7


  • Учителю
  • Дене шынықтыру сабағы 'Эстафеталық ойындар'

Дене шынықтыру сабағы 'Эстафеталық ойындар'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Эстафеталық ойындар

Пәні: Дене шынықтыру

Пән мұғалімі: Турымбетова Рима Амандыковна

Сынып: 2"Ә"-сынып

Сабақтың өтілетін мерзімі: 21.11.2014ж

Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық ойындар

Білімділік: Оқушылардың бойындағы спортқа деген қызығушылығы мен білімін арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың денсаулығын, қимыл қозғалысын, ептілігін,икемділігін дамыту.

Тәрбиелік: Саламатты өмір салтына, отансүйгіштікке, ұйымшылдыққа,шапшаңдаққа тәрбиелеу.

Түрі: Командалық жарыс

Сабақтың әдісі: Ойын

Керекті құрал жабдықтар: Ысқырық, кедергілер, шеңберлер, доптар,кеглилер, кішкене доптар, таяқшалар, секіртпелер, плакаттар.


Сабақтың мазмұны

Уақыт мөлшері

Әдіскерлік тапсырмасы

Кіріспе бөлім

1. Оқушыларды сапқа тұрғызу.

2. Кезекшінің мәліметі.

3. Сәлемдесу.

4. Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Жүру жаттығулары:

Қолды белге тіреп, аяқтың ұшымен жүру;

Қолды желкеге қойып өкшемен жүру;

Қолды белге тіреп, аяқтың ішкі қырымен жүру;

Қолды белге тіреп, сыртқы қырымен жүру;

Қол белде жартылай отырып жүру;

Қол тізеде, толық отырып жүру,

Жүгіру жаттығулары:

Жеңіл жүгіріс

Оң жақ қырымен қолды алдыға айналдыра жүгіру;

Сол жақ қырымен қолды алдыға айналдыра жүгіру;

Қолды созып тізені жоғары көтеріп жүгіру;

Қолды жамбасқа қойып аяқты артқа серпіту;

Жай жүріп , демді қалыпқа келтіру.

Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-2-ге санату, 2-лер 2 қадам алға шығады, қолды созып арақашықтық сақтау.

Жалпы дамыту жаттығулары:

-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды белде ұстап басты оңға-солға, артқа-алға бұру.

-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды иыққа тірейміз.

1-2 иықты алға айналдырамыз, 3-4 артқа айналдырамыз.

-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды желкеге қоямыз.

1-2 денені оңға бұрамыз, 3-4 солға бұрамыз

-Бастапқы қалып. Қолды алға созып, қайшылату;

-Бастапқы қалып. Қолды жанына созып, білек буынын, шынтақ буынын, иық буындарын айналдыру.

-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып , қолды белде ұстап белді оңға-солға айналдыру;

-Осы қалыпта оң қолды жоғары көтеріп денені солға иілдіру, сол қолды жоғары көтеріп денені оңға иілдіру;

-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды тізеге қойып, аяқты ішке-сыртқа айналдырамыз.

Алдыға иіліп, оң қолды сол аяқтың ұшына, сол қолды оң аяқтың ұшына алма кезек жеткізу.

Қолды жоғары көтеріп терең дем алып, қолды төмен түсіру.

Негізгі бөлім:

Оқушыларды екі топқа бөлу.Аталған топқа ат қою.

1-топ-«Қыран» тобы

2-топ- «Барыс» тобы

1. Картоп отырғызу.

Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып, кедергілерден өтіп, қолдарындағы кішкене доптарын шеңбер ішіне қалдырып, тік жүгіріп келеді. Келесі ойыншыға қол береді, ойын осылай жалғасады. Жүгіріп келген ойыншы саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.

2. Картоп жинау.

Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып, кедергілерден өтіп, шеңбер ішіндегі кішкене доптарды алып тіке жүгіріп келеді. Келесі ойыншыға қол береді, ойын осылай жалғасады. Жүгіріп келген ойыншы саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.

3. Кенгіру.

Мұғалімнің белгісі бойынша кедергілер арқылы үлкен доппен секіріп, қайтып тіке секіріп келу. Секіріп келген ойыншы допты келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.

4. Допты бастан асырып беру.

Бастаушының қолында доп болады. Мұғалімнің белгісі бойынша допты басынан асырып екіншіге, екінші-

үшіншіге, осылай соңындағыларға бере береді. Ең соңғы ойыншы допты ала салып, жүгіріп келіп бастаушының алдына тұра қалып, допты одан әрі жалғастырады. Ойын бастаушы өз орнына келгенше жалғасады.

Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді.

5. Допты аяқтың астынан беру.

Ойын шарты жоғарыдағыдай, бірақ ойыншылар аяқтың арасынан береді. Ойын бастаушы өз орнына келгенше жалғасады.

Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді.

6. Допты себетке салу.

Допты секіртіп барып себетке түсіріп, секіртіп алып қайтадан допты келесі ойыншыға ұсынады. Қай команда допты себетке көп түсірсе, сол команда жеңіске жетеді.

7. Кегли.

Тізілген кеглиді кіші доппен соғу арқылы құлатып, ұпай жинайды. Қай команда көп құлатса, сол команда жеңіске жетеді.

8. Орыннан секіру.

Мұғалімнің белгісі бойынша орыннан ұзындыққа секіреді. Секіріп түскен жерге таяқша қойылады. Екінші ойыншы сол таяқшадан ұзындыққа секіреді. Қалғандары да осылай секіре береді. Қай команда ұзын секірсе сол жеңіске жетеді.

9. Мәреге кім бұрын?

Мұғалімнің белгісі бойынша секіртпемен секіріп шығып, белгіні айналып секіріп келу керек. Секіріп келген ойыншы секіртпені келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.

Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу

Денені қалыпқа келтіретін тыныс алу

Жаттығуларын жасау.

Сабақты қортындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма:Ертеңгі бой жазу жаттығуларын жасау.

Саппен шығару

10 сек

1 мин

10сек

3мин

30сек

30сек

30сек

0сек

30сек

30сек

1 мин 30сек


30сек


30сек

30сек

30сек

30сек

3-4рет

3-4рет

3-4рет


3-4рет

3-4рет

3-4рет


4рет

4рет

4рет


4рет

2мин

2мин


2мин

3 мин

3мин


2 мин

3 мин


4 мин


2 мин

2 мин

5-7 мин

Оқушылардың спорт

киімдеріне көңіл бөлу.

Оқушылардың

денсаулығына көңіл

бөлу.

Денені тік ұстау керек.

Арақашықтықты сақтау.

Алдыңғы, артқы

әріптестерге кедергі

жасамау.

Еркін демалу.

Денені тік ұстау керек. Арақашықтықты сақтау.

Жылдамдықтың орташа болуын қадағаау. Алдыңғы, артқы әріптестерге кедергі жасамау.

Саппен дұрыс жасау.

Алдыңғы, артқы әріптестерге кедергі жасамау.

Оқушылардың дұрыс жаттығу жасауын қадағалау.

Денені тік ұстау керек. Иық буынын толық айналдыру керек.

Денені тік ұстау керек.

Қолды алға тік созу керек.

Қолды жанына тік созу керек.

Дене тік болып, тізе бүгілмеу керек.

Қолды жоғары созу керек.

Еркін демалу керек.

Қолды жоғары көтергенде терең дем алып, қолды төмен түсіргенде демді шығару керек .


Мұғалімді мұқият тыңдау.

Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау. Ойынның дұрыс ойналғанын бақылау.

Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау.

Ойынның дұрыс ойналғанын бақылау.

Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау. Ойынның дұрыс ойналғанын бақылау.


Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау. Ойынның дұрыс ойналғанын бақылау.

Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау. Ойынның дұрыс ойналғанын бақылау.

Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау. Ойынның дұрыс ойналуын бақылау.

Ойынның дұрыс ойналуын бақылау.

Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау. Ойынның дұрыс ойналуын бақылау.

Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау. Ойынның дұрыс ойналуын бақылау.


Тәртіпке шақыру.

Сабақ барысында

жіберілген қателікті

айту, түзеу.

Қорытындылау.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал