7


  • Учителю
  • 'Аустралияның физикалық жағдайы' 7 сынып

'Аустралияның физикалық жағдайы' 7 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Аустралияның физикалық- географиялық орны

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға Австралия материгінің географиялық орны, жер бедері мен пайдалы қазбалары туралы түсінік беру;

2. Оқушыларға материк туралы мағлұматты жан - жақты беріп, ой - өрістерін кеңейту;

3. оқушыларға берілген мәліметті игерте отырып, экологиялық тәрбиеге баулу;

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: әңгіме, сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі: атлас, кескін карта, түрлі - түсті карандаш, фломастер

Пәнаралық байланысы: тарих


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ Психологиялық кезең

Оқушылар бір- біріне гүл сыйлап тілектер тілейді. «Мен саған осы сабақта тілейтінімін...»

А. құралдарын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау «Үш деңгейлік сұрақтар»

1 деңгей

1. Африканың байырғы халқының саны жағынан қандай нәсіл өкілдері құрайды?

2. Негрлердің бет пішіні қандай?

3. Эфиоптар қандай нәсілдердің ұрпақтары?

4. Еуропалық тектес нәсілдерге кімдер жатады?

5. Африкада қандай елдер таралған?

6. Солтүстік Африка мемлекеттері қандай пайдалы қазбаларға бай?

7. Оңтүстік Африка мемлекеттерін атаңдар

2 деңгей

1. Африканың табиғат зоналары қандай?

2. Африканың басқа материктермен салыстырғанда табиғаты қандай?

4. Қай табиғат зонасы Африканың 40 пайыз жерін алып жатыр?

5. Саванналарда қандай өсімдіктердің түрлері өседі?

6. Африка материгіне қандай жануарлар тән?

8. Саяхатшы ағашы деп неге аталады?

9. Қандай шөлдер орналасқан?

10. Материктің аралдарын атап, картадан тауып көрсетіңдер


3 деңгей

ІҮ. Жаңа сабақты меңгертуге дайындау

1. Дүние жүзінде неше материк бар?

2. Материктерді атап картадан көрсетіңдер.

3. Әр материктің қандай ерекшелігі бар?

4 Көлемі ең кіші материк?


Ү. Жаңа сабақты меңгерту

Оқушылардың жұмысы. Фломастерлер мен қарандаштармен «Мен Аустария туралы не білемін?» Сұрақ жауабына проект салып қорғау.

Аустаралия - Жер шарындағы ең кіші материк. Оның ауданы маңындағы аралдар

Мен қоса есептегенде 7, 6 млн км. Материк атауы латыншадан аударғанда «оңтүстік» деген мағынаны білдіреді. Оңтүстік тропиктік шеңбер оны дәл ортасынан кесіп өтіп жатыр.

Австарлия жағалауларын Тынық және Үнді мұхиттарының жылы сулары шайып жатыр. Материкті жан - жағынан сулар шайып жатқанмен, оның көпшілік бөлігінде жауын - шашын аз түседі. Бұл жағалау бойымен суық ағыстардың өтуімен және материктің оңтүстік тропик үстіндегі орнымен байланысты. Ал жылы ағыстар өтетін солтүстік және шығыс жағалауларында ылғал біршама мол түседі.

Жер бедері онша күрделі емес. Негізгі бөлігін гондваналық платформа алып жатыр. Тек шығысынында Үлкен суайырық жотасына сәйкес келетін бөлікке ғана тән палезойлық қатпарлық құрылым тән болады

Аустралия материгі пайдалы қазбаларға бай. Олардың қалыптасу жағдайлары мен құрамы Оңтүстік Африкаға ұқсас. Материк алтын, алюминий, мыс, никель, марганец, темір, уран, цирконий кендеріне бай. Австралияның оңтүстік - шығысында тас көмірдің ірі кен орындары шоғырланған. Орталық жазықтарда мұнай мен газдың мол қоры бар.

Материктің шығысын бойлай орналасқан Үлкен Суайрық жотасы ұзақ уақыт үгілу мен мүжілудің нәтижесінде аласарып, жақпарлы тауға айналған. Тау тектоникалық

Жарылыстар арқылы жекелеген жоталарға бөлінген. Таудың тек оңтүстік бөлігі ғана Тынық мұхит геосинклиналды белдеудегі қозғалыстар әсерінен аздап көтерілген.

Тақдада проект қорғау

ҮІ. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру Конверт 10 сұрақ

1. Аустралия материгінің ауданы қанша?

2. Орташа биіктігі қанша?

3. Ең биік және ең төменгі нүктелерін ата

4. Ең биік және ең төменгі нүктелерін картадан тауып көрсетіңдер

5. Шеткі нүктелерін атаңдар

6. Шеткі нүктелерін көрсетіңдер

7.Аустралия географиялық орны жағынан Африканың қандай бөлігіне ұқсас болып келеді?

8.Аустралияның жер бедері қандай?

9. Кен таралған пайдалы қазбалары қандай?

10. Материктің жағалауындағы мұхиттарды ата.

ҮІІ. Жаңа сабақты бекіту

VII Алдын ала тапсырмасы- Оқушылардың дайындаған слайдтарды қарастыру

VIII Картамен жұмыс жасау

1. Жерінің көпшілігін қандай платформа алып жатыр?

2. Жерінде қандай пайдалы қазбаға бай?

3. Материктен қандай арал бөлініп шыққан?

4. Қандай тау жүйелері бар?

5. Австралия Альпісі деп неге аталады?

Ыстық үстел

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру

Австарлияның жер бедері мен географиялық орны туралы оқу.

Алдын ала тапсырма : Климаты. Өзендері мен көлдері

ІХ. Бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал