7


  • Учителю
  • ИСПАНИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША 11-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН САБАҚ

ИСПАНИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША 11-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН САБАҚ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 27.12.2014 ж

Пәні: география

Сыныбы: 11 «А»

Сабақтың тақырыбы: «Оңтүстік Еуропа елдері. Испания»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Испанияның мемлекеттік құрылымы, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы, шаруашылығы мен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік географиясы және сыртқы экономикалық байланыстары туралы түсініктер беру.

Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге және қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуға бағыттау

Сабақтың табыс критерилері:

Күтілетін нәтиже:

  1. Испанияның мемлекеттік құрылымы, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы жайлы біледі;

  2. Шаруашылығы мен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік географиясы және сыртқы экономикалық байланыстарын сапаттай алады;

  3. Испанша сөздермен танысады;

  4. Топта белсенділік көрсете алады;

Сабақ барысында жүзеге асатын жұмыс түрлері: Сергіту сәті, топтық жұмыс (жоба жасап постерге қорғау) , ассоциация жасау, әңгімелеу, талдау, кері байланыс, диалог, рефлексия.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекі құралдар: компьютер, фломастер, карта, постер, бағалау парақтары, үлестірмелі материалдар, «География. «Дүние жүзіне аймақтық шолу» оқулығы. Алматы 2007 жыл, қосымша деректер, дүниежүзінің физикалық картасы, атлас карталар

Бағалау: формативті, бағалау парағы (критерийлерге қарап бағалау, жиынтық бағалау

Қамтылған модульдер:

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; Диалогтік оқыту;

  2. Оқыту үшін бағалау, оқытуды бағалау 3. Оқытудағы көшбасшылық 4. СТО технологиясының элементтері 5. АКТ пайдалану 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу


Сабақтың барысы:

Кезеңдер

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І - кезең

Ұйымдастыру кезеңі

3 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады. Топтың ережесін еске түсіреді. «Сиқырлы хат» арқылы топқа бөлу.

Үш топқа бөлініп отырады

ІІ - кезең

Үй жұмысы

5 минут

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Миға шабуыл» әдісін қолдана отырып, әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды. Топ басшылары келесі топты бағалайды.

1-топ «Сұрақ - жауап»

  1. «Төмен жатқан жер» сөзінің голланд тіліндегі мағынасы қандай?

  2. Нидерланды астанасы арқылы өтетін өзен?

  3. Мемлекет басшысы кім?



2-топ «Сәйкестікті табу»

1. Порт 1) Филипс

2. Техника 2) Схипхол

3. Әуежай 3) Роттердам



3-топ «Жалған - Шындық»

  1. Нидерландта қос елдің азаматтығын алуға болады.

  2. «Дам» сөзі голланд тілінен аударғанда бөгеу деген мағынаны білдіреді.

  3. Халықтың 61%-ы ауылда тұрады.


Оқушылар берілген тапсырмалардағы сұрақтарға жауап береді.

Бір - бірлерін тексереді

Топ басшысы бағалайды

ІІІ - кезең

«Қызығушылықты ояту»

1 минут

  1. Еуропада жер көлемі жөнінен Франциядан кейінгі мемлекет?

  2. 2010 жылы футболдан әлем чемпионы болған команда

  3. Мадрид қаласы қай елдің астанасы?


Оқушылар сұрақтарға жауап береді


ІҮ - кезең

Жаңа сабақ

20 минут

Интербелсенді тақтада Испания туралы бейне ролик көрсетіледі.

Оқушыларға берілген тапсырма бойынша кітаппен жұмыс жүргіп, алған білімдерін постерге түсіріп, ортаға топпен шығып корғайды.

1 - топ «Табиғат жағдайлары мен ресурстары және халқы»

2 - топ «Шаруашылығы, өнеркәсібі және ауылшаруашылығы»

3 - топ «Көлік географиясы мен сыртқы экономикалық байланыстары»

Ойлануға, топта талқылауға 7 минут,

қорғауға 5 минут.

Соңында топ басшылары бағалайды.

Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша ақылдасып, не түсінгендерін талқылау парағына сурет салу арқылы немесе жазу арқылы түсіндіреді. Әр топ шығып тапсырманы қорғайды, делдейді. Басқа топ сұрақтары болса қойып отырады

ҮІ кезең

Сергіту сәті

5 минут

Үш топқа испанша қарапайым сөздер аудармаларымен, оқылуымен беріледі

І топ. Қарапайым сөз тіркестері

ІІ топ. Сандар мен апта күндері

ІІІ топ Тағамдар


Оқушылар топта дайындалып, тұрып оқиды

ҮІІ - кезең

Логикалық тапсырма


5 минут

Егер Мадридте түнгі 12 де жаңбыр жауса, 72 сағаттан кейін Күн шығады ма?

(І топ)

Екі сан айтыңдар, айтылған санда қанша сан болса сонша әріп болу керек

(ІІ топ)

Гренландия - қармен, мұзбен жамылған үлкен арал. Неге оны ашқан адам Гренландия деп атаған, яғни «Жасыл жер "? (ағыл. greenland - «жасыл мекен")

(ІІІ топ)


Оқушылар логикалық сұрақтарға жауап береді


VІІІ - кезең

Қорытынды

3 минут

Сандар сөйлейді...

85%

1982

1986

1857

64%

93%

Оқушылар сабақты қорытындылап сұрақтарға жауап береді


ІХ - кезең

Бағалау және

үйге тапсырма

3 минут

Критерийлерге қарап бағалаушылардың бағасымен танысып, өзінің бағасын шығарады.

Үйге тапсырма

  1. 15 - тақырып.

  2. Кескін картаға Испанияны қазба байлықтарын түсіру

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.

Бірін -бірі бағалау парағы арқылы оқушыларды бағалау.








М.Әуезов атындағы № 5 орта мектебі






Ашық сабақ тақырыбы:


«Оңтүстік Еуропа елдері. Испания»


Өткізген: Жұмағұлов Серік Бақытбекұлы

Сыныбы: 11 «А»

Пәні: география





2014 - 2015 оқу жылы

І топ. Қарапайым сөз тіркестері

Иә - Si - Си

Жоқ - No - Но

Есіміңіз кім? - Come se llama usted? -

КО мо СЭ Я ма устэд?

Менің есімім...- Me llamo… - Мэ я мо

Қайырлы күн - Buenas tardes - Буэнас тардэс

Сау бол - Adios - Адьёс

Өтінемін - Por favor. - Пор фавор

Рахмет - Gracias.- Грасиас

Сіз ағылшынша сөйлейсіз бе? - Habla usted ingles? -

Абла устэд инглез?

Мен түсінбеймін - No comprendo - Но компрэндо

Менің жеке құжатым - Aqui esta mi pasaporte -

Аки эста ми пасапортэ

Мен демалысқа келдім - Estoy aqui de vacaciones -

Эстой аки дэ вакасьонэс

Мен шаруаларымен келдім - Estoy aqui de negocios -

Эстой аки дэ нэгосиас

Маған жеке бөлмек жалдау керек? -

Podria reservarme una habitacion? - Подриа рэзервармэ уна абитасьён

Айым етпеңіз - Perdoneme - Пэрдонэмэ

Мен сені ұнатамын - Te quiero - Tэ куэро








ІІ топ. Сандар

1 uno уно

2 dos дос

3 tres трэс

4 cuatro кватро

5 cinco синко

6 seis сэйс

7 siete сьетэ

8 ocho очо

9 nueve нуэвэ

10 diez дьез

11 once онсэ

12 doce досэ

13 trece трэсэ

14 catorce каторсэ

15 quince кинсэ

16 dieciseis дьесисэйс

17 diecisiete дьесисьетэ

18 dieciocho дьесиочо

19 diecinueve дьесинуэвэ

20 veinte вэйнтэ

100 cien Сьен

101 ciento uno сьенто уно

Апта күндері

Дүйсенбі - Lunes - Лунэс

Сейсенбі - Martes - Мартэс

Сәрсенбә - Miércoles - Миерколес

Бейсенбі - Jueves - Хуэвэс

Жұма - Viernes - Биернэс

Сенбі - Sábado - Сабадо

Жексенбі - Domingo - Доминго

ІІІ топ Тағамдар

НАН - Pan - Пан

Салат - Ensalada -Энсалада

Көкөністер - Verduras frescas - Вэрдурас фрэскас

Жемістер - Frutas frescas - Фрутас фрэскас

Күріш - Arroz - Ароз

Маған бір стақан су керек еді - Me da un vaso de agua -

Мэ да ун басо дэ агуа

Кофе сүтпен - Café con leche - Кафэ кон лэчэ

Шай қантсыз - Té sin azúcar - Тэ син асукар

Табиғи шырын - Zumo natural - Сумо натурал

Минералды су - Agua mineral - Агуа минэраль

Су - Agua - Агуа

Таңғы ас - Desayuno - Дэсаюно

Түскі ас - Almuerzo - Альмуэрсо

Ірімшік - Queso - Кесо

Жұмыртқа - Huevos - Уэвос

Кептірілген шұжық - Chorizo - Чоризо




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал