7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары табиғат тану негіздері факультатив 'Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер және оны қорғау' 10 сынып

Сабақ жоспары табиғат тану негіздері факультатив 'Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер және оны қорғау' 10 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: Табиғатты қорғау негіздері

Күні:

Сыныбы: 10 «ә»

Тақырыбы: Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер және оны қорғау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің түрлерін көрсету, ол өсімдіктер қандай емдерге қолдануаға болатынын айту.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар Қазақстанда қандай емдік өсімдіктер бар екенін білетін болады.

Сабақтың түрі: Аралас түрі

Құрал-жабдықтар: интернет, суреттер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Жаңа сабақты түсіндіру

Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер

Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.

Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.

Оны Рим дәрігері Гален өсімдіктерде шипалық қасиеттердің болуын олардың құрамындағы белгілі бір заттардың қасиетіне байланысты екенін анықтады. Ол сонымен бірге бұл заттарды қалай бөліп алуға болатынын көрсете отырып, тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.

Дәрілік өсімдіктердің біразына тоқталсақ.

Алтын тамыр (лат. Rhodiola rosea)- ірі, әрі жуан тамыры бар, жасаңшөп тұқымдасының семізөт туысына жататын көп жылдық, шөп тектес, өте бағалы дәрілік өсімдік. Халық медицинасында тамырынан жасалған дәрілерді адамның еңбек ету қабілетін күшейтетін, шаршағандықты басатын дәрі ретінде,асқазан мен жүйке ауруларын емдеуге, жатырдан кеткен қанды тоқтату үшін де кеңінен қолданады.Өсімдікті қайнатып трахоманы да емдейді.Фармакологиялық зерттеулер бұл өсімдік тамырының денеге қуат беретін қасиетін толық анықтады.

Алоэ, сабыр (Aloe) - лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер. Қазақстанда « ағаш тәрізді Алоэ» (Алоэ arborescens) деген түрі қолдан өсіріледі. Алоэның жапырақ құрамында глюкозид, эфир майы т. б. дәрілік заттар бар, сондықтан алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады.



Арша (лат. Juníperus) - кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұталардың немесе ағаштардың тұқымдас тармағы. Халық емінде арша жемісі ежелден-ақ несеп айдайтын және қуықтың қабынуын басатын дәрі ретінде қолданылып келеді. Бойында зиянды бактериаларды жойғыш және емдік қасиеті бар. Өкпе, тері және астма ауруларын емдеген. Ежелгі Рим мен Грекияда жылан шаққан кезде пайдаланған. Аршаның тік өсетін түрлерінен қарындаш жасайды. Діңінің қабығын ыдыс жасауда, басқа да өндірісте шикізат есебінде және құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданады. Музыкалық аспаптар жасауға пайдаланадыАршамен тіс тазалау пайдалы..


Аралия (лат. Arália) -жабайы өсімдік. Оның тамырларынан спиртті тұндырма және «сапарал» препараты дайындалады. Емдік қасиеттері жөнімен женьшень препараттарына жақын: орталық нерв жүйесін сергітеді, организмді әлдендіреді. Аралия препараттарын дәрігердің бақылауымен ғана қолданады.


Ақшайыр (Gnaphalium) - күрделігүлділер тұқымдасына жататын бір, екі, көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда жусанды-сораңды алқаптарда, шабындық жерлерде, аласа тау баурайларында өсетін 6 түрі белгілі. Бұлардың биіктігі 10 - 35 см, сабақтары түбіне қарай қатаң, қалың киіз түкті. Жапырақтары кезектесе орналасқан, жиегі тегіс. Себеттері көп гүлді, масақ немесе қалқан шоғыр құрайды. Гүлдері түтікті, тозаңқаптары ұзынша келеді. Маусым - тамызда гүлдеп, тамыз - қыркүйекте жемістенеді. Тұқымдары жұмыртқа немесе ұршық тәрізді, сыртын емізікшелер жапқан айдаршасы болады.

Аюқұлақ (Primula auricula) - Батыс Европаның тауларында өсетін, хош иісті, ірі гүлді қызғалдақтың бір түрі. Аюқұлақ - улы, дәрілік өсімдіктер. Гүлінен, жапырағынан алынған ұнтақ пен тұнбаны әр түрлі ауруларды емдеуге пайдаланады. Жапырағынан қайнатып алынған тұнбаны суалған сиырларға береді. Тұқымын тышқан улауға қолданады. Кейбір түрлері сәндік үшін өсіріледі.


Ащы ермен (лат. Artemísia absínthium)- күрделі гүлділер тұқымдасына жататын, жусан туысына Ащы ерменді ата-бабамыз ертеден-ақ әр түрлі ауруларға қолданған. Бастың сақинасына, аяқ-қол сырқырағанда буланған. Асқазан ауруына тұнбасын ішкен. Қолданылуы:1. Тамаққа тәбет ашуға; 2. Асқазан бүріп ауырғанда; 3. Аяқ астынан дене құрысып, қалтырап діріл пайда болғанда (лихорадка); 4. Әсіресе аяқтағы көктамыр бадырайып шығып білініп тұрғанда; 5. Қан жасушалары азайғанда; 6. Бауыр, көкбауыр ауырғанда; 7. Суық тигенде; 8. Ұйқы қашқанда; 9. Іштегі паразит құрттарды түсіруге

Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) - түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік. Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын, буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. Адыраспан - улы өсімдік, дәмі ащы, мал жемейді.

Балқарағай (лат. Lárix) - қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты биік ағаш. Қазақстанда Алтайда, Тарбағатай және Сауыр тауларында өсетін бір ғана түрі - Сібір Балқарағайы (Lárix sіbіrіca) бар. Ағашы шірімейтін мықты болғандықтан құрылыста, химиялық өндірістерде кеңінен қолданылады. Кәрі балқарағайдың діңінен шайырды көруге болады. Оны кір жуғанда сабын ретінде қолданған. Ежелгі рим мен араб медицинасында таптырмас дәрі ретінде пайдаланған. Шайыр-сағызы ауыз қуысын, тісті тазартып, қызыл иекті нығайтады. Ағаштың қабығы да бағалы шикізат. Одан тері илегіш, эфир майын және тоқыма бояуларын алған.


Долана (Crataegus) - раушангүлділер тұқымдасына жататын бұта не ағаш.. Көбірек тарағаны - алқызыл долана (C. sangvіnea). Жарық сүйгіш, аяз бен құрғақшылыққа төзімді, топырақ талғамайды. Бұтақтары тікенді, кейбір түрлері тікенсіз болады, биіктігі 1 - 4 м. Жапырақтарының жиегі тілімденген. Мамыр - шілдеде гүлдеп, жемісі тамыз - қыркүйекте піседі, жемісі қыста ағаш басында тұра береді. Гүлі ақ немесе қызғылт, қызыл, жартылай шатырша не қылқан тәрізді гүлшоғырын түзеді, қос жынысты. Жемісі - жидек, ұсақ, алқызыл, сары не қара түсті, 1 - 5 сүйекті, кейбір түрі жеуге жарамды, витаминге бай. Тұқымынан көбейеді. Аралар арқылы тозаңданып, жануарлар арқылы таралады. Долананың 50-ге жуық түрлері қолдан өсіріледі. Долана медицинада дәрі-дәрмек жасауда пайдаланылады.


Дәрмене немесе ақ жусан (лат. Artemisia cina) - Астралылар тұқымдасының жусан туысына жататын көп жылдық шала бұта. Орта Азияның (Оңтүстік Қазақстан) эндемигі. Халық медицинасында оны жүрек талмасы бар науқастарға пайдаланады. Дәрілік шикізат ретінде тамырымен есепсіз жұлынғандықтан, бүгінде қатары қатты сиреген. Улы өсімдік. Әсіресе, гүл жармай тұрғанда, жапырақтарында улы зат - сантонин пайда болады. Сол себепті, одан жасалған дәріні дәрігердің кеңесінсіз пайдалануға болмайды.

Етжапырақ бадан ( Bergenia crassifolia) - тасжарған тұқымдасы бадан туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның биік таулы аймағының тасты беткейлерінде, альпілік белдеулерінде өседі. кең тараған. Биіктігі 5 - 50 см. Тамыр сабағы өте жуан, жерге төселіп өседі. Қалың, ірі, жүрек пішінді жапырағы сабақ түбін айнала қоршай орналасады. Қызыл гүлдері қалқанша гүлшоғырына топтасады. Тұқымынан және тамырсабағынан көбейеді. Етжапырақ баданның тамырсабағында 18 - 25%-тей илік заттар болғандықтан, тері илеуге, ал өсімдік құрамындағы глюкозидтерді фотосурет шығаруға қолданады. Жапырағын қайнатып шай орнына ішеді, тұнбасынан қара, қоңыр бояу алынады.


Есекмия - тықыр кекіре (Oxytropis glabra) - бұршақ тұқымдасының кекіре туысына жататып көп жылдық шөптесін өсімдік. Маусым-шілдеде гүлдейді. Орта Азияда, Бат. және Шығ. Сібірде, Моңғолияда кездеседі. Қазақстанда шөлді аймақтар мен биік тау басынан басқа жерлердегі шалғындарда, өзен бойларында өседі. Есекмия - мал, әсіресе жылқы үшін улы өсімдік. Тұқымының сырты жылтыр, түсі қоңыр. Бұлар негізінен бояу,бал беретін және бағалы дәрілік өсімдіктер.

Жалбыз (лат. Méntha piperíta)- ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты өсімдік. Ол- хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Оны сабынныӊ иісін жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маӊызы бар. Ал кермек жалбыздыӊ жапырағы мен гүл шоғынан жалбыз эфир майы алынады. Бұл майдыӊ негізгі құрам бөлігі - ментол. Ментол парфюмерия, косметика кондитер, кондитер, тамақ өнеркәсібінде, сондай- ақ тіс порошогы мен пастасын жасауда пайдаланылады. Жүрек тамыр жұйесі ауруларына қарсы қолданылатын дәрі .


Женьшень- (Рапах gіnseng) тіршілік тамыры - аралия тұқымдасы, панак туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Табиғи жағдайда Қытай, Корея, Ресейде (Приморье және Хабаров өлкесінде) өседі. Қазақстанда мәдени түрде өсіріледі. Биіктігі 50 см-дей. Тамыры жуан, бұтақтанған, сыртқы қабығы ақ, қатты. Женшень өте баяу өседі. 10 - 11 жылдан кейін жеміс бере бастайды. 100 жылдай жасайды. Женьшень - бағалы дәрілік өсімдік. Оның тамырында тритерпен глюкозидтері (сергіткіштік қасиеті бар) кездеседі. Женьшень тамырынан дайындалған дәрі-дәрмек, ұнтақ, тұнба медицинада организмнің жалпы тіршілік қабілетін, ауруға төзімділігін арттыруға, кейбір жүйке және жүрек-қан тамыры ауруларын емдеуге қолданылады

Жолжелкен (Psyllіostachys) - қорғасыншөптер тұқымдасынажататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Жолжелкеннің құрамында әр түрлі витамин, белок, май, қышқылдар мен тұздар мол.Мәселен, ол адамның тәбетін ашып, қандағы гемоглобинді молайтып, түрлі жүйке ауруларын тыныштандырады. Сондай-ақ қан тамырының қатаюына, асқазан, ішек жарасына, тыныс жолдарының қабынуына, өкпе туберкулезіне, созылмалы бронхит, плеврит және бүйрек, несеп жолдарының қабынуы тәрізді сырқаттарға қолданылады. Тамырының қайнатпасын іштен қан өткенде, өқан қақырғанда ішкізіп, мұрыннан қан тоқтамағанда танау ішіне құяды.

Жусан (Artemіsіa) -күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде - шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар.Жусанның 17 түрі - сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі - дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан - дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан (мысалы, тамыржусан) да өсіреді.


Итмұрын деп раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктердің жемісін атайды. Итмүрынның ерекшелігі - бағалы дәрумендерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.


Қалақай (лат. Urtica) - қалақай тұқымдасынан бір туысы.Бір жылдық не көп жылдық, қос үйлі және сирек те болса бір үйлі шөптесін өсімдік. Қалақайдың барлық түрінің құрамында ақуыз, сондай-ақ К, С, В витаминдері, илік заттар және минералды тұздар, әр түрлі органикалық қышқылдар болғандықтан, ол тағам ретінде және медицинада пайдаланылады. Қалақай препаратын диабетпен ауырғанда, кептірілген жапырағынан жасалған қайнатындыны қақырық түсіру және асқазанды тазарту үшін ішеді. Жаңа жұлып алған жас жапырағын сүйелге жапсырады.


Қалампыр (Dianthus) - қалампырлықтар тұқымдастарына жататын біржылдық және көпжылдық өсімдіктерінің бір туысы. Қалампырдың Азияда, Африкада, Еуропада шөп және бұта болып есетін 300-дей түрі бар. Ала қалампыр мен қытай қалампыры халықтық медицинада және парфюмерияда пайдаланылады. Емдік мақсатта өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін гүлдеп тұрған кезінде жинайды.

Қаражидек (Vaccіnіum) - қаражидектер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Қаражидек құрамында су, ақуыз, көмірсулар, органикалық қышқылдар, калий, натрий, кальций, магний, фосфор, темір, мыс, марганец, кобальт, никель, В1, В6, РР, С дәрумендері, фитонцидтер, өзектер, илікті, пектинді заттар бар. Қаражидектің адам ағзасы үшін пайдасы өте көп., С дәрумені, илік заттар, эфир майы бар. Сондықтан жапырақтарынан жасалған қайнатпаның антисептикалық қасиеті жоғары болады. Диабет ауруы бар адамдарға қаражидек жапырақтарының қайнатпасы және жидегі аса пайдалы. Қаражидек жеген адамның көз тамырының қан айналымы жақсарады. Асқазан қабыну ауруларына, қан аздыққа, жұқпалы іш ауруларына, түрлі инфекцияларға қарсы, бүйрек тасын шығаруға қаражидектің пайдасы өте көп. Қаражидектің жапырақтарын бұқтырып, шайдың орнына ішеді.


Қырықбуын (лат. Equisétum) - қырықбуындар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл, көп жылдық шөптесін өсімдіктердің тұқымдас тармағы. Қырықбуындар дәрілік өсімдіктер ретінде медицинада кеңінен қолданылады.Сабақтарын егеу арқылы қағаз ретінде де пайдалануға болады.

Қазтамақ (Pelargonium) - қазтамақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазтамақ илік заттарға бай, оның гүлдерінің құрамында, сабағында танин, бояғыш заттар, кальций мен каротин, С дәрумені мен геранин (эфир майы алынады) бар. Қазтамақтың кейбір түрлері: орман қазтамағы, шалған қазтамағы, Роберт қазтамағы және сібір қазтамағы - дәрілік өсімдіктер. Қазтамақтың тамырынан немесе кепкен шөбінен алынған тұнбаны бүйрекке байланған тасты ерітуге, ревматизм мен радикулитті емдеуге, сондай-ақ, баспамен ауырғанда тамақ шаюға, сүйек сынғанда ванна жасауға, түсе бастаса шашты жууға пайдаланады. Кейбір түрлері әсемдік үшін де өсіріледі.

Қыша (Sinapis) [1]- крестгүлділер тұқымдасына жататын даражарнақты шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Қыша тұқымынан 35-47%-ке дейін май шығатын өсімдік. Кейбіреулерінің тұқымынан медицинада қолданылатын дәрі жасалады. мирозиназа дейтін фермент синигринді бөлшектеп глюкоза, калий бисульфаты және аллилдік қыша майы деген заттарға айырады, бұлардың ең соңғысы теріге тисе күйдіріп жіберетін улы зат. Улы қышаны гүлдеместен бұрын қой, сиыр және шошқа жейді, ал гүлдегеннен соң және онан кейін жеген мал уланады; улы қышаның тұқымында 30%-ке дейін майы болады.


Қасқыржидек (лат. Daphne)- көкендер тұқымдасына жататын бұта. Қасқыржиек - өте улы өсімдік.Қасқыржидектің жемісі мен қабығынан дәрі жасалады.Гүлі өте әдемі болғандықтан сәндік үшін де өсіріледі. Жер бетінде 70-ке жуық түрі кездеседі. Қазақстанда 2 түрі бар. Алтай, Сауыр, Маңырақ және Тарбағатай жоталарының биік таулы тастақты жерлеріндегі жалпақ және қылқан жапырақты ормандарында өседі. Алтай қасқыржидегін қазақтар усойқы деп те атайды. Бұл өте сирек кездесетін өсімдік.


.

Лапыз -(Colchicum luteum) лалагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Пиязға ұқсас баданалы эфемерлі (вегетац. мерзімі қысқа болады). Қазақстанда өсетін 2 түрі: сары Лапыз және Кессельринг Лапызы (Colchicum Kеelrіngіі) бар. Биіктігі 10 - 20 см. Сабағы қысқа, жапырағы қандауыр пішіндес, жұмыр, төселмелі. Тамыз - қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі - қорапша. Лапыз улы өсімдік. Құрамында колхицин алкалоиды бар. Медицинада Лапыздан жүрек әлсіздігінен болатын ентігуді басатын, шемен, көкжөтел, ревматизм, т.б. ауыруларды емдейтін дәрі алынады. Уланған малға танин ерітілген су ішкізеді, терісінің астына апиын не морфин егеді.

Меруертгүл (Convallarіa majalіs), май інжугүлі - лалагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Биіктігі 30 см, тамыры ұзындығы Жемісі - қызыл жидек (кейде сары). Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.Меруертгүлдің елімізде табиғи өсетін түрі бар. Гүлдеп болған соң қып-қызыл моншақ тәрізді жеміс салады. Меруертгүлдің барлық бөлігі тұтастай улы болып келеді, соған қарамастан табиғаттағы меруертгүл ерекше қорғауға алынған. Себебі оның көктемгі әдемі гүлімен қатар, жидегі дәрілік мақсатта қолданылады.


Маралшөп тамыры (лат. Rhaponticum carthamoides) - күрделігүлділер тұқымдасы маралшөп туысына жататын көп жылдық, шөп тектес өсімдік.Бұғылар күз, көктемде бұл өсім-діктің тамырын тұяғымен қа-зып жейтін болғандықтан, оны марал шөп тамыры деп атап кеткен. Тамыры қысқа, ірілеу, шашақталған, гүлдері - көк, көкшіл түсті, шар тәрізді тостағанша құрып, сабақтың ұш жағында жеке-жеке орна-ласқан. Оны мақсыр деп те атайды. Халық ертеден бері «алтын тамыр», женьшень тәрізді әл беретін дәрі ретінде пайдаланған.


Мия (Glycyrrhіza) - бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның шөл, шөлейтті, далалы аймақтарында өсетін 5 түрі бар. Қызылорда облысының барлық аймақтарында кездеседі. Биіктігі 10 - 80 см-дей, тамыры жуан. Сабағы тік өседі, жапырақтар қандауыр тәрізді, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері көк, күлгін түсті, селдір шашақ гүлшоғырына топтасқан. Қызыл мия және миятамыр деген түрлерінің тамырында гликозид, сахароза, эфир майы, органик. қышқылдар, минерал тұздары бар. Сондықтан оларды медицинада, темекі және тамақ өнеркәсібінде қолданады. Жапырағы, сабағы мал азығы ретінде пайдаланылады.


Өгейшөп (Tussіlago) - күрделігүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Өгейшөптің жапырағының құрамында глюкозид, эфир майы, инулин, илік заттар, аскорбин қышқылы болады. Халық медицинасында өгейшөпті Гиппократ пен Авиценна заманынан бері қолданып келеді. Оны қолқа демікпесін, созылмалы бронхитті, ларингитті, жоғары тыныс жолдарының қабынуын емдеуге пайдаланады. Тұнбасын жөтелді басу үшін ішеді. Гүлінен ара бал жинайды.


Таңқурай - раушангүлділер тұқымдасының бір түрі. Жемісінің құрамында қант, пентон, органикалық қышқылдар, С, А, В витаминдері, хош иісті заттар бар. Таңқурай құрамында адам ағзасы үшін пайдалы заттар өте көп, атап айтқанда: аскорбин қышқылы, глюкоза, органикалық қышқылдар, спирттер, кетондар, ақуыздар, пектиндер, азот қоспалары, илік заттар,С, А, В топ дәрумендері. Таңқурайдан жасалған қайнатпаны дене қызуын түсіруге, несеп жүргізуге, бүйрек тасын шығаруға, іш ауруына, қант диабетіне, өт айдауға пайдаланады. Гемоглобин мөлшерін арттыру, қан тоқтату, суық тигенде дене қызуын басуға, іш тоқтатуға, қан аздыққа, жүйке ауруларына, бронхитке, жөтелге қарсы қолданады.

Түймедақ ( Matricária chamomílla) құрамында эфир майы бар, қышқыл, аскорбин қышқылы, каротин бар дәрілік өсімдік. үшін өсімдіктің гүлдерін сабағынан үзіп, жинап алады.Түймедақтың гүлінен жасалған дәрілердің шығаратын, қабынуға қарсы әсер ететін, тер шығаратын, ауырған жерлерді тыныштандыратын қасиеттері бар. Сонымен қатар тоқтататын, жоятын, айдайтын, келуін реттейтін дәрі ретінде де қолданады.Халық медицинасында өсімдік гүлдерінің жасалған дәрілерді , қабынуын, бауырдың, , ауруларын үшін пайдаланады.

Шайшөп( - биіктігі 15-20 сантиметр келетін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы тік өседі, сыртын киіз тәрізді тұтаса түк басқан, түсі ақшыл. Шайшөп өттің жүруін жақсартады, асқазан бездерінің жұмысын күшейтеді. Ол мұнымен қатар несеп айдағыш дәрі ретінде және қан қысымын арттыру үшін де қолданылады. Жоғарғы айтылғандарға байланысты шайшөпті өт жолдары қабынғанда және асқазан, бауыр ауруларын емдеу үшін пайдаланады. Бір-екі күннің ішінде-ақ аурудың жағдайы күрт жақсарады: жүректің айнуы және құсу азаяды, бауыр кішірейіп орнына келеді, бауыр тұсының ауырғаны тоқтайды, көз қабыршығының және дененің сарғаюы біртіндеп жойылады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал