- Учителю
- «Жаратылыстану – әлеміне саяхат»
«Жаратылыстану – әлеміне саяхат»
Сабақтың тақырыбы: «Жаратылыстану - әлеміне саяхат»
(Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім. М.Әуезов)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың жаратылыстану пәнінен алған білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Логикалық ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа және шығармашылықпен жұмыстануға баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, оларды табиғатты аялауға, өз Отанын сүюге тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Білімді сынау сабағы
Сабақтың түрі: Танымдық-шығармашылық сайыс
Көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, көрнекіліктер
Сабақтың барысы:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Осы аптада химия, биология және география апталығы болғандықтан жаратылыстану пәніне арналған «Жаратылыстану - әлеміне саяхат» атты танымдық-шығармашылқ сайыс өткізгелі отырмын. Енді балалар осы уақытқа дейін әр-түрлі тақырыптар өттік, соған байланысты сайсымызда ашық деп жарялаймын. Сайсымызға қош келдіңіздер!
Ар бір сайыста жеңімпаз болады. Сол жеңімпазды кім анықтайды? -Арине дұрыс айтасыздар әділқазылар анықтайды. Сайысымызды бастамастан бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Жарыс заңы ежелден жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау
Сәт-сапар тілеп бәріне
Сайысты біз бастайық
Көрсетіп бер өнерді,
Жасқанып біз қалмайық
Сайыстың жоспарымен таныстырамыз. Сайыс 6 бөлімнен тұрады.
-
«Таныстыру»
-
«Білімді бірді жығар» сұрақ-жауап
-
«Жұмбақты шешіп көр»
-
«Адасқан әріптердің орнын тап»
-
«Рюкзак» жинау
-
Топ басшыларының жарысы; (Блиц сұрақтары арқылы)
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Адастырмай өткізер,- деп, сайсымызды таныстырудан байтайық.
Таныстыру; 5 «а» «б» «в» сыныптары арасынан 5 оқушыдан іріктеліп, топ құрады. Әр топ өз аттарымен, ұрандарымен, топ мүшелерімен таныстырады. (әр топқа 1минуттан)
5 «а» сынып: «Жұлдыз»тобы (Амангельлиева Аружан, Жусуп Арайлым, Сериккалиева Бибифатима, Сисенова Дильназ, Бигалиева Альфия)
5 «б» сынып: «Күн» тобы (Абдулшаева Данна, Жайгалиева Сабина, Жасуланова Замира, Бекниязов Бексултан, Шашкиева Азиза)
5 «в» сынып: «Ай» тобы (Нұрланқызы Дильназ, Төреғали Ранида, Сериккалиев Алихан,
Есенгалиева Дильназ, Шуленбаев Рауан)
2. «Білімді бірді жығар»
Ұяшықтар арқылы сұрақтар қойылады, әр дұрыс жауап балдық жүйемен
бағаланады; (10 мин)
Ғалымдар:
5 ұпай - Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
10 ұпай - Алғашқы «Үлкейткіш дүрбіні» кім ойлап шығарды?
(Галилео Галилей)
15 ұпай - Бірінші болып жер шарын тегіс картаға қалай түсірудің
жобасын жасаған кім? (Герард Меркатор)
20 ұпай - Ғаламшарлардың айналу Заңын ашып, соның негізінде
ғаламшарлар кестесін құрастырған ғалым? (Иоганн Кеплер)
25 ұпай -1543 жылы «Аспан денелерінің айналымы» деген еңбегі
жарық көрген поляк оқымыстысы кім? (Николай Коперник)
Күн жүйесі
5 ұпай - Күн мен Жердің арақашықтығы (150 млн шақырым)
10 ұпай - Ауданы 108 млн шақырымда орналасқан екінші ғаламшар
(шолпан);
15 ұпай - Құрылымы жағынан Уранға ұқсас ғаламшар? (Нептун)
20 ұпай - Фобос және Деймос атты екі серігі бар ғаламшар?
(Марс)
25 ұпай - ХVІІІ ғасырда, 1781 жылы неміс астрономы Вильгельм
Гершель ашқан, 15 серігі бар ғаламшар (Уран)
Жұлдызды аспан
5 ұпай -Ардайым солтүстік бағытты көрсететін жұлдыз? (Темірқазық)
10 ұпай - Аспандағы жұлдыздар тобын қалай атаймыз? (Шоқжұлдыз)
15 ұпай - Бірінші мың градус температураға дейін қызып тұрған
аспанның жарық денесі? (Жұлдыз)
20 ұпай - Галактикалық жыл неше жылда айналып өтеді? (250)
25 ұпай - Аспан күмбезінде түнде көрінетін шырақтардың жиынтығы
қалай аталады? (Жұлдызды аспан)
3. «Жұмбақты шешіп, жауабын айту» (Әр дұрыс, жылдам әрі нақты жауапқа 5 ұпайдан)
-
Аспанда бір ана бар,
Маңы толған балалар. (Ай мен жұлдыз)
-
Бар ма, жоқ па білмейсің,
Онсыз өмір сүрмейсің (Ауа)
-
Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады. (Бұлт)
-
Көк жүзінде көп жолақ,
Қояды екен оны кім бояп. (Кемпірқосақ)
-
Аумаған қар, жаумаған қар,
Таңертең бар, түсте жоқ. (Қырау)
-
Аспанда алып доп,
Жарқырайды жарық боп. (Күн)
-
Тырс-тырс тамады,
Сайға қарай ағады. (Жаңбыр)
-
Біреудің бір ұлы бар және қызы,
Біледі ол екеуін жүниежүзі.
Ұйықтайды ұлы түнде, қызы-күндіз,
Жүргенде білінбейді басқан ізі. (Күн мен ай)
-
Мөлдір моншақ,
Өзі жұмсақ. (Шық)
4. «Адасқан әріптертің орнын тап» (Адасқан әріптердің орнын тауып, сөз құрау керек. Дұрыс әрі жылдам шешілген жауапқа, яғни сөзге 5 ұпайдан беріледі.)
-
тасеодир (астероид)
-
аьаледнарб (альдебаран)
-
еслпоект (телескоп)
-
намяти (мантия)
-
питерю (юпитер)
-
ротаби (орбита)
-
катигалак (Галактика)
-
норотасями (Астрономия)
-
лобигоия (биология)
5. «Рюкзак» жинау (толық ашылған жауапқа 5 ұпай)
Топсеруенге яғни походқа шыққанда өзімен бірге қандай заттарды алып жүруге болады. Соны мына заттардың арасынан тез тауып алу керек.
Топ капитандары сайысы; (Блиц сұрақтары арқылы)
І - топқа
-
Табиғатты танып - үйренушілердің неше әдісі бар? (3)
-
Жұлдыз дегеніміз не? (Бірнеше мың градусқа дейін қызып тұрған аспан денесі)
-
Күнді айнала қозғалатын ғаламшарлардың жолы қалай аталады? (Орбита)
-
Экватордың ұзындығы (40000 км)
-
Әрдайым солтүстік бағытты көрсетіп тұратын қай жұлдыз? (Темірқазық)
ІІ - топқа
-
Жас натуралистерге арналған неше қағида бар?(8)
-
Жазғы тоқырау күні (21 - 22 маусым)
-
Қысқы күн тоқырауы қай күндер арасы (21 - 22 желтоқсан)
-
Дүние жүзіндегі 6 материкті немесе құрлықты ата? (Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия, Антарктида)
-
Гранит, базальт, вулкандық шыны қандай тау жынысына жатады? (магмалық жыныстар)
ІІІ - топқа
-
Жер бетінің ауданы? (510 млн км²)
-
Галактика дегеніміз не? (Жеке жұлдыздардың тобы)
-
Жердің жасы (4, 5 - 4, 6 млрд жыл)
-
Жер бетіндегі мұхиттарды ата (Тынық, Атлант, Үнді. Солтүстік мұзды мұхит)
-
Көктемгі күн теңелуі (21 - 22 наурыз)
Қорытынды.
Табылар білім болса бір асыл да,
Кезек келді қазылардың бағасына,-
деп бүгінгі сайсымыздың қорытындысын айтуға қазыларға сөз кезегін берейік.
Осы өткен 6 бөлім бойынша танымдық сабағымызды қорытындылай келе, сайысып отырған 5 сынып өкілдерін жинаған ұпай саны бойынша бағалап, жеңістерімен құттықтаймыз!
№5 орта жылпы білім беретін мектеп
«Жаратылыстану - әлеміне саяхат»
мектептен тыс шара
Өткізген: Биология пәнінің мұғалімі Нургалиева Б.Р.
2014-2015 жыл