7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Физикалық география - Жер табиғаты жайындағы ғылым. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды ?

Сабақтың тақырыбы: Физикалық география - Жер табиғаты жайындағы ғылым. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды ?

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақтөбе қаласы № 35 орта мектебі География пәнінің мұғалімі Тлеугабылова Гулханым Ертлеуқызы

Пәні: география Класы: 6 А - Ә Күні: 03.09 2015

Тақырыбы: Кіріспе. Физикалық география - Жер табиғаты жайындағы ғылым. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?
Мақсаты:
Білімділік: «География» терминін енгізу. География пәнінің мақсатын түсіндіру. Жердің зерттелуі, жалпы географиялық мәліметтердің жинақталу тарихын меңгерту. Күн жүйесіндегі Жердің орны, пішіні мен өлшемдерін түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың өткен тәжірибелерінде ұйренген икемділіктері мен дағдыларын қолдана отырып, интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімдері мен көзқарастарын кеңейту.
Тәрбиелік: география ғылымының зерттелуін, зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектерін оқып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.


Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Көрнекіліктері: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта.
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Білім мен іскерліктерін жан-жақты тексеру кезеңі
3. Жаңа материалға көшуге дайындық кезеңі
4. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
5. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
6. Сабақты қорытындылау кезеңі
7. Бағалау кезеңі
8. Үйге тапсырма беру кезеңі
Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2. Білім мен іскерліктерін жан-жақты тексеру кезеңі. (10 мин) 1. Өткен жаратылыстану курсын қалай меңгергендігін тексеру үшін сұрақтар қояды:
1) Жер туралы не білесіңдер?
2) Жерді зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер? Олардың қандай еңбектері бар?
3) Жұлдыз дегеніміз не? Басқа да аспан денелерін атаңдар.
4) Галактика дегеніміз не? Біздің галактикамызды атаңдар.
5) Күн жүйесі дегеніміз не? Онда қанша планета бар?

2. Іскерліктері мен дағдыларын тексеру сұрақтары:
1) Жер жүзінде қанша материк бар? Оларды ата. Картадан көрсет.
2) Қанша мұхит бар? Оларды ата және картадан көрсет. 1. Оқушылар өткен курсты естеріне түсіріп, сұрақтарға жауап береді:
1) Жер - күн жүйесіндегі планета. Оның пішіні шар тәрізді. Ол Күнді айнала және өз білігі арқылы қозғалады.
2) Әл-Фараби, Әбу-Райхан-әл-Бируни, Николай Коперник…
3) Жұлдыз дегеніміз - бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі. Кометалар.
4) Жеке жұлдыздардың тобын Галактика деп атайды. Құс жолы.
5) Күн және оның айналасындағы орбиталар бойымен айнала қозғалып жүретін планеталарды бірігіп күн жүйесі деп атайды. 9 планета бар.
2. 1) 6 материк - Еуразия, Оңт. және Солт. Америка, Африка, Аустралия, Антарктида.
2) 4 - Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік Мұзды Мұхиты
Аталған атауларды картадан көрсетеді.

3. Жаңа материалға көшу кезеңі (2 мин) География түсінігін енгізеді: 6-сыныпта жаратылыстану пәнінен география пәні бөлініп шығады. Ол өз ішінде екі салаға бөлінеді - физикалық және экономикалық және әлеуметтік география. 6-сыныпта физикалық географияның бастапқы курсы өтіледі. Оның мақсаттары мен міндеттері айтылады.
География Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарын қояды.
4. Жаңа материалды меңгерту кезеңі. (15 мин) 1. Физикалық география - Жер табиғаты жайындағы ғылым.
География ғылымы және оның салалары. Физикалық география. География сөзіне анықтама беру. Географияның қалыптасу тарихынан. Оның салаларға бөлінуі туралы.
Географияның алдына қойған ғылыми мақсаттарының тарихи кезеңдерде өзгеруі. Ежелгі кезеңнен бері географиялық ғылыми көзқарастардың, теориялардың өзгеруі салдарынан география өз мәнінің өзгеруі туралы.
2. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?
Ежелгі дүние халықтары Жер туралы не білген? Географиялық мәліметтердің жинақталуы 5 кезеңнен өткен.
Ежелгі дәуірлерде өркениеті орталықтары - Қытай, Үнді, Персия, Мысыр мемлекеттері өкілдерінің еңбектері. Алғашқы карталар. Интреактивті тақтамен жұмыс жасайды. 1-слайд. Ежелгі заман саяхатшылары.
Орта ғасырлардағы географиялық түсініктер . Ұлы географиялық ашулардың басталуы. XVғ. соңы мен XVII ғ. ортасының аралығындағы болған жаңалықтар. Христофор Колумбтың саяхаты туралы әңгімелеу, сұрау. . Ортағасырлардағы саяхатшылар мен олардың маршруттары.
Ф. Магелланның дүние жүзін айналу саяхаты. 1519-1522 жж. Испаниядан шыққан ФМагелланның түңғыш рет дүние жүзін айнала жүзуі туралы мәлімет беру
Материктердің ішкі бөліктерін зерттеу. Ш. Уалиханов. XIX ғ. бас кезінде Жер шарындағы материктердің ашылып, оның ішкі бөліктерінің зерттеле басталуы және Ш. Уалихановтың қосқан үлесі туралы әңгімелеу, оқушылардан білгендерін сұрау.
Жаңа замандағы географиялық зерттеулер. Ғарышты игерудің басталуы. XX ғ. 2-жартысында Антарктиданың ашылуы, мұхиттар мен атмосфераның зерттелуі басталды. Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтада көрсетілген картадан саяхатшылардың жасаған саяхаттары мен маршруттарын қарап, анализ жасайды. Қолдарындағы атластарынан қарап, салыстырып, сәйкестендіреді. Мұғалімнің көмегімен палнеталарды сипаттайды, оларды салыстыру, айырмашылықтарын табады. Жер пішіні жөнінде ой толғап, оның өлшемдеріне назар аударады. Радиустарының айырмашылықтарын анықтайды, орташа радиусын табады.
5. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі (9 мин) Суретке қарап, картадан саяхатшылардың жүрген жолдарын көрсету, Күн жүйесінің суретін салдырып, ондағы Жердің орнын анықтау тапсырмасын беру. Оқушылар өз немесе мұғалімнің қалауынша тақтаға шығып, тапсырманы орындайды.
6. Сабақты қорытындылау кезеңі (5 мин) Сабақты бүгінгі тақырыптар бойынша фронтальді немесе жеке сұрақтар қою арқылы қорытындылау:
1. География ғылымы нені зерттейді?
2. Физикалық география немен шұғылданады?
3. Жер туралы мәліметтердің жинақталу кезеңдерін ата, ежелгі кезеңде қандай зерттеушілердің географиялық құралдары болған?
4. Ең алғаш жер шарын айнала жүзген саяхатшы, оның саяхат жылдары?
5. Планеталар не себепті Күн төңірегінде тұйық сызық жасап айналатынын түсіндіру.
6. Жер шарының ауданы, радиусы, экватор ұзындығы? Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
7. Бағалау кезеңі (1 мин) Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағаланады. Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
8. Үйге тапсырма беру кезеңі (1 мин) 1-2 параграфтарды оқу, кескін картаға саяхатшылардың маршруттарын салу және олар туралы баяндама жазу. Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал