- Учителю
- Урок по география на тему 'Экология -ел тағдыры'
Урок по география на тему 'Экология -ел тағдыры'
Тақырыбы: «Экология - ел тағдыры»
Мақсаты: Экология ілімінің негізгі қағидаларын негізге ала отырып, білімділікке, салауаттылыққа және тәрбиелікке мән беріп, еліміздің экологиясын қорғауға және өзіндік үлес қосуға шақыру.
Сабақ түрі: сайыс сабақ.
1 - жүргізуші
Елбасымыз Н. Ә. Н "Қазақстан - 2030" стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында"Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал - ақуалы жақсы болуы тиіс" деп атап кеткен болатын. Болашақ Қазақстанның жастары салауатты да тәрбиелі, ауасы таза, көк желекті дамыған елде тұру керек.
2 - жүргізуші
"Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады" деп айтылғандай, қазіргі уақытта көптеген аурулар дүние жүзінің халқын алаңдатып отырған ғаламдық мәселе, сондықтан әрбір адам осыны білсе мұның алдын алуға болады.
Экология бөтен сөз, бір туғаның бірақ та.
Білгенге бұл көсем сөз, мәңгі қалар құлақта.
Эко, деген - үй, Отан
Ежелден - ақ грекше,
Сөз патшасын ұнатам жүрегіме гүл ексе.
Бізше ғылым - логия, тұтқасы бар әлемнің,
Онсыз мекен, жоқ ұя, жоқ киесі өлкенің.
" Өз үй - өлең төсегің" табиғат болып қалады,
Оған айтқан кесегін өз басынды жарады.
1 - жүргізуші. Ұл
Шу аз ба қазір,
Шаң аз ба?
Бәріне соның алаңмын.
Дүңкиген анау "Камаздар"-
Динозавры даланың.
Көгалға кілем төсейтін,
Қап - қара асфальт төседік.
Даналық қолы сызғанша
Даланың шаңын бір қақтық.
Су таппай жүріп біз қанша
Батпақты қолдан құрғаттық
1 - бөлім:Таныстыру
Әр топ өзін ортаға келіп таныстырады
1 - жүргізуші
Табиғаттың тарылтпайық
Мөлдір кәусар тынысын
Пәк табиғат, әр жүректің
Тамылжыған жарысың
2 - жүргізуші
Ей, азамат! ақылға сал
Қатыгездік жасама
Өзің - дағы содан тудың
Табиғаттың ұлысың
2 - бөлім Ой бөлісу бөлімі:Жұмбақтар
1.Адам мен жануардан бөлінеді
Өсімдіктін торына ілінеді (көмірқышқыл газы)
2.Ол болмаса асыңның дәмі кірмес
Кім бар екен ортада оны білмес (ас тұзы)
3 - бөлім Менің өнерім бөлімі. Өз өнерін көрсету
4- бөлім Сұрақ - жауап бөлімі.
1.Ағзаға өте қажетті бейорганикалық зат? (су, минеральды тұздар)
2. Қауіпті тіс ауруы? (тіс жиегі)
3.Атмосферадағы азон қабатының маңызы неде?
4.Қазақстанның халық саны қанша? (17 миллион)
5.Адам күніне қанша литр су ішеді? (2 - 3л)
6. Экология ғылымы нені зерттейді?
7. Озон тесігі ұғымына қандай түсінік беріңіз?
8. Өзіміздің Байзақ ауданының экологиясы туралы не айтар едіңіз?
9. Қазақстынның өзен көлдерінің экологиясы қандай жағдайда?
10. Адамдардың ауыр металдардан зардап шегуінен қандай аурулар пайда болады деп ойлайсың?
1 - жүргізуші
Табиғатты сүю - парыз,
Сүю үшін қорғау - парыз.
Табиғатсыз күнің жоқ,
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ
2 - жүргізуші
Аспанымыз ашық болсын!
Жеріміз кең болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз тұнық болсын!
Гүліміз жайқалып өссін!
Қорытынды сөз:
мұғалім: Құрметті оқушылар! Міне, бүгін өздеріңмен экология ел тағдыры - атты тақырыбында қазіргі заманымыздағы өзекті мәселелердің бірі - экология жайында біршама сөз қозғап, өз ойымызды ортаға салдық.Әрине, экологиялық мәселелерді бір күнде шеше алмаймыз, бірақ та әрбір мектеп оқушысы өзінің туған жерінде қоршаған ортасының тазалығына жауапкершілікпен қарай білсе, бұл мәселе біртіндеп шешілері сөзсіз.
1 - жүргізуші
Табиғатты қорғау үшін күресейік бәріміз,
Бір - бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымызбен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.