- Учителю
- 'Солтүстік Америка материгін қайталау' (7 класс)
'Солтүстік Америка материгін қайталау' (7 класс)
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы «Шетпе гимназиясы»ММ
География пәні мұғалімі: Елеуова Акбала Алдонгаровна
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Америка материгін қайталау
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың Солтүстік Америка материгі туралы алған білімдерін жинақтау, қорыту. Іскерлігі мен ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Сонымен қатар пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, ізденімпаздыққа, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Оқушыны жан-жақты болуға, өз мемлекетінен басқа елдерді де жан-жақты танып біле отырып, өз Отанына деген патриоттық сезімдерін ояту.
Күтілетін нәтижесі: Оқушылар Солтүстік Америка материгі туралы алған білімдерін жинақтап, қорытындылайды. Іскерлігі мен ой - өрісін, есте сақтау қабілеті дамиды. Сонымен қатар пәнге деген қызығушылығын артып, ізденімпаздыққа, топпен жұмыс істеуге дағдыланады.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, дүние жүзінің физикалық және саяси картасы, атлас.
Оқыту әдістері: Көшбасшылық, ДЖТО, АКТ, СТО, ОБ, ЖЕБО, топтық жұмыс.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал орнату
Оқушыларды топқа бөлу
Оқушыларға үстелдің үстінен өздеріне ұнаған түсті таңдап алу ұсынылады. Сол түске қарай отырып 3 топқа бөлінеді
А тобы -қызыл түс
В тобы-сары түс
С тобы -көк түс
Балаларға адамды жақсы көретін түсіне қарай мінездерін білуге де болатынын айтып, әр топтың мінезіне қысқаша тоқталып кетемін. Бұл әдіс балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Ә) Топ ережесін еске түсіреміз. Балалар бүгінгі сабағымыз қайталау сабағы болғандықтан жарыс түрінде өтіледі, әр топ мүшелері жинаған ұпайына байланысты бағаланады.
I бөлім «Топ басшылар сайысы»
II бөлім «Сұрақ-жауап»
III бөлім «Картаны кім жақсы біледі?»
IV бөлім «Біз мемлекеттерді білеміз бе?»
V бөлім «Зымыран сұрақтар»
I бөлім «Топ басшылар сайысы» ( Әр толық жауап 1 ұпай)
1-топ басшысының сұрақтары
1. Солтүстік Американың жер көлемі ( 24,2 млн км2 )
2. Дүние жүзіндегі ең үлкен әрі терең каньон ( Колорадо)
3. Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы ( Хабборт,145 км)
4. Дүние жүзіндегі ең биік ағаш ( секвойя , 100 м)
5. Солтүстік Американың жер шарындағы ең аз жауатын жері ( Калифорния шығанағының солтүстігі ,100 мм)
2-топ басшысының сұрақтары
1. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал ( Гренландия )
2. Дүние жүзіндегі ең ұзын жер асты үңгірі (Флинт -Мамонт , 500 км)
3. Дүние жүзіндегі ең биік толысу толқындары қай жерде байқалады?(Фанди)
4. Солтүстік Американың ең биік нүктесі ( Мак - Кинли ,6193 м)
5. Материктегі ең ыстық жер ( Өлім аңғары ,+570С)
3-топ басшысының сұрақтары
1. Дүние жүзіндегі аса ұзын,әрі енді тау жүйесі (Кордильера,ұзындығы 9000 км, ені 1600 км)
2. Солтүстік Американың теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі(Өлім аңғары 86 м)
3. Материктегі жылдық жауын шашын ең көп түсетін жері (Кордильердің солтүстік батысы, 6000 мм)
4. Солтүстік Американың байырғы халықтары (үндістер,эскимостар)
5. Солтүстік Америкадағы ең суық жер (Гренландия аралы, -700 С)
II бөлім «Сұрақ-жауап»
Интербелсенді тақта арқылы топтарға сұрақ беріледі (Әр толық жауап 10 ұпай)
І топ ІІ топ ІІІ топ
Солтүстік Америка материгінің географиялық орны
Солтүстік Америка материгінде өндірілетін пайдалы қазбалар
Солтүстік Америка материгінің жер бедері
Топ мүшелері сұрақ бойынша ақылдасып, өз жауаптарын ортаға салады.
III бөлім «Картаны кім жақсы біледі?» ( Солтүстік Американың басты өзендерін толық, дұрыс көрсеткен жауап 10 ұпаймен бағаланады. )
Дүние жүзінің физикалық картасынан Солтүстік Америка материгінің басты өзендерін көрсету.
ІV бөлім «Біз мемлекеттерді білеміз бе?» (Әр толық жауап 10 ұпай)
ІІ топ Мексика
І топ Канада
ІІІ топ АҚШ
Жауаптар жоспары
Астанасы
Координатасы
Шектесетін елдері
Қандай мұхит сулары шайып жатыр?
V бөлім «Зымыран сұрақтар» ( Әр толық жауап 1 ұпай)
1.Солтүстік Американың бастапқы меридианға қатысты орны (Батыс жарты шар)
2. Солтүстік Америкадағы жазықтар ( Ұлы, Орталық, Мексика)
3. Кордильер тау жүйесінің пайда болу себебі ( литосфералық тақталардың әсері)
4. Солтүстік Америкада кездеспейтін климаттық белдеу ( экваторлық )
5. Солтүстік Американың ең ұзын өзені ( Миссисипи)
6. Солтүстік Американың шығысын шайып жатқан мұхит ( Атлант)
7. Үндістер мен негрлердің ұрпақтары кімдер? ( самбо )
8. Мак - Кинлидің биіктігі қандай? ( 6193 м )
9. Канаданың туында не бейнеленген? ( үйеңкі )
10. Солтүстік Америка жер көлемі бойынша дүниежүзі бойынша нешінші орында? (3-ші)
11. Канаданың астанасы ( Оттава )
12. Қылқан жапырақты ағаштар қай зонада өседі? ( тайга )
VІ бөлім Сабақты қорытындылау ОБ
Әр топтың жинаған ұпайлары бойынша қай топ жеңгенін анықтап,белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
Кері байланыс: Тілек ағашы
Үйге тапсырма: Солтүстік Америка материгі тақырыбы бойынша сөзжұмбақ, ребус құрастыру. Интернет желісінен қосымша материалдар алып келу.