7


  • Учителю
  • Күнтізбелік жоспар география 6-сынып

Күнтізбелік жоспар география 6-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ГЕОГРАФИЯ

6-сынып

(барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан)



Сағат

саны

Өтілу мерзімі

Ескерту

Кіріспе (3 сағат)

1

Физикалық география нені оқытады, Жер туралы географиялық білімнің дамуы.

1





2

Саяхатшылар жəне зерттеушілер

1





3

Табиғат құбылыстарының бақылауды ұйымдастыру

1





Жер бетінің жазықтықта бейнеленуі. План және карта (16 сағат)

1-тақырып. Жер - Күн жүйесінің теңдессіз ғаламшары (1 сағат)

4

Жердің Күн жүйесіндегі орны, Жердің пішіні мен мөлшерлері

1





2-тақырып. Жергілікті жердің планы (7 сағат)

5

Жер беті бейнесінің түрлері

1





6

Масштаб, қашықтықты өлшеу

1





7

Азимут туралы түсінік, жергілікті жерде және план бойынша бағдарлау

1





8

Жер беті элементтерінің планда бейнеленуі

1





9

Жергіліті жердің планын, топографиялық карталарды, сызбанұсқаларды оқу

1





10

Жергілікті жердің планын түсіру, негізгі тәсілдер мен іс-әрекеттер

1





11

№1 практикалық жұмыс «Жергілікті жердің планын түсіру»

1





Географиялық карта (8 сағат)

12

Глобус - Жердің моделі

1





13

Географиялық карталар, олардың жіктелуі

1





14

Глобустағы жəне географиялық картадағы градус торы, географиялық ендік, географиялық бойлық

1





15

Географиялық координаталар ұғымы жəне координатты анықтау

1





16

№2 практикалық жұмыс «Бағыттарды, географиялық координатарды анықтау»

1





17

Географиялық карталарда биіктіктер мен тереңдіктердің бейнеленуі

1





18

Пландар мен карталардың маңызы, ғаламдық Глонасс, GPS жəне Galileo навигация жүйелерімен танысу

1





19

Қорытындылау

1





Жердің қабықтары (37 сағат)

1-тақырып. Литосфера және жер қыртысы (9 сағат)

20

Жердің құрылысы

1





21

Тау жыныстары және минералдардың жіктелуі

1





22

Литосфералық плиталар (тақталар) туралы ұғым

1





23

Жер қыртысың қозғалысы

1





24

Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер

1





25

Құрлықтағы таулар, олардың жіктелуі

1





26

Құрлықтағы жазықтар, олардың жіктелуі

1





27

Мұхит түбінің жер бедері

1





28

Жер бетін шаруашылық мақсатта пайдаланылуы және оны қорғау. №3 практикалық жұмыс «картадағы ірі таулар мен жазықтардың географиялық орны мен биіктігін, жекелеген нысандардың биіктігі мен географиялық координаттарын анықтау»

1





2-тақырып. Гидросфера (10 сағат)

29

Гидросфера. Дүниежүзілік мұхит суының қасиеттері

1





30

Мұхит суының қозғалыстары

І жартыжылдық бақылау жұмысы

1





31

Мұхит ағыстары

1





32

Мұхиттар мен теңіздердің адам өміріндегі маңызы. Мұхиттар мен теңіздерді қорғау

1





33

Өзендер

1





34

Көлдер

1





35

Жер асты сулары

1





36

Мұздықтар

1





37

Жер беті суларын тиімді пайдалану және қорғау

1





38

№4 практикалық жұмыс «Бір су нысанына сипаттама беру»

1





3-тақырып. Атмосфера (14 сағат)

39

Атмосфераның құрамы және құрылысы

1





40

Атмосфераны зерттеу

1





41

Атмосфераның маңызы. Атмосфераны қорғау

1





42

Атмосфералық қысым

1





43

Ауаның температурасы

1





44

Ауадағы су буы

1





45

Тұман және бұлт

1





46

Атмосфералық жауын-шашын

1





47

Жел

1





48

Ауа райы

1





49

Жердің Күнді анала қозғалысының Жер бетіне жарық пен жылудың таралуына әсері. Жылу белдеулері

1





50

Климат

1





51

Жердің климаттық белдеулері

1





52

№5 практикалық жұмыс «Өз өлкесінің ауа райы жайлы материалдарды өңдеу және талдау»

1





4-тақырып. Биосфера (4 сағат)

53

Биосфера туралы ұғым

1





54

Тірі организмдердің алуан түрлілігі және олардың таралу заңдылықтары

1





55

Тірі ағзалардың Жер қабатына әсері

1





56

Топырақ - биосфераның іргетасы

1





Географялық қабық (37 сағат)

1-тақырып. Географиялық қабық - жердің ерекше кешенді қабығы (4 сағат)

57

Географиялық қабық - Жердің ерекше кешенді қабығы.

1





58

Экзаторлық, субэкваторлық, тропиктік және субтропиктік белдеулер

1





59

Қоңыржай, субполярлық, полярлық белдеулер. Биіктік белдеулер

1





60

№6 практикалық жұмыс «Өз өлкеңнің табиғат зонасына сипаттама беру»

1





1-тақырып. «Жердің қабқтары» бөлімін қайталау (1 сағат)

61

Жер табиғатындағы ғаламдық өзгерістер

1





Жер бетіндегі адамзат (5 сағат)

62

Жердің халқы, саны, тығыздығы, демографиялық саясат

1





63

Нәсілдер, нәсілдердің теңдігі, халықтар, Н.Н.Миклухо-Маклайдың зерттеуі

1





64

Елді мекендер, олардың картада бейнеленуі

1





65

Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер. №7 практикалық жұмыс «Берілген координаттар бойынша кескін картаға мемлекеттерді және олардың астаналарын түсіру»

1





66

Қазақстан дүние жүзі картасында

ІІ жартыжылдық бақылау жұмысы

1





Курсты қорытындылау (2 сағат)

67

Туған өлкенің табиғат кешеніне саяхат







68

Қорытынды жұмыстардың презентациясы



















Түсінік хат

6 сынып



  1. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты - 2012. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03.04.2013 ж. №115 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН және ЕНГІЗІЛГЕН.

  2. 5-9 сыныптарына арналған оқу бағдарламасы - Астана, 2013. ҚР Білім және ғылым Министрінің 03.04.2013 ж. № 115 бұйрығымен бекітілген. Ы.Алтынсарин атындағыҰлттық білім беру академиясы, 2013.

  3. «2016-2017 оқу жылына білім беру туралы» әдістемелік нұсқау хаты



География пəнін оқытудың мақсаты оқушылардың бойында ғылыми- жаратылыстану білімдерін, табиғат, қоғам жəне экономиканың жүйелі байланысы жайлы, саналы бірлестігі бар ғажайып ғаламшар ретіндегі Жер туралы түсініктері пен көзқарастарын дамыту.

Пəнге оқытудың міндеттері:

1) география ғылымы жəне Жер туралы серіктес ғылымдардың негізін меңгеру, табиғатқа, оның дамуына, табиғаттың, қоғамның жəне экономиканың байланысына диалектикалық-материалистік көзқарастың қалыптасуы;

2) табиғат ресурстарын үнемді де тиімді пайдалануға жəне қоршаған ортаны қорғауға, табиғи жəне экологиялық жағдайды бағалау мен болжауға қажетті білім мен біліктілікті меңгеру;

3) қазіргі дүниежүзілік дамудың негізгі бағыттарымен, экономиканың жəне қоғамның дамуы барысында туындайтын жеке бір аймақты, сол сияқты барлық дүние жүзін қамтитын проблемаларды жəне сұрақтарды оқып-білу;

4) оқу еңбегіне қажетті біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру, зерттеушілікке құштарлықты, зейін жəне байқағыштықты, логикалық ойлауды, есте сақтау қабілетін, сөз шеберлігін жəне көптілділікті, қиялдау, аумақтық бейнені қалыптастыра білу шеберлігін, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдау, өмірге шығармашылық көзқарасын жəне өз білімін арттыруға, дамытуға талпынушылықты қалыптастыру;

5) географиялық, саяси, экономикалық, басқа да ғылыми жəне əдістемелік ақпаратты, карталарды, мерзімді баспасөз басылымдарын, ғаламторды, білім берудің цифрлық ресурстарын қолдана білу дағдыларын дамыту;

6) өз өмірі жəне əрекеті барысында географиялық білімді тиімді пайдалана білуі үшін білім, дағды жəне шеберлікті меңгеру;

7) жоғары отансүйгіштік сезімге, Қазақстан Республикасының Конституциясын сыйлауға тəрбиелеу, белсенді өмірлік көзқарас қалыптастыру.

Бағдарламада берілген барлық практикалық іс-əрекеттер тəжірибелік дағдыларды дамытушы жəне қалыптастырушы болып табылады, міндетті түрде бағаланатын практикалық жұмыстар бөліп көрсетілген.



География пəні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат; практикалық жұмыстар 7, экускурсиялар -1.





6 сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



1) даладағы географиялық зерттеу жұмыстарының негізгі әдістерін;

2) Жердің табиғаты және пішіні жайлы білім мен көзқарастардың өзгеруін, саяхатшылар мен зерттеушілердің қосқан үлесін, саяхаттардың негізгі бағыттарын;

3) қазіргі кездегі географиялық зерттеулерді;

4) қазақстандық ғалымдардың үлесін, қазақстандықтардың жер шарын айналу саяхаттарын және Қазақстан Республикасы Антарктикалық зерттеулерінің басталуы жайлы;

5) Жер, Күн, Күн жүйесі, Ғалам, Жер планетасы және оның ерекшеліктері (пішіні мен мөлшері) жайлы негізгі жаратылыстану ғылыми ұғымдарын;

6) масштаб, жергілікті жердің планы, азимут ұғымдарын, жергілікті жерді қағаз бетіне түсіру әдістерін;

7) мектептің топографиялық картасындағы топографиялық шартты белгілерді;

8) абсолют және салыстырма биіктіктер ұғымдарын;

9) Жер шеңберінің ұзындығын, градус торы сызықтары - меридиандар мен параллельдерді, олардың әр түрлі карталарда бейнеленуіндегі айырмашылықтарды;

10) географиялық координаталар (ендік және бойлық) ұғымдарын;

11) карталардың жіктелуін;

12) литосфера, жер қыртысы, жер бедері және Жер бетінің әртүрлілігі жайлы ұғымдарды;

13) литосфералық плиталар теориясының негізгі ережелерін;

14) материктер мен Мұхит түбі жер бедерінің негізгі пішіндерін;

15) құрлықтағы жазықтар мен таулардың биіктік айырмашылықтарын;

16) жер қыртысы қозғалысының түрлерін;

17) сыртқы және ішкі үдерістердің әсерінен материктер мен мұхиттар жер бедерінің өзгеруін;

18) өз жері жер бедерінің, тау жыныстарының ерекшелігін, адамның шаруашылық әрекетіне әсерін;

19) гидросфера және су нысандары ұғымдарын;

20) гидросфераның құрамдас бөліктері (мұхиттарды, құрлық суларын, атмосферадағы суды, олардың түрлерін);

21) дүниежүзілік су айналымын, оның маңызын;

22) мұхит суы қозғалысының түрлерін;

23) карталар мен жергілікті жердің планында құрлық суын бейнелеудің тәсілдерін;

24) Жер қозғалысының маңызын;

25) жылулық белдеулерін;

26) атмосфера жайлы (температура, жел, ауа массалары, атмосфералық жауын-шашын, ауаның ылғалдылығы, атмосфералық қысым, ауа райы, климат, климат құрушы факторлар ұғымдары мен терминдерін);

27) желдің пайда болу себептері мен оның маңызын;

28) бұлттардың, жауын-шашынның пайда болу себептерін;

29) ауа райы түрлері мен олардың сипатын;

30) жергілікті жер климатының сипатын;

31) ауа райы және климат факторларының адам денсаулығына және шаруашылық әрекетіне тигізетін әсерін;

32) биосфера ұғымын;

33) тірі организмдердің таралу заңдылықтарын;

34) тірі организмдердің литосфераның, гидросфераның, атмосфераның қалыптасуына және дамуына тигізетін әсерін;

35) топырақтың қалыптасуын, оның түрлерін;

36) өз өңірінің табиғат компоненттерін (өсімдіктерін, жануарларын, топырағын);

37) жер табиғатындағы ғаламдық өзгерістерді, проблемаларды шешу үшін елдердің халықаралық ынтымақтастығының қажеттілігін;

38) географиялық қабық, табиғат кешені, географиялық белдеулер және зоналар ұғымдарын;

39) Жердегі ендік және биіктік белдеулері ұғымын;

</ 40) әр түрлі географиялық белдеулерде және зоналарда өмір мен іс-әрекетке қолайлы және қолайсыз жағдайларын;

41) Жер халқының санын және олардың орналасуын;

42) демографиялық саясат ұғымын;

43) негізгі нәсілдерді, ірі халықтарды, Н.Н.Миклухо-Маклай зерттеуінің нәтижесін;

44) елді мекендердің, мемлекеттер мен олардың астаналарының дүние жүзі саяси картасында бейнелену тәсілдерін;

45) өз елді мекенінің шаруашылық әрекеті түрлерін және оның маңызын;

46) курстың номенклатурасын білулері тиіс.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал