7


  • Учителю
  • 'Солтүстік Америка материгіне саяхат'. Ашық сабақ.

'Солтүстік Америка материгіне саяхат'. Ашық сабақ.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Солтүстік Америка материгіне саяхат

Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Америка материгіне саяхат

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: Өздік ізденіс жұмыс

Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет

Сабақтың көрнекілігі: Солтүстік Американың физикалық картасы, интерактивті тақта, слайд, жұмыс дәптері.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Қызығушылықты ояту

ІІІ. Материкке шолу

IV. Бекіту

V.Бағалау(смаиликпен.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл-күйін сабаққа аудару.

ІІ. Қызығушылықты ояту. Топтастыру.

(сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру. Топқа бөлу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Әр топтың топ басшыларын топқа сұрақ қою арқылы сайлап аламыз.)

1. Ежелгі біртұтас құрлық

2. Ең үлкен материк

3. Жер шары бетінің жалпы ауданы

4. Ежелгі солтүстік материк

-Солтүстік Америка материгінің қандай ерекшеліктерін білеміз? (ойын арқылы білімдерін тексеру

«Даналық ағашы» ойынында ағашқа алма тәрізді етіп, сұрақтар ілеміз.

Оқушылар бір-бірден алманы алып, үйге берілген тақырып бойынша сұраққа жауап береді. Әрбір оқушының өткен сабақта алған білімін осындай ойындар арқылы тексеруге болады.

-Неше кламматтық белдеу кесіп өтеді? (6 белдеу)

№1- Солтүстік Америка материгінің ең суық жері? (Гренландия аралының орталығы -70 0 С)

№2- Солтүстік Америка материгінің ең ыстық жері? (Өлім аңғары +570 С)

№3- Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең көп түсетін жері? (Кордильераның солтүстік-батыс жағалауы 6000 мм)

№3- Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең аз түсетін жері? (Калифорния шығанағының солтүстігі мен Үлкен Алап 100 мм)


ІІІ. Материкке шолу.

-Бүгінгі сабағымыз Солтүстік Американың ең биік жері Кордильер тауының Мак-Кинли (6193 м) шыңына саяхат жасаймыз. Оған шығуда жолымыздағы кедергілер бар екен, одан өту үшін Солтүстік Америка материгіне байланысты тапсырмаларды орындауымыз керек. Саяхатқа дайынбыз ба? (сынып екі топқа бөлініп жұмыс жасайды)

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ.

1-тапсырма

Ең, ең, ең

Жауаптары

1

Ең ұзын өзені

2

Ең төменгі температура

3

Ең жоғарғы температура

4

Ең биік жері

5

Ең үлкен арал

6

Ең ірі сарқырама

7

Ең биік ағашы

8

Ең ұзын, әрі енді тауы

9

Ең ұзын жер асты үңгірі

10

Ең үлкен, әрі ең терең каньоны

11

Ең үлкен тау мұздығы

ЗЕРТТЕЛУ ТАРИЫ

2-тапсырма.Түйіндеме

Материктің аты:___________________________________________________

Жер көлемі:_______________________________________________________

Ең биік нүктесі:____________________________________________________

Ең төмен орналасқан нүктесі:_______________________________________

Зерттеген ғалымдар:_______________________________________________

Жағалайын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер:____

ЖЕР БЕДЕРІ МЕН ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ

3-тапсырма

  1. Солтүстік Америкадағы ірі таулар мен жазықтарды жаз.

  2. Тасман теңізі қай мұхиттін бөлігі?

  3. Африка жер бедерінің қандай өзіндік ерекшеліктері бар?

  4. Материктерге бөл: Балкан, Карпентарий, Танганьика, Игуасу, Анд, Перу, Сомали, Чукот, Ирландия, Миссури, Аппалач, Лабрадор, Королева Мод.

  5. Дрейк бұғазы нені бөледі?

  6. Тынық мұхит жағалауындағы ірі аралдар мен түбектерді анықтап, оларды кескін картаға белгіле.

КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР.

4- тапсырма.
Сандар сөйлейді
Осы сандардың нені білдіретінін табыңыз.

6420 км;
1200 м;
+57˚;
51 м;
25 км;
9000 км;
24,2 млн.км2;
6000 мм;

100 мм;

ІШКІ СУЛАРЫ

5-тапсырма

Атлас картадан төмендегі обьектілерді тауып көрсетіңдер.

1 Миссисипи

2 Колумбия

3 Жоғарғы көл

4Мичиган

5Эри

6 Онтарио

7 Макензи

8 Үлкен тұзды көл

9 Ниагара

10

ТАБИҒАТ ЗОНАЛАРЫ

6-тапсырма

Солтүстік Американың табиғат зоналары

әр топ кесте толтырады.

Табиғат зоналары

Негізгі ерекшеліктері

Арктикалық шөл зонасы

Гренландия аралы мен Канада Арктикалық архипелагты алып жатыр. Зонада мұз дәуірінен сақталған қой-өгіз тіршілк етеді. Ол дүниежүзілік қызыл кітапқа енгізілген.

Тундра зонасы

Солт.жағалық бөлік пен Гудзон шығанағының оңтүстігін, Лабрадор түбегін қамтиды. Мұнда солт. бұғыларының айрықша түрі Карибу өседі.

Тайга зонасы

Кордильераның шығыс беткейінен Атлант мұхитына дейін алып жатыр. Топырағы - күлгін, ерекше сақталған ағаш түрлері: ситхил шыршасы, тсуга, дуглас май қарағайы, қызыл самырсын. Жасы 4000 жылға дейін жеткен жасыл секвойя, мамонт ағашы деп аталатын алып секвойя және қантты қарағай өседі.

Аралас және жалпақ жапырақты ауыспалы ылғалды ормандар

Материктің шығыс бөлігін бойлап, оңтүстік Мексика шығанағы жағалауына дейін таралған. Аралас орманда - сұр, қызыл, сары топырақты, қызыл қарағай, қант үйеңкісі өседі. Ауыспалы орманда - магнолия, емен, ергежейлі сабаль пальмасы, батпақтар - батпақ кипарисі, эверглейдс батпағы

Орманды дала, дала зонасы

Биіктігі 1,5 м жететін селеу, боз-шойғын, бидайық, бизон шөбі өседі. Бизон, дала қасқыры - кайот.

Шөлейттер

Құрғақшылыққа бейімделген ағаш тәрізді кактус, алое, сүттіген, опунция, юкка сияқты ылғалды бойына жинайтын өсімдіктер - суккуленттер.

Ылғалды мәңгі жасыл ормандар (немесе саванна)

Орталық Америка мен Кариб теңізі аралдарында орналасқан. Жануарлары - кең танаулы маймылдар, ягуар, қалталылар, құстар, қансорғыш жарқанаттар.

ХАЛҚЫ МЕН ЕЛДЕРІ

7-тапсырма

Солтүстік Америка материгінің төрт мемлекеті карточкада берілген қай топқа қай ел келеді сол елдің астанасын жазу және картадан көрсету.

Мемлекеттер

Астанасы

АҚШ

Вашингтон

Канада

Оттава

Мексика

Мехико

Солтүстік Американың табиғатына саяхат атты видиоролик көру.

ІV. Бекіту тапсырмалары.

Т Е С Т

І нұсқа

  1. Солтүстік Америка материгінің экваторға қатысты орны.

а) тек оңтүстік жарты шарда жатыр

ә) көпшілік бөлігі солтүстік жарты шарда

б) экватор материктің ортасын кесіп өтеді

в) тек солтүстік жарты шарда жатыр

2. Солтүстік Америка материгінің ең төмен жатқан жері.

а) Каспий теңізі ә) Өлім аңғары

б) Өлі теңіз в) Валдес түбегі

3. Көлемі жағынан ең үлкен арал.

а) Куба ә) Гаити

б) Баффин жері в) Гренландия

4. Мына белдеудің қайсысы Солтүстік Америкада кездеспейді?
а) экваторлық ә) арктикалық

б) қоңыржай в) тропиктік

5. Солтүстік Америка шығыс жағалауындағы жылы ағыс.

а) Калифорния ә) Лабрадор

б) Гольфстрим в) Батыс желдер

ІІ нұсқа

а) түгелдей шығыс жарты шарда жатыр

ә) көпшілік бөлігі батыс жарты шарда

б) түгелдей батыс жарты шарда жатыр

в) көпшілік бөлігі шығыс жарты шарда

2. Өлім аңғарының абсолюттік биіктігі.

а) -150 м ә) -132 м б) -86 м в) -403 м

3. Солтүстік Американың ең ұзын өзені.

а) Миссисипи ә) Ниагара

б) Макензи в) Колумбия

4. Солтүстік Америка материгінің көпшілік бөлігі қай климаттық белдеуде орналасқан?
а) арктикалық ә) қоңыржай

б) тропиктік в) экваторлық

5. «Прерий» деп нені айтады?

а) шөлді ә) саваннаны

б) орманды в) даланы

Жауаптары:(бір сұраққа бір оқушы жауап береді.

V. Қорытындылау. Бағалау.

-Бүгінгі саяхат-сабағымызда біз Солтүстік Американың ең биік Мак-Кинли шыңына жеттік. Шыңға шыққанда нені көрдік? (биік таудың суретінде Қазақстанның туы тұрады ). Әр топ тапсырмаларды жақсы орындады. Өмір де, білімде де осындай биік шыңдарға жете біліңіздер.

Сабақтан алған әсерлерінді тілектерінді жазуға болады

Бүгінгі күнге мынадай слайдпен тілек тілеймін.

VІ. Үйге тапсырма: «Солтүстік Америка материгіне бір күндік саяхат» тақырыбында шағын эссе жазу





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал