- Учителю
- Дене тәрбиесі пәнінен сабақ жоспары 60 метрге жүгіру
Дене тәрбиесі пәнінен сабақ жоспары 60 метрге жүгіру
САБАҚ ЖОСПАРЫ №4
Сыныбы: 4 «б» Уақыты: 13.09.2016
Сабақ тақырыбы: 60 метрге жүгіру
Өткізетін орны: спорт алаңы
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
-
Дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен денсаулықты нығайту;
-
Күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, жан-жақты дене тәрбиесі даярлығынан өткен оқушыларды тәрбиелеу;
-
Оқушылар бойына адамгершілік-жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру.
Құрал-жабдықтары: Ысқырғыш, секундомер, т.б.
І. Дайындық бөлімі
Жүру жаттығулары:
-қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру,
- қол белде, өкшемен жүру;
-қол алда, жартылай отырып жүру;
-қол желкеде, толық отырып жүру.
Жүгіру жаттығулары:
-
Қолды алға айналдырып, оң жағымен жылжу;
-
Қолды артқа айналдырып, сол жағымен жылжу;
-
Сол қол алда, артпен жүгіру;
-
Қол белде, аяқты алға сермеп жүгіру;
-
Қол желкеде, аяқты артқа сермеп жүгіру.
Жалпы дамыту жаттығулары:
-
Б.қ. қол белде, аяқ иық көлемінде, басымызды солға 4 рет, оңға 4 рет айналдырамыз;
-
Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол иықта, қолымызды алға 4 рет, артқа 4 рет айналдырамыз;
-
Б.қ. аяқ иық көлемінде, сол қол белде, оң қол жоғарыда, 4 рет сол жаққа, 4 рет оң жаққа қисаямыз;
-
Б.қ. аяқ иық көлемінде, қол тізеде, тіземізді ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдырамыз;
-
Ұл балалар 15 рет қолды бүгіп-жазу, қыз балалар 25 рет отырып-тұру.
20 мин.
Оқушыларды тексеру, дене киімін қарау.
Қолды бүкпей, толық айналдыру
Аяқты бүкпей орындау
Қолды бүкпей, толық қисаю
ІІ. Негізгі бөлім
60 метрге жүгіру:
-
Оқушыларды екіге бөліп, екі оқушыдан сөре сызығына отырғызу және сөреден шығу жаттығуларын үйрету;
-
30-60 метрге шапшаңдықты үдете жүгіру ;
-
60 метрге дейін ең жоғарғы шапшаңдықпен 2-3 рет қайталап жүгіру.
20 мин.
Жаттығу барысында оқушылардың дұрыс тыныс алуын, шапшаңдығын қадағалау
ІІІ. Қорытынды бөлім
-
Сапқа тұрғызу;
-
Үйге тапсырма беру;
-
Жүйелі түрде бағалау;
-
Оқушылармен қоштасу.
5 мин.
Қателіктерін айтып, ескерту