- Учителю
- Разработка по географии на тему 'Китай'
Разработка по географии на тему 'Китай'
Бектурсынова Айгерим Амангелдиновна
география пәнінің мұғалімі
Семей қаласы.
ҚЫТАЙ (11-сынып)
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Қытай Халық Республикасының мемлекеттік құрамы мен құрылымын, табиғат жағдайлары мен ресурстары туралы білім беру.
Дамытушылық: Экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы, халқы, урбандалу дәрежесі мен елдің басты ерекшеліктері туралы білік-дағдыны қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ойлау қабілеттерін арттыра отыра,оқушылырды өз бетімен жұмыс жасауға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі:жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақтың әдісі:Түсіндірмелі-иллюстративті және жартылай іздену әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, атлас карта, Қытайдың аумақтық әкімшілік картасы
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсатымен таныстырып, өтілетін сабақтың ерекшелігін ескерту.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1.Карточкалар үлестіру:
№1.Сөйлемдегі бос орындардың орнын толтыр.
Жапония территориясының негізін топаралдар құрайды, олардың ең ірілері_________,
____________ , ___________ , ______________ аралдар, бұдан басқа________________ енеді.
№2.Сөйлемдегі бос орындардың орнын толтыр.
Жапонияны «Ішкі теңіз» Сикоку аралының батыс жағалауын,___________ аралының оңтүстік-шығысын және_______________аралының солтүстігін шайып жатыр.
№3.Оқулық мәтінін және тарих пәнінен алған біліміңді пайдалана отырып мына сөздерге түсінік бер.
Сумо______________________________________________________________________
Сегун______________________________________________________________________
Икебана____________________________________________________________________
Бонсай_____________________________________________________________________
Цунами____________________________________________________________________
№4.Сөйлемдегі бос орындардың орнын толтыр.
1)Жапониядар арасында кең тараған діндер_________________ мен______________.
2)________________мегаполисіне Токио,_________, __________, ___________,тәрізді қалалар енеді.
2.Мына тұжырымдармен келісесіңдер ме?Дұрыс жауабын айтыңдар:
1.Азияның басқа елдерінен өзгеше, Жапонияға халықтың ұдайы өсуінің бірінші түрі тән.
2.Қолында бір ғана - еңбек қоры ғана бар Жапония жетекші индустриялық державаға айналды.
3.Жапонияның басты төрт аралының ішіндегі неғұрлым дамығаны:Хоккайдо
4.Жапония сыртқа: қара металдар, автомобильдер, электроника бұйымдарын, көмір, мұнай, темір кенін, ағаш материалдар, мал шаруашылығы өнімдерін шығарады.
5.Жапония шаруашылығы аумақты құрылымы екі жақты - «күн жағы», «көлеңке жағы» деп бөлінеді.
ІІІ Жаңа тақырып:
Қытайдың экономикалы-географиялық жағдайы.
Интерактив тақтадағы тапсырмалар:
Тапсырма:Атлас картамен жұмыс. Қытайдың ЭГЖ-ның қолайлы және қолайсыз жақтарын анықтап, кестені толтырыңдар.
ЭГЖ-ның қолайлы жағы
ЭГЖ-ның қолайсыз жағы
Қытайдың әкімшілік-территориялық құрылымы.
Тапсырма:Оқулықты пайдалана отырып Қытайдың әкімшілік-территориялық құрылымын анықтаңдар.
Қытай Халық Республикасы (ҚХР) негізгі заңына сәйкес халықтық демократиялық диктатура басқаратын социаалистік мемлекет болып табылады.Елдің құрамында 22 провинция (Тайвань 23-провинция деп есептеледі), 5 автономиялық аудан және тікелей орталыққа бағынатын 3 қала (Пекин,Шанхай,Тяньцзин) кіреді. 1997 жылы Сянган (Ганконг) Қытай мемлекетінің ерекше аумағы саналып,Қытайдың қарамағына өтті.
Тапсырма:Мынадай топонимикалық сөздіктерді пайдаланып, кейбір Қытай провинцияларының мағынасын аш: «бей» - солтүстік, «нань» - оңтүстік, «дун» - шығыс, «си» - батыс, «шань» - тау, «юань» және «нин» - жазық, «хэ» және «цзян» - өзен, «ху» -көл, «юнь» - бұлт.
(«Хэбей» - «өзеннің солтүстігінде», «Шаньдун - «шығыстағы тау», «Юньнань» - «оңтүстік бұлт» т.б.)
Қытайдың басқару формасы.
Тапсырма: Оқулықты пайдалана отырып Қытайдың басқару формасын анықтаңдар.
Қытай мемлекетінің қалыптасу тарихы. Тарих беттеріне тоқталу.Оқушының хабарламасы.
Қытайдың геосаяси жағдайымен танысу.
Қытайдың геосаяси жағдайы
Көршілес Қазақстанмен Халқының Жерінің
мемлекеттерімен арақатынасы көптігі жетіспеушілігі
арақатынасы
Қытайдың табиғаты мен табиғат ресурстары.(Видеотүсірілім)
Тапсырма: Видеотүсірілімді көре отыра табиғат аудандарын салыстырып, кестені толтыр.
Табиғаты
Батыс қытай
Шығыс Қытай
Тибет
Жер бедері
Климаты
Ішкі суы
Топырағы
Табиғат зоналары
Қытайдың халқы
Тапсырма:Кестені толтырыңдар
р/с
Қытай халқы туралы не білесің
Мәліметтер
1
Ұдайы өсудің қай типіне жатады?
2
Еңбек ресурсымен қалай қамтамасыз етілген?
3
Қандай ұлт өкілдері тұрады?
4
Ресми тілі қандай?
5
Діни құрамы қандай?
6
Қандай миллионер қалары бар?
ІV Бекіту
1.Оқулық көмегі мен атлас каралар көмегі арқылы Қытайды демографиялық көрсеткіштерін анализдеп, қорытынды жасаңдар
V Қорытындылау
ІV Бағалау
VІІ Үйге тапсырма: Қытайдың тұрмыс-салты мен қалалары туралы хабарлама дайындаңдар.
3