- Учителю
- Ашық сабақ 'Литосфералық тақталар туралы ұғым' 6 сынып
Ашық сабақ 'Литосфералық тақталар туралы ұғым' 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Литосфералық тақталар туралы ұғым.
Сабақтың мақсаты: Литосфералық тақталар, олардың жылжуы және жер бедеріне тигізетін әсерін түсіндіріп, географиялық ой-өрісін дамыту.
Оқушыларды ұқыптылыққа,дәлдікке, іздемпаздыққа, топпен жұмыс жасауға баулу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақт әдісі: Топтастыру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Карта, слайд, кестелер, суреттер, интернет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Сәлемдесу, сыныпты түгендеу, оқу құралдарын және сынып тазалығын тексеріп, сыныпты 3 топқа бөлу.
ІІ. Ұй тапсырмасын тексеру:
Атмосфера, гидрофера, биосфера кабаттары бойынша 3 топқа бөліп тапсырма беріледі. Топ мүшелері ақылдаса постерге білгендерін сурет, кесте, схема ретінде толтырады. Топ басшысына бағалау парағы беріледі.
Қосымша литосфера, жердің ішкі құрылысы бойынша сұрақтар, тапсырмалар беріледі.
Жер шарының ішкі құрылысының
қандай қабаты туралы айтып отырғанын анықта.
1. Мантия 2. Жер қыртысы 3. Ядро
а) Жердің ортасына жақын
ә) Қалындығы 5 - 80 км.аралығында
б) Латын тілінен аударғанда «жамылғы»
в) Температура +3800 С
г) Жердің сыртқы қабаты
д) Қалыңдығы 2900 км.
е) Қатты және қоймалжын заттардан тұрады
ж)Материктік және мұхиттық бөліктерден тұрады
з) Темір мен никельден тұрады
Оқушылар кезектесіп постерлерін қорғайды. Қосымша сұрақтар қояды.
ІІІ Жаңа сабақ.
Соңғы кезде ғалымдардың арасында Жер қыртысы орасан зор қатты тақталардан тұрады деген пікір кеңінен таралған.
Литосфералық тақталар мантияның беткі қабатымен баяу жылжып, орнын ауыстырады. Жылына 2-5 см жылдамдықпен жылжиды.
Тақталар бір жерлерде бірінен бірі алшақтайды, екінші бір жерлерде өзара түйіседі.
Литосфералық тақталардың жылжуы туралы сурет бойынша түсіндіру.
Жер қыртысының жарық ажыратқан бөліктері жарықтан жан-жаққа бытырап жылжи бастайды. Соның нәтижесінде жарықтың екі жағын ала су асты жоталары түзіледі. Оларды мұхит ортасы жоталары деп атайды.
( картадан көрсету)
Тақталар қақтығысқан жерде магмалық ауыр жыныстардан тұратын мұхиттық қабық көбінесе шөгінділерден құрылған материктік жеңіл қабықтың астына енеді.
Мысалы: Оңтүстік Америка мен Наска литосфералық плиталардың соқтығысу нәтижесінде Анд таулары пайда болды, Еуразия тақтасы мен Тынық мұхиты тақтасы арасында Курил аралдары мен Курил науасы пайда болды.
Еаразия тақтасы мен Үнді-Аустралия тақтасы соқтығысқан жерінде Жер шарындағы биік Гималай таулары пайда болды.
( слайд «Таулар»)
Жер қартысының тақталары көлденең бағытта жылжуымен қатар, жоғары төмен бағытта да қозғалып тұрады. Осыған байланысты бұрын пайда болған таулар биіртейді, материктің жеке бөліктері шөгеді.
Интернет желісін пайдаланып аталған тауларды көрсету.
ІҮ Жаңа сабақты бекіту:
1. Литосфералық тақталар дегеніміз не?
2. Жылына қанша см жылжиды?
3. Кордильер, Анд, Гималай тауларын картадан көрсетіп, қандай литосфералық тақталар соқтығысу нәтижесінде пайда болды?
Ү Қорытынды:
Литосфералық тақталардың жылжу салдарынан, олардың соқтығысуынан таулар мен мұхит шұңғымалары пайда болады.
ҮІ Бағалау:
Топ басшыларынан бағалау парағын алып, оқушыларды бағалау.
ҮІІ Үйтапсырмасын беру:
Литосфералық тақталар туралы ұғым.
Кескін картаға Анд, Гималай, Орал, Кордильер тауларын белгілеу.