- Учителю
- 'Гидросфера туралы ұғым, дүниежүзілік су айналымы. ' 6 Сынып
'Гидросфера туралы ұғым, дүниежүзілік су айналымы. ' 6 Сынып
Самалгүл Рахметова
Қызылорда облысы , Қазалы қаласы, М.Горький атындағы №16 орта мектептің география пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: Гидросфера туралы ұғым, дүниежүзілік су айналымы.
Мақсаты: А)Оқушыларға гидросфера туралы ұғым, оның бөліктері, д. ж. су айналымы жөнінде түсіндіру.
Ә) Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Б)Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа ұғым беру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топтастыру, Сұрақ-жауап,Кестемен жұмыс. Тірек-сызбамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, атлас,кескін карта, карта т.б.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
Оқушыларды 2 топқа бөлеміз. 1-топ Эверест. 2-топ Хан-Тәңірі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1. Сұрақ-жауап.
1. Жердің ішкі құрлымында қандай қабықтар бар?
2. Тау жыныстары деген не?
3. Таулар дегеніміз не?
4. Литосфера дегеніміз не?
5. Жер сілкіну дегеніміз не? Сейсмалогия қандай ғылым?
6. Жанартаудың құрлысын сипаттап беріңдер? Қандай жанартауларды білесіңдер?
7. Жазықтар дегеніміз не?Биіктігіне қарай қалай бөлінеді?
8.Ең ірі жазықтарды картадан көрсет?
9. Жер шарындағы ең терең шұңғыманы ата?
10. Эхолот қандай құрал?
Географиялық диктант
1 Жердің ішкі құрлысы .... тұрады
2Жердің қатты сыртқы қабаты...
3.. Литосфералық тақталар жылына...
4.Жер сілкіну жиі қайталанатын аймақтар .... деп аталады
5 . Жанартаулар .... болып бөлінеді
6.Үнемі атқылап тұратын жанартаулар......
7.Биіктігі .... дейінгі аласа таулар
8. Жер бетінің ерекше биік бөлігі .... деп аталады
9. ..... Жер шарындағы ең биік тау
10. Жер қыртысы қозғалысын ..... құралының көмегімен анықтайды
ІІІ. Жаңа сабақ. Жұмбақ:
Дәмі де жоқ, Жылт-жылт етеді
Түсі де жоқ (су) Жыралардан өтеді (Өзен суы)
-
Гидросфера дегеніміз не? Гидросфераға нелер жатады? 2. Топтастыру. Топтастыру арқылы гидросфера құрамы түсіндіріледі.
Гидросфера құрамы
Атмосферадағы ылғал
Мұхиттар
Теңіздер
Көлдер
Бөгендер
Мұздықтар
Жер асты сулары
Мағынаны тану: Судың ерекше қасиеттері -Баяу жылынады, баяу суынады су тірі, су көптеген заттарды ерітеді, су ағымы жер бедерін өзгертеді.
Судың үш күйі -қатты, сұйық, газ
Табиғаттағы су айналымы қалай жүреді? Судың мұхиттан құрлыққа және құрлықтан мұхитқа үздіксіз айналу үрдісін дүниежүзілік су айналымы деп атаймыз.
3. Проблемалық сұрақ: Суды қорғау үшін не істеу керек?Оқушылар өзінің ойын айтады
3. Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы гидросферадағы барлық су мөлшерлерін түсіндіру.
Су түрлері
Мөлшері
Барлық су
1,6 млрд км3
Мұхиттар мен теңіздер
96,5 %
Мұздықтар мен тұрақты қарлар
1,7 %
Жер асты сулары
1,7 %
Өзен, көл
0,06 %
Тұщы су
2,5 %
4. Тірек-сызбамен жұмыс. Тірек-сызба арқылы д.ж. су айналымын түсіндіру.
Құрлық суларына қосылу
Мұхит булануы
Бұлт
Жауын-шашын
Мұхитқа қосылу
4. Адасқан әріптер: Топтар теңіздердің атын, көлдердіңатын,өзендердің аттарын табу (А,Қ,Р,Б,Е,Н,Ц,Ы,З,Ж,О,Т,С,И,К,Х,Й,Л,Ш,Г,І,Ч,Д,З)
5. Суға байланысты мақал-мәтелдер айту
6. Сергту сәті: Кірпінің биін қайталау (Қара жорға)
7. Термин сөздерімен жұмыс: Гидросфера-Жердің су қабығы
Арасан-емдік сулардың шығып жатқан жері
Резервуар-таза сулар сақталатын орын
IV. Жаңа сабақты бекіту.Гидросфера дегеніміз не?
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.1. Гидросфера туралы ұғым, д.ж. су айналымы.
-
Су-тіршілік көзі тақырыбына эссе жазып келу