7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы 'Атмосфера циркуляциясы. Ауа массалары'

Сабақтың тақырыбы 'Атмосфера циркуляциясы. Ауа массалары'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 25/11/12

Сынып: 8 «а»

Тақырыбы: Атмосфераның циркуляциясы. Ауа массалары.

Мақсаттары:

Білімділік. Қазақстан аумағында ауа массаларының қозғалысы туралы білім қалыптастыру. Арктикалық, қоңыржай және тропиктік ауа массалары ерекшеліктері туралы қалыптасқан білімдерін тереңдету. Ауа қысымы мен желдердің Қазақстан аумағында таралу ерекшеліктерін түсіндіру. «Жергілікті желдер» ұғымын қалыптастыруды одан әрі дамыту. Желдердің табиғатқа және шаруашылыққа тигізетін әсерлері. Қазақстан аумағында ауа температурасының таралу ерекшеліктерін түсіндіру. Маусым және биіктік бойынша температураның таралу заңдылықтары туралы білімдерін тереңдету.

Дамытушылық. Климат картасымен картасы арқылы ауа массаларының, желдердің қозғалыстырына және ауа температурасының таралуына сипаттама беру арқылы картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Климаттық карталармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды одан әрі дамыту.

Тәрбиелік. Отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиетін арттыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, климаттық картасы, Павлодар облысының физикалық картасы

Негізгі ұғымдар: атмосфералық циркуляция, ауа массалары, атмосфералық қысым, жергілікті желдер, температураның тәуліктік және жылдық өзгерістері, изотерма

Номенклатура: Ебі, Сайқан, Шілік, Арыстанды-Қарабас, Қордай, Мұғалжар желдері.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

(10+1-2 мин)

Ең алдымен кескін карталарын тексереді. «Күн радиациясы» ұғымын бекіту үшін мынадай сұрақтар мен тапсырамалар береді:

1) Негізгі климат қалыптастырушы факторларды атаңдар.

2) Күн радиациясы дегеніміз не?

3) Күн радиациясының қандай түрлерін білесіңдер?

4) Картадан Қазақстан аумағында жиынтық күн радиациясының таралуын анықтап, оның әр түрлі болу себебін түсіндіріңдер.

Кескін карталарын мұғалімге тексертеді. Сұрақтарға жауаптары:

1) Күн радиациясы, атмосфера циркуляциясы, төсеніш беті

2) Күн радиациясы дегеніміз - Күннен шығатын сәулелі қуат.

3) Күн радиациясының түрлері - тура, шашыранды, жиынтық, жұтылған, шағылысқан

4) Жиынтық күн радиациясы солтүстіктен оңтүстікке қарай артады. Бұл оның қоңыржай ендігінің оңтүстігіне қарай орналасуына байланысты болатын құбылыс.

3. Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі

1) Ауа массасы дегеніміз не?

2) Ауаның қысымы дегеніміз не?

3) Жер бетінде температураның жылдық өзгерісіне қандай факторлар әсер етеді?

4) Бір тәулік ішінде температура қандай себептерге байланысты өзгереді?

5) Биіктеген сайын ауа температурасы қалай өзгереді? Оның себебі неде?

1) Өзіне тән қасиеттері бар: температурасы, ылғал мөлшері бар үлкен ауа көлемін ауа массаслары дейміз.

2) Ауаның қысымы дегеніміз ауаның жер бетіне түсіретін салмағы.

3) Жыл мезгілдерінің өзгеруіне байланысты, яғни Жердің Күнді айнала қозғалуына байланысты жыл бойында температураның таралуы өзгереді.

4) Күн мен түннің ауысуына байланысты, яғни Жердің өз білігінен айналуы әсер етеді.

5) Биіктеген сайын ауа температурасы төмендейді. Күн сәулелері ауадан кідіріссіз өтіп, оны тікелей қыздырмайды. Ең алдымен жер беті жылынып, содан кейін ауаға тарайды.

3. Жаңа мате-риалды меңгеру кезеңі.

Жаңа тақырыпты келесі жоспар бойынша меңгереді:

1.Атмосфераның циркуляциясы. Ауа массалары.

2. Ауаның қысымы

Мұғалім жоспардың әр бөліміне қысқаша сипаттама жасап, қалғанын оқушыларға өздері сипаттайтындай тапсырмалар мен сұрақтар беру арқылы меңгертеді.

Тақырыпты меңгеру үшін оқулық мәтінімен және климат картасымен жұмыс істейді. Оқушылардың жоспар бойынша орындайтын жұмыстары:

1. Мұғаліммен бірге талқылай отырып, атмосфераның төменгі бөлігі тропосферада ауа ағындарының болатындығы мен оның әрдайым қозғалыста, сипаты бойынша әр түрлі болатынын анықтайды. Кейін Қазақстан аумағына әсер ететін ауа массаларының типтерін анықтайды: олар үшеу - арктикалық, қоңыржай (полярлық) және тропиктік.

2. Қысымның таралуына сипаттама береді: Қазақстан аумағында қысым біркелкі таралмаған, мұнда қысымның маусымдық өзгеруі байқалады. Оған Сібір антициклоны мен оның о-б тармағы - Воейков белдеуі, Азор антициклонының шығыс тармағы әсерін тигізеді. Кейін республиканың әр жеріндегі қысымның мөлшерін қарастыра келе, оның таралу ерекшелігіне тоқталып кетеді.

4. Жаңа тақырыпты бекіту

Жаңа тақырыпты бекіту ретінде: Кестені толтыру тапсырмасын береді


Ауа массаларын кітап мәтінің пайдалана отырып, түсіну.

5. Сабақты қорытындылау

Сабақты қорытындылау сұрақтары: 1. Қазақстан жеріне қандай ауа массалары әсер ететді? 2. Қазақстан жерінде ауа циркуляциясы неге байланыты?

Оқушылардың жауаптары: 1. Арктикалық, қоңыржай, тропиктік ауа массалары

2. Атмосфера циркуляциясы дегеніміз не?

6. Бағалау кезеңі

Сабақ барысында белсенді қатысып отырған және картамен жұмыс істеген оқушылар бағаланады.

Алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады. Ескертулері немесе келіспеушіліктері болса, мұғалімге айтады.

7. Үйге тапсырма беру

Тапсырмаларын аяқтамаған жағдайда оларды соңына дейін аяқтау. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тпасырмаларды орындау

Күнделіктеріне үй тапсырамасын жазып алады.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал