- Учителю
- Дидактические карточки 9 класс на казахском языке
Дидактические карточки 9 класс на казахском языке
№2
Қазақстанның шектесетін мемлекеттерді ата!
а) солтүстікте -
в) оңтүстік және оңтүстік-шығыста -
с) Каспий теңізі бойымен
№3
1.Қазақстанның аумағы мен шекарасы жөнінде статистикалық сипаттама бер.
2.Қазақстанның климатының шұғыл континентті болуы неге әсер етеді?
№1
Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы қандай жоспар бойынша қарастырылады?
1) 2)
3) 4)
№6
1.Қазақстандағы минералды ресурстардың ерекшелігі неде?
2.Табиғат жағдайының шаруашылықты дамытуда әсері қандай?
№5
Қазақстанның табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары
1.Табиғат жағдайы дегеніміз не?
2.Табиғат ресурстарын ата!
№4
1.Экономикалық-географиялық тұрғыдан Қазақстанның артықшылықтары
2.Қазақстан аумағы арқылы өтетін ірі транзиттік жолдардың экономикамыз үшін қандай маңызы бар?
№7
1. Қазақстан қандай пайдалы қазбалар бойынша алда?
2. Жер ресурсының шаруашылықта алатын орны қандай?
№9
1.Қазақстан аумағындағы су қорының жалпы аймақтар бойынша үлесі қанша?
2.Жануарлар дүниесі бойынша сипаттама бер.
№8
1.Су қорының жиналуы неге байланысты?
2. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген өсімдіктер қанша?
№12
1.Картадан Қазақстанның халқының өте сирек және барынша жиі қоныстанған жерін тауып, халықтың әркелкі орналасу себебін түсіндір.
2.Халықтың ұлттық құрамына сипаттама бер!
№11
1.Қазақстан халық санының азаюына әсер еткен факторлар қандай?
2.Механикалық қозғалыс дегеніміз не және оның Қазақстандағы көрсеткіші қандай?
№10
Халқы және халықтың тығыздығы
1.ҚР халық саны 1999 жылғы дерек бойынша қанша?
2.Табиғи өсім дегеніміз не?
№15
1.Елді мекендердін қандай типі бар?
2.Кенттену(урбандалу) дегеніміз не?
№14
Еңбек ресурсы
1.Еңбек ресурстарына түсініктеме бер!
2.Қазақстандағы еңбеккке жарамды адамдардың үлесі қандай?
№13
1.Қазақ халқы қандай тіл семьясына кіреді?
2.Диаспора дегеніміз не?
№18
1.Өндірісті ұйымдастырудың формаларын ата?
2.Еліміздегі өнеркәсібінің ерекшелігі неде?
№17
Қазақстан шаруашылығына жалпы сипаттама
1.Шаруашылық дегенімізді қалай түсінесің?
2.Шаруашылықтың салалық құрылымы қалай топтастырылады?
№16
1.Агломерация дегеніміз не?
2.Республикадағы ең ірі агломерацияларды ата?
№21
1.Елімізде мұнайдың қандай бассейіндері бар?
2.Ең алғаш салынған мұнай өнеркәсібі?
№20
Отын өнеркәсібі
1.Мұнайдан не алынады?
2.Мұнайды өңдеген кездегі газ қалдықтарынан қандай өнім алынады?
№19
1.Қазақстанның өндіруші өнеркәсібінде не басым?
2.Кооперативтендіру дегеніміз не?
№24
1.Қазақстанда электр станцияларының қай түрі көп тараған?
2.Электр станцияларын орналастыру принциптерін анықтама сөздерді пайдалана отырып толтыр.
1)Отын көзіне жақын-----------------
2) Ағыны қатты өзендерге --------------
3) Энергия көзі шектеулі, бірақ электр энергетиясын көп мөлшерде қажет ететін аудандарда ------------------
4) Ірі қалалардың маңында --------------
Анықтамалық сөздер: СЭС;МАЭС; АЭС; ЖЭО
№23
1.Қарағанды аумағындағы көмірді алғаш рет тапқан кім?
2.Қандай көмір бассейіндерін білесіңдер?
№22
1.Қазақстандағы газды игеруге қандай шетелдік компаниялар қатысуда?
2.Кокс қандай отын түрі?
№25
1.Электр станция-ның қай түрін пайд-да экол-қ проблема туындайды? Анықтама сөздерді пайдалана отырып, дұрыс жауабын таңда.
1)атмосфераның ластануы -------- 2) жылу баланысының бұзылуы ----------
3)балық байлығының қысқаруы ------ 4) жерді су басу ---------
5) радиактивті ластану қауіптілігі ------ 6)топырақтың сортаңдануы -----
7) топырақтың ауруы ---- Анықтама сөздер: ЖЭС; СЭС; АЭС; ТЭС
№27
1.Поллиметалл кендері қайда кездеседі?
2.Алтын өндірудің ірі кен орындары
№26
Металлургия кешені. Түсті металлургия
1.Түсті металдарды физикалық қасиеттеріне және пайдалануына қарай қандай топтарға бөлеміз?
2.Мыс кенінің кен орындарын ата?
№29
Қара металлургия
1.Қара металлургияның орналасуына әсер ететін ерекшеліктері қандай?
2.Темір ке орындарын ата?
№31
1.Қазақстандағы қара металлургияның маңызды орталықтары
2.Марганец кенінің кен орындарын ата?
№28
-
Түсті металлургия кешенінің орналастыру принциптері қанндай?
-
Алюминий зауыты неліктен Павлодарда салынған?