- Учителю
- 'Саңырауқұлақтар' ашық сабақ 5 сынып
'Саңырауқұлақтар' ашық сабақ 5 сынып
Пәні: жаратылыстану
Сыныбы: 5
Тақырыбы: Саңырауқұлақтар
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға саңырауқұлақтар, олардың түрлері және таралу аймағы туралы түсінік беру. Олардың адам үшін маңызы туралы түсінік алу.
Дамытушылық: Оқушыларды табиғатты түсінуге, әр өсімдіктің табиғатта алатын орнына мән беруге баулу.
Тәрбиелік: Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымдық деңгейін, көзқарасын кеңейту.Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Оқу нәтижелері: Саңырауқұлақ туралы түсінік алу. Маңыздылығы туралы білу және жеуге жарамды және жарамсыз түрлерін ажырата білу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: АКТ, түсіндіру, сұрақ-жауап, тірек-сызба, топтастыру, ментальды картамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер, постер, түрлі- түсті маркерлер,стикер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.
Топқа бөлу:
І топ -Жануарлар патшалығы.
ІІ топ- Өсімдіктер патшалығы.
ІІІ топ -Саңырауқұлақтар патшалығы.
ІІ. Жаңа сабақ: Түсіндіру: интербелсенді тақта арқылы слайд .
Саңырауқұлақ-тірі ағзалардың ерекше бір түрі. Көп жылдар бойы өсімдіктер қатарына жатқызып келген. Өсімдікке ұқсас болғанымен нағыз жапырағы , сабағы, тамыры жоқ. Өсімдіктер сияқты бүкіл денесімен қорегін сорады. Симбиоз -арқылы өмір сүреді.
Хлорофил пигменті болмағандықтан фотосинтез жүрмейді, сондықтан оларға жарық қажет емес.
Саңырауқұлақтар жер бетінің барлық жерінде кездеседі: топырақта, суда, ағаш діңінде, тірі және өлі ағзада. Қазіргі кезде 70 мыңнан астам түрі белгілі. Саңырауқұлақтардың негізінен 2 ірі топқа бөлінеді: қалпақшалы саңырауқұлақтар, зең саңырауқұлақтар .
Қалпақшалы саңырауқұлақтардың түрлері: Терекқұлақ, Шыбынжұт, Боз арамқұлақ, түлкіжем, ойысқұлақ , Оқжаңбырық, Арыш, Ақ саңырауқұлақ т.б
Зең және ашытқы саңырауқұлақтар: Бұларды тек микроскоппен көруге болады. шаруашылықта дәрі -дәрмек, дәрумен, қышқыл сүт өнімдерін, сыр және т.б. заттар алуға пайдаланады.
Табиғатта жеуге жарамды және жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар кездеседі.
Жеуге жарамды : Терекқұлақ, Шыбынжұт, түлкіжем, ойысқұлақ , Оқжаңбырық, Арыш, Ақ саңырауқұлақ т.б.
Жеуге жарамсыз : Шыбынжұт, Боз арамқұлақ.
Пайдалы жағы:
1.Саңырауқұлақтар табиғаттағы зат алмасуға да қатысады.
2. Адамдар мен жануарлардың (бұлан, тиін, кірпі, тышқандардың ) қорегі.
3. Адамадар мен үй жануарларын әр түрлі аурулардан сақтайтын қасиеті бар. Бағалы дәрі жасалынады. (Мысалға: пеницилиннен медицинада антибиотик жасалынады).
Есте сақта:
-
Саңырауқұлақ теруге барғанда ең басты ереже олардың қайсысы жеуге жарамды екенін бірінші кезекте білу керек. Егер білмесең, оларды кеспеу керек.
-
Саңырауқұлақтармен жануарлар қоректенеді.
-
Орманда саңырауқұлақтарды топырағымен жұлып алмай, пышақпен төменгі тамыршаларына зақым келтірмей кесіп алу керек.
-
Ескі және құрты бар саңырауқұлақтарды теруге болмайды, себебі ол улы болуы мүмкін.
5. Жол жиегіндегі саңырауқұлақтарды да теруге болмайды, себебі, автомобиль газдары мен шаң тозаңдар көп қонады
ІІІ. Сергіту сәті.
ІV. Қолдану. Ментальды картамен жұмыс.
І топ: Саңырауқұлақтың құрлысы.
ІІ топ: Саңырауқұлақ түрлері, кездесетін орны.
ІІІ топ. Жеуге жарамды, жеуге жарамсыз саңырауқұлақ түрлері .
V. Бағалау.
Оқушылар өздері әр топты бағалайды.
VI. Рефлексия. Кері байланыс.
VІІ. Үйге тапсырма:
1.Тақырыпты оқу.
2. Зең саңырауқұлағын алу үшін тәжірибе жасау.
Алматы облысы Алакөл ауданы
Безродных атындағы орта мектебі мектеп жасына
дейінгі шағын орталығы бар мемлекеттік мекемесі
Сыныбы: 5
Пән мұғалімі: Исова Зере Балғабайқызы
2014-2015 оқу жылы