7


  • Учителю
  • Ашық сабақ 'Акробатикалық жаттығулар' (5 сынып)

Ашық сабақ 'Акробатикалық жаттығулар' (5 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«№11.М.Байзақов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.



Ашық сабақ

Тақырыбы: Акробатикалық жаттығулар.

Сыныбы: 5 «Ә»





Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Сахова Жазира



Тақырыбы: Акробатикалық жаттығулар.

Сыныбы: 5 «Ә»

Мақсаты: А) Оқушыларға жаңа сабақты толық түсіндіру.

Ә) Жалпы дене қасиеттерін дамыту .

Б) Сенімділікке, батылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Сілтеме АКТ арқылы акробатикадан слайдтар көрсету,

Күтілетін нәтиже: Акробатикалық жаттығулар түрін білу, меңгеру

Сабақ түрі: Топтық, жекелей.

1. Топтағы жұмыс: Топтағы жұмыс ережелері

2. Бірлескен жұмыс. 3. Сыни ойлау.

Дерек көздер: «Мектептегі дене шынықтыру» журналы, интернет материалдары. Дене тәрбиесі.

I. Дайындық бөлімі: 15 минут

1. Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

2. Саптық жаттығулар: Оңға, солға, кері бұрылулар.

3. Жүру жаттығулары: Аяқ ұшымен, өкшемен, жартылай отырып, толық отырып жүрулер.

4. Жүгіру жаттығулары: Бір қалыпты баяу жүгіру, оң, сол қапталмен жүгіру, арқамен кері қарай жүгіру, тізені көтеріп жүгіру

Тыныс алу жаттығулары

Ұйымдастыру, әдістемелік нұсқау: Сынып оқушыларының спорттық киімдерін қадағалау. Жаттығуларды ережеге сай орындау.

II. Негізгі бөлімі: 25 минут

1.Қазақстандық гимнасшыларға тоқталу. Ернар Ерімбетов және Әлия Жүсіпова туралы көрсетіп алу олардың еңбектеріне ауызша тоқталу.


ҚР 10 мәрте чемпионы және көркем гимнастика бойынша халықаралық турнирлердің қатысушысы; Әлем кубогының, XIV Азия ойындарының күміс жүлдегері; Азия (2006, 2009) және Азия ойындарының (2006) абсолютты чемпионы; (2000), - 4-орын (2004), - 5-орын - Олимпиада ойындарына қатысқан. ҚР үздік спортшысы (2004). ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2006). Дүниежүзілік кластағы гимнаст (2008). Құрметті азаматы (2004). «Құрмет» орденімен (2004); «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2004) марапатталған

2. Көрнекілік суреттер арқылы түсіндіру, практикалық түрде орындап көрсету. Оқушыларға жаңа сабақ жаттығуларын орындату.


Слайдтан көрсетілетіндер:

Акробатикалық жаттығулар түрлері

Акробатикалық жаттығулар жасау.

Әдістемелік нұсқау: Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жаттығу кезінде оқушылар бір-бірінің кемшіліктерін байқап соны айтып, қайталамауға тырысады.

Ұзақтығы 15 минут.

II топқа бөлу.

Топпен жұмыс жүргізу /10минут/

Сұрақ-жауап:

I топ. Спорттық гимнастикада, акробатикаға жаттығуларға арналған құрал-жабдықтар?

II топ. Қандай акробатикалық жаттығуларды білесіңдер?

Практикалық:

I топ. Қолдың көмегімен «жартылай шатқа» отыру.

II топ. Жауырынға тұру.

Әдістемелік нұсқау: Әр бір жаттығуларды орындауда топ мүшелері келесі топтың дұрыс орындалуына сырттай қарап отыра, кемшіліктерін түзеп отырады. Кемшілігі болса қарсы топ мүшелері сол жаттығу түрін көрсету

III. Қорытынды бөлімі. 5 минут

Оқушыларды сапқа тұрғызу, сапта тыныс алу жаттығуларын орындау. Жақсы, дұрыс орындаған оқушыларды мадақтау, жіберілген қателіктерді айту.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма.

Оқушылармен қоштасу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал