- Учителю
- Волейбол
Волейбол
«Мәдениет негізгі мектебі» КММ
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ
9- сынып
Тақырыбы:
«Волейболдан өткен техника
элементтерін қайталау»
Дене шынықтыру пәні мұғалімі
Қыдырмин М.Қ.
2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: «Волейболдан өткен техника элементтерін қайталау»
Сабақтың мақсаты :
1. Білімділік : Техника элементтері: жоғарыланған биіктікке допты беруді үйрету.
Жаттығу ойыны
2. Денсаулық сақтау : Шапшандық, икемділік және күш сапаларын дамыту.
3. Тәрбиелік: Сабақтағы барлық жүктемені дұрыс орындау. Тәртіпке тарту.
Спорт құралдары: волейбол добы, ысқырық.
Өткізілетін күні : ____24.02.____________ Сынып : 9-сынып
Өткізілетін орны: спорт залы Уақыты: 45 мин
І. Ұйымдастыру кезеңі: ұзақтығы- 12-15 мин.
-
Кіріспе бөлімі: Сапқа тұрғызу, рапорт тапсыртқызу, сабақтың мақсатын түсіндіру, саптағы жаттығулар:
-
Жүру: аяқтың ұшымен, өкшемен, аяқтың ішкі жағымен, сыртқы жағымен
Спорт.жүрісі
-
Жүгіру: Арнайы жүгіріс жаттығулар жасау, тізені көтеріп жүгіру, аяқты артқа лақтырып жүгіру, түзу аяқты алға лақтырып жүгіру, оң жағымен жүгіру, сол жағы-мен жүгіру, бұғы жүгіріс, сол, оң аяқпен биікке секіріп алға қозғалу, теріс қарап жүгіру, жылдам жүгіру.
ІІ. Негізгі бөлім: ұзақтығы - 27 мин.
-
Техника элементтері: жоғарыланған биіктікке допты беруді үйрету.
-
Оқушыларды екі қатарға бөліп қарама-қарсы тұрғызып жұппен жаттығу жасау. Екі оқушыға бір доп, аралары 3 метр.
-
өз үстіне екі рет көтеріп қарсы жаққа беру;
-
өз үстіне төрт рет көтеріп қарсы жаққа беру;
-
оң, сол жақпен тұрып беру;
-
теріс қарап беру.
-
допты бір-біріне үстінен соғу;
-
допты бір-біріне астынан соғу;
-
оң, сол жақпен тұрып соғу
-
теріс қарап соғу
-
Жеңілдетілген ережемен ойнау.
-
Жаттығу ойыны
ІІІ. Қорытынды бөлім: ұзақтығы- 3 мин.
1. Сапқа тұрғызу
2. Қорытынды жасау, бағалау
3. Ұйымдастырып қайтару