- Учителю
- Сабақ жоспары 'Глобус' 6 сынып
Сабақ жоспары 'Глобус' 6 сынып
Сынып: 6
Сабақ тақырыбы: Глобус.
Сабақ мақсаты: Оқушыларға глобус, географиялық координаталар, географиялық ендік, географиялық бойлық глобустан қашықтықты есептеу туралы мағлұмат беру.
Сабақ міндеті:
1.Білімдік: Оқушыларға глобус, географиялық координаталар, географиялық ендік, географиялық бойлық глобустан қашықтықты есептеу туралы мағлұмат беру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету. Өзендердің суын қорғауға, сақтауға өз үлестерін қосуға дағдылау, бағыттау.
3.Дамытушылық: Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс, карточкамен жұмыс;
Құрал-жабдықтар: ҚР физ картасы, ҚР әкімшілік картасы, ДЖ физикалық картасы, мектеп атласы, кескін карта, карточкалар;
Сабақтың барысы: :
І. Ұйымдастырушылық кезең
1.Сәлемдесу
2.Балаларды түгендеу.
3.Балалардың назарын сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын қайталау.
1.Сұрақтар мен тапсырмалар:
-
Жер бетін планға түсіру үшін қандай дайындық жұмыстары жүргізіледі?
-
Планшет қалай бағдарланады?
-
Жер бетін планға қандай әдістермен түсіруге болады?
-
Айнала нысаналау әдісімен мектеп алаңының планын жасаңдар.
-
Көлденең сызықтар әдісін пайдаланып, жолдың немесе өзен білігінің планын жасаңдар.
-
Топсеруен кезінде айналып әдісімен барған жерлеріңнің планын жасаңдар.
-
Азимут деген не?
-
Көкжиектің негізгі бағыттарын ата.
-
Көкжиектің аралық бағыттарын ата.
-
Масштаб дегеніміз не?
-
Масштабтың қандай түрлері бар?
-
Картадан ара қашықтықты қалай табамыз?
-
План деген не?
-
Шартты белгілерді атап шық.
-
Жергілікті жердің қарапайым планын түсіру түрлерін, әдістерін атап шық.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
-
Оқулықтағы 24- 25-26-27-28 - суреттер бойынша талдау жасау.
ІІІ. Бекіту.
1.Сұрақтар мен тапсырмалар:
-
Неліктен глобус Жердің нақты үлгісі деп аталады?
-
Географиялық ендік деген не?
-
Географиялық бойлық деген не?
-
Глобустан әрі ендік, әрі бойлық деп аталатын нүктені анықтаңдар.
-
Глобустан Алматының ендігі мен бойлығын анықтаңдар.
-
Өздерің тұрған елді мекеннің полюс пен экватордан градус және км есебімен алынған қашықтығын анықтаңдар.
2.Үлестірме қағаздарымен жұмыс:
1-тапсырма. 6-сынып.
-
Қазақстанның батысынан шығысына дейінгі қашықтықты есептеп табыңдар.
1)масштаб арқылы ;
2) градус арқылы.
-
Қазақстан мына мұхиттардан қаншалықты қашықта жатқанын есептеп шығарыңдар:
А)СММ
Б)Тынық
2-тапсырма. 6-сынып.
-
Астана - Пекин арасындағы қашықтықты (2 жолмен):
а)масштаб арқылы ;
ә) градус арқылы.
-
Қазақстан мына мұхиттардан қаншалықты қашықта жатқанын есептеп шығарыңдар:
А)Үнді
В)Атлант
3-тапсырма. 6-сынып.
-
Қазақстанның солтүстігінен оңтүстігіне дейінгі қашықтықты есептеңдер
2 есептеу тәсілі арқылы:
1)масштаб арқылы ;
2) градус арқылы.
-
Мына қалаларының географиялық координатасын табыңдар:
А) Токио
В) Париж
4-тапсырма. 6-сынып.
-
Астана- Мәскеу қалалары арасындағы ара қашықтықты есептеңдер.
2 есептеу тәсілі арқылы:
1)масштаб арқылы ;
2) градус арқылы.
-
Мына қалаларының географиялық координатасын табыңдар:
А) Лондон
В) Вашингтон
5-тапсырма. 6-сынып.
-
Көкшетау - Рим қалалары арасындағы ара қашықтықты есептеңдер.
2 есептеу тәсілі арқылы:
1)масштаб арқылы ;
2) градус арқылы.
-
Мына қалаларының географиялық координатасын табыңдар:
А) Бішкек
В) Дели
-
Қазақстан қалаларының географиялық координатасын табыңдар:
1-нұсқа
-
Алматы
-
Астана
-
Көкшетау
-
Тараз
-
Шымкент
-
Орал
2-нұсқа
-
Қызылорда
-
Атырау
-
Ақтау
-
Ақтөбе
-
Арқалық
-
Қостанай
3-нұсқа
-
Петропавл
-
Павлодар
-
Қарағанды
-
Жезқазған
-
Талдықорған
-
Семей
-
Жұмыс дәптерлерімен жұмыс:
-
А.А. Лобжанидзе., Г.М. Түсіпбекова., «Жер ғаламшары, 6-сынып жұмыс дәптері» бойынша жұмыс жасау - Жер бетін бейнелеу және оларды пайдалану,
Тестілерді шешейік, 6 - 7 - беттер
-
Гордеева С.А., Өздігінен, жеке жұмысқа арналған тапсырмалары бар жұмыс дәптермен жұмыс: 7-тақырып. Жергілікті жердің қарапайым планын түсіру. 11- бет.
ІҮ. Қорытындылау. Рефлексия. «Жылдам сұрақ-жылдам жауап»
-
Глобус деген не?
-
Экватор деген не?
-
Бастапқы меридиан деген не?
-
Географиялық координата деген не?
-
Географиялық бойлық және ендік деген не? Олар қалай бөлінеді?
-
Глобустан қалай ара қашықтықты өлшейміз?
Ү. Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма: § 10. Жергілікті жердің қарапайым планын түсіру. (оқу, мазмұндау, конспектілеу)
Шартты белгілер мен горизонтальдарды анықтаңдар:
1-тапсырма2-тапсырма
3-тапсырма 4-тапсырма