- Учителю
- 'Масштаб, қашықтықты өлшеу' қысқа мерзімді жоспар 6-сынып
'Масштаб, қашықтықты өлшеу' қысқа мерзімді жоспар 6-сынып
Күні:
Сыныбы: 6
Пәні: География.
№6
1.Сабақтың тақырыбы: Масштаб, қашықтықты өлшеу.
2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Оқушылар масштабтың маңызы,түрлері жайлы мәліметтерді оқып-үйрену.
3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: жеке жұмыс,топтық жұмыс.
4.Сабақтың нәтижесі: Білу: Масштаб,оның түрлері жайлы біледі.
Түсіну: Жердің,карта үшін маңызыды екенін түсінді.
Қолдану: Екі нүктенің арақашықтығын анықтағанда,есептер шығарғанда қолдана біледі.
Талдау: Белгілі бір жерді планға ,карталардың ұзындықтарын анықтағанда ажыратып ,талдай алады.
5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: Белгіленген критерий бойынша бағалау.
6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.
7.Реурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, постер,суреттер.
Сабақ барысы
Уа-қыт
Бөлім
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушылар іс-әрекеті
5 мин
Кіріспе
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды
2.Үй тапсырмасын сұрау
Жер беті бейнесінің түрлері.
Үй тапсырмасын сұрауда саусақпен бағалауды жүзеге асырамын.
1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.
10 мин
Тұсаукеср
1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. 2.Ортақ жұптық жұмыс. Тақырып айқындағаннан кейін осы тақырып туралы не білетінін жұппен анықтайды, табиғат құбылыстарының күрделікті өмірде алатын маңызы туралы жазып алуға тапсырма беріледі.
1.Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.
2.Дәптерге Жер туралы қысқаша мәліметтерді жазып алады.
25
мин
Негізгі
бөлім
1.Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен танысуға тапсырма береді. Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс: Оқушылар топқа бөліне отырып Масштаб тақырыбы бойынша сандық,атаулық,сызықтақ масштабтарды анықтауға тапсырмалар алады. Тақырыптар бойынша постер жасап қорғайды.
2. Есептер шығару.
Үш топқа есептер беріледі.
1.А және Б қаласының ұзындағын анықтау
2. Екі нүктенің ұзындығы берілген,оның масштабын анықтау.
3.Екі нүктенің масштабы берілген ,онық ұзындығын анықтау.
3.Картамен жұптық жұмыс:
-Масштабтың маңызы қандай?
-Атаулық масштаблы сандық масштабқа қалай айналдырамыз?
-Масштабтың қандай түрлері бар?
1.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтып қорытындылайды.
2.Жеке жұмыс: оқушылар жаңа ұғымдар мен терминдерді анықтайды.
Мысалы: Масштаб.
3. Оқушылар жұптасып атлас немесе карта пайдалана отырып, масштабты нақтайды және картадан анықтап ажыратады.
5
мин
Қорытынды
1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.
2.Үйге тап-ма: 3 деңгейлік тапсырма түрінде беріледі.
1) А деңгей: §6оқу
2)В деңгей: Картадан екі нүктенің арақашықтығын және масштабын анықтау.
3) С деңгей: Бес есеп құрастыру.
Б
Б
Ү
Қосымша есептер.
№1 есеп.
500 мқашықтықты қағаз бетіне түсіргенде 5 см ұзындықпен түсіргендегі масштаб.
Шешуі:500м=50000 /5=10000 яғни 1см-де 100 м
Жауабы:1см-де 100 м
Сандық масштабпен жаз.
1 см-де 500 м
Шешуі: 500м-де50000см яғни 1:50000
Жауабы.1:50000
№2есеп
А нүктесі мен В нүктесінің арақашықтығы 7 см.Картаның масштабын анықтаңыз.
Табу керек М-?
Шешуі: М=Д/С=525/7=75 шқ
Жауабы:М=1:7500000