- Учителю
- Урок на тему: 'Допты төменнен қабылдау әдісін орындау' (11 класс)
Урок на тему: 'Допты төменнен қабылдау әдісін орындау' (11 класс)
Тақырыбы: Допты төменнен қабылдау әдісін орындау
Мақсаты:
Оқушылар арасында волейбол ойынын дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру.
1.Дамытушылық: Оқушыларға волейбол ойынында допты төменнен және жоғарыдан қабылдау әдісін толық меңгерту, үйрету арқылы волейбол ойынына деген қызығушылықтарын арттыру.
2.Танымдылық: Оқушылардың қимыл-қозғалыс әрекетін қалыптастыру, дамыту.
3.Тәрбиелелік: Оқушыларды ептілікке, шапшаңдыққа, тазалыққа, инабаттылыққа, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Доп, көрнекі суреттер.
Өтетін орын: Спорт зал
І.Ұйымдастыру бөлімі: 2 минут
1.Сапқа тұру-1 минут
2.Мәлімдеме қабылдау, түгендеу-1 минут
3.Даярлық бөлімі: 13 минут
4.Саптық жаттығулар орындау
5. Алаңда жәй жүру және жүгіру жаттығулары арқылы денені қыздыратын жаттығулар жасау-5 минут.
6.Орындарында орындалатын әр түрлі гимнастикалық жаттығулар орындау 5 минут.
7.Үй тапсырмасын барлық оқушыға көрсету арқылы, допты үстінен қабылдау жаттығуларын жасау-2 минут.
ІІ.Негізгі бөлімі: 20-25 минут
1.Сапқа тұру-1 минут
2.Жаңа сабақты түсіндіру, тақырыппен, мақсатымен таныстырып өту-2 минут.
3.Көрнекілік суреттер арқылы түсіндіру практикалық түрде орындап көрсету-7 минут.
4.Оқушыларға жаңа сабақ жаттығуларын түсіндіру, практикатүрінде орындату-5 минут.
5.Екі жақты ойын: «Волейбол» 6-7 минут
6.Қызылқоғалық волейболдан спорт шеберлерін таныстыру-3 минут.
Допты төменнен еңкейе қабылдау, аяқты бүгу арқылы орындалатын әдісі.
Келесі кезекте: Сыныпты екіге бөлу арқылы волейбол ойынын жаңа сабақпен байланыстыра отырып жеңілдетілген түрін көрсетеді.
Екі жақты ойын: «Волейбол»
ІІІ. Қорытынды бөлім: 5 минут
1.Сапқа тұру-1 минут
2.БҮҮ-стратегиясы-1 минут
3.Үйге тапсырма «Волейбол: допты төменнен қабылдау әдісін орындап келу»-1 минут
4.Бағалау -2 минут
Сабақты қорытындылап:
Білетінім Үйренгенім Үйренгім келеді
Үйге тапсырма «Волейбол: допты төменнен қабылдау әдісін орындап келу»-1 минут. Бағалау -2 минут