7


  • Учителю
  • На тему 'Әлем халқынан алынған нақыл сөздер'

На тему 'Әлем халқынан алынған нақыл сөздер'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тасты тесетін судың күші емес, тамшылардың тұрақтылығы. (Бразилия)

• Тұман желпуішпен сейілмейді. (Жапония)

• Атақ - қабілеттің көлеңкесі. (Англия)

• Адам сыртқы көрінісімен қарсы алынады, ішкі дүниесімен шығарып салынады (Моңғолия)

• Ағаш қаншалықты биік болса да, жапырақтары жерге түседі. (Қытай)

• Алтын отпен, әйел алтынмен, еркек әйелмен сыналады. (АҚШ)

• Шынайы махаббат айрылысумен ұмытылмайды. (Бельгия)

• Бірі екіншісіндей дәрежеде бай болған кезде, бауырлар бір-бірін жақсы көреді. (Уганда)

• Өзгені айыптағаныңдай өзіңді айыпта, өзіңді кешіргеніңдей басқаларды кешір. (Қытай)

• Адам ең қатты сүйіктісін, ен жақсы түрде жанұясын, ең ұзақ анасын жақсы көреді. (Ирландия)

• Өтірік жылдам шабады, шындық қадам-қадам басады, бірақ сонда да уақытында жетіп келеді.(Норвегия)


  • Егер проблеманы шешу мүмкін болса, онда оны уайымдамауға да болады. Ал егер оны шешу мүмкін болмаса, онда оны уайымдағаннан пайда жоқ.

  • Кетем дегенді ұстама, келем дегенді қума.

  • Майда өзендерден тіксінбегендігімен теңіз ұлы.

  • Шарап ішетіндер оның зянын білмейді; ішпейтіндер оның пайдасын білмейді.

  • Уайым-қайғы - жыртылған көйлек. Онымен сыртқа шықпау керек.

  • Жатқандар ғана сүрінбейді.

  • Бір жылы сөз үш қысқа жылылық бола алады.

  • Ақымақтар мен есерсоқтарға жол бер!

  • Тез деген - жай деген сөз. Бірақ тоқтам болмауы керек.

  • Күн адал мен арамды таңдамай, бәріне ортақ жылу сыйлайды.

  • Біреуден күдіктенбес бұрын оны алдымен жеті рет сынап ал.

  • Қолыңнан келгеннің бәрін жаса, ал қалғанын тағдырдың еншісіне қалдыр.

  • Жеңіс қарсыласына қарағанда бір жарым сағатқа шыдай алатын адамға ғана бұйырады.

  • Күліп тұрған адамға ешкім тапанша тақай алмайды.

  • Нағыз құмыра нашар шебердің қолынан шықпайды.

  • Үш жаста жаның қандай болса, жүз жаста да сол күйі болады.

  • Егін піссе, басын төмен түсіреді; адам байыса, басын жоғары көтереді.

  • Сұрасаң - бір минут ұяласың, сұрамасаң - өмір бойы ұятқа қалып жүресің.

  • Ерлі-зайыптыларға күйеуі және әйелі болу ғана аздық етеді. Кейін жан-жақтан іздемес үшін олар бір-біріне дос әрі көңілдес те болуы керек.

  • Қайғы келсе - өзіңе арқа сүйе.

  • Бір генерал табудан он әскер табу оңайырақ.

  • Конфуцийдің де үнемі жолы бола бермеген.

  • Кез келген әйел қараңғыда, алыстан және қолшатырдың астында әдемі болып көрінеді.

  • Тойласаң - бәрі келеді, қайғырсаң - жақының ғана келеді.

  • Біреудің жақсылығын да ренжіткеніндей ұзақ ұмытпа.

  • Жалаңаш адам ештеңе жоғалтпайды.

    • (Жапон халқы)

Ата ананың алдындағы парызды түгел өтеп шығу мүмкін емес, Бірақ қолыңнан келгенінше молырақ орындау -міндетің.

Мәселені кейде сақал шешпейді, Нахал шешеді.

Адамзат ақылға салып ойланады, бірақ ақымақтық жасап тынады.

Мықтылық кез келген зиянды нәрсенің бәрінен бірдей бас тарту.

Саудагердің миында бірнеше есе пайда түсіретін есеп.

Ақымақтар арам шөп сияқты. Оларды ешкім екпейді, ешкім күтпейді, бірақ қаулап өсіп кетеді.

Тентек түсінде пышақтасып жүреді, қанышерлермен құшақтасып жүреді.

Ұры қолын қоярға жер таппайды, жан жағына жалтақтайды.

Дұшпаныңды тым жақындатпа, есіртпе, басындырмаңыз, басыңа шығарма.


Конфуцийдің нақыл сөздері

Конфуций - ілімі мен пәлсапасы қытай, корей, виетнамдық және жапон өмір тұрысы мен ойлау ғұрыпына терең ықпал еткен, әйгілі қытай ақылманы және әлеуметтік пәлсапашысы.



1) "Билеуші - билеуші, ал бағынышты - бағынышты, әке - әке, ал ұл - ұл болу керек"
2) Дана - қобалжуды білмейді, адамгершілігі бар қам жемейді, батыл қорқынышты білмейді.
3) Біз өз көзімізге сенеміз - бірақ оларға сенуге болмайды; біз өз жүрегімізге де сенеміз - бірақ оған да сенуге болмайды. Есте сақтаңдар, шәкірттерім: ақиқатында адамды тану оңай емес!
4) Мейірімді ер адам алаңсыз. Төмен адам уайымшыл.
5) Ежелгі заманда адамдар көп сөйлеуді ұнайтпайтын. Өз сөзінен артта қалу олар үшін ұят болды.
6) Жолдары әр түрлі болғанда, жоспарды бірге құрмайды.
7) Адамдар кедейліктен және белгісіздіктен қорқады; егерде екеуінен де құтыла алмасаңыз, намысты жоғалтпай, оларды қабылдаған жөн.
8) Адамдар өздеріне байлық пен атақты қалайды; егер осы екеуіне адал жолмен қол жеткізе алмасаңыз, олардан аулақ жүргеніңіз дұрыс.
9) Үнсіздік - ұлы дос, ол ешқашан саған опасыздық жасамайды.
10) Мейірімді адам өзін кінәлайды, төмен адам өзгені кінәлай

Авраам Линкольннің қанатты сөздерi

Американың он алтыншы президенті, публицист Авраам Линкольннің ел арасында кеңінен танымал қанатты сөздерi.



• Егер маған бір кісі ұнаса, міндетті түрде онымен танысуға тырысамын.

• Артымнан айтылған жалған, жала сөздерге ешқашан мән беріп көрген емеспін. Өтірік сөзге күйіп-пісудің не қажеттілігі бар?

• Адамзат баласының ұлы ойларының қоймасы - кітап.

• Бірен-саран адамды өмір бойы алдап өтуге болады. Бірақ халықты өмір-бақи алдап өмір сүру мүмкін емес.

• Пайдасыз, баянсыз нәрсеге ұмтылып, өміріңді босқа кетірме.

• Егер маған бір кісі тіптен ұнамаса, міндетті түрде онымен жақын танысуға тырысамын.

• Тағдырдың қиыншылықтарына кез келген адам төтеп бере алады. Адамды шын сынағың келсе, оған билік бер.

• Әкем маған жұмысты сүюді емес, жұмыс істеуді үйретті.

• Еркін, өз еркімізбен істелген жұмыстан ғана бір нәтижеге жете аламыз.

• Билікке жай ғана атақ үшін ұмтылу еш пайда бермейді. Тіпті сол таққа жеткен күннің өзінде, мақсатсыз, құр мақтан адамға рухани тыныштық әпере алмайды.

• Өзімнің атамның уақытында кім болып, не жетістікке жеткенін білмеймін. Мені одан гөрі ұрпағымның халі қызықтырады.

• Жолдасымызға өз қолынан келетін істі жасап беру арқылы көмектесу мүмкін емес.

• Халықтың сенімін бір жоғалтқан адам бар сый-құрметінен де айырылады.

• Халыққа шындықты айту арқылы түрлі алапаттардан құтқара аламыз.

• Мен жауларымды қырып-жойып жеңбеймін, оларды өз достарыма айналдырамын.

• Мен жаманшылық қылсам, өзімді жайсыз сезінемін. Жақсылық қылсам, рахат күй кешемін. Міне, менің дінім.

• Өмірдің ең тәтті қызығы - адал достарыңның көп болуы.

Роберт Кийосакидің пайдалы кеңестері

Роберт Тору Кийосаки (ағылш. Robert Toru Kiyosaki, жапон. ロバート・トール・キヨサキ) - американдық бизнесмен, инвестор, жазушы әрі ұстаз. Көбінесе өзінің атақты «Жарлы әке, Кедей әке» аты кітабының арқасында танымал болды. 26 млн данамен сатылған 15 кітаптың авторы болып саналады. Финанстық жоспар негіздерін үйрететін «Ақша ағысы 101», кейнірек, «Ақша ағысы 202»атты әдістемелік методикаларын ойлап жасады.



1) Мектептер сенімді жұмысшыларды дайындайды, жұмыс берушілерді емес.
2) Актив - табыс алып келеді, пассив - сені кедей етеді.
3) Ақша - биліктің бір түрі, бірақ қаржы сауаты одан да құдіретті күш.
4) Ақылды адам өзінен де жетік адамды жалдайды.
5) Сен мені жылытсаң, мен саған отын саламын.(қатаған суықта пештің алдында отырған адам)
6) Кедейлік пен борышқор болудың айырмашылығы бар, екіншісі уақытша болса, біріншісі өмір бойына.
7) Менің екі әкем де үкіметтің салығын өз уақытында төлеп тұрған, бірі оны берілген мерзімнің басында орындаса, ал екіншісі соңында орындаған.
8) Сын адамды қарық етеді, ал талдау керісінше адамның көзін ашады.
9)… Бір рет те құламай, сәби жүруді үйренбейді, себебі біз жүруді құлай-құлай үйренеміз. Бизнестің жолы да солай. Неліктен қоғамның көп бөлігі ауқатты адамдардан тұрмайды, себебі олар жеңілуден қорқады. Ал жеңіс тұғырынан көрінгендер жеңілістің дәмін де татқандар. Сәтсіздік ол жетістікке жетудің бір бөлігі. Сәтсіздікке жолағысы келмеген адамдар жетістікке де жете алмайды.
10) Үлгілі оқы, сосын беделді компанияда жұмыс істей аласың (Кедей әке),
11) Үлгілі оқы, сосын беделді компанияны сатып ала аласың (Бай әке).
12) Ақшаға деген құмарлық - бар жауыздықтың тамыры (Кедей әке),
13) Бар жауыздықтың тамыры - ақшаның тапшылығы (Бай әке).
14) Тамаша көлік пен үлкен үй сенің әлі жеткілікті бай немесе ақша табу икеміңнің мол екенін білдірмейді.
15) «Мені ақша қызықтырмайды» немесе "әңгіме ақшада емес" деп кедей әкем айтатын, ал бай әкем: «Ақша - бұл билік» - деп өз пікірінен қайтпайтын.
16) Шөже шөжені алыстан таниды.
17)… Тыңдау сөйлеуден маңызды. Егер бұл шындық болмағанда біздің екі құлағымыз бен бір аузымыз болмас еді.Көп адам жаңа ойлар мен мүмкіндіктерді тыңдап сосын пайдасына асырудың орнына аузымен ойлап, жағаласа береді. Сұрақ қоюдың орнына қарсы пікірін көп танытады.
18) Басқалар байқамағанды көре білу жетістікке жетудің негізгі кілті.
19) Тәуекелдің әр кез алдыңнан шығатыны рас, одан қашқақтаудың орнына, оны басқаруды үйренейік.
20) Серфингке әуес адамдар жаңа толқынның келеріне сенеді. Толқынға асығып немесе кешігіп қалғандар тақтасынан міндетті түрде құлайды.
21) Ақшаның құлы болуға да, биі болуға да болады.
22) Бірі: «Ақшамен ойнама, тәуекелге барма» десе, екіншісі: " тәуекелді басқаруды үйрен", - дейді.

Шыңғыс ханның ұлағатты сөздері

Шыңғыс хан (түр. Чингиз Хон; моңғ. Чингис хаан шын аты Тэмүүжин) - Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есүхей батырдың отбасында туған.



1) Жеңістің мүмкіндігі - тек шабуылда.
2) Егер әркім өз пиғылын арамдық ойдан тазартатын болса, бүкіл ел ұры-қарыдан, зиянды әдеттен пәк болар еді.
3) Ер кісі бір мезгілінде барлық жерді жарық етіп отыратын Күн емес. Олай болса, ері аңға не жорыққа кеткенде, әйелі ерінің отбасын көңірсітпей, үй ішін үлбіретіп отыруы керек. Келген кісіге ерінің жоқтығын білдірмей, құрметпен қарсы алып, дәмді тағам беріп, адал пейілмен сыйлап жіберсе, өзінің абыройын арттырып қана қоймайды, ел арасында ерінің де абырой-беделін асқар шыңға шығарады. Ер кісінің абыройы әйелінің адамгершілік қасиеттеріне тікелей байланысты. Керісінше, әйел парықсыз, жүрген жерінде абыройсыз, ар-намысын аяққа басып жүрген бәдік болса, күйеуінің де абыройы болмайды, ауыздағы сөзі аяқтыға жол болады.
4) Менің жеңгенім жеткіліксіз, қалған жауларым да жеңілуі тиіс.
5) Қалай жасау керектігін білсен, бәрі де оңай.
6) Қарапайым тұрғындар арасында бұзаудай момын, той-думанда асау тайдай сергек болыңдар. Ал, соғыста олжасына төнген аш қырандай ұрысқа атылыңдар.
7) Исламдағы ер мен әйелінің қарым-қатынасы көз бен қолдың қарым-қатынасы іспеттес. Қол ауырса көз жылайды… Көз жыласа алақан жасын суртеді.
8) Менің жеңгенім жеткіліксіз, қалған жауларым да жеңілуі тиіс.
9) Тауда жоғалған нәрсені өзен түбінен іздемейді.
10) Мен - Құдайдың қарғысымын. Егер сендер ажалға татырлық күнә жасамасаңдар, Құдай менің кейіпімдегі жазасын жібермейді.
11) Менің еркіммен көтеріліп сар даламен белгісіз бағытқа шауып бара жатқан ат тұмсығы мен адамдардың жүздеріне, осы бейқам тірі ағынға қарап, мен - өзім бұл ағынның қай жеріндемін деп өзіме жиі сұрақ қоямын
12) Мұның әділітті екендігіне көзімді жеткізбей жатып, мен, көптеген қатігездіктер жасап, сансыз көп адамдардың қанын төктім.


Наполеон Бонапарттың ұлағатты сөздері

Наполеон Бонапарт (итал. Napoleone Buonaparte, фр. Napoléon Bonaparte, 15 тамыз 1769, Аяччо, Корсика - 5 мамыр 1821, Лонгвуд, Әулие Елена аралы) - Францияның мемлекет қайраткері, қолбасшы, император (1804-1815).

Ақсүйектер отбасынан шыққан. 1785 жылға дейін Бриен және Париж әскери мектептерінде оқыған. Франциядағы 1789 - 94 ж. революция кезінде Тулон қаласын азат еткені үшін 24 жасар Наполеон I капитандықтан бригадалық генерал дәрежесіне дейін көтерілді. 1796 ж. Италияға жорық жасаған армияның бас қолбасшылығына тағайындалды. Осы және кейінгі Египетке жасаған жорықтары кезінде өзін аса көрнекті қолбасшы ретінде көрсетті. 1799 ж. 9 қарашада (18 брюмерде) биліктегі дағдарысты пайдаланып, мемл. төңкеріс жасады. Ол елде алғашында консулдық, одан кейін империя (1804 ж. 18 мамыр) түріндегі әскери диктатура орнатты. Якобишілдер мен роялшылдарға соққы берді. Өнеркәсіп пен сауданы дамытты. 1800 ж. француз банкін құрды. Мемлкеттің қуатты арттырудың басты тірегі өнеркәсіпті дамыту деп білді. Әскери өнер саласында рев. Франция армиясында қалыптасқан жаңалықтарды одан әрі жетілдірді. Тарихи жағдайға байланысты орасан зор әскери күшті тактикалық және стратегиялық жағынан тиімді пайдалана білді. Оның әскери қағидасы: "сан жағынан әлсіздікті қимылдың жылдамдығымен толтыру" болды. 1804 жылға дейін республика атын жамылып келген диктаторлық өкіметті буржуазиялық мемлекетті нығайтуға пайдаланды. Директория кезінде сақталған ұлттық уәкілдікті сайланып қойылатын басқару жүйесін жойды.



1) Бір опасыз бухгалтер бір армиядан да қауіпті.
2) Менің шынайы жетістігім 40 шайқасты жеңіп шыққанымда емес (Ватерлоо қақтығысын қоспағанда), өз азаматтық борышымды орындағанымда.
3) Байлық - қазынаны иемденуде емес, оны дұрыс игеруде.
4) Мен кейде түлкі, кейде арыстан кейпінде боламын. Маңыздысы қай кезде қай кейіпке ене білуде.
5) Арыстан бастаған қойлар тобы қой бастаған арыстандар тобын қашан да жеңе алады.
6) Саяси қайраткердің жүрегі басында болуы керек.
7) Сен менен биік емессің, сен менен ұзынсың.
8) Орыстарға шабуылдасаңыз, татарларға тап боласыз.
9) Ерлер төрт, ал әйелдер алты сағат ұйықтауы керек. Одан артық тек балалар мен пессимистер ғана ұйықтайды.
10) Мен - француз төңкерісімін.
11) Өз әскерін қамдандырғысы келмейтін халық, жуырда өзге біреудің әскерін тамақтандырады.
12) Соңғы сөз әрқашан ортақ пікірге ұласуы керек.
13) Дінсіз қоғам компасы жоқ кемемен тең.
14) Егер менің армиямның құрамында казактар болғанда, мен бүкіл әлемді жаулап алар едім.
15) Генерал сіз менен ұзын екенсіз. Егер артық әңгімеңіз көбейсе, мен балансты теңгере аламын
16) Біреудің ақымақтығы бізді ақылды етпейді.
17) Алдымен үлкен шайқасқа еніп алу керек, сосын барлығы айқындала түседі.
18) Түріктерді өлтіруге болады, бірақ жеңу мүмкін емес.
19) Журналист - бұл қаламмен еңбектенетін көше сыпырушысы.
20) География - бұл тағдыр.
21) Мүмкін емес - бұл ақымақтардың сөздігінде қолданылатын сөз.
22) Көп сөйлейтін адам көпті де жасай алады.
23) Соғыс өнері - бұл жоспарланған және ескерілген тәсілдердің орындалуы.
24) Әлемде екі құдіретті күш бар: қылыш пен рух. Соңыра, рух қылышты жеңуі тиіс.
25) Сұлу қыз көзге ұнаса, мейірімді қыз жүрекке. Бірі қымбат зат болса, екіншісі баға жетпес қазына.
26) Адамға билік бер, сосын оның кім екенін білесің.
27) Әскери өнердің құпиясы керек уақытта керек жерде жауыңнан мықты болуда болып табылады.
28) Отанға деген сүйіспеншілік - өркендеген адам баласының бірінші артықшылығы.
29) Ресейде жол жоқ, тек бағыт қана бар.
30) Қоғамның әйелдер секілді бір ғана құқығы бар: ол басқарылуға бейім болу.
31) Бір нашар қолбасшы жақсы екеуінен де артық.
32) Кеңес беруші емес, соғысты өз міндетіне алушы жеңіс тұғырына жетеді.
33) Мені жаман хабар келсе ғана оятыңдар, ал жақсы хабар болса - жоқ.
34) Уәдені орындаудың ең дұрыс жолы - уәдені бермеу.
35) Тақ - жәй ғана өрнектелген орындық.
36) Төменге түсіп бара жатқанда емес, жоғарыға жүріп бара жатқан кезде аялдауға болады.
37) Аз қателік жіберген адам ғана ұлы қолбасшы бола алады.
38) Орыстар «жеңілмес» деген атауға лайық ұлт.
39) Егер қас жауың қателікке ұрынса, оған кедергі болмау керек. Бұл айбындылыққа жатпайды.
40) Бір-бірін алты айдан кем білетін жұпқа үйленуге рұқсат бермеу керек.
41) Конституциядағы заңнамаларға толықтырулар енгіземіз: «Қысқа және түсініксіз жазыңдар».
42) «Мүмкін емес» - бұл французша сөз емес.
43) Сізбен келіспейтінтерден емес, сізбен келіспей, бірақ айтуға батылы бармайтындардан қорқу керек.
44) Сіз өз достарыңыздың қандай екенін білгіңіз келе ме? Ол үшін бақытсыздыққа ұшыраудың өзі жетіп жатыр.


Эрик Мария Ремарктың қанатты сөздері!




Махаббат жайлы
• Махаббатқа түсіндірменің қажеті жоқ. Оған әрекет керек.
• Кез келген махаббат мәңгі бола алады. Оның мәңгі азабы осыдан тұрады.
• Әйел махаббаттан ақылдырақ болса, ер адам басын жоғалтады.
• Адаммен тек біржолата айырылысқан кезде оған байланысты барлық нәрсеге қызығушылық таныта бастайсың. Махаббат оғаштығының бірі осындай.

Бақыт жайлы
• Тек бақытсыз адам ғана бақыттың не екенін біледі. Бақытсыз адам өмірдің қуанышын манекеннен артық сезе алмайды: ол тек сол қуанышты көрсете алады, бірақ ол оған берілмеген. Күндіз ол жарық - жарық бермейді. Ол қараңғыда жарық түсіреді.
• Шын мәнісінде адам уақытқа еш мән бермейтін кезінде және оны қорқыныш асықтырмаған кезде ғана шынымен бақытты.
• Бақыт - әлемдегі ең белгісіз және ең қымбат нәрсе.
• Ең ғажап қала - ол адамның бақытты болған жері.

Адам жайлы
• Адам берілмегенге дейін өз тағдырынан мықтырақ.
• Адамның көргені аз болған сайын, өзі жайлы тым жақсы пікірде болады.
• Ең жеңіл мінез циниктерде болса, қиын мінез - идеалистерде. Сіздерге бұл біртүрлі болып көрінбей ме?
• Барлық адамның сезу қабілеті бірдей деп болжау қателік.
• Егер адамдар байқап қоймасын десең, сақ болмаған дұрыс.

Әйел жайлы
• Бір нәрсені есіңде сақта, бала: егер әйел үшін бірдеңе жасасаң, оның алдында ешқашан, ешқашан, тағы да бір рет ешқашан күлкіге қалмайсың.
• Маған әйел затының ер адамға оны жақсы көретінін айтпауы керек болып көрінетін. Оны әйелдің жарқыраған, бақытты көздері айтсын. Ол кез келген сөзден де айқынырақ.
• Әйелдерді не қадір тұту керек, не тастау керек. Қалғанының бәрі - өтірік.
• Егер әйел басқа біреумен болса, ол бес есе сүйікті - ескі ереже.
• Әйелдерге ештеңені түсіндірудің қажеті жоқ, олармен тек іске көшу керек.
• Әйел - металлдан жасалған жиһаз емес; ол - гүл. Ол іскерлікті қаламайды. Оған күнгей, жылы сөздер керек.

Өмір жайлы
• Қолжетімсіз нәрсе әрқашан өзіңде барынан жақсырақ болып көрінеді. Адам өміріндегі романтика мен есуастық осыдан тұрады.
• Ең қиыны алғашқы жетпіс жыл өмір сүру, ал ары қарай оңайлана түседі деп жатады.
• Өмір - желкенді қайық. Желкені көп болғаны соншалық кез келген уақытта аударылып қалуы мүмкін.
• Өкіну - әлемдегі ең пайдасыз нәрсе. Ештеңені артқа қайтара алмайсың. Ештеңені түзей алмайсың. Олай болғанда бәріміз әулие болар едік. Өмір бізді мінсіз қыламын деген жоқ.
• Принциптерді кейде бұзу керек, әйтпесе одан ешқандай қуаныш болмайды.
• Өлгің келетін уақытқа дейін өмір сүргенше, өмір сүргің келген кезде өлген жақсы.
• Сіз қандай жағдай болмасын ештеңені жүрегіңізге жақын алмаңыз. Әлемде аз ғана нәрсе ұзақ уақыт маңызды болады.

Қызықты деректер
• Жазушының шын есімі - Эрих Пауль Ремарк. Ол өзінің екінші атын анасының құрметіне өзгерткен.
• Эрих бірінші басылып шыққан повестінен ұялғаны соншалық, бүкіл тиражды өзі сатып алыпты.
• «Батыс майданда өзгеріс жоқ» романын Ремарк небәрі алты-ақ аптада жазып шыққан.
• Ремарк Достоевскийді оқығанды ұнатқан.
• Марлен Дитрих АҚШ-қа кеткен кезде Ремакр оған күн сайын хат жазып тұрыпты.
• Ремарк Нобель сыйлығына ұсынылған, бірақ неміс офицерлері Лигасының наразылығы кедергі болды. Олар Ремаркқа романды Антантаның тапсырысымен жазған және қолжазбаны қаза тапқан жолдасынан ұрлап әкетті деген айып таққан. Оны сатқын, плейбой деп атаған.


Уинстон Черчилльдің қанатты сөздері

Уинстон Леонард Спенсер-Черчилль (1874 ж. қарашаның 30-ы - 1965 ж. қаңтардың 24-і) - көрнекті британиялық саясатшы. Ол негізінен екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Құрама Патшалыққа жүргізген жетекшілігі арқылы белгілі. 1940-1945 және 1951-1955 жж. Құрама Патшалықтың премьер-министрі қызметін атқарған. Сонымен бірге көрнекті мемлекет қайраткері, шешен, әскери офицер, тарихшы, Нобель сыйлығына ие болған жазушы және әуесқой суретші ретінде де танымал.


1) Өз сана-сезіміңізді өзгерте отырып, Сіз өз Әлеміңізді жасайсыз.
2) Дау кезінде сіздің сөзіңіз соңғы сөз болсын десеңіз, қарсыласыңызға «сіздікі, шамасы, дұрыс»- деңіз
3) Жетістік - ол энтузиазмді жоғалтпай, сәтсіздіктен сәтсіздікке дейін қимылдай білу.
4) Сіздің қарсыластарыңыз бар ма? Ештеңе етпейді. Демек сіз бір кездері өз дегеніңізді жасай алдыңыз
5) Басқалардың ертең ойлайтындарын, сен бүгін жаса!
6) Кеше мен бүгін үшін талассаң, ертеңінен айырыласың.
7) Соғыс деген шын мәнінде өрескел қателіктердің каталогі.
8) Пессимист әр мүмкіндіктен бір қиындық іздесе, оптимист әр қиындық бір мүмкіндік іздейді.
9) Өз санаңды өзгерткен сайын, Сіз өзіңіз үшін жаңа әлемді аша түсесіз.
10) Кез келген дағдарыс - бір жаңа мүмкіндікті тудырады.
11) Сұңқар желмен бірге емес, желге қарсы ұшқанда жоғарыға көтеріледі.

Цицерон Марк Туллийдің афоризмдері

Цицерон Марк Туллий (б.з.б. 3.1.106, Арпинум - 7.12.43, Кайета маңы) - Ежелгі Римнің саяси қайраткері, шешен, жазушы. Ақсүйектер әулетінен. Б.з.б. 63 ж. консул болған кезінде беделі қатты өсті (Катилинаның қастандығын ашты, сенатта басшы рөл атқарды). 1-триумвират (үштік одақ) құрылғаннан кейін ықпалы төмендеп, б.з.б. 58 - 57 ж. қуғынға түсті. Б.з.б. 56 - 50 ж. Гней Помпей мен Юлий Цезарьды жақтады. Олар араздасқаннан кейін (б.з.б. 49) азамат соғысы кезінде екеуін татуластырмақ болды. Цезарь жеңгеннен кейін (б.з.б. 47) саясаттан қол үзіп, ол өлтірілгеннен кейін ғана саясатқа қайта араласты. Оның Марк Антонийге қарсы 14 сөзі - "филиппик" осы кезеңге жатады. 2-триумвиратқа қарсы күресте сенат жеңілген кезде, Антоний мен Октавиан Августың қолынан қаза тапты. Цицеронның саяси идеалы - "аралас" мемлекеттік құрылыс (монархия, аристократия және демократия элементтері бар б.з.б. 3 - 2 ғасырлардағы Рим республикасы үлгісіндегі мемлекет) болды. Цицерон өзін грек философиялық теориясы мен Рим саяси (шешендік) теориясын ???? адамы", "татуластырушы", "тәртіп сақтаушы және қамқоршы" адамның үлгісі деп есептеді. Философиялық идеалы - теориялық скептицизмді практикалық стоицизммен біріктіру, шешендік идеалы - "молшылық", тыңдаушыны қызықтыра да, сендіре де, еліктіре де алатын барлық құралдарды меңгерген. Цицерон шығармаларынан (үзінділерді есептемегенде) сотта сөйлеген 58 сөзі, шешендік өнер, саясат, практик. философия, теор. философия жөнінде 19 трактаты, аса маңызды психол. құжат, латын ауызекі тілінің ескерткіші және Римдегі азамат соғысы дәуірі туралы деректеме болып табылатын 800-ден астам хаты сақталған.



1) Адамның келбеті жүрегінің айнасы.
2) Көп өтірік айтатын адамдар шыншыл болып көрінуге тырысып бағады
3) Сананы тұрмыс билейді.
4) Махаббат жастар айтпақшы құмарлықпен емес, сенімділік пен баяндылықпен өлшенеді
5) Планетадағы әр адам өз ақылымен ойланып, өзгенің пікірінен тәуелсіз шешім шығара білуі керек.
6) Өмір бойы сүйіп, махаббатыңды төккің келетін адамды да таңдай біл.
7) Егер сырқат қатты болса, ұзақ емес, егер ұзақ болса, ауыртпалы емес.
8) Махаббат жастар айтпақшы құмарлықпен емес, сенімділік пен баяндылықпен өлшенеді.
9) Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады.
10) Кімде-кім өзінің сөзімен тыңдаушыларына әрі білім берсе, әрі көңілін көтерсе, әрі оларға күшті әсер етсе - ең жақсы шешен сол.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал