7


  • Учителю
  • География на тему 'Жердің Күнді айнала қозғалының Жер бетіне жарық пен жылу таралуыа әсері. Жылу белдеулері.

География на тему 'Жердің Күнді айнала қозғалының Жер бетіне жарық пен жылу таралуыа әсері. Жылу белдеулері.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ахметкалиев Нуржан Нигметоллаевич

География пәні мұғалімі

«№ 3жалпы орта білім беретін мектеп-кешені » КММ, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.


6 сынып

Жердің Күнді айнала қозғалының Жер бетіне жарық пен жылу таралуыа әсері. Жылу белдеулері.

Мақсаты: Жыл мезгілдерінің ауысуына әсер ететін себептер жайлы түсінікті қалыптастыру. Жер бетінің әркелкі жылыту себебін түсіндіру.

Көрнектілік: Телмурий немесе Глобус. Глобусты әр партаға бір-бірден, кескін карта.

Сабақ барысы

I Ұйымдастыру

II Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген жазбаша жұмысты тексеру.

III Жаңа сабақ.

  • Жердің өз білігінен айналатын білсеңіздер, олай болса ол қанша уақытта өз білігін толық айналып өтеді? (24 сағатта)

  • Өз білігінен айналып өткен уақыт қалай аталады. (тәулік)

  • Бр секундқа жер өз білігінен айналмайды - деп ойласаң, онда қандай жағдайға душар болар еді? (ең бірінші бізге белгілі уақыт есебі жоғалады.Күн де түнде болмайды. Күндіз үнемі күн жарқырап тұрады, түн деген тіпті болмайды, ал түн болған жерде олар мүлдем күннің көзін көрмейді. Ең негізгісі бұндай планетада өмір сүру мүмкін блолмайды. Күн түскен жағында жер бетінің температурасы +100° дейіе ысиды да, ал түн жағында Сібірлік аяз болады. Мұхиттарда күндіз болған жерде мұхит суы буланып кетеді де, ал түн жағында мұз болып қатады.

Түн болған жағында өмір сүру мүмкін болмайтындай - онда үзіліссіз дауыл соғып, топан су қатып, тіпті жер сілкінуі де мүмкін, болып жүрген жағдайдан да мықты күш жерге әсер етер еді.

-Жер Күнді толығымен 365 күнде (366 күнде) айналып өтеді. Жерді Күнді айналу кезіндегі орбита кеңістігіне қалай орналасқандығын көрейік.

  • Жердің білігі орбита кеңістігіне 66°30? (66,5°) бұрышпен қилысады. Енді келесі суретке көңіл аударыңдар.

  • Мына сұраққа жауап беріңдершң ,қазур жаз қай жерде 1 ме әлде 2 ме? (Оқушылардың көпшілігі 1. Жағдайда деп жауап береді,2 ге жауап береді, бірақ аз балалар.)

  • Сендер екі түрлі жауап бердіңдер Дәлелдеу қажет. Ол үгшін жыл мезгілдерінің ауысу себебі неде екенін анықтау қажет, олай болса келесі суретке көңіл бөліңдер.



А сәулесі және Б сәулесі бірдей, бірақ көңіл аударып көріңдерші, олар Жерге қалай түсіп тұр. Олар қандай бұрышпен түсіп тұр? (А сәулесі - тіктеу, ал Б сәулесі көлбеу)

  • Жерді жылыту мөлшерін қарасытырп көріңдер. (А сәулесін азырақ, Б- сәулесін көбірек жерді жылытып жатады)

  • Қалай ойлайсыңдар, қай террритория көбірек жылынады? (А сәулесі түсен жер)

  • Бұрынғы суретке қайта айналып келейік. Қай жарты шар көбірек жылынады. (Әрине тік түскен Солтүстік жарты шар - 1)

  • Яғни қай жарты шарда жаз? -(солтүстік жарты жаз.)

  • Ал оңтүстікте қай жыл мезгілі (қыс)

Одан әрі мұғалісм теллуриді пайдаланып Жердің жыл мезгілдерінің әр кездерінддегі орнын, жағдайын көрсетеді.

  • Жер бетіне түсетін күннің сәулесі мен жылуының таралуын қарастыра отырып, зенит дегенім не екендігін еске түсірелік. (Зенит - аспандағы дәл төбеде тұратын нүкте)

Мұғалім теллуриді жазып жыл мезгіліне сәйкестіріп қояды да, бір оқушыны шығарып күннің сәулесінің қай жерге тік түсіп тұрғандығын сұрайды? (немесе жердегі зенит қай жерде)

Оқушы теллуриге қарап, оның солтүстік тропик екенін табады. Содан кейін мұғалім теллуридегі жердің оңтүстік жарты шарында жаз болатындай етіп өзгертеді де, екінші оқушыдан Күнніңң қай жерге дәл төбесмінен түсіп тұрғанын сұрайды. (Күн тұрған зенит қай жерде) (оңтүстік тропикте)

  • Сонымен тропик дегеніміз не? (күннің зентте тұратын сызығы)

  • Қанша тропик бар? Олар қандай болады? Оқушылар глобуспен, картамен жұмыс істейді.

  • Тропик ендігін табыңдар 23°30? с.е, және 23°30? о.е (23,5° с.е - 23,5° о.е) Мұғалім оқушыны шақырып глобусты жазғы мезгілге сәйкестендіріп қоюға өтінеді. Сол жағдайджа Жердің тәуліктік айналуын көрсетеді. Оқушыларға қояр сұрақ:

  • Күн мен түннің ауысуында солтүстік полюспен оңтүстік полюстен не аңғардыңдар? (Солтүстік полюсте күн көкжиектен батпайды, ал оңтүстік полюсте күн көкжиектен шықпайды.)

Мұғалім поляр күні мен поляр түніне көңіл аударады.

Поляр түні -Белгілі бір тәулік шамасында Күннің көкжиектен шықпайтын мерзімі. Поляр түннің ұзақтығы поляр шеңберінен бір тәуліктен солтүстік полюсте 178,5 тәулікке дейін ұзарады.

Поляр түні дегеніміз не? Оқушылар өздері айтады. Мұғалім картадан, глобустан поляр шеңберін табуды сұрайды.

Поляр шеңбері - экватордан 66°33? қашықтықтағы паралель.Поляр шеңбері солтүстік және оңтүстік болады.

«Қысқа және күннің тоқырауы», «күзгі және көктемгі күннің теңелу» ұғымдары түсіндіріледі. Мұғалім тақтаға (экранға) кестені шығарады, оқушылар дәптерлеріне толтырады.

Күн сәулесінің жыл мезгілдеріне сәйкес жердегі жылудың таралуы.

Күн

Солтүстік жарты-шар

Оңтүстік жарты-шар

22 маусым

1.Күн ...... түн

2. 23,5°с.е паралеь бойында

3.66,5°с.е параллель бойында

1.Күн ...... түн

2. 23,5°о.е паралель бойында

3.66,5°о.е параллель бойында

23 қыркүйек

1.Күн.......түн

2.Экватор бойында........

1.Күн.......түн

2.Экватор бойында........

22 желтоқсан

1.Күн ...... түн

2. 23,5°с.е паралеь бойында

3.66,5°с.е параллель бойында

1.Күн ...... түн

2. 23,5°о.е паралеь бойында

3.66,5°о.е параллель бойында

21 наурыз

1.Күн.......түн

2.Экватор бойында........

1.Күн.......түн

2.Экватор бойында........



Жылу белдеулері.

  • Тропиктер мен поляр шеңберлері жер бетін Күннен алатын жылу мен жарық шамасына қарай белдеулерге бөледі.

ХХ ғапсырда Климотологтар Войков (орыс) Гумбольт (неміс) Кеппен (орыс) жер бетін 5 жылулық белдеуге бөлген. (Ыстық-құрғақ (1), қоңыржай - қоңыр салқын (2), суық (2))

Оқушылар өздері жарық және жылу белдеулерінің шекарасын тауып кескін картаға жазады, тропиктер мен поляр шеңбердлелрінде көрсетеді.

IV - Жаңа тақырыпты бекіту.

  • жыл мезгілдері неге өзгереді

  • Қай жерде жыл бойы күн мен түн бірдей тең (экватор)

  • Күн мен жердің арақашықтығы жыл мезгілдеріне әсер ете ме?

  • Солтүстік жарты шардың қай жерін дәл тал түсте күн солтүстік тең көруге болады. (экватор мен солтүстік тропик ортасында)

  • Жердің тәуліктікқозғаласынан қандай салдар туындайды?

  • Жер Күнді айналса да жыл мезгілдерінің өзгермей қалуы мүмкін бе? (иә Егер жер білігі жер орбита кеңістігіне перпендикуляр орналасса)

  • Жоспар бойынша Күн тоқырауының бір күніне сәйкес Жердің Күнге байланыстыжағдайын сипаттау:

А) қай жарты шар көп жарық алады;

Б)Қай жарты -шарда жаз

В) Күн сәулесі қай паралелге тік түседі?

Г) Солтүстік полюсте не болады?

Үйге тапсырма §35 3 тапсырма Қосымша тапсырма: антарктида, өлім аңғарының климатын, жер бедерінің климатқа әсері жайлы хабарлама дайындау.

  1. Жер күнді бір жылда айналып өтеді. Сол жүрген жолының ұзындығы қандай? (934 млн км)

  2. Жер Күнді өз орбитасында қандай жылдамжықпен айналып өтеді (30 км-сек)





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал