7


  • Учителю
  • География на тему 'Литосфера тақырыбына сынақ. Ойын – сабақ «Интеллектуалды казино» (6 класс)

География на тему 'Литосфера тақырыбына сынақ. Ойын – сабақ «Интеллектуалды казино» (6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ахметкалиев Нуржан Нигметоллаевич

География пәні мұғалімі

«№ 3жалпы орта білім беретін мектеп-кешені » КММ, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.


6 сынып

Литосфера тақырыбына сынақ.

Ойын - сабақ «Интеллектуалды казино»

Көрнекілік:Ойынға қажетті алдын ала дайындалған ақша купюрлері.

Сабақ барысы:

І.Дайындық кезең:

Сынып оқушылары 4-5 баладан топтарға бөлінеді. Көмекшілер тағайындалады. Қанша топ болса, сонша көмекші тағайындалады. Ақша купюрлері дайындалады. Осы кезеңде дайындалған купюр дизайндеріне және атауларына сайыс ұйымдастыруға болады.

Кабинет дайындығы: Таулар жазықтар, жанартаулар, гейзерлер т.б суретермен безендіруге болады. Парталар ыңгайландырып қойылады.

II Ойынды өткізу

Мұғалім ойын тәртібімен таныстырады.

Барлығы бірнеше сұрақ түрлері болуы мүмкін (интерактивті тақтаға жазу шығады) : жер сілкіну, жанартау, тау жыныстары, жер бедері.

Әрбір жаққа 10 ақша купюрі беріледі.

Топтар ретімен, біріншіден бастап, сұрақ түрлері таңдайды, топ басшысы өзіндегі ақшадан ұтыс тігеді.

Тақтаға ойын алаңы сызылады.

топтар

I

II

III

IV

V

VI

---

қорытынды

1

2

3

4

5



Мұғалім:тігілген ұтысты сәйкес тор көзге жазып, ақшаны жинап алады. Сұрақтар жеңілдеп қиынға қарай оқылады, әйтпесе оқушылар ақшаларын ойынның басында-ақ тауысып алады.

Мұғалім сұрақты оқиды, оқушылар жазбаша жауап береді. Жауап оқылады да көмекшілер жауаптың дұрыстығын тексереді. Егер жауап дұрыс болса, онда топ купюрінен айырылады да, кестедегі ұпай өшіріледі. Ақшаны көп тауып, қорытынды ұпайы көп болған топ жеңеді. Жеңілмесе де бағалар қоюға болады, яғни топ ішінде ақша табу барысында оларда өзара бөлісе алады, өйткені кім көбірек ақша табуға күш салса, сол ерекшеленігек тиісті. Оны топ басшысы анықтайды. «Өте жақсы» бағаны кім көбірек ұпай жинаса сол алады. «жақсы» - 2 орын, «қанағаттанарлық» -3 орын, «қанағаттанбай» баға - егер мүлдем ешқандай сұраққа жауап бермесе қойылады, бірақ мұғалім «2» бағаны қоймас бұрын, оқушылармен сұхбаттасып алуға тиісті.

«Жер сілкіну» тақырыбынан сұрақтар.

  • Жер сілкіну дегеніміз не, оның қандай себептері бар?

  • Жер сілкінудің құрылыс қандай,оеың бөліктеріне анықтама бер.

  • Ошақ пен эпицентр қайда орналасады?

  • Ғалымдардың жер картасында жер сілкінуді болжауға көмектесетін аспап қалай аталады? Ол аспап алғаш рет қайда пайда болды?

  • Жер сілкіну жиі болатын аудандар қалай аталады?

  • Жер сілкінудің күші 3,7 балл болған жағдайда жерлер қандай жағдайда болады?

  • Біздің жерімізде жер сілкіну бола ма?

  • Жер сілкіну жер бедерін қалай өзгертеді?

  • Не себептен жер сілкіну Тынық мұхит жағалауында жиі болады?

  • Жер сілкінуін жануралар қалай сезеді?

  • Құрылысты салғанг кещде жер сілкіну аймағында құрылысшыларға қандай талап қойылады?

  • Жер сілкіну басталғанда адам не істеуі қажет?

«Жанартау» тақырыбының сұрақтары

  • Жанартау дегеніміз не? Оның қандай бөліктері бар?

  • Жанартаудың кәдімгі таудан айырмашылығы қандай?

  • Сөнбеген жанартаудың сөнген жанартаудан айырмашылығы қандай?

  • Қай материктерде жанартау жоқ?

  • Жанартау атқылағанда шығатын заттарды ата?

  • Жанартау құрылықта көп пе, әлде мұхит астында көп пе? Жауабыңды дәлелде.

  • Лагма, магма, мантияның бір -бірінен айырмашылығы қандай?

  • Не себептен жер сілкіну, жанартаудың атқылауы, гейзер барлығы бір жерде кездеседі?

  • Жанартаулық туф, пемзаның пайда болуын қалай түсіндіруге болады? Не себептен оларды шөгінді жыныстармен айырбастап алуға болады?

  • Біздің жерімізде жанартауатқылауы мүмкін бе? Дәлелде.

  • Жанартаудың атқылауының қандай түрін білесіңдер? Олар қалай ажыратылады?

  • Тынық мұхиттың жанартау доғасы аясында орналасқан жанартауға мысал келтіріңіщдер. (Жерорта теңіздік зонд жанартаулық белдеу)

  • Гекла (этна) жанартауының георграфиялық орнын анықта.

«Тау жыныстары» тақырыбына сұрақтар:

  • Тау жыныстарының минералдардан айырмашылығы қандай?

  • Тау жынысмтары пайда болуына байланысты қандай топтарға бөлінеді?

  • Магмалық тау жыныстарының классификациясы (топтастырылуы) жайлы айтып беріңдер. Мысал келтіріңдер.

  • Шөгінді тау жыныстары қандай түрлерге бөлінеді? мысал келтір.

  • Сәйкестігін тауып, оны қалай жұптағандарыңды түсіндіріңдер.


құм мен қиыршық тастың қоспасы

мүйізді жұмыр тау жынысы


Әктас

конгломерат

кварц құмы

құмтас


құм

кварцит


саз

мәрмәр


  • Метаморфоздың та жыныстары қалай пайда болады?

  • Магмалық тау жынысының шөгіндіден қандай қасиеті бойынша ажыратуға болады

  • Жер қыртысында ең көп тараған қандай метал?

  • Сендердің жерлеріңде қандай тау жыныстары өндіріледі? Олар қалай пайда болған?



«Жер бедері» тақырыбына сұрақтар

- Жер бедері дегеніміз не?

- «Тау», жазық терминдеріне анқтама беру.

- Таулардың құрылым туралы айту.

- Таудың төбеден айырмашылығы қандай

- Тау жүйесі, тау аңғары, тау жотасы деген не?

- Орташа (биік немесе аласа) тауларға мысал келтіру.

- Таудың географиялық орнын сипаттау қандай жоспар арқылы беріледі?

- Жазықтар биіктігіне байланысты қандай топтарға бөлінеді?

- Жазықтардың географиялық орнын сипаттау қандай жоспар бойынгша анықталады?

III Ойын қорытындысы.

Ұпайлары саналып, жеңіске жеткен топ хабарланады. Жауаптар бағаланады. Үйге тапсырма. Атмосфера - Ауа туралы мәліметтер дайындау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал