7


  • Учителю
  • Тақырыбы: Сарыарқа-Қазақтың ұсақ шоқысы (8сынып)

Тақырыбы: Сарыарқа-Қазақтың ұсақ шоқысы (8сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Пәні: География

Сыныбы: 8

Тақырыбы: Сарыарқа (Қазақтың ұсақ шоқысы)

Пән мұғалімі: Кошбаева Гүлзира

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сарыарқаның географиялық орны, жер бедері мен климаты, пайдалы қазбалары мен өзен торы, табиғат зоналары мен экологиясы туралы нақты білім бере отырып, географиялық байланысты аша білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Оқушылардың тақырыпқа байланысты көзқарастары мен дүниетанымын кеңейту, өзара қарым-қатынастарын қалыптастыра отырып ынтымақты түрде ортамен , топпен жұмыс жүргізуді үйрету.

Тәрбиелік: Азаматтық қасиеттерге тәрбиелей отырып, оқыту арқылы қоғамға пайдалы, білімді, сұлулықты сезінетін, патриот, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: баяндау, сұрақ-жауап,ойын элементтерін қолдану.

Сабақтың тәсілі: топпен , жеке оқушылармен жұмыс.

Сабақтың әдісі: Интерактивті оқыту әдістері, СТО әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, Атлас - 8 сынып. Слайдтар, оқулық, тақта, бор,шар т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, музыка, биология

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру.

ІІ Үй тапсырмасына шолу: «Миға шабуыл».

Астана тобының сұрақтары:

1.Топ өз атын қорғау.

2. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)

3. 9. Қазақстан жеріндегі аласа таулы өлкелер? (Мұғалжар, Сарыарқа, Маңғыстау )

4.Бейне сұрақ.

Ұлытау тобының сұрақтары:

1.Топ өз атын қорғау.

2.Сарыарқаның батыс бөлігінде орналасқан тау? (Ұлытау)

3.Оның биіктігі? (1133м).

4. Бейне сұрақ.

Жаңа сабақ: Сарыарқа (Қазақтың ұсақ шоқысы).



Жоспар:

1. Географиялық орны.

2. Жер бедері.

3. Пайдалы қазбалары.

4.Өзендері мен көлдері.

5.Табиғат зоналары.



Географиялық орны: Орталық Қазақстанның көпшілік жерін алып жатыр. Батыста Торғай үстірті,шығыста Сауыр-Тарбағатай тау жүйесі,солтүстігінде Солтүстік Қазақ жазығы, оңтүстік-батысында Тұран ойпатымен шектеседі.Батыстан шығысқа -1200 км созылып жатыр.

Геологиялық құрылысы.Палеозой эрасының каледондық тау түзілу кезінде Сарыарқаның солтүстік батысы,палеозойдың аяғында герциндік тау түзілу процесі кезінде Сарыарқаның шығыс бөлігі қалыптасты.

Жер бедері. Ең биік тауы - Қызыларай. Оның биік нүктесі - Ақсораң (1565м),Қарқаралы -1403м, Кент-1460м, Баянауыл - 950м,Шыңғыстау - 1300м таулары жатыр.Сарыарқаның солтүстік-батысында Көкшетау, оңтүстік-батысында Ұлытау тау жүйелері орналасқан.

Пайдалы қазбалары.Сарыарқа пайдалы қазбаларға бай өлке. Қарағанды мен Екібастұз көмір өндіру ошақтары.Жезқазған, Қарсақпай, Атасу, Саяқ, Қоңыратта мыс,марганец,темір кен орындары бар.Жәйремде сирек металл өндіреді.



Климаты. Мұхиттан алыс жатқандықтан Сарыарқаның климаты құрғақ, континентті болып келеді.Қысы суық, қаңтардың орташа температурасы -14° -18°С, жазы құрғақ, ыстық шілденің орташа температурасы 20°- 24°С.

Өзендері мен көлдері. Басты өзендері - Есіл, Нұра, Сарысу, Сілеті, Шідірті, Тоқырауын.

Көлдері: Бурабай,Шортанды, Қорғалжың.

Табиғат зоналары. Сарыарқа жері дала,шөлейт және шөл зоналарына кіреді.

Дала зонасы: Көкшетау, Атбасар өңірінде Есіл өзенінің аймақтарын алып жатыр.

Шөлейт зонасы: Дала зонасының оңтүстігінде Теңіз бен Сарысу жазықтары, Ұлытау,Қарқаралы, Шыңғыстау кіреді.

Шөл зонасы: Ұлытаудың оңтүстігі мен Жезқазған маңын, Солтүстік Балқаш маңын қамтиды.

Сабақты бекіту: ІІІ бөлім. «Ой толғаныс» кезеңі

Табиғат зоналары

Өсімдіктері

Жануарлары

Дала зонасы

Шөлейт зонасы

Шөл зонасы



ІVбөлім. Шетелде тұратын досыма хат.

(Сарыарқаның көркем табиғаты,ғажайып таң самалы,ауасын айтып,жер бедері туралы сипаттап досыңызға хат жазыңыз)

Сабақты қорытындылау: Рефлексия: (ауызша немесе жазбаша түрде)

Сарыарқаны әлемдік туризм орталығына айналдыруға менің көзқарасым...

Сабақты бағалау.

Үйге тапсырма: Сарыарқаның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіне баға беру. Кескін картамен жұмыс.



Ұлытау,Шыңғыстау мен Қызыларай,

Астанам аспан түстес алтын сарай!

Көкшетау,Оқжетпес пен Жұмбақтасым.

Өзіңе көзім талды-ау қарай-қарай!

Сарысу,Тоқырауын,Есіл,Нұра,

Өзіңе ешбір өзен жетпес,сірә!

Жезқазған,Қарағанды, Балқаш саған

Аттандым мойынымды бұра -бұра!

Астана армандаған шаһарымыз.

Көбейер әлі біздің қатарымыз.

Осымен аяқталды оқушылар

Жасаған Сарыарқаға сапарымыз!

Сарыарқа, қош бол!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал