- Учителю
- Баскетбол 'Допты екі қадам жасау арқылы шығыршыққа тастау'.
Баскетбол 'Допты екі қадам жасау арқылы шығыршыққа тастау'.
Сабақтың тақырыбы: Баскетбол.Допты екі қадам жасау арқылы шығыршыққа тастау
Сынып: 6
Өтілетін орны: Спортзал
Уақыты Мұғалімнің қызметі.
Мен не істеймін?
Оқушылардың жұмысы. Оқушылар не істейді? Ресурстар
Оқушыларды сапқа тұрғызу
Мәлімдеме тапсыру. Сәлемдесу.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Сабаққа кіріспе (психологиялық дайындық) ойынның ережелерін еске түсіру.
орнында бұрылу
саптық жаттығулар
Жүру, жүгіру қозғалмалы бой жазу жаттығулары
Жалпы дамыту жаттығуларын орындарында жасау
Сыныпты екі топқа бөлемін
Баскетбол ойындағы әдіс-тәсілдерін түсіндіріп және көрсету.
Допты себетке лақтыру
Жаттығуды қайталап орындату.
Баскетбол ойыны тәсілдері қосылған эстафеталық ойының ойнатамын.
Б.Қ келтіру
Сапқа тұрғызу.
Қозғалыс қателіктерін және оны жоюдың жолын түсіндіремін
Оқушыларды бағалаймын. формативтік бағасынан, жиынтық баға қоямын.
Үздік оқушыны жариялаймын
Үйге тапсырма беремін.
Ұйымдастырылған түрде залдан шығармын.
Оқушылар сапқа тұрады.
Мәлімдеме тапсырады. Сәлемдеседі
Сұрақтарға жауап береді. Ойының ережелерін біледі.
Саптық бұрылуларды және сапттық жаттығуларды орындайды
Жаттығуларды орындайды. Ара қашықтықты сақтайды.
Жалпы дамыту жаттығуларын орындарында жасайды
Топқа бөлінеді
Жаттығудың орындалуын көреді,
дұрыс орындайды.
Ойын ережесін есепке ала отырып, берілген тапсырманы орындайды.
Жаттығуды қайталап жасап көреді.
Ережелерді сақтай отырып ойнау.
Оқушылар дем алады. Бастапқы қалыпқа келеді.
Сапқа тұрады.
Түсінеді
Доптар, ысқырық, секундомер
Сабақ тақырыбы: : Баскетбол.Допты екі қадам жасау арқылы шығыршыққа тастау
Сабақ: 2
Уақыты 10.15-11.00
Сынып: 6
Күні:19-қазан
Спорт залы
Басқару жоспары Жоспардың мазмұны
Мен сыныппен қалай амандасамын?
Оқушылыарды жақсы көңіл-күйімен қарсы алу. Сыныппен сәлемдесу, оқушыларды сапқа тұрғызу. Сабақтың мақсаттарымен таныстырамын.
Мен сыныппен жұмысты қалай бастаймын?
Баскетбол ойының ережелерін қайталап, оларды қарату, сұрақтарға жауап беру.
Мен оқушыларды топқа қалай бөлемін?
Мен оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-2-ге санақ жүргізіп 2 топқа бөлемін.
Сыныпта барлығы үшін мақсат бірдей бола ма?
Бәрі бірдей жаттығуларды орындайды, ережелерді біледі, сабақта қолдана алады.
Мен оқушыларды қалай бағалай аламын?
Критерийалды арқылы бағалаймын
Сыныпта тапсырманы барлығынан тез орындайтын балармен не істеймін?
Сыныпта жаттығуларды тез орындайтын оқушыларға күрделі жаттығулар беремін.
Менің мақсатым:
ережелерді ойында дұрыс қолдану Мақсаты: Допты себетке лақтыру әдіс-тәсілін үйрету.
Көзбен мөлшерлей білуге, дәлдікке, тиянақтылыққа, алғырлыққа баулу.
Оқушылар нені біледі?
Баскетбол ойының ережесін біледі, бүгінгі сабақта оларды ойында дұрыс қолдану.
Сабақ соңында оқушылар нені біледі және нені жасай алады?
Допты алаңның әр жерінен себетке лақтыруды, айып добын орындауды, қозғалыста допты себетке лақтыруды біледі. Жаттығуды жасай алады.
Мен сабақ сәтті өткендігін қалай білемін?
Оқушылардың көңіл-күйіне және сабаққа қатысуларына қарай. Сабақ туралы ойларын айтқанда сабақ қалай өткендігін білемін.
Осы тақырыпта қандай тұжырымдылық қиындықтар болады?
Кейбір кезде ережені сақтамау.
Оқушылар сабақта белсенді қатысып жатқандығына қалай көз жеткіземін?
Топтық жұмыста әр баланың жаттығуларды қалай орындап жатқандығына қарай отырып, өз ойымды түйіндеймін.
Келесі қандай жұмыстарды оқушыларға беремін?
Жаттығуларды тағы да қайталау.