралы мен Ориноко сағасынан Дарьен шығанағына дейінгі жерлерді ашады. Бұл қандай саяхатшы-теңізші?
Қосымша көмек: Өзімен бірге Еуропаға темекі, картоп, майс алып келеді, ашқан жерлерін өмірінің соңына дейін Үндістан деп,тұрғындарын үндістер деп атайды,Вест-Индия деген атау содан қалған.
Жауап: Христофор Колумб (Кристобаль Колон,1451-1506жж)
2 тапсырма 1 топқа сұрақ: неміс географы және саяхатшы,теңізшісі. Нюрнберг қаласында дүниеге келген.1478ж Антверпен қаласында тұрып арифметикамен айналысады.1484ж Лиссобонға сауда жасау мақсатымен келеді де Диего Канның кемесінде Африка материгіне саяхат жасайды.1490ж Нюрнбергкте оған глобус жасауды ұсынады.Глобусқа Птелемейдің картасын пайдаланды, 492ж дайын болады, оны «Жер алмасы»деп атайды ,глобус диаметрі 507 мм, онда ендік бойлық болмады, бірақ экватор және тропик сызықтары болды. Глобус қазір Нюрнберг музейінде сақтаулы. Бұл кім?
Қосымша көмек: Бұл алғашқы глобусты жасаған адам.
Жауап: Мартин Бехайм (1459- 1507жж)
2 топқа сұрақ: Ол Флоренцияда туылған, Пизан университетінде білім алған. Америка материктерін ресми түрде ашушы.1478-14810жж Парижде мемлекеттік қызметтерде болады.1499ж Бразилия жағалауын, Ориноко, Амазонка өзендерінің сағаларын зерттейді, 1501-1502жж Оңтүстік Америка жағалауларына екінші саяхатын жасайды, бұл Жолы Рио-де-Жанейро кірмесін зерттейді. 1503-1504жж Оңтүстік Америкаға жол тартады. Ол Бразилия таулы үстіртіне шығып, табиғатын,халқын салыстыра отырып бұл құрлықтың Азия емес екенін, оның жаңа құрлық екенін айтады да Жаңа Дүние деп атайды.Өз саяхатын 1504жылы жазған «4 саяхат»(Mundus Novis) атты трактатында сипаттап жазып,оны хат ретінде Флоренцияға жөнелтеді. Бұл саяхатшы кім?
Қосымша көмек: Америка материктерін ресми түрде ашушы. Оның жіберген хаттарын М. Вальдземюллер 1507ж картасында пайдаланып алғаш рет картада Жаңа Дүние көрсетіліп Вальдземюллер материкты Америка деп атайды. Жауап: Америго Веспуччи (1454-22.02.1512ж)
3 тапсырма: 1 топқа сұрақ:. Ол Португалиядан шыққан теңізші, саяхатшы.1505-1512жж Португалия экспедициясының құрамында болыпҮнді мұхытымен Малакка (Малайзия) аралдарына дейін екі рет барады (1509-1511жж)Еуропадан Индонезия аралдарына баратын батыс су жолдарын іздеп жоба жасайды, бірақ бұл жобаны португал патшасы қабылдамайды, себебі Васко да Гама жақын шығыс теңіз жолын тапқан еді. жобасын испан патшасы 1517жылы қабылдап, 20.09.1519жылы 265 адамнан, 5 кемемен Атлант мұхиты арқылы Азияның шығысындағы аралдарға жету мақсатымен жүзуге шығады. 2 айдан соң экспедиция Бразилия жағалауына жетіп оңтүстік батысқа қарай жүзеді. Жағалау бойымен жүзе отырып Ла-Плата , Байя-Бланка, ан-Матиас, Сан-Хорхе, Байя-Гранде шығанақтарын зерттейді. 1520ж наурызда Сан-Хулиан кірмесінде қыстау үшін тоқтайды, қыркүйекте саяхатын жалғастырады. Қазанның соңында бұғазға жетіп одан өткен соң батысқа бет алады. 1521ж көктемде оның экспедициясы Азияның шығысындағы аралға жетеді.( Мактан аралы.Филлиппин аралдары), 27 сәуірде аралдың халқымен болған қақтығыста ол мерт болады. Испанияға 4 кемеден тек «Виктория» кемесімен оның досы Хуан Себастьян Элкькано 18 адамымен 1522ж 6 қыркүйегінде оралады. Бұл саяхатшы кім?
Қосымша көмек: Кесіп өткен Оңт. Теңізді «Тынық мұхит» деп атайды, себебі оның саяхаты кезінде Тынық мұхитында ешқандай толқын да дауыл да байқалмайды.Ол жер шарын тұңғыш айналып шықты, дәлелдеді.
Жауап: Фернандо Магеллан (1480-1521жж)
2 топқа сұрақ: Қазақстанды, Шығыс Түркістанды, Орталық Азияны зерттеген саяхатшы, тарихшы, этнограф. 1855ж -Жетісуға бірінші саяхатын жасайды.1856ж Жетісу, Ыстықкөлге саяхаттайды. Осы жылы Семенов Тянь-Шаньскиймен танысып, оның ықпалымен 1857ж Орыс география қоғамына толық мүше болады. 28.06.1858ж Жетісудан керуенге ілесіп Қашқарға барады,1859ж 12 сәуірде Қашқар сапарынан Верный бекінісіне оралады.1860ж Петербургте Орыс география қоғамында Қашқар сапарының нәтижелерін баяндайды. 10 сәуірде Көшен-Тоғанда қайтыс болады. «Алты шаһар немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясының шығысындағы алты қала жағдайы», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы»,(1858ж), «Күнделіктер»,«Даладағы мұсылмандық жайындағы түсініктері», «Көшпенді қырғыздар» т.б. еңбектері бар. Бұл саяхатшы кім?
Қосымша көмек: Шоқан Құсмұрын көлінің солтүстік жағасында Құндызды өзенінің Обаған өзеніне құяр жерінде Шыңғыс отбасында туылған. 1847ж Омбыға кадет корпусына оқуға түседі, мұнда Г.Н.Потанинмен достасады, оқуды 1853ж бітіреді де Батыс Сібір генерал-губернаторлығында қызмет етеді. «Жоңғария очерктері» атты еңбегі бар.
Жауап: Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов(1835-1865жж) .
ІV-тур: « Сен білесін бе?» ойыны . Тақырыбы: «Астана- әрбір елдің бас қаласы» д.ж. елдерінің астаналарын сұраймын. ( бұл турда сабақта атсалыспай отырған оқушылардың әрқайсысынан жекелеп сұраймын)
І-топқа сұрақ:
-
Австрияның астанасы (Вена)
-
2. Германияның астанасы (Берлин)
-
Данияның астанасы (Копенгаген)
-
Ұлыбритания астанасы (Лондон)
-
Финляндия астанасы (Хельсинки)
-
Ватиканның астанасы (Ватикан)
-
Грекияның астанасы (Афины)
-
Испанияның астанасы (Мадрид)
-
Ауғанстанның астанасы (Кабул)
-
Ирактың астанасы ( Бағдат)
-
Жапонияның астанасы (Токио)
-
Түркменстанның астанасы (Ашғабат)
-
АҚШ-тың астанасы (Вашингтон)
-
Бразилияның астанасы (Бразилиа)
-
Монғолияның астанасы ( Улан-Батор)
ІІ-топқа сұрақ:
-
Бельгияның астанасы (Брюссель)
-
Ирландияның астанасы (Дублин)
-
Италияның астанасы (Рим)
-
Португалияның астанасы (Лиссабон)
-
Францияның астанасы (Париж)
-
Ресейдің астанасы (Мәскеу)
-
Польшаның астанасы (Варшава)
-
Иранның астанасы (Тегеран)
-
Кувейттің астанасы (Әль-Кувейт)
-
Түркияның астанасы (Анкара)
-
Үндістанның астанасы (Дели)
-
Оңтүстік Кореяның астанасы (Сеул)
-
Мексиканың астанасы (Мехико)
-
Египеттің астанасы (Кайр)
-
Сингапурдың астанасы (Сингапур)
V-тур: «Жерұйық» бейнелі сұрақ.
І тапсырма.
1 топқа:Африкада кеуіп қалған өзен арнасы қалай аталады? (слайд төменде)
Жауабы: (вади) Вади кеуіп қалған арна сирек жауын суымен толығады.
2 топқа: Ылғалды экваторлық орман зонасында тіршілік ететін бұл бунақденелі жәндік адамдарға, жануарларға ұйқы ауруын жұқтырады.
Жауабы: Цеце шыбыны
ІІ-тапсырма:
1 топқа: Бұл ел Еуропада жер көлемінен Франциядан кейінгі екінші орында. Елдің көп бөлігі Пириней түбегінде жатыр. Халқының саны жөнінін Еуропада 5 орында. Территориясының жартысына жуығын Месета жазығы алып жатыр. Елдің құрлық арқылы 3 елмен шекарасы бар.
Жауабы: Испания.
2 топқа. Жер көлемі жөнінен 3 орында. Мемлекеттік тілі «путунхуа», климаты-континенттік-муссондық. Сағат айырмасы Мәскеумен 4-5 сағат.
Жауабы: Қытай.
ІІІ-тапсырма:»Қызық сұрақтар.»
1топқа сұрақ: Пингвиндер ең суық, мұзды жерде өмір сүретінін білеміз. Ал енді Солтүстік Мұзды мұхитында өмір сүретін пингвиндер жылдың қай мезгілдерінде балапан шығарады?
Жауабы: Солтүстік Мұзды мұхитында пингвиндер өмір сүрмейді.
2-топқа сұрақ: «Жаз ортасында жаңа жыл қызықты өтті» деп жазады автор.
Жаңа жылды жаз ортасында қарсы алу мүмкін бе?
Жауабы: Оңтүстік жарты шарда жыл мезгілдері солт жарты шарға қарама-қарсы, сондықтан мүмкін.
Ойынды қорыту, марапаттау.
Оңтүстік Қазақстан облысы. Шардара ауданы.
Сырбек Кәттебеков атындағы жалпы орта мектеп.
Интеллектуалдық ойыны.
Қатысушылар: 11 в сынып оқушылары.
География пәні мұғалімі: Нұржанова Қ.