7


  • Учителю
  • Открытый урок по географий на тему 'Металлургия кешені, қара металлургия'.

Открытый урок по географий на тему 'Металлургия кешені, қара металлургия'.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Кенжебаева Жанна Онгарбековна

география пәні мұғалімі

«№ 3жалпы орта білім беретін мектеп-кешені » КММ, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.



Пәні: География Күні: 26.11.2015 ж.
Сыныбы: 9 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Металлургия кешені,қара металлургия .
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қара металлургияның ірі кен орындары, даму жолдары, орналасу факторлары туралы білімдерін кеңейту;
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, танымдық белсенділігін арттыру,
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау. Жоспарланған нәтиже, қойылған мақсатқа жету.
Әдісі: БжС технологиясы
Түрі: Ауызша сабақ -1
Көрнекілігі: Матрица, тірек сөздер, сын тұрғысынан сұрақтар , қарама-қарсы сұрақтар, Қазақстан картасы, слайд.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі мотивация. (2 минут)
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Бүгінгі біздің сабағымыз БжС технологиясының «Ауызша сабақ-1″ картасы негізінде өтеді. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз берейік.

Қане, біздер ойлайық

Ойымызды жинайық.

Еңбектену арқылы

Жақсы баға алайық!

Көшбасшының айтқан тілегіне рахмет,қанеки,қол шапалақтайық.ООМ бойынша жұмыс.
ІІ.Сіздерге үйге «Электр энергетикасы» тақырыбы берілген. Олай болса сұрақтарға жауап бере қойыңыздар.
ІІ. Қарама-қарсы сұрақтар. (6 мин)
1.Шаруашылықтың аса маңызды саласының бірі? Электр энергетикасы

2.Электр қуатын өндіріп,тұтынушыларды қамтамасыз ететін өнеркәсіп саласы? Электр энергетикасы

3.Ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі не? Шаруашылықты электрлендіру
4.Электр станцияларының қандай түрлері бар? ЖЭС,СЭС,АЭС

5.ЖЭС немен жұмыс істейді? Көмір,газ,мазутпен

6.Жетіспейтін электр энергиясы елімізге қай елдерден тасымалданады? Ресейден,Қырғызстаннан
7.Республикамыздағы өндірілетін электр энергиясының 87,7%-ы қандай электр стансаларына тиесілі? ЖЭС-на

8.ЖЭС нешеге бөлінеді? 2-ге
9.Мемлекеттік -аудандық электрстансасы (МАЭС) және (ЖЭО) Жылу электр орталығы қандай электр станциясының құрамына кіреді? ЖЭС
10.Екібастұз көмірімен жұмыс істейтін Ресейдің Орал және Сібір экономикалық аудандарында қанша жылу электр станциялары бар? 20-ға жуық


11.Ақсу ферроқорытпа зауытын энергиямен не қамтамасыз етеді? Ақсу МАЭС-і

12.Қала үйлерін ыстық сумен,өндіріс орындарын бумен не қамтамасыз етеді? Жылу электр орталықтары

13.Елімізде өндірілетін электр энергиясының 12,3%-ын қай электр станциялары береді? СЭС

14. Қазақстан су электр энергиясын өндіруде ТМД-да нешінші орында? 3-ші
15.Су электр станциясының көбі еліміздің қай аймақтарында? Шығысы мен оңтүстік - шығысында

16.Ертіс,Іле,Сырдария өзендерінде қандай су электр станциялары салынған? Ертісте-Бұқтырма,Іледе-Қапшағай,Сырдарияда-Шардара

17.Еліміздегі жалғыз АЭС орналасқан қала? Ақтау

18. АЭС қандай отын түрімен жұмыс істейді? Ядролық отын-уранмен

19.АЭС-ның электр энергиясын не үшін пайдаланады ?

Каспий теңізі суын тұщытуда

20.Қазақстан әлемде уран қоры мен оны өндіруден нешінші орында?Уран қорынан 2-ші,өндіруден1-ші

21.Болашақта қандай энергияны пайдаланып электр станцияларын салуға көңіл бөлініп отыр? Күн және жел энергиясын
22.Жел электр станцияларын қай аудандарда орналастыруға болады? Астана,Ақмола облысы,Жоңғар қақпасы,Алматы облысы

23.Қай қалада күн энергиясын пайдаланатын станция салынбақшы? Астана қаласында
3 оқушыға 1 сұрақты қоюға болады.Сұрақ 1-ақ рет оқылады,қайталанбайды. 3-еуі де білмесе (- ) қойылады. Төртінші оқушыдан сұрап, ол айтса + қойылады.
Бірінші белгі. Барлық оқушыларға қойылады.Және тақтаға Рим санымен < және > таңбалары жазылады.
Нәтижелері ООМ бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.

ІІІ. Жаңа тақырып. (7 минут).

Металлургия кешені,қара металлургия. Мақсаты айтылады.Интерактивті тақтадан 14 тірек сөз шығып тұрады.Тақырып ішінде мұғалім сөздердің мағынасын түсіндіреді. Тірек сөздер жабылады . Оқушылар сөздерді есте сақтап жатқа жазу керек.Оқушылар дәптер алмасып,бірін-бірі тексереді. Нормаға сай есте қалған сөздерді айтқан оқушыға ООМ ұяшығына плюс немесе минус қойылады.
Тірек сөздер.
1-2. Қара металлургия

3. Болат

4. Шойын

5.Темір

6-7. Соколов -Сарыбай

8.Сургутанов

9. Лоторингия

10-11. Кривой Рог

12.Сегізінші

13.Марганец

14.Ферроқорытпа

Екінші белгі. Есте сақтауға уақыт нормативі 14 сөз - 1 мин-15 сек.

ІV. Ұғынуды ұйымдастыру. ( 6 минут)
Оқушылар оқулықтан мәтінді оқып шығады. Мұғалім олардың материалды оқыған білімдеріне қатысты сұрақ-жауап алатыны жайында ескертеді.

V. Түсінудің алғашқы тексерілуі. Қарама-қарсы сұрақ қою. (7 мин)
Мұғалім оқушыларды рет -ретімен емес ,ООМ бойынша сабақтың тақырыбына байланысты тірек сөздерді қоса сұрайды. Оқушы түсінбеген жерлерін мұғалім түсіндіреді.
Қарама-қарсы сұрақтар.
1.Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қалыптасқан өнеркәсіптің жас саласы? Қара металлургия

2.Қара металлургияның негізгі шикізаты? Темір кені

3.Темір мен көміртектің қорытпасы ненің өнімі? Қара металлургияның
4.Темір қорытпасында көміртектің мөлшері 2%-дан аспаса оны не дейміз? Болат

5. Темір қорытпасында көміртектің мөлшері 2%-дан 6%- ға дейін болса ондай қорытпаны не дейміз? Шойын

6.Болаттан қандай дайын өнім алынады? Прокат
7.Қазақстандағы қара металлургияның негізі қай жылы қаланды? 1938 жылы

8.Шойын,болат,прокат шығаратын металлургия зауыттары қалай аталады? Толық циклді металлургия зауыттары
9.Елімізде қандай ірі темір кен орындары бар? Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қашар, Әйет, Атасу, Қаражал
10.Соколов-Сарыбай кен орнын қай жылы кім ашты? 1949 жылы,ұшқыш М.Сургутанов

11.Соколов-Сарыбай,Әйет,Қашар,Лисаков кен орындары қай металлургия комбинатын шикізатпен қамтамасыз етеді? Оралдың

12.Елімізде өндірілетін темір кенінің 90 %-ын қай темір кен алабы өндіреді? Қостанай

13.Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі дүниежүзінде темір кенін өндіретін қанша ірі компанияның құрамына кіреді? 15

14.Темір кені қорынан Қазақстан дүниежүзінде нешінші орында? 8-ші
15.ТМД-да Темір қоры жөнінен Қазақстан нешінші орында? 3-ші

16.Өндірілген темір қорының қанша пайызы экспортқа шығарылады?. 70%-ы

17. Толық циклді қара металлургия комбинаты қай қалада? Теміртау қаласында

18. Қазақстан қара металл өндіруден ТМД елдері ішінде нешінші орында? 3-ші

19.Қазақстандағы алғашқы ферроқорытпа зауыты қай қалада салынған?

Ақтөбе қаласында

20.Ақтөбе ферроқорытпа зауытының шығаратын негізгі өнімі не?феррохром

21.Хромиттің қоры жөнінен Қазақстан ТМД-да нешінші орында? 1-ші
22.Қара металлургияға қажетті шикізаттың бірі ?Марганец кені

23.Марганец қоры жөнінен еліміз дүниежүзінде нешінші орында? 3-ші

Үшінші белгі. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.
VI. Алғашқы бекітуді ұйымдастыру. Сын тұрғысынан сұрау. Меңгеру сапасын анықтау мақсатында сұрақтар бұрмаланып беріледі. «Иә» немесе «Жоқ» деген жауап беретін сұрақтар болмауы тиіс.
Сын тұрғысынан сұрақтар. (7 мин)
1.Ауыр өнеркәсіптің басты саласының бірі-металлургия+

2.Металлургия 3 саланы қамтиды- ( 2)

3.Қара металлургияның негізгі шикізаты - алюминий - (темір)

4.Қара металдың қасиеті оның құрамында алмаздың аз не көп болуына байланысты - (көміртектің)

5.Егер темір қорытпасында көміртектің мөлшері2%-дан аспаса оны болат дейміз +
6. Темір қорытпасында көміртектің мөлшері 2%-дан 6%- ға дейін болса оны вольфрам дейміз - ( шойын)
7.Шойын,болат,прокат шығаратын зауытты толық циклді металлургия зауыты дейміз+.

8.Республикамыздағы ірі темір кен орындары-Екібастұз, Кендірлік,

Торғай,Қаражал - (Соколов-Сарыбай,Лисаков,Қашар,Әйет)

9.Қазіргі кезде елімізде өндірілетін темір кенінің 90 %-ын Қарағанды темір кен алабы өндіреді- (Қостанай)
10.Темір кені қорынан Қазақстан әлемде 1-ші орында- (8-ші)

11.Темір кені қорынан Қазақстан ТМД елдері арасында 3-ші орында+

12.Темір кені шахталық әдіспен өндіріледі- (ашық әдіспен)

13.Толық циклді Қарағанды қара металлургия комбинатын Ұлыбританияның Испат фирмасы басқарады+

14.Қазақстан қара металл өндіруден ТМД-да 5-ші орында- (3-ші)

15.Торғайда никель,хром кеніштері ашылған соң Қазақстандағы ең алғашқы ферроқорытпа зауыты салынды - (Ақтөбеде)
16.Ақтөбе ферроқорытпа зауытының шығаратын негізгі өнімі феррохром+
17.Хромиттің қорынан Қазақстан ТМД-да 3-ші орын алады- (1-ші)
18. Хромиттің қорынан Қазақстан дүниежүзінде 3-ші орын алады - (2-ші)

19.Хромит кенін өндірумен және байытумен трансұлттық «Казхром » компаниясы айналысады+

20.Қара металлургияға қажетті шикізаттың бірі- марганец +
21.Марганец Ақтау,Кемпірсай,Майкүбі кен орындарында кездеседі-
(Жезді,Қаражал,Үшқатын)
22.Марганецпен жұмыс істейтін Қарағанды облысында 5 кен өндіру кәсіпорындары орналасқан+

23.Марганец қорынан Қазақстан дүниежүзінде 7-орында- (3-ші орында)

Бәріне сұрақ қойылып болғаннан кейін қай балада (2-ші Д-да) отырған балада минус көп.Соған біз көмек берейік.Ол оқушыға қосымша сыни сұрақтар қою.Сұраққа жауап берсе + белгісін қою.

(Төртінші белгі барлық оқушылардың нәтижелері ООМ бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады.
Қол шапалақтау
VII. Талдау . Көмір өнеркәсібі бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру үшін эссе жазасыздар. (5 минут)
Оқушылар дәптерлерін алмасып,бір-бірінің жазған эссесін тексереді.
(1 минут)

Бесінші белгі барлық оқушылардың нәтижелері ООМ қойылады.

VIII.Рефлексия (2 минут )

IX. Бағалау . (2 минут)

Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады.
4-5 белгі - 5 ұпай,
3-белгі - 4 ұпай
2 - белгі - 3 ұпай.
Сапа нормативі: оқушылардың 63/ -ы 5 ұпайдан алуы тиіс.
9. Үй тапсырмасы 4 белгіден кем алған оқушыларға үйге тапсырма алады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал