7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: 'Саяхатшылар, зерттеушілер' (6 сынып)

Сабақтың тақырыбы: 'Саяхатшылар, зерттеушілер' (6 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Саяхатшылар,зерттеушілер

Сынып: 6

Мерзімі: 05.09.15

Сабақ мақсаттары: Жердің зерттелуі, жалпы географиялық мәліметтердің жинақталу тарихын,саяхатшылардың жолын,маңызын меңгеру.



Міндеттер:

- оқушылардың жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, ойлау, өз пікірін еркін жеткізу, ізденгіштік, салыстыру қабілеттерін дамыту;

- Оқушыларды ережені сақтай отырып, бір-бірін тыңдай білуге, сыйлай білуге, жәрдемдесе білуге, қолпаштай білуге, ортақ шешім қабылдай білуге, өзін әділ бағалай білуге тәрбиелеу болады.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Құралдар: ДЖ физикалық картасы, интерактивті тақта, маркер, қима қағаздар,атлас, электронды оқулық

Әдіс-тәсілдер: топтық,жұптық, интербелсенді тақта, «доп лақтыру», фишбоун, пікірталас, эссе, дискуссиялық карта, «Мадақтау сенгвичі», бағалау парағы

Оқыту нәтижесі: Оқушылар жердің зерттелуі, жалпы географиялық мәліметтердің жинақталу тарихын, саяхатшылардың жолын, маңызын меңгереді; оқушылар өздігінен, жұппен жұмыс жасайды, ойлайды, сөйлейді,пікір таласқа түседі, шешім қабылдау мен есте сақтау қабілеттері дамиды; оқушылар бір-бірін сыйлайды, бір-бірін қолпаштайды бір-бірін тыңдайды, жауапкершілікке және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиеленеді.

Номенклатура: Ұлы географиялық ашуларға үлес қосқан саяхатшылардың жолдарын,суреттерін тану.

Сілтеме: Оқулық Бірмагамбетов Ә., К. Мамырова , электронды оқулық,әдістемелік құрал,қосымша мәліметтер



Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті

Ұйымдас-тыру

кезеңі

БжК


4 мин




  • Оқушылармен амандасу.Оқушылардың сабаққа қатысу дайындығын тексеру.Сыныптың эмоциялық ахуалын қалыптастыру.Оқушылар қарама-қарсы тұрады, әр-біреуімен мұғалімнің айтуымен әр елдің салтымен амандасады,осы әдіс арқылы топқа бөлінеді. Мысалы; мұғалім Қазақстанда-қол алмасады, Италияда- құшақтасады, Бразилияда иық қағады, Жапонияда - басын изейді. сәттілік тілейді.


Оқушылар амандасады. Сабаққа дайындалады.

Сыныптың эмоциялық ақуалын қалыптастыру Оқушылар орындарынан тұрып, мұғаліммен, сыныппен әр елдің салтымен амандасады. Осы әдіс арқылы топқа бөлінеді, топ ережесін еске түсіру. /Топ басшысы, спикер, тайымгипер тағайындалады/

Оқушылар өз таңдаған суреттері бойынша өз ойларын айтады.

Оқушылар өз ойларын біртіндеп білдіреді.Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз, сол мақсатқа сабақтың соңында жеткенімізді қорытындылаймыз .


Білім

СТО

5 мин

«Доп лақтыру» өткен тақырып Физикалық география -Жер табиғаты жайындағы ғылым бойынша оқушылар сұрақтар қояды.

Сабақтың тақырыбын ашу үшін,

«Географиялық ашылуларға байланысты суреттер» таратылады.Осы суреттер бойынша өз ойларын ортаға салады.- Жер планетасы туралы мәлімет адамдарға белгілі болды ма?

-Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?

- Қандай ғалымдардың саяхатшылардың, зерттеушілердің есімдерін білесіңдер?



Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

Сабақтың ережесін еске түсіру,сабаққа қандай мақсат қоясындар?




Түсіну

АКТ,СТОү,

Диалогтік оқыту,

ОЖЕқО

10 мин

Адамдарға жер туралы мәліметтер қалай жиналды? Әр түрлі кезеңдерде: Ежелгі дүние халықтары Жер туралы не білген, Орта ғасырлардағы географиялық түсінік,Ұлы географиялық ашулар,Материктердің ішкі бөліктерін зерттеу,Жаңа замандағы географиялық зерттеулер.

Осы суреттер арқылы енді тақырыпты меңгеру «Фишбоунды» әдісі арқылы түсінік деңгейін анықтау.

  • Табыс өлшемдерін беру (тақырыптың мақсатын ашу, мағынасын толық жеткізу, сөйлеу мәнері, уақытпен санасуы, жобаны рәсімдеуі

  • 5 мин уақыттан кейін әр топтағы оқушылар бір-біріне, топқа түсіндіреді. Диалогқа түседі.Әр топқа түскен ойларын флипчартқа түсіру. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Топтар жұмыстарын «2 жұлдыз,1 ұсыныс» арқылы бағалайды.

Әр топқа әр түрлі кезеңдердің картасын, кеме суреттер алу арқылы тақырыптар бөлінеді.Әр топқа тапсырмалар беріп, топ ішінде талқылайды.



Сабаққа әр топ оқулық бойынша, қосымша материалдарды, картаны пайдалана отырып тапсырманы орындайды

5 мин уақыттан кейін әр топтағы оқушылар бір-біріне түсіндіреді.Диалогқа түседі.Әр топтан түскен ойларын флипчартқа түсіру.Ортаға салады. Әр топтың флепчарттарын

«2 жұлдыз,1 ұсыныс» арқылы бағалау.


Қолдану

ОЖЕқО,

АКТ,

ТжДБО

6 мин

Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.

1 топ: Картадан саяхатшылардың маршруттарын көрсету, кескін карта белгілеу.

2 топ: Өз қалауларын бойынша 1 саяхатшының немесе зерттеушінің күнделігінен үзінді дайындап, оқу дайын материалды бермей, зерттеушінің күнделігін оқып, зерттеуші тағы өз замнында нені ескеру керек еді, неге деп сұрасаң?

3 топ : Ұлы географиялық ашулар дүние жүзі картасына қандай өзгерістер ? Әлі қандай материктер белгісіз?

4 топ: Сәйкестендіру тест.



«Ойлан- тап» интербелсенді тақтадан

тапсырма жауаптарын балалар өздері тауып,

сәйкестендіреді.

Ежелгі мәдениет орталықтары


15-17ғ

Ұлы географиялық ашылулар заманы қай кезеңдерде болды


Х.Колумб

Америка дүние бөлігін ашқан саяхатшы


Ф.Магеллан

Ф.Магелланның дүние жүзін айналып шыққан жылдары


Ш.Уалиханов

Орта Азия мен Орталық Азияны зерттеуге үлес қосқан қазақтан шыққан тұңғыш географ -ғалым


Қытай, Үнді, Персия (Иран),Мысыр (Египет)





-Әр топ тапсырмаларды алып,

оқулықтың, картаның, энциклопедия, зерттеушілердің еңбектерінің көмегімен тапсырманы орындайды,бір бірімен өзара алмасып тексереді



Орындаған оқушылар жауаптарын оқиды, флипчартқа жазып тексеріледі

Талдау

Диалогтік оқыту

СТОү,

ТжДБО

6 мин

Болжам жасау «Егер мен 21 ғасырдың саяхатшысы болсам...»



Топ ішінде диалогқа түсіп әр топ өз ойын дәлел ретінде айтады

Жинақтау

АКТ,СТО,

ОүБ

ЖӘТ

Бағалау

ОүБ,

СТОү



7 мин

5 мин



Дискуссиялық карта

« Қазақстанға саяхатшылар мен зерттеушілер көптеп келеді деген пікірмен қаншалықты келісесіздер?»

«Мадақтау сенгвичі» арқылы бағалау

1 бөлігі-позитивті коментария-сабақта не ұнады?

2 бөлігі- сындарлы сын- Не нәрсені жақсату керек?

3 бөлігі-Келешекке арналған коментария- Маған ұнады,бірақ келесі жолы мен мынаны білгім келеді?

-Сабақ аяғында оқушылар түсінбей қалған сұрақтарын, үй тапсырмасы ретінде жауабын тауып келеді қандай жұмысты бағалайды??

Жалпы мұғалімнің кері байланысы болу керек,

Оқушыларға пікір алмасады



«Мадақтау сенгвичі» арқылы бағалау оқушыларға карточка таратылды, бүгінгі сабақтан алған әсерін толтырады.Әр оқушы өз қалауы толтырған карточкасынан оқиды.

-



Бағалау

ОүБ

3 мин

Карточка арқылы бағалау /критериялар/

«Саяхатшылармен зерттеушілер» тақырыбы бойынша оқушының оқудағы жетістігін бағалаудағы бағалау парағы



Карточка арқылы бағалау парағын топ басшылары , оқушылар бір-бірін тобын, жұбын қалай іс әрекет жасағанын бағалайды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал