7


Viola altika 6 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала




Viola altaica алтай шегіргүлі сабағының анатомиялық - морфологиялық құрылысы




6 секция - биология, химия, экология, география;


Орындаған: Челышева Рената, 6 «А» сыныбы,

Ленин атындағы орта мектебі

Катонқарағай ауылы

Катонқарағай ауданы

Шығыс Қазақстан облысы


Ғылыми жетекшісі: Габдуллина Алия Уланбековна

ҒЭМА бөлімінің бастығы

Катонқарағай Мемлекеттік

Ұлттық Табиғи Паркі

Жетекшісі: Мергазина Анар Ерлановна

География пәнінің мұғалімі,

Бердибеков Адил Бердибекулы

биология пәнінің мұғалімі.






2014 жыл

Кіріспе

Шығыс Қазақстан өсімдіктер әлемі өзінің құндылығы мен әртүрлілігімен ерекшеленеді. Оның территориясында өсімдіктердің 3500-ге жуық түрі бар және ол өсімдіктерді зерттеу жұмысы толығымен аяқталмаған. Алтай шегіргүлі - солардың бірі. Бұл әдемі гүл облысымыздағы мемлекет қарамағындағы тамаша жерлердің бірі - Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде өседі. Бұл өсімдікті зерттеу жұмысы кездейсоқ таңдалмаған. 2012 жылдың қыркүйегінде Қаракөл (Язовое) көліне барған кезде (сурет 1), біз гүлдеп тұрған өсімдікті байқадық. Бұл өсімдіктің бірнеше данасын жинап алып, біз Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылыми қызметкерлерінен кеңес сұрадық. Олар қыркүйек айының соңында 1600 м биіктіктен жоғары орын алған бұл құбылыс аномальды екенін мәлімдеді.


Сурет 1. Қаракөл (Язовое) көлі


Сол кезде бізде нормалы және аномальды гүлденген өсімдіктердің айырмашылығы туралы болжам пайда болды. Ол айырмашылықты біз анатомиялық - морфологиялық құрылысты зерттеу арқылы анықтауды ұйғардық.

Сол себептен, бұл жұмыстың міндеті Viola altaica Алтай шегіргүлі сабағының анатомиялық - морфологиялық құрылысын зерттеу болып табылады.

Жұмыстың мақсаты: 1) зерттелетін материалды жинау; 2) микроскопиялық препараттарды дайындау және зерттеу; 3) алынған мәліметтерді сипаттау және қорытындылау.


Негізгі бөлім

Алтай шегіргүлі - жерасты өркені қысқарған альпі өсімдігі. Жапырағы сопақша - жұмыртқа тәрізді, эллипсоидті болып келеді. Гүлдері сары және көк - күлгін түсті ірі, диаметрі 4 см-ге дейін жетеді. Биіктігі 5-15 см болатын көпжылдық өсімдік (сурет 2). Алтай шегіргүлі Алтайда, Іле Алатауында, Жоңғар Алатауында, Күнгей жотасы, Тастау жотасы т.б жерлерде кездеседі.

Сабақтың өсімдіктер өмірінде алатын орны үлкен. Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек. Сабақтың қызметі: 1) сабаққа - бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді; 2) қоректік заттар сабақ арқылы қозғалады; 3) органикалық заттар қорға жиналады; 4) көбеюге қатысады.


Сурет 2. Алтай шегіргүлі Viola altaica

Зерттеу материалы мен әдістері

Материалды жинау және зерттеу арнайы әдістеме арқылы жүргізіледі. Материалды анықтауда Орталық сібір ботаникалық бағының аға ғылыми қызметкері б.ғ.к Артемов И.А. кеңес берді. Алтай шегіргүлінің бөліктері Яковлева фиксаторында (70 % этил спирті) фиксаждалды. Уақытша препараттар Катонқарағай МҰТП-де ғылым бөлімі негізінде дайындалып, зерттелді. Кесіндіні (срез) дайындау үшін қауіпсіз ұстара, заттық шынылар, препаровальды инелер, қысқыш қолданылды (сурет 3).


Сурет 3. Материалдар


Препараттар Motic. микроскопы арқылы зерттелді. Фотосуреттер микроскопта орналасқан сандық фотокамера көмегімен түсіріліп, дербес компьютерде өңделіп, HP Color Laser Jet 1600 лазерлі принтерінде басып шығарылды (сурет 4).

Сурет 4. Препараттарды бақылау кезеңі




Эксперименттік бөлімі Негізгі және гүлденген сабақтар 70% этил спиртінде өңделді. Сабақ бөліктері фиксатордан алынып, ұстарамен кесілді. Алынған уақытша препараттар микроскоп астында қаралды. Ең үздік жасалған препараттар таңдалынып, суретке түсірілді (сурет 5).


Сурет 5. Кесінді жасау үстінде

Алынған суреттерде Алтай шегіргүлінің негізгі және гүлденген сабағының анатомиялық құрылысы көрінеді.

Жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау

Зерттеу жұмысын жүргізу кезінде алтай шегіргүлінің негізгі және гүлденген сабағының уақытша препараттары бақыланды. Гүлденген сабақ 4 қырлы формалы болып келеді (сурет 6).

Сурет 6. Сабақтың ішкі көрінісі


Сырты жабындық ұлпа - қабықпен қапталған. Оның астында механикалық (тірек) ұлпа орналасқан. Одан кейін фотосиетездеуші ұлпаны да байқауға болады. Бұрыштарында өткізгіш ұлпа - флоэма (органикалық заттарды жапырақтырдан тамырына өткізеді) және ксилемадан (тамырдан еріген тұздары бар суды өсімдіктің басқа мүшелеріне таратады) тұратын өткізгіш шоқтары анық көрінеді. Гүлденген сабақ орталары қуыс болады және ол қуыстың шеттерінде дөңгелек паренхималық жасушалар орналасқан (сурет 7, 8 ).


өткізгіш шоқ

қабық

механикалық ұлпа

фотосинтездеуші ұлпа

Сурет 7. Сабақтың анатомиялық құрылысы


ксилема



флоэма



Сурет 8. Өткізгіш шоқ

Қорытынды

Жүргізілген зерттеу бойынша келесідей қорытынды шығаруға болады:

1. КҚМҰТП кітапханасындағы әдебиеттер мен ғаламторға шолу жасап, біз алтай шегіргүлі сабағының анатомиялық - морфологиялық құрылысын зерттеу жұмыстары жайлы мәліметтер таба алмадық.

2. Алтай шегіргүлі сабағының анатомиялық - морфологиялық құрылысын зерттеу жұмысы жалпы Шығыс Қазақстанда, соның ішінде, Катонқарағай ұлттық паркінде өсімдіктер әлемін зерттеуде маңызды роль атқарады.

3. Алтай шегіргүлінің биіктігі 5-тен 15 см-ге дейін жетеді, гүлденген сабағы төрт қырлы формалы.

4. Сабақтың анатомиялық құрылысын жабындық ұлпа (қабық), механикалық (тірек) ұлпа, фотосинтездеуші және өткізгіш ұлпалар құрайды.

5. Алтай шегіргүлі - балды және сәндік өсімдік.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Жүнісқызы К., Әлімқұлов Р., Жұмағұлова Қ. «Биология» 6 сынып Алматы «Атамұра» 2006;

  2. Артемов И.А., Королюк А.Ю., Королюк Е.А. и т.д. «Биология» 6 класс Новосибирск, 2002.

3. «Флора Казахстана» 6 том.Под редакцией академика Н.В.Павлова.Алма-Ата 1963.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал