7


  • Учителю
  • Внеурочная урок «Бақытым да, байлығым да - денсаулық» атты отбасылық сайыс

Внеурочная урок «Бақытым да, байлығым да - денсаулық» атты отбасылық сайыс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Новый орта мектебі













Өткізгендер: Қусайнова Айнұр

Кенжебекова Жанерке













Ақтөбе - 2016 жыл

Тақырыбы: «Бақытым да, байлығым да - денсаулық» атты отбасылық сайыс.

Мақсаты: оқушылар мен ата - аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Өткізілген күні: 16.02.2016 жыл

Барысы:

1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар қауымы! Бүгінгі «Бақытым да , байлығым да - денсаулық» атты «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші: «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің 1 сынып оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата - аналарының арасында өткізілгелі отыр.

Сайысымызды бастамас бұрын, алғы сөзді мектеп директоры Кисикова Ақгүл Мырзабекқызына береміз

1- жүргізуші Ал, қазір ортаға Новый орта мектебінің сынып оқушыларын спорттық биімен ортаға шақырамыз!



1 - жүргізуші:

Денсаулық - ол шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық - ол тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық - ол күлуің

Көңіл - күйің жадырай.

Денсаулық - ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай.



2 - жүргізуші:

Әр таңды бақытпенен атырамыз

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға

Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң

Отбасыларымызды шақырамыз.

1. Аязбаевтар отбасын

2 .Успановтар отбасын

3. Қасымовтар отбасын

4. Жақсылықоавтар отбасын ортаға шақырамыз



1 - жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын, біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1. Мектеп директоры Кисикова Ақүл Мырзабекқызы

2. Дене шынықтыру пән мұғалімі Кулов Мұрат Ахметович

3. Директордың орынбасары Есетова Мейрамгул Орынбасаровна

Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.



1 - жүргізуші:

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Күшімізді көрсетейік, сынайық!

Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,

Қаймықпай, көңілді болып тарайық!

2 - жүргізуші:

Бүгінгі спорттық сайыс 8 кезеңнен тұрады.

1. Таныстыру.

2. Желаяқтар сайысы

3. Кім жылдам?

4. Паравоздар

5.Алма жинау

6. Қара жорға би қимылдарын жасау

7. Доптарды алмастыру сайысы

8. Шеңберден шеңберге секіру сайыстары .

1 - жүргізуші:

Сайысқа арнайы 4 отбасы қатысады.

Өнер қуып отбасы өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген топтар кезектесіп.

Таныстырып өздерін кетер дейміз.

1- тапсырма отбасымен таныстыру

Ал, енді І «Таныстыру» кезеңін бастайық!

(топтың атауы, эмблемасы, ұраны)

«_____» тобы ортаға шығады.

Тобының атауы, эмблемасы,ұраны: __________!

«_______» тобы ортаға шығады

Топтың атауы, эмблемасы, ұраны:_______!

«_______» тобы ортаға шығады

Топтың атауы, эмблемасы,ұраны: ________!

«_____» тобы ортаға шығады.

Тобының атауы, эмблемасы, ұраны: __________!

«_______» тобы ортаға шығады

Топтың атауы, эмблемасы, ұраны:_______!



2 - тапсырма

Желаяқтар сайысы

(әкесі, анасы, баласы қолдарына таяқша ұстап, кезектесіп кедергілер арасымен жүгіру)



3 - тапсырма

Кім жылдам?

(анасы допты жерге ұрып, әкесіне алып барады. Әкесі допты алып, шеңберге түсіру қажет /түсіргенге дейін тұрады/. Түсірген соң, анасы допты алып баласына жүгіріп алып барады. Баласы да допты әкесіне алып келеді.)



4 - тапсырма

Паравоздар сайысы

(әкесі кедергілер арасымен жүгіріп келіп, анасының сол қолынан ұстап бірге жүгіріп келіп,баласын дәл солай қосып алып бірге жүгіреді )



5 - тапсырма

Алма жинау

(кедергілер арасымен өтіп,үстеріне киген киімдерінің түстеріне сәйкес алмаларды жинау)



Әділқазылар шешімі дайын болғанша ортаға Онайбергенов Абайды «Сен ғана» әнімен ортаға шақырамыз





6 - тапсырма

Қара жорға би қимылдарын көрсету

Мұғалімге қарап тұрып орындау

7 - тапсырма

Доптарды алмастыру сайысы

8 - тапсырма

Шеңберден шеңберге секіру сайысы





Барлық отбасыларға көп-көп рахметімізді айтамыз. Әділ - қазылар шешімі дайын болғанша ортаға сынып оқушысы _________________________________________

" " әнімен ортаға шақырамыз!

2- жүргізуші

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Бұл сайыстан ренжімей

Тараса бізге жарады -

демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтау сөзі әділқазыларға беріледі.

(Әділқазылар алқасы марапаттау рәсімін өткізеді)

1 - жүргізуші: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында.Осымен «Толағай» отбасылар сайысы тәмамдалады. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп - көп рахмет!

2 - жүргізуші: Бүгін алтын уақыттарынызды қиып, "Бақытым да, байлығым да - денсаулық" атты «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал